«Информатика» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 1,49 Mb.
бет6/8
Дата27.12.2019
өлшемі1,49 Mb.
#25127
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Файл атрибуттары


Атрибуттар – файл құрамын анықтайтын қосымша параметрлер. Операциялық жүйе оларды бақылауға және өзгертуге мүмкіндік береді.

Негізгі атрибуттар төртеу:



  • тек оқуға арналған – R (Read only)

    • Тек қана оқуға арналған атрибут файлмен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді. Мұнда файлды жаңарту немесе жою кезінде жүйелік әдістермен қате іс-әрекет жасалғаны туралы шығады. Файл атрибуты кездейсоқ өзгертулер немесе жоюдан файлды қорғау үшін орнатылған.

    • жасырын – Н (Hidden)

    • Жасырын атрибуты фалдық операциялар жүргізу кезінде экранға берілген файлды көрсетпеу керектігі туралы операциялық жүйеге сигнал береді. Бұл шара файлдың кездейсоқ бүлінуіне қарсы іс-әрекет.

    • жүйелік – S (System)

    • Жүйелік атрибутымен операциялық жүйенің жұмысында маңызды функциялары бар файлдар белгіленеді. Оның ерекшелігі, операциялық жүйе мүмкіндіктерімен оны өзгертуге болмайды. Жүйелік атрибуты қойылған көптеген файлдарда Жасырын атрибуты қойылған файлдар да бар.

    • архивтік – A (Archive)

    • Архивтік атрибуттар резервті көшіру программаларының жұмысы үшін пайдаланылған. Файлды өзгертетін кез келген программа осы атрибутты автоматты түрде қою керек, ал резервті көшіру әдісі оны қабылдамайды деп есептелінген. Демек, келесі резервті көшіруге атрибуты орнатылған файлдар ғана жатты

Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін.

Файлдарды архивтеуден басқа келесі іс-әрекеттерді жүргізуге болады:



  • құру

  • жою

  • атын өзгерту

  • бір каталогтан екінші каталогқа көшіру

  • файл атымен дискіден және ондағы символдар жолынан табу (Norton Utilities-тен filefind программасы)

  • егер файл байқаусыздан жойылса (Norton Utilities-тен unerase программасы), онда кейбір жағдайдарда қалпына келтіруге болады

Бұл әрекеттерді жеке файлдармен және файл топтарымен орындауға болады.

6. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою


Графиктік емесе операциялық жүйелерде файлдарды көшіру және тасымалдау операциялары командалық жол өрісінде нақты команданы енгізумен орындалады. Осы кезде команда аты, каталогқа кіру жолы көрсетіледі.

Графиктік операциялық жүйелерде осы командаларды орындауға мүмкіндік беретін позиция құрылғысымен жұмыс істеу әдістері бар.

Мәліметтерді жоюдың екі режимі бар: жою, қалпына келтірмейтіндей жою.

Файлдарды жою уақытша болып табылады. Windows 9S және Windows 98 операциялық жүйелерінде Қоржын деп аталатын арнайы бума көмегімен ұйымдастырылған. Файлдар мен бумаларды жою кезінде олар Қоржынға тасымалданады. Бұл операция операциялық жүйенің файлдық құрылымы деңгейінде жүреді. Қатты дискінің файлдық жүйесі деңгейінде файлдар қай жерде жазылса, сол секторларды қалады.

Қалпына келтірмейтіндей жою оларды MS-DOS операциялық жүйесіндежою кезінде немесе Windows 95/98 операциялық жүйелерінде Қоржынды тазалау кезінде жүреді. Бұл жағдайда операциялық жүйенің файлдық құрылымынан файл түгелдей жойылады, бірақ дискінің файлдық жүйе деңгейінде тек біршама өзгерістер ғана болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:



  1. Файл дегеніміз не?

  2. Файл аты қалай пайда болады?

  3. "Орындаушы файл" дегеніміз не?

  4. Файл атының кеңейтілімі қандай қызмет атқарады?

  5. Файлдың ұзын аты қысқасынан немен ерекшеленеді?

  6. Ұзын файл атын жазу кезінде қандай символдарды пайдалануға болмайды екенін атаңыздар?

  7. Файлдар типі.

  8. Каталог дегеніміз не?

  9. Файлдық құрылым түсінігіне не кіреді?

  10. Түпкі каталог дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер :

негізгі Әдебиеттер

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000

Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997

Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997

Қосымша Әдебиеттер

Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS

WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001

Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004

Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,1997

Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 1998.


6-7 Дәрістер. Архиваторлар. Компьютерлiк қауіпсіздік.

Дәріс сабағының мазмұны:


Файлдарды архивтеу.


Архиваторлар.

Компьютерлік қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары.

Компьютерлік вирустар.

Программалық вирустар.

Макровирустар.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақталу тәсілдері әр түрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фраменттер болады, оларды түгелдей дискіге ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.

Архиваторлар файлкөлемін 10-70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Әдетте 20 Мб дискіні уөшіру 60-қа дейін дискет қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан ақпараттарды қысылған көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады.

Файлды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырылғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әр түрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең тараған архиваторлар тобына ARJ, WinZip, RAR тәрізді программалар жатады.

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:



  • файлдың аты;

  • файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

  • файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түдегі мөлшері;

  • архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шартбелгісі.

Информацияны қысу дегеніміз – файлдағы информацияның сақтау фадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі. Файлда инормацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады.

Архивтен шығару дегеніміз – архивке орналасарға дейін олар қандай түрде болса, тура сол түрде архивтен файлдарды қалпына келтіру процесі.

Файлдарды буып-түйетін және шешетін программаларды архиватор-программалар деп атайды. Кең тараған программалардың ішінен ARJ, RAR, PRZIP, PAK, LHA, ICE, WINZIP атауға болады.

Соңғы уақытта қолданушыларда ARJ, WinZip архиваторлары кеңінен танылуда.

ARJ архиваторы жұмыс істеудің жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.

WinZip архиваторы Windows-қа құрастырылған және ол да терезелік интерфейсті қолданады.

Осы архиваторлардың барлығы архивтеудің негізгі міндеттерін орындайды:


  1. жаңа архивтерді құру;

  2. архивтерден файлдарды алу;

  3. бар архивке файлдарды қосу;

  4. өзі шешілетін архивтерді құру;

  5. көп томды архивтерді құру;

  6. архивтерді бүтіндігіне тестілеу;

  7. зақым келтірілген архивтерді толығымен немесе жартылай қалпына келтіру;

  8. бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен архивтерді қорғау.

Компьютерде жұмыс істеген кезде өз информацияңды бөгде адамдардың қол сұғуынан және жоғалуынан немесе информацияны біреулер оқудан қорғау, шектей білу өте маңызды.

Есептеу техникасында ақпаратты қорғау түсінігі өте кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару сенімділігін һәм деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды қорғайды. Бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды және жасырын хат алмасуларды қорғау үшін әдетте пароль орнатылады, құнды деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бірнеше данасы болуы мүмкін. Ал компьютерлік вирустармен күресу өте күрделі, өйткені олар зиянды және дербес компьютерлердің қолданушыларына зиян келтіруге арналған.

Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте өлшемі бойынша (200-ден 5000 байтқа дейін) кіші арнайы компьютерлік программа. Басқа программаларға «көбейтілетін» және «жұғатын» мүмкіндігі бар. Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз «зақымдалған» дискета арқылы немесе «зақымдалған» файлмен кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымдалған» программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, оперативті жадты «ластайды» және т.с.с.

Вирус бір компьютерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін.

Вирус қайдан пайда болады?

Оларды білікті программистер қызғаныш, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық программаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Ресейде – бұл атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін және олардан қорғануды білуі қажет.

Компьютерге вирус негізінде дискеттер және лазерлік диск арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторы және кеңейтілуі exe., com., sys., bat. болатын орындаушы файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графиктік файлдарға сирек жұғады.

Әсер ету дәрежесі бойынша вирустарды бірнеше түрге бөлуге болады:



  • қауіпсіз, компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді, бірақ оперативті жадтың бос орнын және дискідегі жадтың көлемін кішірейтеді, мұндай вирустардың әрекеттері қандай да бір графиктік және дыбыстық әсерлерде байқалады.

  • қауіпті вирустар компьютер жұмысына әр түрлі кедергілер алып келуі мүмкін.

  • өте қауіпті вирустардың әсері программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, дискінің жүйелік аймағында ақпараттардың өшуіне әкелуі мүмкін.

Компьютерлік вирустардың негізгі ерекшеліктерін, антивирустық программалардың сипаттамасын және программалар мен деректерді компьютерлік вирустан сақтау шараларын толық қарастырайық. Қазіргі уақытта 5000-нан аса программалық вирустар белгілі.

Барлық алуан түрлі вирустар араынан басты-басты топтарын бөліп қарастырайық:

1. Жүктелетін вирустар – дискеттің немесе винчестердің жүктелетін секторында сақталатын компьютердің алғашқы іске қосатын программаларын зақымдайды.

2. Файлдық вирустар ең алдымен кеңейтілулері exe. және com. болатын файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына алмайды, демек, көбею қабілетін жоғалтады.

3. Жүктелетін-файлдық вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің жүктелетін секторларын зақымдайды.

4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді.

5. Желілік вирустар ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде тарайды.

Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресудің үлкен тәжірибесі бар антивирустық программалар құрылған, программалар мен деректерді қорғау шаралары белгілі. Вирус табылған мерзімнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болған вирустарды жеңіп шыға алатын антивирустық құралдарды жетілдіру және дамыту үнемі жүріп отырады.

Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

Детектор-программалар белгілі вируспен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар қазіргі күні сирек.

Фагтар немесе доктор-программалар, сонымен қатар вакцина-программалар вирус жұққан файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді», файлдардан вирус программасының денесін өшіреді, программаны зақымдалғанға дейінгі қалыпқа келтіреді. Фагтар өз жұмысының басында оперативті жадтан вирусты іздейді, оларды жояды және содан кейін барып барлық файлдарды «емдеуге» кіріседі.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісіне жатады. Ревизорлар компьютерге вирус жұқпай тұрған кезде программаның бастапқы жағдайын есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын кезекті жағдайды бастапқысымен салыстырады. Егер өзгерістерді анықтаса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарылады. Ресейде ең танымал Д.Мостовтың құрастырған ревизор-программасы Adinf – бұл программаны барлық оқу орындарының компьютерлеріне орнату ұсынылады. Ол тек вирустардың екпінділігіне ғана бақылау жасамайды, оқушылардың зиянды белсенділігін бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Фильтр-программалар немесе «күзетші» - бұл компьютердің жадында тұрақты орналасатын кішігірім резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын қадағалайды және компьютер жұмыс атқарған кезде вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір программа осындай әрекетті орындар кезінде «күзетші» хабарлама жібереді, ал қолданушы сәйкес операцияны орындауға рұқсат беріп немесе тыйым сала алады. Қоланушылар әдетте күзетшіні қолданбайды, өйткені әрдайым ескертулер жұмысқа кедергі келтіреді. Фильтр-программалар вирустың ең басты сатысынан олардың көбеюіне дейін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдарды және дискеттерді «емдемейді», вирустарды жою үшін фагтар қолдану қажет.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:



  1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

  2. Программалық вирус дегеніміз не?

  3. Жүктемеленетін вирус дегеніміз не?

  4. Макровирус дегеніміз не?

  5. Жүктемеленетін вирустың программалық вирустан айырмашылығы неде?

  6. Компьютерлік вирустардың негізгі типтері?

  7. Вирусқа қарсы негізгі қорғау құралдары.

  8. Компьютерлік вирустан қорғайтын аралықтарды ата?

  9. Вирустан қорғауға арналған арнайы программаларды білесің?

8-9Дәрістер. Операциялық жүйе

Дәріс сабағының мазмұны:


Компьютердің операциялық жүйесі: қажеттілігі, құрамы, жүктелуі.


Жұмыс режимі.

ОЖ эволюциясы.

Операциялық жүйелер (ОЖ) – бұлар кез келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын, қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады. ОЖ – қолданушы мен программаның қорғалуын қамтамасыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.

ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады:



  • Базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды;

  • Командалық процессор – бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды;

  • Сыртқы құрылғы драйверлері – бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамтамасыз етіп отырады (әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әр түрлі және ерекше темпте өңдейді).

  • Қосымша сервистік программалар (утилиттер) – пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан-жақты және ыңғайлы етеді.

ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖҚС) орналасуы керек. Сондықтан операциялық жүйеден ЖҚС-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖҚС-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ні жүктемелеудің келесі сатыларын тізбектей орындау керек.

ОЖ-ні жүктемелеудің бірінші сатысы. Компьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ-тұрақты жады, ROM – Read Only Memory-оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ні жүктемелеудің бірінші сатысы және компьютер блоктарын тестілеу программалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала токтың бірінші импульсімен орындала бастайды. Өйткені ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады. Бұл сатыда процессор дискіге қатынасадыда, анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖСҚ-да оқылады да оған басқару беріледі.

ОЖ-ні жүктемелеудің екінші сатысы. Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-нің базалық модулін іздейді де, оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.

ОЖ-ні жүктемелеудің үшінші сатысы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-нің қалған модульдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.

Ескерту. Командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар драйвері мен утилиттер ЖСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді. Бұның арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының міндетті көлемін қысқартуға болады.

ОЖ-нің бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі. Олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік саны), поцессор типі , сондай-ақ ЖСҚ көлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қазіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Бұндай сапалы Microsoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыдандыра алады. Мысалы, MS-DOS. Бұл ОЖ-нің қазіргі дербес компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар.

Олар:


  • Каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;

  • Компьютер құрылымының модульдік принциптік қолдану әр түрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плоттерлер, модемдер және т.б.);

  • Пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.

ОЖ эволюциясы.

IBM-PC типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады:



  1. MS-DOS

  2. MS-DOS – ортасындағы Windows 3.1.

  3. Windows95, Windows98/NT, UNIX, OS/2.

Ос аталған ОЖ-ден 1992 жылы шығаылған Microsoft фирмасы DOS операциялық жүйесін өңдеген, программистер мен қолданушыларға өте кең көлемдегі мүмкіншіліктер мен қолайлықтар бар операциялық жүйе. Windows-тың кеңінен қолданылуы IBM-PC – сәйкес компьютерлерінің стандарты болып табылады. Windows файлдармен, дискілермен жұмыс істеу операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар Windows ортасында іске қосылатын программаларға жаңа мүмкіншіліктер береді.

1985 жылы Microsoft фимасы Windows графикалық операциялар жүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясын шығарған 3.0 версиясынан бастап Windows-тың кеңінен қолдануы арқасында, ол IBM тектес компьютердің стандарты болып табылады.

Windows-тың сыртқы қарапайыдылығының астында ДК-дің мыңдаған санына арналған оңай және күшті операциялыұ жүйе тығылып жатыр.

Windows-те дискімен жұмыс істу жүйесіне ерекше көңіл бөлінген, осында IDE, ESDI, SCSI интерфейс контроллерлері бар.

Windows-те жұмыс істеу негізі. Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейтілімі бар файлдарда сақталынады.аты кеңейтіліммен қосқанда 255 символды құрай алады.

Барлық файлдар дискілерде сақталынады, әр дискінің өз атыбар. Windows операциялық жүйесінде әбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документті мінездейтін сурет).

Жұмыс столы. Windows-тің негізгі жұмыстары Desktop жұмыс столында өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пиктограммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез келген жұмыс столында келесі элементтер орналасқан:

Менің компьютерім (My computer)– компьютерлердегі барлық бумаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;

Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде желілік ресурстарды көрсетеді;

Қапшық (Recycle Bin) - бумалар мен файлдарды өшіреді;

Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды;

The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды;

The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.

Сонымен қатар Есептер тақтасы орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск батырмасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді.

Басты меню көмегімен кез келген прогамманы немесе документті ашуға болады. Себебі мұнда ішкі мнюлердің сан алуан түрлері кедеседі. «Пуск» жолының көмегімен кез келген керек файлды тауып алуға болады. «Настройка» пунктінің көмегімен кез келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап, «жұмыс столына» жарлығын қоюға болады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де жарлқ құра алады.

Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, орналастыру. Бұлар жұмыс столына жаңа мүмкіншіліктер береді.

Жұмыс столының түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп папкасына салып, жұмыс столында таза, негзгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады.

Windows терезесі. Windows-тың кез келген терезесі экранның төрт бұрышты аймағы болып табылады. Терезенің ортасында терезенің аты жазылады, ал оң және сол бөліктерінде жүйелі менюдің жинақтау және ашу батырмалары бар.

Көмек. Windows-тың барлық программаларының меню жолында Көмек пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық Ғ1 пернесіне контексті-тәуелді болады, бұл батыманы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.

Windows-тың қосылған анықтамалығының қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер.

Жұмысты аяқтау. Windows-та жұмысты аяқтау үшін барлық белсенді қосымшаларды тоқтатып терезелердің барлығын жауып SHUT DOWN утилитасын пайдалану керек. Ол жұмысты аяқтаудың қарапайым сұхбат терезесін ашады:

ЗАВЕРШИТЬ РАБОТУ (Shut Down the computer);

ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР (Restart the computer);

ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР В РЕЖИМЕ ЭМУЛЯЦИИ MS-DOS (Restart the computer in MS-DOS mode).

Егер қандай да бір қосымшалар жабылмаған болса, онда Windows өзі жабуға арналған сұхбат терезені шығарып жабуды талап етеді. Егер қосымша жұмыс істеп тұрса, онда ол файлды дискке көшіріп жабу керек.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:



  1. ОЖ-нің қажеттілігі?

  2. ОЖ қандай модульдерден тұрады?

  3. Компьютермен жұмыс жасаған кезде жедел жадыда ОЖ-нің қандай модульдері болуы керек?

  4. ТСҚ жадысы неге энергияға байланысты және ОЖ-ні жүктемелеу кезінде оның атқаратын ролі?

  5. ОЖ-ні жүктемелеу процесі қалай жүреді?

  6. MS-DOS мүмкіншіліктерін атаңыз?

  7. Операциялық жүйе неге жатады?

  8. Операциялық жүйе дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер :

Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004

Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995


10-дәріс. Windows операциялық жүйесi.
Дәріс сабағының мазмұны:

Негізгі ұғымдары. Жұмыс столы, белгішелер.

Бас мәзір, терезе, терезенің стандартты элементтері.

Терезе түрлері. Тереземен жұмыс.

"Жарлық" ұғымы.

"Жолсерік" программасы

Стандартты программалар: Блокнот, WordPad, Paint.


WINDOWS жұмыс істеу негізі. Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейткіші бар файлдарда сақталынады. Аты кеңейткішпен қосқанда 255 символды құрайалды.

Барлдық файлдар дисклерде (дискеталар немесе қатты диск) сақталынады, әр дискінің өз аты бар. WINDOWS 95 операцияның жүйесінде әрбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документі мінездейтін сурет).

1. Windows жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:



  • компьютердің барлық апараттық құрал-жабдықтарын басқару;

  • файлдың жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

  • қолданбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса Windows жүйесі;

  • бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

  • әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;

  • масштабталатын қаріптерді қолдауды;

  • мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

2. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары

Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді.

Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі Windows терезесінің экранды толығымен жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:



  • толық экранды терезе яғни терезе экранды толығымен алып тұрады.

  • Қалыпты күйегі терезе яғни терезе экранның белгі бір бөлігін алып тұрады.

  • Белгіше (пиктограмма) түрінде яғни яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

Жұмыс столы – екінші негізгі ұғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсін элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар құрал жабдықтар. (қалам, өшіргіш, қарындаш т.б) орналасуы мүмкін. Олар, біздің қалауымызша столда әр түрлі күйде орналаса алады. Windows ортасында жұмыс столының рөлін диспелей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілері түрінде орналасқан.

WINDOWS 95-тің негізгі жұмысы Desktop жұмыс столінде өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пикторграммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез-келген жұмыс столында келесі элементтер орналасқан:

Менің компьютерім (My computer) – компьютердегі барлық папкаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;

Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді;

Қапшық (Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді;

Енгізілетін (Inbox) – электронды пошта арқылы келетін ақпараттарды сақтайтын пошталық жәшік;

Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды;

The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды;

The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.

Сонымен қатар экранда Есептер тақтасы (Taskbar) орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск (Start) батырмасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді.

Басты меню көмегімен кез-келген программаны немесе документті ашуға болады, себебі мұнда ішкі менюлердің сан алуан түрлері кездеседі. “Пуск” жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка” пунктінің көмегімен кез-келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап “жұмыс століне” жарлығын қоюға болады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады.

Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді.

Жұмыс столының түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп (My computer) папкасына салып, жұмыс столінде таза, негізгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады.

Белгішелер, жарлықтар, бумалар.

Белгіше ( I )-бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені функцияны, файлды, т.б бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда айналады Экранда мынадай белгішілер кездеседі:


  • қосымша программалар белгішесі

  • белгілі бір топтар белгішесі

  • функциялар белгішесі

Жарлық (shortcut)-бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынасы жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы жарлық арқылы каталоктың жемдегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуға болады және т.б Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы егер жұмыс столында файылдың өзі орналастырылған болса онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де біз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да бастапқы файлдар еш бір өзгеріссіз қалады.

Бума (folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума- каталог, директори ұғымының баламасы болып табылады. Каталог – файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын біртектес бола береді.

Көмек. WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек (Help) пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.

Мүндай қосылған анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен кіреді, сондықтан бұл анықтаманы қолдану үшін осы программаның файл дерегін қалдырса болғаны.

WINDOWS-ң қосылған анықтамалы-ң қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер.

“Тышқан” тәрізді графикалық сілтеме.

Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді.

Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы, ал онда- санда оң жақтағы батырмасы пайдаланылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы Windows ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде пайдаланылады.

Келесі операция – шерту (click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады. Мысалы, сілтемені графиктік элементтің белгішесіне жеткізіп, шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өткеніміздегі, Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасы кеңінен қолданылады. Сондықтан, алдағы уақытта, тышқан батырмасын басып жылдам қайта қоя беру. Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, обьектілерді елгілеу немесе жол курсорын қалаған орынға жедел көшіру кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т.б. қолданылады.

Келесі операция- тасымалдау (Drag & Drop). Ол терезелер мен шарт белгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Обьектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап тұрып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз. Осы айтылған тышқан тетігі көмегімен орындалатын операциялар Windows жүйесін басқаруға толық мүмкіндік береді.

Мәлімет алмастыру буфері

Өзінің жұмыс істеу кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipbaard) ретінде пайдаланады. Буфер әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті жағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттердін бір- біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін үзінділері, сурет, кесте және т.б. обьектілер алынуы мүмкін.

Windowsты іске қосу

Windows 98 операциялық жүйесі компьютер қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Ал, Windows 3.х жүйесі MS- DOS үстіндегі тапсырма жүйе болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда Win командасын теріп, енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады, мысалы, С:> Win командасын тергеннен кейін экранға Windows жүйесі жүктелу кездегі стандартты белгі шығады. Оның толық жүктелу уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бегіне экранда тура берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны, мұндай мамандар көмегі қажет болады.

Windows жүктелгеннен кейін экранға “жұмыс столы” шығуы тиіс, Windows 3.х жүйесінде Программа диспечері шығады да, Windows 98-де жарлықтары мен белгішелері бар қалыптағы көрініс пайда болады.

Windows жүйесімен жұмысты аяқтау

MS (РС) DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютердігі сөндіру ісі оп- оңай орындалады, оның ток келетін қосқымын ажыратса болғаны.

Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мұндай әрекет орындау қажет:



  • жұмыс істеп тұрған программаларды табу ( аяқтау)

  • Windows тен тығып жұмысты аяқтау ісін орындау.

Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мындай әрекеттер орындалуы тиіс.

  1. Тышқан курсорын Программа диспетчерінің жүйелін батырмасына алып барып, оны екі рет шерту керек немесе бір шерту арқылы жүйелік менюді бейнелеп, оның операцияларының ішінен Жабу командасын таңдау қажет.

  2. ОК басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек.

Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып бергіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғаның белгісі. Енді Enter пернесін бассақ, компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды.

Windows 98 жүйесінде.



  1. Тышқан курсорыніске қосу батырмасына алып барып, оны бір рет шерту керек те, меню командаларының ішінен Windows- пен жұмысты аяқтау командасын таңдау қажет. Мұнан кейін Windows-бен жұмысты аяқтау атты сұхбат терезені экранға шығады. Бұл терезені Alt + F4 пернелері арқылы да шығаруға болады. Alt + F4 пернелері кез – келген терезені жабу ісін атқарады.

  2. Экранға сұхбат терезесінде көрініп тұрған ауыстыру тобындағы “Компьютерді” өшіру жолын таңдап алып, Иә басқару батырмасын басу керек.

Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау үшін – тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып барып, тышқанды бір рет шертсе болғаны.

  1. Windows жүйесінің аяқтап терезені жапқанша күте тұрып соқынан компьютерді сөндіру қажет.

Егер (ұсынып) істеп тұрған бір программаның жұмысын аяқтамай кетсеңіз, Windows жүйесі аяқтамаған программалар бар екендігін айтып хабар береді де, сол программаны жабуды орындайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. ОЖ-ның керектігі?

2. ОЖ –ні жүктемелеу процесі қалай жүреді?

3. Windows мүмкіншіліктерін ата?

4. Операциялық жүйе дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер :

Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004

Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

MSWINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001

Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004

Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 1996

Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 1997.


11-Дәріс. MS Word мәтіндік редактор
Дәріс сабағының мазмұны:

MS Word қосымшасының мiндеттерi.

Құжатпен жұмыс iстеудiң негiзгi кезеңдерi: құру, ашу, түзету.

Шрифттi форматтау.

Абзацты форматтау.

Қолданбалы программалар. ПК-ді жұмысістету үшін ыңғайлы құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ойындар мен немесе оқу программаларын айтуға болады. Осы қолданбалы программалар мен пакеттер ақпараттық қабықшаны қолдануға ыңғайлы ақпаратты – есептеу құрылғыға айналдырады.Қолданбалы программалар белгілі бір аймаққа жұмыс жасайтын маманға немесе жәй пайдаланушыға және арнайы программамен жұмыс істейтін адамдарға арналған қолданбалы кең профилді бола алады. Мысалы: функциональдық есептеулер немесе құдаттар құру үшін арналған программалар және де тар профилді: электрокардиограмма анализдерінде және электрондық өнім жобаларында қолданылады және т.с.с.

Құжаттарды дайындау және редакторлау жүйелері.

Компьютерді қолдану немесе өңдеу қәзіргі заманғы есептеу техникасының даму интенсивтігіне әкеп соғады мұнда мәтіндік құжаттарды құру үшін редактордың дайындау түрлері көп қолданылады. ІBM- типіндегі компьютерлерге сәйкес ең көп тараған мәтіндік редакторлардың бірі WORD. Бұл WІNDOWS операциялық жүйесінің комерциялық қосымшасы болып табылады. WORD мүмкіншіліктері тек мәтін құрумен ғана шектелмейді. Ол одан да көп операцияларды жасайды. Бірақ бұл программалық қабықшаны оқып үйрену үшін тізбектей жәй түрінен күрделі түріне өту керек.



Word мәтіндік редакторын жұмыс істету үшін осы қосымшаның пиктограммасын басу керек. Осы пиктограммаға бару үшін “Пуск” басқышын басамыз одан, “Программы” менюін таңдаймыз одан “Mіcrosoft Word” пункті таңдалады (басқа варианттар “Word немесе “Mіcrosoft Offіce”. Яғни бұл жағдайда Word бос құжатпен терезе түрінде экранға шығады. Мұнда Word терезесі толық экран түрінде беріледі, ал құжаттардың екінші терезесі негізгімен бірігіп кетеді).

Қосымшамен жұмыс айақтау үшін тақырып жолының оң жағында орналасқан “Закрыть- Жабу” басқышын басу керек. Бұдан кейін қосымшаның жұмысы айақталады. Редакторланатын құжаттармен жұмыс істеп болғаннан кейін ол қосымшадан шыққыңыз келген жағдайда автоматты түрде оны сақтау керек па жоқ па жайындағы ақпарат шығады. Яғни құжаттардағы өзгертуді сақтайын ба деген терезе.

Word терезесі негізінен терезе тақырыбы және терезе басқыштары, мәзір жолдары, инструменттер панелі, сызғыштар, айналдыры сызықшалары және жолдар күйінен тұрады.

Бас мәзір немесе негізігі мәзір деп аталатын мәзірде келесі пункттер орналасқан, онда олар өзіндік мәндері бойынша біріккен. Кез – келген әрекеттер осы мәзірде орналасқан пункттер арқылы орындалатындығын есте сақтаған дұрыс. Мәзір пункттерінде біріккен қосымша пункттердің белгіленуі:

Файл” - файлдармен байланысты барлық операциялар соның ішінде баспаға шығару және беттер форматы;

Правка” - алмасу буферімен байланысты барлық операциялар соның ішінде жолдарды ауыстыру және өзгерту, сондай – ақ соңғы орындалған операцияларды қайталау немесе болдырмау;

Вид” - құжат варианттарын қарауға және оларға колонтитулдар беруге мүмкіндік беретін операциялар;

“Вставка” – обьектілерді енгізе отырып қосуға байланысты операциялар;

“Формат” - абзацқа, шрифтке және форматтауға байланысты барлық операциялар;

“Сервис” - тасымал, синоним, орфографиясын тексеруге арналған қосымша функциялар , сондай – ақ Word-ты орналастыру;

“Таблица” – кестелерді өңдеу мен құруға байланысты барлық операциялар;

“Окно” - Word-тың екіншілік терезесіне байланысты операциялар, соның ішінде бірнеше құжаттармен жұмыс істеу кезінде;

“ ? ” - анықтамаға қатыстының барлығы.

Инструментер панелі ашылатын тізімдер және басқыштардан тұрады. Мәтіндерді форматтау және редакторлауға байланысты ең жиі қолданылатын функциялар инструменттер панелінде орналасады (сур 3).

Форматтау сызғыштарының белгіленуі беттегі мәтіннің орналасуын көрсетеді. Оның көмегімен оң және сол жақта (вертикалды сызғыштың болуы оны жоғары, төмен өзгертуге де мүмкіндік береді) берілген шегіністерді өзгертуімізге, қызыл жол беруімізге болады.

Айналдыру сызықтары өзінің кішігірім нюанстар болмаса стандартты сызғыштардан өзгешелігі аз. Горизанталды сызықтың сол жағында кішкентай төрт басқыш орналасқан. Бұл басқыштар құжатты көру режимына жауапты. Ал вертикалды айналдыру сызықтарында біріншілік элементтерден басқа екілік үшбұрышты екі басқыш орналасады. Ол басқышқа басу арқылы экран бетін бір бетке төмен немесе жоғары жылжытуға болады.



Күйлер жолы экранның төменгі жағында күйлер жолы орналасады. Онда маңызды ақпарат орналасады, мысалы:

- ағымдағы бет;

- ағымдағы бөлім;

- ағымдағы бет / құжат бетінің жалпы саны.

- ары қарай курсордың ағымдағы орыны бейнеленеді:

- құжаттың жоғарғы шетінен арақашықтығы;

- жол ( ағымдағы позициясынан бастап санағанда);

- курсордың сол жағындағы символдар саны немесе бағандар.

Келесі өрісте редакторлаудың ағымдағы режимі бейнеленеді. Сондай – ақ күйлер жолында басқыш функциялары мен меню қосымшалары жайында анықтама немесе ағымдағы операция шығады.

Контексті – тәуелді меню деп пайдаланушы қолданатын ең көп кездесетін командаларға қатынас жасайтын, тышқанмен кез келген жерде шақырылатын менюді атаймыз. Оны контексті – тәуелді деп атау себебі, тышқан қай обьектіні көрсетсе сол обьектімен жүргізілетін әрекеттер тізімі шақырылады.

Word игеретін ақпараттық анықтамаларға тоқталу керек. Анықтаманы шақыру берілген қосымша үшін Mіcrosoft жүйесін шақырады.

Программа жайындағы және Mіcrosoft фирмасының пайдаланушыларының жүйесі жайлы және техникасы жайлы барлық ақпаратты Mіcrosoft Word-қа хабарлайды.

Өзіндік мүмкіндік бере отырып мәтіндік редактор секретар жұмыс автоматтандырады.

Сериялық құжат құру этаптары үш этаптан тұрады:


  1. Құжаттың өзгермейтін бөлігін көрсететін, шаблонды файл құру

  2. Берілген құжаттың өзгеретін бөлігін сақтау базасы болатын, деректер көзін құру

  3. Дайын құжаттарды біріктігу

Шаблон – бұл сырт беті бір біріне ұқсас және көп көлемде құрылатын құжат үшін арналған негіз.

Шаблонды құжат құру үшін құрудың екі түрін қолдануға болады:



  1. Кейінірек құжат шаблонына қойылатын стилдер жиынын қалдыру арқылы. (Формат-Стиль)

  2. Ескі құжат негізі арқылы.

Деректер көзі СЕРВИС менюінде болатын СЛИЯНИЕ командасының көмегімен құрылады. Деректер көзі кішірек деректер базасы болып көрінеді.

Сериялы құжаттарда сервистік функцияларды қолдану үшін, соның ішінде жиі кезесетін мәтіндерді қою үшін сервистік функциялардың бірінің арнайы кодын көрсететін, қойылым полелерін қолдана отырып істеуге болады. Ондай кодтарды шақыру үшін Ctrl+F9 басқыштарының комбинациясы қолданылады. Функция коды экран бетінен шығатын фигуралы жақша жұбына жазылады. Кодты өңдеу үшін курсорды фигуралы жақшаның ішіне орналастырып F9 басқышын басу керек.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. WORD редакторы қандай программалық пакет құрамына кіреді?

  2. Қандай мәтіндік редакторларды білесіз?

  3. Мәтіндік құжат дегеніміз не?

  4. Айналдыру сызықтары және ползунок дегеніміз не?

  5. Мәтінді форматтау дегеніміз не?

  6. Форматтаудың қандай түрлері кездеседі?

  7. Алмасу буфері дегеніміз не және оның қолданылуы?

Ұсынылатын әдебиеттер :

Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004

Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000

Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997
12-Дәріс. MS Excel кестелік процессор

Дәріс сабағының мазмұны:

MS Excel қосымшасының мiндеттерi.

Негiзгi ұғымдар: жатық жол, бағана, ұяшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары.

Кестенi форматтау.

Кесте ұяшығындағы текстi және санды форматтау.

Негiзгi функциялар: математикалық, статистикалық, логикалық, қаржылық.

Диаграмманың негiзгi түрлерi

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

MS EXCEL программасының жаңа версиясындағы негізгі жетістігіне 3 өлшемді құжаттардың пайда болуын жатқызуға болады. Файлдар мен кестелер арасындағы байланыстар жеңілдетілді, жанама меню пункттері кеңейтілген, ал қосымша программалық құралдар күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді.

Әр тұрлі көмекшілер жұмыс істеп отырған адамға функциялар мен нұсқаулар беріп, шығарылып жатқан есептің жеңіл жолын ұсынады.

MS EXCEL программасында кез келген уақытта анықтама беретін ішкі жүйе ұйымдастырылған. Осындай енгізілген жаңалықтар жұмыс істеуде жеңілдіктер береді және программаны игеруді тезедетеді.

Ең маңызды программаның кеңейтілулеріне профессионалдарға арналған Visual Basic (VBA) программалау ортасы жатады. VBA толық программалау пакеттерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа EXCEL программасына енгізілген жаңалықтарға



  • Файлдар –менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді;

  • Сұхбаттық терезелер - регисторлар;

  • Форматтауға арналған шарт белгілер;

  • Диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plotмеханизмі.

Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.

Негізгі ұғымдар: жатық жол, бағана, яұшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары

Жол нөмірі – электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А – Х, содан соң АА – АZ, одан кейін ВА – ВZ жәні т.с.с.

Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсеткіші – ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Ағымдағы ұяшық – көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

Блок (ұялар жиыны, аймағы) – тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Әр түрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен жұмыс. Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ – кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.

MS Excel мәліметтер түрлері. Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе “’” (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе “=” болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.

Мәтін енгізу. Мәтін – кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді «’» символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылысады.

Орандалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін ПравкаОтмена командасын пайдаланып алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.

Сандарды енгізу. Электрондық кестеде ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды.

Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01Е+08 болып жазылады, яғни ол 5,01*108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады. Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.

Ұяшықтағы мәліметтерді түзету. Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.

Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін Ғ2 пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау