«интернет технологиялар» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен 5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей



жүктеу 6,29 Mb.
бет1/21
Дата08.02.2020
өлшемі6,29 Mb.
#28624
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ПОӘК 042-18-11.1.20.88/03-2014

Баспа № 1

беттің -сі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРIМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI

3-деңгейлi СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-11.1.20.88/03-2014



ПОӘК

«Интернет технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

1 баспа


26.08.2014 ж.



«ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету»

мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2014
мазмұны

1. Глоссарий

3

2. Дәрістер

3

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

12

4. Студенттің өздік жұмысы

35



1. глоссарий


Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

    1. Интеренет – желілердің бірігуі, глобальді желі.

    2. Компьютерлік желі – 2 немесе одан да көп компьютерлер арасындағы физикалық байланыс.

    3. Бағдарлама-серверлер - -қолданушының компьютеріне қызмет көрсететін желі түйінінде орналасатың бағдарламалық қамсыздану.

    4. Бағдарлама-клиенттер – қолданушының компьютерінде орналасады және сервердің қызметін пайдаланатын бағдарламалық қамсыздану.

    5. Сервер - бағдарлама-сервер орнатылған компьютер.

    6. Протокол - желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесу механизмін анықтайтын жылпыға бірдей ережелер.

    7. Айна - алыста орналастырылған атақты сервердің көшірмесі болатын сервер.

    8. Прокси-сервер - -желідегі жүктемені төмендететін және желідегі іс-әрекетті тездететін компьютер.

    9. Шлюз -әр түрлі протоколдармен жұмыс жасайтын әр текті екі желіні біріктірентін бағдарламалық-аппараттық құрал.

    10. Брандмауэр – қорғауға алынған желіге санкциясыз енуді тоқтатын аппараттық құрал.

    11. Маршрутизатор – бірнеше каналдармен жұмыс істейтін құрылғы.

    12. Маршрутизациялау – ақпараттың жіберілу жолын таңдау процедурасы.


2. Дәрістер

Дәріс 1. Кіріспе.



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Интернет-технология туралы түсінік.

  2. Компьютерлік желілер.




    1. Қазіргі кезде Internet те телефон, факс, сияқты адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Адамдардың барлығы қандай да бір ақпарат алу, бір-бірімен сөйлесу мақсатында Internet деп аталынатын дүниежүзілік өрмекте саяхат жасайды.

Internet дегеніміз глобальді желі. Интернет физикалық мағынасында бір-бірімен байланыс линиялары арқылы байланысқан бірнеше миллиондаған компьютерлер деп қарастыруға болады. Бірақ Интернетті физикалық мағынада емес, оны ақпараттық кеңістік деп қарастырған дұрыс.

Интернетті ішінде мәліметтердің үздіксіз циркуляциясы жүретін кеңістік ретінде қарастыруға болады. Интернеттің теле және радиоэфирден айырмашылығы – эфирде ешқандай ақпарат сақталынбайды, ал Интернетте ол желінің түйіндерінде болатын компьютерлер арасында орын ауыстырады да, қандай да бір уақыт аралығында қатты дискіде сақталады.

2 немесе одан да көп компьютерлер арасындағы физикалық байланысу компьютерлік желі деп аталынады. Жалпы компьютелік желілерді құру үшін арнайы аппараттық қамсыздану және арнайы бағдарламалық қамсыздану қажет.

2. Компьютерлік желілер аппаратты ресурстардан басқа қосымша программалық ресурстарды да пайдалануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желілре локалтді және глобальді болып бөлінеді.

Интернет – глобальді желі. Қазіргі кезде әлемде 200-ден астам глобальді желілер бар. Барлық әлемдегі глобальді есептеуіш желілер өзара Интернет көимегімен байланысқан.

ҒЕЖ-де жұмыс істеу үшін сәкес аппаратты және программалық қамсыздану болу керек. Барлық қамсыздану 2 топқа бөлінеді:

1. Бағдарлама-серверлер - -қолданушының компьютеріне қызмет көрсететін желі түйінінде орналасатың бағдарламалық қамсыздану.

2. Бағдарлама-клиенттер – қолданушының компьютерінде орналасады және сервердің қызметін пайдаланатын бағдарламалық қамсыздану.


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Интернет деген не?

  2. Интернет – технологиялар деген ұғмға қандай анықтама бере аласыз?

  3. Желі деген не?

  4. Желінің қандай түрлері болады?

  5. Қамсыздану түрлерін атаңыз.


Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002

Дәріс 2. Интернеттің ұйымдастырылуы



Дәріс сабағының құрылымы:
  1. Интернеттің жұмыс істеу принципі.


  2. Интернетпен жұмыс істеу кезінде кездесетін негізгі ұғымдар.

  3. Интранет туралы түсінік.




  1. Өзара әсерлесетін және бір-бірімен байланысқан компьютерлер тбы өрмекті құрайды. Интернет – бүкіл әлем бойынша таратылған мыңдаған кіші желілерден тұратын компьютердің үлкен өрмегі.

Интернеттегі компьютерлер бір ортақ тілде сөйлеседі, ал бұл тіл протоколдарда бекітілген.

Протокол деген желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесу механизмін анықтайтын жалпыға бірдей ережелер жиынтығы. Интернеттегі мәліметтермен алмасуға арналған стандартты протоколдар: ТСР және ІР. Осы екі протоколдың комбинациясы ТСР/ІР тірінде болады.



  1. Интернетке қатысты қолданылатын терминдер:

    1. Айна - алыста орналастырылған атақты сервердің көшірмесі болатын сервер.

    2. Прокси-сервер - -желідегі жүктемені төмендететін және желідегі іс-әрекетті тездететін компьютер.

    3. Шлюз -әр түрлі протоколдармен жұмыс жасайтын әр текті екі желіні біріктірентін бағдарламалық-аппараттық құрал.

    4. Брандмауэр – қорғауға алынған желіге санкциясыз енуді тоқтатын аппараттық құрал.

    5. Маршрутизатор – бірнеше каналдармен жұмыс істейтін құрылғы.

    6. Маршрутизациялау – ақпараттың жіберілу жолын таңдау процедурасы.

  2. Интернет көптеген әр түрлі ұйымдардың компьютерлерін біріктіретін болса, Интранет бір ғана ұйымның ішіндегі компьютерлерді біріктіреді. Интранеттегі ақпарат тек қана сол ұйымның адамдары пайдалана алады. Интранет желілері электронды пошта секілді бизнес үшін өте тиімді коммуникациялық құрал болып табылады.


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Интернеттің жұмыс істеу принципі қандай?

  2. Интернеттегі жұмыс қалай ұйымдастырылады?

  3. Интарнет деген не?

  4. Интранеттің негізгі ерекшеліктері қандай?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002


жүктеу 6,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау