15
Анамды
автобустан
тосып
алуға
қолым
тие
бермейді,
__________________________________
Таңертең ата-анам оятпаса, _____________________________________
Айтқаныма
ата-анам
рұқсат
бермесе,
_______________________________
12-тапсырма. Отбасы қандай болу керек? 10 сын есіммен атап
шығыңыз. Олардың қолданылу аясы жөнінде өз пікіріңізді айтыңыз.
Татулығы жарасқан
________________________
________________________
________________________
________________________
ОТБАСЫ
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
Оқимыз. Сөйлейміз.
Оқылым 2
Көз жүгіртіп шығу
Сөздің мағынасын сөйлемнен түсіну.
13-тапсырма. Жылдам көз жүгіртіп шығу. Мына берілген сөздер мен
тіркестерді мәтіннен жылдам тауып шығыңыз.
үлгі-өнеге, көргенді, сүйіспеншілікпен, ар-ұяты, ақылшысы, ағайын,
әулет
16
13-тапсырма.
Сөздердің сөйлемдегі мағынасы қандай? Қалай түсінесіз?
а) Мәтінді 10 сөзбен сипаттап шығыңыз.
ә) Мәтіндегі мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз?
б) Мәтінді толық оқып шығыңыз, абзацтарды мазмұн ретімен нөмірлеңіз.
в) 1-бөлімді оқығанда қандай ой келді?
г) 1-абзац пен 2-абзацтың арасында қандай байланыс бар?
14-тапсырма. 1-тапсырмада берілген сөздер тізімінен өзіңіз білетін
сөздерді белгілеңіз. Жұбыңыз білмейтін сөздің мағынасын түсіндіріп
көріңіз.
15-тапсырма. Мына сөйлемдегі «көкірегі» сөзінің мағынасын сөздіктің
көмегінсіз анықтап көріңіз. Сөйлемде қандай мағынада қолданылып тұр.
____
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан
басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік
белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы –
оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің
бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-
ойы,
адамгершілігі,
басқа
адамдармен
қарым-қатынаста,
мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан,
отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға)
болмайтын баспалдақ.
____ Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі,
ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып,
сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан
қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі
мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді
сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
____ Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап
сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен
апалардың орны ерекше. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-
қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын,
соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі
азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала
екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.
___ Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының
әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың
міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса,
босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен
ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. «Ата - асқар тау, Ана –
бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ», – деп ата-ана мен
баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына
қайран қаларсың.
17
Туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі
есінде жүреді.
Жұптық жұмыс.
1.Қазіргі қоғамдағы отбасы. Қазіргі уақытта қалыптасқан жалпы
жағдайға сіз қандай пікір айтасыз?
2.Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты
бала тәрбиесі де ерекше.
3. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың
ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі отбасындағы, бала
тәрбиесіндегі өзгешіліктер қандай деп ойлайсыз?
16-тапсырма. Газет мақаласын оқыңыз. Мақалада айтылған мәселені әрі
қарай жалғастырыңыз. Сөзіңізде
сондықтан, алайда, сол себепті, сөйтсе
де, себебі, ал өзіме тоқталатын болсам
деген сөздерді қолданыңыз.
Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар аяқ
астынан бәлеге ұрынып, абыройынан айырылып қалатын жәйттер де
баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала
алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді.
Сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бәрі жақсы
тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-
анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді
бола алады. Бір сөзбен айтқанда, тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие
ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын - ақылы. Ақылсыз
адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда “Ақылдыға ерсең -
адаспайсың” деген мақал бар. Ата-ана мен аға буындардың ақылын
алып, солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса, ...........
Автордың ойымен келісесіз бе/ келіспейсіз бе? Себебін нақтылаңыз.
- Тәрбие бастауы не?
- Жастардың келеңсіз жайттарға тап болуына ата-аналарының кінәсі
бар ма?
- Ақыл-парасат пен тәрбие тең келу керек деп ойлайсыз ба?
17-тапсырма. Отбасы сіз үшін қымбат па ?
Келісу/келіспеушілікті
иә
не
жоқ
деп белгілеңіз.
Нақты дәлелдер келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |