«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет5/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88

ақынның   бірі   болып   енген.   Әбдіраштың   Жарасқаны   –   М.Әуезовтың   туғанына   жүз   жыл   толуына
арналған Республикалық ақындар мүшайрасының, «Қарабура әулиеге» арналған жыр жарысының бас
жүлдегері.
1998 жылы ақынның «Шөберелі  шаңырақ», «Көңіл көкпары»,  «Сана соқпағы» атты таңдамалы
өлеңдерінің үш томы жарыққа шығады.
Әбдіраштың жарасқаны өмірінің соңына қарай ауыруына байланысты өндіртіп жаза алмады. 
«Кейінгі кезде неге көп жазбай кеттіңіз?» - деген сауалға ақын:
-
Бұны   «дауылдың   алдындағы   тыныштық,   шығармашылықтағы   (теңіздегідей)   штиль»   -   деп
жауап   береді.   Сөз   көзінің   тірісінде   жарыққа   шықпаған,   алайда   жазылып,   бөлімдері   бірнеше   рет
«Қазақ әдебиеті» 1997 жылы, «Заман-Қазақстан» 1997 жылы газет бетіне жарияланып та үлгірген
«Құлыптас» атты кітабы жайында болмақ. Осы кітаптың жазылуы жайында ақын былай дейді:
-
Ауырып жатқан кезімде үлкен балама: «Басыма құлыптасты сен қоятын шығарсың?», - деген
едім. Балам кеткеннен кейін «Мен кімге ескерткіш қойып жарыттым?»- деп ойладым. Осы ой мені
құлыптасты жазуға жетеледі. 
Азаматтық,   перзенттік   парызы   ретінде   ақындық   қиялымен   тәуелсіздік   жолында   құрбан   болған
арыстарға,   қуғын-сүргінге   ұшырағандарға   арнап   орнатқан   ескерткіш-   құлыптасы.   «Құлыптас»
кітабының «Арманда кеткен арыстар» бөлімінде: 
           Кім едік ?
           Кім болдық біз ?
           Халық таныр!
           Әйтеуір, ұмтылғанбыз жарыққа біз!
           Марқұмбыз – бәріміз де болашаққа,
            Жер деген – адамзатқа алып қабір!- деп ақын арыстардың өздерін сөйлетеді, келер ұрпақ
«Еңіреген ер!»- ме екен, жоқ әлде «Көкірегі көр» деп жазар ма екен? Деп сауал қойып, өздеріне жауап
бергізеді.
           Қалай деп атаса да қазақ мұны,
           Еңсесін езіп ауыр азап мұңы,
           Бабалар бізден бұрын арман еткен-
           Алаштың мәңгі-бақи Азат күні!
Эпитафия   –   сығымдалған   көз   жасы   сияқты,   жоқтаудың   қысқа   ғана   айтылар   түрі.
А.Байтұрсыновқа:
             Тіршілігің тәубесіз...
             Қай тіршілік?
             Бас иіп тұр Күн жылап, Ай күрсініп!
             Бұл арада ұлы атаң –ақын атаң:
                         Жатыр (Ахаң) Ахмет Байтұрсынов! – деп Ахмет Байтұрсыновқа т.б осы сынды ұлы
ақындарға өлеңдерін арнап, осылай «Арманда кеткен арыстарға» құлыптас қойып, дұға оқыған еді.
1997   жылыдың   маусымында   Оңтүстік   Қазақстан   облысының   Созақ   өңірінде   Қарабура   күмбезді
кесенесі ашылып, Қарабура рухын, тұлғасын әспеттеуге арналған ақындар мүшайрасы өтеді. Елуден
асқан ақын қатысқан бұл жыр жарысында бас бәйгені Әбдіраштың Жарасқаны жеңіп алады.«Қазақ
әдебиетінің» 1997 жылғы 24 маусымда шыққан нөмірінде «Арылу мен Қарабура әулиеге мінәжат»
атты өлеңі жарияланған.
           Созақ жұрты -Әлиелер, Әнбиелер өнген жер,
           Менің анам - Бегім ана дүниеге келген жер!
           Қысылғанда мұсылманға демеп медет берген жер,
           Желеп-жебеп Қарабура желмаядай желген жер,
           Әлиелер бері қара! Әнбиелер бермен кел!...
Бұл   ертеден   келе   жатқан   ақындық   дәстүр,   мүшайра.   Мұндай   мүшайраларға   ақын   Әбдіраштың
Жарасқаны жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырған. Атап айтқанда: 1997 жылы Мұхтар
Әуезовтың   туғанына   100   жыл   толуына   арналған   негізгі   мерейтойлық   мүшайра   өткізілді,   жыр
жарысына   қатысқан   79   ақынның   М.Әуезовке   арналған   130   өлеңі   жарық   көріп,   солардың   ішінен
Әбдіраштың Жарасқаны бас бәйгені жеңіп алады. 
             Уа, Мұха!
            Таң қаламын тағдырыңа!
            Алса да аямастан сан қырына,
            Жасына пайғамбардың жетіп өлдің,
            Артыңда өлмес-өшпес қалды мұра... 


            ...Болса егер Алаш үшін Абай-Құдай
            Алаштың баласы үшін пайғамбарсың! –деп, көтеріңкі әуенде жырлайды.
Өзінің «Кірісу» деген өлеңінде:
«Кіріспе» демей
«Кірісу» қойдым жыр атын,
Кірісу менің –
Міндетім, Хақым,
Мұратым!
Өмірде мынау, бәріне,
Бәрі, бәріне,
Кірісу   керек,   кірісу   керек   шын   ақын!   Иә,   Жарасқан   ақын   не   нәрсеге   де   немқұрайлы   қарай
алмайтынын, «ұлы іс пе, мейлі ірі іс пе мейлі, майда ма...» ақын бел шешіп кірісіп кететіндігін анық
аңғартқан-ды. 
Ақынның 50 жасқа толған торқалы тойында «Көңіл көкпары» атты «Ана тілі» баспасынан шыққан
таңдамалы  шығармалар жинағында  Зейнолла  Қабдоловтың  ақын Жарасқан жайында  айтқан оңды
пікірі бар:
«Шын ақын! Қазір біз әлде біреулерді ұлы ақын, данышпан ақын деп жатамыз ғой.Олар болса –
бола жатар...
Алдымен шын ақын болу керек! Міне Әбдіраштың Жарасқаны –қазір саусақпен санайтын өзінің
буынындағы   маңдай   алды   ірі   ақын»-   деп   Жарасқанның   көзінің   тірісінде-ақ   әділ   бағасын   берген
болатын.
«Екі   күндігін   ойламаған   ерден   без!»   -   дегендей   көп   ақын-азаматтарымыз   өлең-жырының
өмірінің   ұзақ,   қысқалығын   ойлап   қайғырған.   Атап   айтатын   болсақ,   кешегі   өткен     Қ.Аманжолов,
М.Мақатаев   сынды   ақындарымыздың   бәрі   дерлік   «өлеңім   өзімменен   бірге   өлмесе   екен»-   деп
толғанумен кеткен-ді.
Дәл осы ой Әбдіраштың Жарасқанын да толғандырумен кеткен сияқты. Осы бір ой «Ақырғы
өлең» деген өлеңінде айқын көрінеді. 
Кей-кейде ешкімде жоқ қуат дарып,
                    Оңаша ой сапырам, күй ақтарып!
                    Еріксіз салады еске ертеңімді!
                    Әр өлең ақырғы өлең сияқтанып!
Ақырғы,
Ең ақырғы,
Ақырғы өлең,
Сұсты еді,
Суық еді атың неден!
                                        Сонда да қорықпастан, 
                                        Торықпастан,
                                         Жыл санап, мен өзіңе жақын келем!
Иә, бұл фәниге кімдер келіп, кімдер кетпеген?! Бір қарағанда өлеңнен «ақырғы күннен» сескену де
бар сияқты, алайда ақын бұл мәселеге де философиялық тұрғыдан қарап, қорықпастан, торықпастан
нық басады. Ақын өткеннің бәрі өзі емес, сөзі өлмеуін армандап өткен ғой, Жарасқан ақын да:
               Қалай да жанарыммен қатар сөнбе,
               Тамшы бол торыққандар татар шөлде!
               «Өмір» -деп өрекпіген жүрегімнің,
               Жан даусы жаңғырығып жатар сенде, -дейді.
Бұл   жолдардан   ақынның   өмірге   құштарлығы,   сондай-ақ   артымда   қалған   өлеңімнен   арттағылар
керегін тауып алса болар дегенді айтады.
Дәл осы ойын ақын 1997 жылы «Парсат» журналына берген қысқа ғана мақаласында, сірә ауруы
жанына батып жүрген кезі болса керек. Ақын былай дейді: «Шаң басқан архив арасында жиналған
шағын кітаптарымызды кім іздеп, кім тауып оқыр? Осындайда көкірек түкпірінде көз ашқан сезім:
Жылдарым менің –жырларым!
Жырларым менің - сырларым!
Жолында әрбір жырымның
Теңіздей толқып тұр жаным! ...- деген сияқты шабыт хабаршысындай өлең шумақ болып тосыннан
тілге  оралды  ...» Қазір ақын да  көп,  кітап та   көп,  алайда  кітапты жазған,  өлеңді  шығарған ақын
болғанымен оның әділ бағасын беретін халық, оқырман.


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау