|
Ііі нұсқа 1-билетСаржан сұлтанның көтерілісі
|
бет | 57/67 | Дата | 14.04.2023 | өлшемі | 1,54 Mb. | | #42164 |
| Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сыныпСаржан сұлтанның көтерілісі (1825 -1836ж.ж.) — Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты округтер және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солтүстік Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Бұл қозғалысты Абылайдың отыз ұлының ең кенжесі Қасым сұлтан бастаған болатын. Әкесімен бірге отаршылдық езгіге қарсы оның балалары Саржан, Есенгелді, Ағатай, Кенесары және Наурызбай атқа қонды. Қасымның 12 ұлы бар еді. Оның әрқайсысының өзінде 500 үйге тарта төлеңгіттері болатын. 1825-1826 жылдары Қасым Сібір және Орынбор аймақтық өкімет орындарына ашу-ызаға толы хаттар жазып, округтық приказдарды таратуды талап етті. Сұлтан қазақтардың кең-байтақ дала төсінде ұзаққа көшіп кету мүмкіндігі бар екенін ескертті. Сонымен қатар ол Ресеймен тату-тәтті бейбіт көрші болуды қалайтынын да атап көрсетті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады.
1825 жылдың көктемінде Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы қозғалысты Қарқаралы округы қазақтарының Қарқаралы округы қазақтарының басқарушы-сұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды. Ол әрі-бері өткен керуендерге бақылау орнатты. Приказдарға шабуыл жасауға көшті. 1826жылғы 31 қаңтарда Саржан Қасымұлының жасағы патша үкіметінің әскерлеріне қарсы ашық шайқасқа шықты. Оған өз қол астына қарайтын Қарпық болысы көмекке келді. Алайда олар жеңіліп қалды. Саржан Кіші жүз қазақтарының арасына көшіп кетуге мәжбүр болды.
1831 жылдың орта кезінде патша үкіметінің құрамында 500 солдаты бар жазалаушы жасағы Саржан ауылдарын шауып кетті. 450 бейбіт тұрғын қаза тапты. Ондаған адам тұтқынға алынды.
Кейінірек патша үкіметінің әскерлері тықсырып, тиісе берген соң Саржан Ұлы жүз қазақтарының ортасына көшіп барды. Ол Қоқан хандығының қол астына қарайтын қазақтардың көмегіне үміттенді. Бірақ бұл жағдай Қоқан хандығымен екі арада шиеленісті оқиға тудырды. 1836 жылы жазда Ташкенттің билеушілері Саржанды және оның бауырлары Ержан мен Есенгелдіні Қоқан хандығының нұсқауы бойынша зұлымдықпен өлтірді. Ал 1840 жылы олардың әкесі Қасым сұлтан да сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапты.
Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталды. Өйткені олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады. Көтерлісшілер патша үкіметінің жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімшелеріне қарсы тұра алмады. Дегенмен де бқл көтерлістің қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихындағы алатын маңызы зор. Ол қазақтардың 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына негіз қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|