Сурет12 . Диаграмманың өңделген түрі
Легенда (аңыз) диаграмманы түсінікті ету үшін жазылатын жазу (Сурет 13).
Сурет 13. Легенданы өңдеу
Бұл өзгерту легенданың жанама менюінен Формат легенды командасын шерткенде ашылған сұхбат терезесінде сәйкес параметрлерді орнатқанда орындалады. Диаграмманы жаңа бетке орналастырыңыз.
Легенданы орналастырудың неше түрлі тәсілдері бар және қандай екенін жазып алыңыз. Вид – Панели инструментов – Диаграммы командасын орындаңыз. Ашылған тақтаның компоненттерімен жұмыс жасаңыз. Дәптерге конспекті жазып алыңыз. Осы тақта көмегімен диаграмма тақырыбының және легенданың форматтарын келесідей (Сурет 14 ) етіп қойыңыз.
Сурет14 . Диаграмманың өңделген түрі
Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
[1-9,12]/[1,2,3,4]
Бақылау сұрақтары:
Формулалар қатарының атқаратын қызметі қандай?
Ұяшыққа формулалар қалай енгізіледі?
Ұяшыққа бұрын енгізілген формуланы түзетуге бола ма? Бұл кезде есептеу амалдары қалай атқарылады?
СЧЕТЕСЛИ() функциясы қандай категорияға жатады?
СЕГОДНЯ() функциясының қызметі қандай?
Формула жазу үшін ұяшыққа не енгіземіз?
Автоқосудың ерекшелігі қандай?
Диаграмма шеберінің жұмысын түсіндір
Диаграмманың қандай типтері бар?
Диаграмма орналастырудың қандай мүмкіндіктері бар?
Зертханалық жұмыс №5 (1 сағ)
Тақырыбы: MS Access. МҚ құру. Негізгі объектілермен жұмыс. Бір және бірнеше кестелерден тұратын мәліметтер қорымен жұмыс.
Мақсаты: MS Access МҚБЖ-де кесте шебері көмегімен кесте жасауды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Компьютер, MS ACCES 2003 МҚБЖ
Теориялық түсініктеме:
MS Access МҚБЖ негізгі объектілері
Ассess-те ақпаратты сақтаудың көптеген түрі бар. Осы МҚБЖ жұмыс жасағанда қолданылатын негізгі объектілер келесілер (Сурет 15):
Сурет 15. Негізгі объектілер
Кесте. МҚ негізгі объектісі. Кестеге сүйене отырып, форма, есеп, сұраныстар құрылады. Бір МҚ бірнеше кестелер бола алады.
Кесте құрудың үш режимі бар:
Шебер арқылы кесте құру;
Кесте режимінде кесте құру;
Конструктор арқылы кесте құру;
Кесте өрістерінің мәліметтерінің келесідей типтері бар (Кесте 10).
Кесте 10
Мәліметтер типі | Қолданылуы |
Өлшемі
|
Мәтіндік
Сандық МЕМО
Уақыт
Ақшалай
Санауыш
Логикалық
OLE объектісі
|
Алфавиттік және сандық деректер
Сандық деректер
Алфавиттік, сандық деректер, сөйлемдер, абзацтар, мәтіндер
Мерзімі және уақыты
Ақшаның көлемі жайында деректер
Бүтін сан, әрбір жазбаның нөмірін көрсетеді
Логикалық деректер
Суреттер, диаграммалар, басқа да OLE объектілері
|
255 байт
1,2,8 байт
644000 байт
8 байт
8 байт
4 байт
1 бит
1 Гб-қа дейін
|
Достарыңызбен бөлісу: |