Қалпына келтіру дискілері
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда
немесе компьютерді қалпына келтіру бөлімінің құралдарын
пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре алуға сенімді
болуыңыз үшін қалпына келтіру дискілерін жасауға кеңес береді. Бұл
дискілерді компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін жасаңыз.
Бұл дискілерді қолданғанда сақ болыңыз да, оларды қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Бағдарламалық құрал қалпына келтіру дискілерінің бір
жинағын ғана жасауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ:
Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, қалпына келтіру дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы
оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз немесе
компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан
сатып алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі
пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты сыртқы құрылғыдағы
USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
●
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, BD-R (жазуға арналған Blu-ray)
дискілері немесе CD-R дискілерін сатып алыңыз. Ықшам
дискілермен салыстырғанда, DVD жəне BD дискілерінің жад
сыйымдылығы жоғары. Ықшам дискілерді пайдалансаңыз, 20-ға
жуық дискі қажет болуы мүмкін, алайда тек бірнеше DVD немесе
BD дискісі ғана қажет.
ЕСКЕРІМ:
CD-RW, DVD±RW дискілері сияқты жазуға жəне қайта
жазуға арналған дискілер, қос қабатты DVD±RW дискілері жəне
BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) дискілері Recovery
Manager бағдарламалық жасақтамасымен сыйымды емес.
●
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне
жалғанған болуы қажет.
●
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір
жинағын жасауға болады.
Қалпына келтіру дискілері
57
●
Əр дискіні оптикалық дискіенгізгіге енгізбес бұрын нөмірлеңіз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын
аяқтағанға дейін бағдарламадан шыға аласыз. Келесі рет
Recovery Manager бағдарламасы ашылған кезде сізге дискілерді
жасау үрдісін жалғастыру ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын жасау үшін
1.
Пуск (Бастау)
> Все программы (Барлық бағдарламалар)
>
Recovery Manager > Создание диска восстановления
(Қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның
бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді. Recovery
Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі арнайы қалпына
келтіру бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қалпына келтіру
дискілерінен жұмыс істейді.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде мына ақпаратты
есіңізде сақтаңыз:
●
Бұрын сақтық көшірме жасалған файлдарды ғана қалпына
келтіре аласыз. НР компаниясы компьютеріңізді орнатқаннан
кейін қалпына келтіру дискілерінің жиынын (бүкіл дискінің сақтық
көшірмесін) жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламасын
пайдалануды ұсынады.
●
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу
мүмкіндіктері бар. Егер бұл мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз,
Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын оларды сынап
көріңіз.
●
Recovery Manager құралы зауытта алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді. Осы
компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші
қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет.
58
Бап
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру (тек
таңдаулы модельдерде)
Кейбір үлгілерде, қатты дискідегі бөлімнен қалпына келтіруді
орындау үшін Пуск (Бастау) түймешігін немесе
f11
пернесін
басыңыз. Бұл қалпына келтіру түрі арқылы компьютер қалпына
келтіру дискілерін пайдаланбай оның зауыттық күйіне келтіріледі.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
1.
Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске
қосыңыз:
●
Пуск (Бастау)> Все программы (Барлық бағдарламалар)>
Recovery Manager (Қалпына келтіруді реттеуші)
> Recovery
Manager (Қалпына келтіруді реттеуші) тармақтарын
таңдаңыз.
– немесе –
●
Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз жəне
экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабарламасы бейнеленгенде
esc
пернесін басыңыз. «F11
(HP Recovery)» хабары экранда көрсетілгенде
f11
пернесін
басыңыз.
2.
Recovery Manager терезесінде
Восстановление системы
(Жүйені қалпына келтіру) параметрін таңдаңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін пайдалану арқылы қалпына келтіру
1.
Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін
жасаңыз.
2.
Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск
жетегіне немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне
енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
59