|
Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралыдамыту, оны ұйымдастыруды жетілдіру
|
бет | 2/2 | Дата | 22.05.2018 | өлшемі | 374,05 Kb. | | #15880 |
| дамыту, оны ұйымдастыруды жетілдіру
Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік өзекті проблема екендігін халықаралық тәжірибе растайды. Әлемдегі бір де бір мемлекетте Интернетте және электрондық төлемдерде киберқылмыстың - вирустардың таралуы, жағымсыз хабарлар (бұдан әрі - спам), ерсі ақпараттар, қарақшылық, алаяқтық негізгі түрлеріне қарсы тұрақты иммунитеті жоқ.
Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау ұлттық заңнаманың шығарылған ақпараттың зияткерлік меншігін қорғау, Интернет арқылы таралатын компьютерлік вирустардың, қорлау және ерсі ақпараттардың, қоғамға қарсы үндеулердің, спам, ақпаратқа рұқсатсыз қолжеткізуді жібермеудің, Интернетті пайдалануға қолданылатын қорғау құралдарын пайдаланудың тәртібін белгілеу, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылық жасаушы тұлғаларды тиімді анықтау және жазалау үшін нормативтік шарттар жасаусыз мүмкін емес.
Бірыңғай ақпараттық кеңістікте құқықтық қамтамасыз етумен қатар субъектілердің ақпараттық өзара әрекет етуі ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдауды талап етеді. Бұл шаралар мыналарды қарастырады:
1) ақпараттың тарап кетуінің, жоғалуының, жасандылығының алдын алу;
2) жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерінің алдын алу;
3) ақпаратты жою, модификациялау, бұрмалау, көшіру, шектеу бойынша қолданылатын іс-әрекеттердің алдын алу;
4) жеке меншік объектісі ретінде ақпараттың және құжаттаманың құқықтық режимін қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелерге заңсыз араласудың басқа түрлерінің алдын алу;
5) азаматтардың ақпараттық жүйедегі бар дербес деректерінің құпиялылығын және жеке құпиясын сақтаудың конституциялық құқығын қорғау;
6) құжатталған ақпараттың жасырындылығын және құпиялылығын сақтау;
7) ақпараттық үдерістерде және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологиялар мен құралдарды шығару және қолдануды әзірлеу кезінде иелік етуші субъектілердің құқығын қамтамасыз ету;
8) Қазнетке қатысушы ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету проблемалары бойынша ақпараттық-анықтама қорын құру;
9) сыртқы теріс әсерден Қазнеттің ақпараттық кеңістігін қорғау;
10) Интернетті құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалану фактілерін анықтау мақсатында Қазнеттің ақпараттық кеңістігінің мониторингін жүзеге асыру.
Бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі субъектілердің өзара іс-әрекет етуін ұйымдастыру ережесі заңдардың орындалуын, мемлекеттік және коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ережелер заңдармен реттелуі қажет.
Бірыңғай ақпараттық кеңістікте аппараттық-бағдарламалық құралдар электрондық өңдеу, сақтау және қабылдау-хабар беру кезіндегі барлық оқиғаларды қандай сатысында болса да хаттамалауды және ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуі қажет.
Бұдан басқа, киберқылмыспен күресудің табысты кепілі ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет етуші мемлекеттік органдар мен бизнестің серіктестігі, халықаралық ұйымдардың киберқауіпсіздік жүйесіндегі нормативтік, технологиялық және ұйымдастыру инфрақұрылымын дамыту ісі болып табылады.
4.5. Қазнетті дамыту мониторингі және бағалау
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру қолданыстағы ақпараттандыру деңгейі базасында және оны ескеру арқылы жүріп жатыр. Бұл үдерісті мемлекет бастаған және тек негізгі өндіруші күштердің ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамның барлық топтарының мүддесі үшін болатын қоғамдық қатынастарды жаңалау үдерісі ретінде қарастыруға болады. Осындай жаңалаудың ұйымдастырушылық мақсаты оның тұрақты өту механизмін құруында болады, елдің экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктеріне, тұлға, қоғам және мемлекеттің сұраныстарына сәйкестенуі. Осындай механизмді құрудың негізгі принциптері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1) проблемаларды шешудің таңдалатын нұсқаларын ғылыми негіздеу және тәуекелдерді бағалау;
2) қабылданған нұсқаларды модельді және экспериментальды түрде пысықтау;
3) оларды практика жүзінде енгізу барысында мүмкін болатын талдау және бағалау;
4) кең түрде қоғамдық талқылау жүргізу және осы талқылаудан алынған нәтижелерді талдап қорыту;
5) қабылданған шешімдерді тәжірибеде жүзеге асыруда эволюциялық жолды қолдану.
Барлық осы қағидаттарға ғылыми әдістер арқылы ахуалға кешенді талдау жасау, жұмыстарды кеңістіктік-уақыттық жоспарлау және орындалу үдерісі кезінде қадағалау және үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар бағдарламаның басқару жүйесін қалыптастыру жауап береді.
Мониторингтің міндеті Қазнеттің ақпараттық кеңістігін қалыптастыру және дамыту барысын мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу үшін және даму басымдықтарын айқындау үшін, сондай-ақ осыған байланысты нақты проблемалар мәнінің мониторингі барысында анықталған барабар белгілі бір аумақтарды іріктеп, мемлекеттік қолдау үшін сенімді және объективті негіз құрудан тұрады.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігіне мемлекеттік есепке алу және қозғалысты көрсеткіштеу органдары қажетті және жеткілікті статистикалық кешендерді, оның ішінде салалық көрсеткіштер мен мониторинг индикаторларын, ақпараттық қызметтердің тізбесін айқындауда шешуші рөл атқаруы және ашық ақпаратқа қол жеткізуді жан-жақты дамытуы әрі кеңейтуі, берілетін ақпараттың өзектілігі, сенімділігі мен қол жетімділігі үшін күресуі тиіс.
4.6. Қазақстанның ғаламдық ақпараттық желілер мен
жүйелерді құру мен пайдалану үдерістеріне қатысуы
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігі интернеттің әлемдік ақпараттық кеңістігінің елеулі құрамдас бөлігі болуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласында басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын талап етеді.
Бұл ретте, мыналарды көздеу қажет:
1) озық елдердің ұйымдастыру және техникалық тәжірибесін пайдалану;
2) отандық ақпарат ресурстарын қалыптастыру үшін шетелдік ақпаратты пайдалану;
3) отандық ақпарат ресурстарының экспортын ұйымдастыру;
4) Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларының әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
5) байланыс және телекоммуникацияның халықаралық жүйесіндегі өздерінің құралдарында пайдаланушыларды қамтамасыз ету үшін байланыс және телекоммуникацияның протоколын, ақпаратты ұсынудың нысанын реттейтін халықаралық стандарттарды енгізу;
6) әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, жаңа ақпараттық технологиялар құру және әлемдік бірлесіп жұмыс жасаудың қолданбалы бағыттарын ақпараттандырумен байланысты (банктік ақпараттардың, ғылыми-техникалық ақпараттардың әлемдік жүйесін құру және пайдалану) Қазақстан Республикасының халықаралық бағдарламалар мен жобаларды толық құқығы бар мүшесі ретінде қатысуын қамтамасыз ету;
7) ақпараттық ресурстар, ақпараттық технологиялар құралдары, телекоммуникация және байланыс жүйелері, ақпараттандыру жүйелерін құру және дамыту саласында заңдық, құқықтық және нормативтік реттеумен байланысты құжаттарды дайындау барысында халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуды қамтамасыз ету;
8) Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің орнықты дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын сатып алуға шетелдік фирмалармен контрактіге отыру мүмкіндіктері;
9) жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын жасап шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру және лицензиялар сатып алу.
Халықаралық ынтымақтастық барысында барлық жұмыстарды - екіжақты және көпжақты келісімдер жасаудан бастап атқарушы биліктің мемлекеттік және өңірлік органдарына арналған ақпараттық технологиялар құралдарын сатып алуға дейін ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру орынды.
5. Күтілетін нәтижелер
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігі өзінің қарқынды даму кезеңінде тұр. Бұл маңызды бағыттың жетістігі үдеріске қатысушылардың бірлескен күш-жігеріне, осы Тұжырымдаманың міндеттері мен бағыттарын іске асыруға байланысты.
Тұжырымдаманы іске асыру:
1) Қазақстанның ақпараттық және технологиялар саласындағы экономикалық, өнеркәсіптік, зияткерлік және кадрлық әлеуетін тиімді пайдалануға;
2) ақпараттық сала мен аяның Қазақстан өңірлерімен келісілген дамуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздік проблемасын шешу үшін алғы шарттар жасауға;
4) мемлекет қызметінің әртүрлі салаларында Интернеттің ғаламдық ақпарат желісінің ұлттық сегментін дамытудың мемлекеттік саясатының басымдық бағыттарын құруға;
5) Қазнет ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік билік және басқару органдарының халықты саяси, әлеуметтік-экономикалық өмір туралы үнемі хабардар етудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға;
6) Қазнеттің құқықтық және ұйымдық тетіктерін, заңнаманы жетілдіру жолымен олардың ақпараттық құқықтары мен міндеттерін іске асыру кезінде саяси және қоғамдық өмірдегі барлық субъектілердің өзара қарым-қатынасын тиімді реттеуге;
7) Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңестігін құру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қойылған міндеттерді дәйекті және жүйелі шешу Қазақстанның Интернет кеңістігін жаңғыртады, қазіргі әлемнің ғаламдық қатеріне барабар жауап беруге және Қазнеттің жаңа, сапалы деңгейге шығуына жағдай жасайды. Бір мезгілде әлемдік ақпараттық кеңістігінде Қазақстан Республикасының имиджін жылжытудың түйінді міндеттері шешілетін болады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|