1.2 Сайт туралы
Интернет дүкен бұл - Интернет желсінде бизнесті жүзеге асыру мақсатында екі материалды емес материяның үйлесімі: компьютерлік ақпарат және олардың электронды орналасуы.
Компьютерлі ақпарат жағынан: ақырғы соңда сіздің дүкенінізге айналатынның барлығы (яғни экранда пайда болатын компания логотипі, фирма жайындағы ақпарат, өнім каталогы және т.б.) сіздің немесе фирманың иелігіндегі компьютерде туындайды, ол арқылы сіз Интернет желісіне қосыласыз, және де барлық ақпарат сонда сақталады.
Электронды орналасуы жағынан: дүкен жазылған компьютер интернеттің бір бөлігі, сондақтан ол оған кіріп шыққысы келген немесе ақпаратпен танысқысы келген желінің кез-келген қолданушысы үшін ашық.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологиялардағы төңкеріс бизнесті жүргізу жайындағы барлық дәстүрлі көзқарастарды өзгертуде. Электронды коммерция әдеттегі бәсекелестіктегі мүмкіндіктерді теңестіреді, яғни үлкен және кішігірім компанияларға бір деңгейдегі сапа, баға және өнім түрлерінен сайысқа түсуге мүмкіндік береді. Жергілікті газетте жарнама беру бағасымен теңдей бола отырып, ол сауда ұжымдарына дүниежүзлік нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кішігірім компаниялар үшін кейде жалғыз мүмкіндік.
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің алға жүруі жағынан немесе потенциалды сатып алушыларды хабарландыру жағынан (бұл жағдайда, Интернет желісінің қолданушылары) интернет дүкендер де функцияларды атқарады, мысалға:
-брошюралар мен листовкалар;
-каталогтар;
-газеттер мен журналдардағы хабарландырулар;
-радио және телевизиядағы роликтер;
-плакаттар және жарнамалық тумбалар.
Алайда интернет дүкеннің оларға қарағандағы ерекшелігі, оған деген сұраныс жоғалғаннан кейін өзі де қоса жоғалып кетпейді (мысалға, газет бетіндегі жарнама). Ол еш нәрсеге тәуелсіз жұмыс істей береді, яғни өз қызметтерін сіздің қалауыныздың шегіне дейін ұсынып, сіздің уақытыңызды шектемейді.
Сонымен қатар сатып алушылармен байланысты қамтамасыз ететін түрлі интерактивты байланыс құрылғылары бар, олар мультимедияға негізделген және де тапсырыстарды өңдеуде де колданылуы мүмкін.
Интернет дүкенді құру ақпарат пен жарнаманы жаюға негізделген болатын болса, онда Интернеттегі бизнесті элктронды пошта, таратулар тізімі мен телеконференциялар арқылы жүзеге асыруға болады, олар да сол мақсаттарға құрылған емес пе? Бірақ мұндай байланыс формалары өте тартымды болғандықтан, жарнама тарату мақсатында қолданылған кездерінде қолданушылардың бұрыс реакциясын туғызады. Мультимедиялық мүмкіндіктері бір жағынан дүкендердің түрлі-түсті витриналарына жақын. WWW жүйесі, Интернеттегі жарнама мен коммерция үшін артығырақ.
Интернет дүкендер басқарушылар үшін жаңа, қолданыстағы жарнама түрлерінен асып түсетін мүмкіндіктерді береді, оның қызмет алаңы мен аудиториясы күннен күнге кеңеюде.
Достарыңызбен бөлісу: |