Испандиярова А. Т., Мукашева Р. А



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/38
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14746
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

 
64 
  
Адамның  жан  дүниесі  өте  күрделі.  Онда  жақсылықтың  да, 
жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсысы  басым түссе, адам соған 
қарай  бетбұрыс  жасап,  өз  тұлғасын  қалыптастырады.  Алайда,  өмір  
қарама-қайшылықтарға, қиындық, қайғы-мұңға да толы болғандықтан, ол 
жақсы  да,  жаман  да  адамның  мінез-құлқына  әсер  етіп,  адамда  қандай 
мінез басым болса, сол мінез иесін басқарып, өктемдік жүргізеді.  
  
Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, 
ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-
тұйнақтай  киімі  тап-таза  болуы  қажет.  Сонда  ол  адам  өз  ортасында 
әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады. 
   
Қазіргі заманның іскер адамы болу үшін әрбір минут қымбат. 
Жұмыс күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай білген адамның ісі де 
өнеді, табысы да көбейеді, бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана 
алады. өз кәсібін шын сүйетін, қоғамға пайдалы іс тындырғысы келетін 
адам уақытты ұтымды пайдалануға тырысады.        
Басшы    ең  алдымен  жантанушы,  содан  кейін  ұйымдастырушы 
болуға тиіс. Өз басқаруындағы ұжым мүшелерінің мінез-құлқын, іскерлік 
қабілетін, көңіл-күйін өзгеге айтқызбай-ақ өзі сезімталдықпен байқайтын 
басшы  адамдарды ұжымдастырып, істі ілгері жүргізе алады.  
Адамның басшылық беделін көтеретін фактор, сөз жоқ, ең алдымен 
оның  кәсіби  біліктілігі.  Дегенмен,  кәсіби  біліктілігі,  білімі,  іскерлігі 
таңдай қақтырып, таңғалдырғанмен осы сапаларына сырт келбеті, жүріс-
тұрысы,  мәдениеті,  киім  киісі  келіспей  жатқан  әйел  басшының  ұжым 
мүшелерінің сеніміне кіре қоюы қиын. 
 
Мәтін бойынша ой алмасу 
Оқылым бойынша тапсырмалар: 
1. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз. 
2. Әр абзацқа жоспар құрыңыз. 
3.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. 
 
Мақалдарды жаттап алыңыз және орыс тіліндегі баламасын 
табыңыз
1.Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. 
2. Жолдасы көпті жау алмайды. 
3. Көппен көрген –   ұлы той. 
4. Кең болсаң, кем болмайсың. 
 
Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздердің мағынасын 
табыңыз. 
 
1.Әдептілік пен әдепсіздік адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. 


 
65 
2.Жақсы қасиеттерді адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп 
қалыптастыру керек. 
3.  Қазақ  халқы  жастарды  кішіпейілділікке,  ізеттілікке,  имандылыққа 
тәрбиелеген. 
4.  Ер  балаларға  ауыл  үлкендеріне  қос  қолдап  сәлем  беруді,  ал  қыздарға 
үлкендердің алдынан кесіп өтпеуді уағыздаған. 
5. Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа
6. Сабыр – күн түсірмейтін сая
   Асығыс – аунап кететін мая. 
 
Жазамыз. 
 
Грамматика. Жазылым. 
 
1-тапсырма. Мәтіннен   етістіктерді теріп жазып, ауыспалы осы 
шақта қолданып сөйлем құрастырыңыз. 
 
2-тапсырма. Берілген етістіктерді жіктеңіз. 
Жоспарлау, пайдалану, тырысу, мән берілу, жұмыс істеу, жүргізе алу. 
 
3-тапсырма. Шешендік сөздер бойынша кестені толықтырыңыз
Сұңқардан сұңқар туады, 
Асылдан- асыл, жалқаудан масыл туады, 
Масылдан малбақпас туады; 
Таздан – жарғақ бас, 
Сараңнан – бермес, соқырдан көрмес туады, 
Мылжыңнан – езбе, қыдырмадан – кезбе туады.(Майқы би) 
 
 
  Жақсы адамның сипаты                       Жаман адамның сипаты 
  ------------------------------                         -------------------------------- 
 
 
4-тапсырма. Сөздердің мағынасын  анықтаңыз 
 
Үлгі: масыл- еңбек еткісі келмейтін, біреудің арқасында күн көретін 
адам. 
Сараң                              ----------------------------------------- 
Мылжың                         ---------------------------------------- 
Кезбе                             -------------------------------------- 
Асыл адам                           ---------------------------------------- 
Бет моншағы үзілу            ------------------------------------------ 


 
66 
Жүктің көзінен өткендей --------------------------------------- 
 
 
5-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз. 
1.  Егер мақсатыңа жеткің келсе,----------------------------- 
2.  Егер қартайғанда өкінгің келмесе---------------------------- 
3.  Егер достарың адал болсын десең,-------------------- 
4.  Егер дәулетті болғың келсе,-------------------------------- 
5.  Жаның қартаймасын десең,------------------------------------ 
          
                               Бақылау сұрақтары 
1.  Мінез-құлық ережелеріне нелер жатады? 
2.  Мәдениетті адам деп кімді айтады? 
3.  Адамға қоршаған ортаның әсері қандай? 
4.  Студент мәдениеті деген не? 
5.  Киіну мәдениетіне қалай қарайсыз? 
6.  Сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлесіз бе? 
7.  ХХІ ғасырда достыққа орын бар ма? 
8.  Сіздің өміріңізге достарыңыз ықпал ете ме? 
 
Тест тапсырмалары 
1.Көрсеткіш сөзінің аудармасы: 
А) достижение; 
В) успех 
С) показатель; 
Д) обязательство; 
Е) культура. 
2. Түсірілген сөзді көрсетіңіз: Тіл-адам қатынасының... 
А) құрамы; 
В) құралы; 
С) ұраны; 
Д) тұрағы; 
Е) сұрағы. 
3. Келбет сөзінің аудармасы: 
А) портрет; 
В) характер; 
С) качество; 


 
67 
Д) требование; 
Е) воспитание. 
4. Мәдениетті адам сөйлеу кезінде қандай ережелерді орындайды? 
А) бұрылады, шыдамсызданады; 
В) сағатқа қарайды, асығады; 
С) дөрекі сөздерді қолданады; 
Д) өз ойын дұрыс грамматикалық нормада жеткізеді; 
Е) ұялы телефонға жауап береді. 
5. ХХІ ғасырдың студенті қандай болу керек? 
А) бәсекеге қабілетті; 
В) тиімді; 
С) нарықтық; 
Д) қасиетті; 
Е) ұтымды. 
6.Түсірілген сөзді орнына қойыңыз:Мәдениетті адам- әрдайым... 
А) көңілсіз; 
В) оқымысты; 
С) сыпайы; 
Д) шыдамсыз; 
Е) арманшыл. 
7.Мақалдың түсірілген бөлігін орнына қойыңыз: 
Мен сенің кім екеніңді айтайын, ... 
А) сен мәмілеге кел; 
В) сен ашуды ақылға жеңдір; 
С) сен артық кетпе; 
Д) сен талабыңды ұшта; 
Е) сен маған досыңды көрсет. 
8.Төмендегі тілектер кімге арналған? 
Үстем болсын мерейің, 
Жеңісіңді көрейін. 
Әніміз де бітпесін, 
Сырымыз да бітпесін. 
А) ұстазға; 
В) анаға; 
С) әкеге; 
Д) сүйген жарға; 
Е) досқа. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау