Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері
1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:
1) кедендік баждарды салудан босату;
2) мемлекеттік заттай гранттар.
2. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері (бұдан әрі - инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар) беріледі:
1) салықтар бойынша преференциялар;
2) инвестициялық субсидия.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртібі
1. Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органға инвестициялық преференциялар беруге өтінім және өтінім берушінің осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жібереді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялық преференциялар уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келісімшарт негізінде беріледі.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
1. Инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық жоба бойынша - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
2) инвестициялық басым жобаға - Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына беріледі.
Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылса;
2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырса;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.
2. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру кезінде беріледі.
Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлері тізбесінің құрамында басым жобалардың тізбесі бекітіледі, ол Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.
Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне мынадай қызмет түрлері енгізілуге жатпайды:
1) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетін тауарлар шығару жөніндегі қызмет.
Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесін қоса алғанда, қызметтің басым түрлерінің тізбесі жылына бір реттен артық қайта қаралмайды.
3. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдарын;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын, айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге әрекет ететін Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;
2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі жиырма бес пайыздан аспаса беріледі.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Бес жыл ішінде мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан толық шыққанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу туралы талапты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері не кепілдіктері ретінде бюджет қаражаты тартылмаса;
4) инвестициялық қызмет концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;
5) әрбір инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық субсидия беру туралы шешімі болса беріледі.
4. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзімі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді және инвестициялық келісімшартта инвестициялық преференциялардың әрбір түрі бойынша көрсетіледі.
5. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Заңның 19-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.
6. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
16-бап. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. Кеден баждарын салудан босату
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде 5 жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
Кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтерді пайдалануға енгізген күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі немесе одан көп тіркелген активтерді пайдалануға енгізу көзделетін жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден баждарын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші тіркелген актив пайдалануға енгізілген күннен бастап жүргізіледі.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы хабарламаны уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына жібереді.
18-бап. Мемлекеттік заттай гранттар
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі тиiстi уәкілетті органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.
Уәкiлеттi органның шешiмi ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін негiз болып табылады. Уәкiлеттi органның шешiмi инвестор мен уәкілетті орган арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестор инвестициялық міндеттемелерін орындаған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейін қабылданады.
2. Мемлекеттік заттай гранттар ретінде: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтін және реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық саймандар берілуі мүмкін.
3. Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік заттай гранттын ен жоғарғы мөлшері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркелген активтеріне салынатын инвестициялар келемінің отыз процентінен аспайды.
Егер сұрау салынған мемлекеттік заттай гранттың бағаланған құны аталган ен жоғарғы мелшерден асьш түссе, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мұлікті онын бағаланған кұны мен мемлекеттік заттай гранттың ен жоғарғы мөлшері арасындағы айырманы телеп алуға құқығы бар.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды
18-3-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылыққа кепілдік
1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 18-4-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
18-4-бап. Салықтар бойынша преференциялар
1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
2) жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
3) мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 18-5-баппен толықтырылды
18-5-бап. Инвестициялық субсидия
1. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға беріледі.
18-5-баптың 2-тармағы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
2. Инвестициялық субсидия қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, растайтын құжаттар негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын іс жүзіндегі шығындардың орнын 30 пайызға дейін толтыру арқылы беріледі.
3. Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.
4. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
18-5-баптың 5-тармағы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Инвестициялық субсидияларды төлеу инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған кезде, өндірісті инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімге қойылатын талаптар
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша:
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшiрмесі;
2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
7) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттік заттай гранттын мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тіркейді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 8) және 9) тармақшаларымен толықтырылды
8) 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған кезде қабылданады және тiркеледi.
Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, заңды тұлға басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қарау мерзімдері
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім уәкілетті органның қарауына беріледі, ол осы Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес өтінім тіркелген кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдап, өтінім берушіге жазбаша түрде жауап жібереді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды
2. Инвестициялық преференцияларды беруге жасалған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Инвестициялық келiсiмшарт жасасу
1. Уәкiлеттi орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде модельдiк келiсiмшарттың ережелерiн ескере отырып, инвестициялық келiсiмшартты қол қоюға дайындайды.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялық келiсiмшартты қол қойылған күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган тiркейдi және ол тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Инвестициялық келісімшартты уәкілетті орган тіркеген күн оның жасалған күні болып табылады.
3. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде тоғыз ай бұрын бітуге тиiс.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 21-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 21-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 21-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 21-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-1-бап. Инвестициялық келiсiмшарт талаптарының сақталуын бақылау
1. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган мынадай нысандарда:
1) камералдық бақылау - уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған есептердi зерделеу және талдау негiзiнде жүзеге асыратын бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып, оның iшiнде жұмыс бағдарламасын және инвестициялық келiсiмшарт талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарап жүзеге асырады.
2. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындар баптары бойынша таратып жазып, инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді жиырма бесінші шілдеден және жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей береді.
3. Жұмыс бағдарламасына өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша жылына бiр рет енгiзiле алады.
4. Инвестициялық қызмет объектісіне бара отырып, тексеру:
1) жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін үш ай қалғанда аяқталатын алты ай кезеңінде;
2) кедендік баждар салудан босатылатын технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар импорты жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап, жыл сайын жүргізіледі.
5. Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның өкiлi мен инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғаның басшысы инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасының орындалуының ағымдағы жай-күйі туралы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша актіге қол қояды.
6. Инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлейдi.
7. Егер уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, инвестициялық келісімшарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есептей отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.
8. Инвестициялық келiсiмшарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тиiстi шаралар қолдану үшiн мемлекеттік кіріс органдарына және қажет болған кезде өзге де мемлекеттiк органдарға;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оларға сәйкес мемлекеттiк заттай грант берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
9. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы барысында:
1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктiң нысаналы мақсатын өзгертуге;
2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктi иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
10. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау Кеден одағы комиссиясы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi бiткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
1) тараптардың келiсiмi бойынша;
2) бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде, уәкілетті орган инвесторға инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуы мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомаларын төлейдi.
6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 23-бап редакцияда жазылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Инвестициялық келiсiмшарттардың тұрақтылығы
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келiсiмшарттар негiзiнде берiлген жеңiлдiктер осы инвестициялық келiсiмшарттарда белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн өзiнiң қолданылуын сақтайды.
2. Осы Заңның 21-1-бабы 2-тармағының, 22-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының салықтар сомаларын төлеу бөлiгiндегi нормалары уәкiлеттi органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша қолданылуын сақтайды.
24-бап. Қазақстан Республиканын кейбір заң актілерінің күші жойылды деп танылсын
1) «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазакстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 280-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 11, 143-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 17-18, 218-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; 2000 ж» № 10, 244-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі жөніндегі» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 281-кұжат; 1995 ж., № 1-2, 15-құжат);
3) «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы Кэзақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат).
Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |