Қатерлі ісік алды аурулары туралы түсінік.
Қатерлі ісіктің алдында заңды түрде болатын және көбінесе оған айналатын әртүрлі процесстерді немесе ауруларды қатерлі ісік алды аурулары деп атайды. Бұндай ауруларға жеткізушілер іштен туа болған кемістіктер, соның ішінде адасқан эмбрионалдық клеткалар, созылмалы ісіну барыстары, тканьдарын қалпына келтіруінің бұзылуы, гиперпластикалық барыстары жатады. Қатерлі ісік алды аурулары бар барлық науқастар диспансерлік есепте тұруы және әр жылы кемінде 2 рет онкологиялық тексеруден өтулері тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |