07.08.2018ж.өгерістер және толықтырулармен
ЖЕКЕШЕ НОТАРИУСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН
МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Алматы, 2017ж. |
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жекеше нотариустардың азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ережесі (бұдан әрі – «Сақтандыру ережесі») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-II Заңына, «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы №435 Заңына (бұдан әрі - «Заң») сәйкес әзірленді.
1.2. «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ (бұдан әрі – «Сақтандырушы») осы Ереженің талаптары бойынша жекеше нотариустардың азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі – «жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру») жекеше нотариуспен (бұдан әрі – «Сақтанушы») міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі - «сақтандыру шарты») жасау арқылы жүзеге асырады.
1.3. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
1.4. Қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.
1.5. Жекеше нотариус жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай нотариаттық қызметтердi жасауға құқылы емес.
1.6. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жекеше нотариус – нотариаттық iс-әрекеттi нотариаттық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негiзiнде заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және аумақтық әдiлет органында есепке алу тiркеуiнен өткен Қазақстан Республикасының азаматы;
2) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеуiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндетi;
3) пайда алушы – Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
4) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
5) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
6) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу мiндеттемесін қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
7) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
8) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жүргізуге мiндеттi заңды тұлға;
9) сақтанушы – сақтандырушымен жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жекеше нотариус;
10) үшiншi тұлға – жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тарапы болып табылмайтын, жекеше нотариус жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi нотариаттық iс-әрекеттер жасауға байланысты кәсiби мiндеттерiн жекеше нотариустың орындауы кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлген тұлға;
11) франшиза – сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ
2.1. Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтердi жасауы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүдделерi жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады, оларды жүзеге асыру үшiн жекеше нотариус Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес жекеше нотариустың жауапкершiлiгiне мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрi - нотариаттық iс-әрекеттер) жасасуға мiндеттi.
3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Сақтандыру жағдайы деп жекеше нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүліктік мүддесіне келтірілген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі танылады.
4. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ
4.1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының мөлшері оның жағдайларымен анықталады және қызметін републикалық маңызды қаланың, астананың аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшін – 1000-нан кем емес, басқа нотариустар үшін - жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күні сәйкес қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 500-еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
5. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
5.1. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша айқындалады, бірақ жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының жағдайларында белгіленген сақтандыру сомасының 4,5 пайызынан көп емес.
5.2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімі мен тәртібі жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша тараптардың келісімімен анықталады.
5.3. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда Сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін Сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде бөтен ақшаны заңсыз пайдаланғаны үшін ретінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
6. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ
6.1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Заңға сәйкес, жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi іске асыруынан мүлiктiк мүдделерiне зиян келуі мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады.
6.2. Жекеше нотариус өзінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын нотариаттық iс-әрекеттерді іске асырмастан бұрын жасауы тиіс.
6.3. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында моральдық зиянды, жіберіп алған пайданы өтеуді және тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, Сақтанушы нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
6.4. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жазбаша түрде Сақтандырушының Сактанушыға сақтандыру полисін беру жолымен жасалады.
6.5. Сақтандыру шарты Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.
6.6. Сақтандыру шартында көрсетілуі тиіс талаптардың толық болмауына жауапкершілікті Сақтандырушы көтереді. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда, дау Сақтанушының пайдасына шешіледі.
6.7. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарында белгіленеді. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады;
6.8. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Сақтанушының немесе үшінші тұлғалардың жағдайын Заңмен көзделгеннен нашарлату негізінде жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы Заңда белгіленген жағдайларда Сақтанушы мен үшінші тұлғалардың алдында міндеттемелерді атқарады.
7. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, егер шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады, ал бөліп төлеу кезінде – бірінші сақтандыру жарнасын төлесе.
7.2. Сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.
7.3. Сақтандыру қорғаудың қолданылу кезеңі сақтандыру шартының қолданылу мерзімімен сәйкес келеді.
7.4.Сақтандыру шартының қолданылуы, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе,Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
8.1. Сақтандырушы құқылы:
1) Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде, Сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың алдыңғы шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді ұсынуды талап етуге;
2) Сақтанушы келтірген зиянды өтеу туралы үшінші тұлғалардың талаптарына қатысты мәселелерді реттеуге қатысуға;
3) «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Заңда көзделген жағдайларда жағдайларда келтірген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;
4) осы Ережелердің 12-тарауында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
8.2. Сақтандырушы міндетті:
1) сақтанушыны жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарымен таныстыруға, оның жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге және оның талабымен ережелердің көшірмесін ұсынуға (жіберуге);
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға;
3) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
4) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Ережелерде көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүргiзуге;
5) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге;
6) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
7) сақтандыру төлемiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге
8) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
9) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;
8.2.1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
8.3. Сақтанушы құқылы:
1) сақтандырушыдан жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) Сақтандырушының қаржылық есептiлiгiмен танысуға;
3) сақтандыру төлемiн осы Ережелерде көзделген тәртiппен және талаптар бойынша алуға;
4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;
5) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
8.4. Сақтанушы міндетті:
1) сақтандыру сыйлықақысын жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
2) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға осы Заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi ұсынуға;
3) нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғаның талабы немесе талап-арызы келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;
4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi туындаған оқиғаның себептерi, барысы және салдары, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға;
5) үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға;
6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөнiндегi шараларды қолдануға;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге
8.4.1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкін.
9. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
9.1. Сақтандырушы сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы немесе жәбірленуші (Пайда алушы) сақтандырушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сақтандыру төлемі туралы өтініш;
2) алып тасталды;
3) үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы, келтiрiлген зиянды және оның мөлшерiн растайтын құжаттар қоса берiлген талабы немесе нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi;
4) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң (жеке тұлға үшiн) көшiрмесi немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхат;
5) зиянды болдырмау және мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар.
9.2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
10. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемінің мөлшері анықтау тәртібі
10.1. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген не сақтанушының үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарын негiздi деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келiскен күннен басталған деп есептелiнедi.
10.2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн Сақтандырушы үшiншi тұлғалар талап еткен сомаға немесе соттың осы Ереженің 6.3 –тармағына сәйкес келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңды күшiне енген шешiмiне байланысты айқындайды.
10.3. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
10.4. Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бiрақ сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерiнде өтеледi.
Франшиза
10.5. Әрбiр сақтандыру жағдайы бойынша франшизаның мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл ретте жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының бес процентiнен аспауға тиiс. Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кеткен жағдайларда сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi
10.6. Сақтанушы не үшiншi тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажет құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда қояды.
10.7. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес
10.8. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Ереженің 9.1 -тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.
10.9. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе үшiншi тұлғалар дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Ереженің 10.7.-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дау айтпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
Сақтандыру төлемiнiң дау айтылған бөлiгiн сақтандырушы бiтiм келiсiмi жасалған және оны сот бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, не, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап төлеуi тиіс.
10.10. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.
Пайда алушы
10.11. Жекеше нотариустың жекелеген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлға, ал үшiншi тұлға қайтыс болған жағдайда (қайта ұйымдастырылғанда) - оның мұрагерлерi (құқық мирасқорлары) пайда алушы болып табылады.
10.12. Сақтанушы немесе үшiншi тұлғаға (мұрагерлерге (құқық мирасқорларына) келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде өтеген және өз шығындарының сақтандырушыдан өтелуiне құқық алған сақтанушы немесе өзге де тұлға пайда алушы болып табыла алады.
11. ЗИЯН КЕЛТIРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ҚҰҚЫҒЫ
11.1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда керi талап қоюға құқығы бар:
1) сақтанушы сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттер жасағанда;
2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда;
3) сақтанушының зиянның мөлшерiн азайту жөнiнде қисынды және қол жетiмдi шараларды қасақана қолданбауы нәтижесiнде зиянның мөлшерi ұлғайғанда;
4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлағанда;
5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқанда, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi сақтандыру құжаттарын беруден бас тартқанда.
11.2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының сақтандыру нәтижесiнде сақтандырушы өтеген шығындар үшiн жауапты тұлғаға керi талап қою құқығы төленген сома шегiнде ауысады.
12. САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БОСАТУ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ
12.1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы төменгілердің салдарынан болса, сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:
1) үшiншi тұлғалардың сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;
2) үшiншi тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi;
3) сақтанушының нотариустың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарында белгiленген функциялары мен мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруы;
4) сақтанушы Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарын нотариус қызметiнiң аумағына қатысты талаптарын бұза отырып жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң салдары
12.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыруда асырудан бас тартуы үшiн мыналар негiз болуы мүмкiн:
1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы;
2) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi.
12.3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер ол сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартына дәлелді себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар табыс етілсе, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
12.4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады, егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк уланудың әсерi;
2) соғыс қимылдарының;
3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан туындаса.
12.5. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Ережелердің 9-тарауында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген, сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жiберуге мiндеттi.
12.6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
13. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ӨЗГЕРТУ
13.1. Сақтандыру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі. Сақтандыру шартына барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша ресімдеген және екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда заңды күшіне ие болады
14. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ТОҚТАТУ ШАРТТАРЫ
14.1. Сақтандыру шарты мынадай жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі:
1) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өтсе;
2) сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылса;
3) Сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда жүзеге асырылады.
14.2. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі, талаптары мен салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
15. ЖЕКЕШЕ НОТАРИУСТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
15.1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың талаптары, негіздері мен салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
16. ЖЕКЕШЕ НОТАРИУСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
16.1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы) сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) талаптарын көрсете отырып және оны талап етуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін жіберуге не жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
16.2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.
16.3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
17. ҚОСЫМША ШАРТТАР
17.1. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықты көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |