|
Іі. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің әрі қарай дамуыҒалым - тарихшылар сол жылдардағы қоғам дамуын 3 кезеңге бөліп көрсетеді
|
бет | 7/24 | Дата | 27.01.2022 | өлшемі | 52,33 Kb. | | #37268 |
| баяндамаҒалым - тарихшылар сол жылдардағы қоғам дамуын 3 кезеңге бөліп көрсетеді:
Бірінші кезең - 1985 (СО КП ОК апрель пленумы) – 1987 ж.
Екінші кезең - 1987 ж. жазы мен – 1989 ж мамыры».
Үшінші кезең - 1989 ж. мамыры мен 1991 ж тамызы».
Бірінші кезеңнің мазмұнын жеделдету концепциясын жүзеге асыру мен тоқыраудан шығу жолдарының бірі маскүнемдікпен,бетімен кеткендікпен күресу, тәртіпті күшейту, республика басшыларының өзгеруі, оның нәтижесінде 1986ж. 17 желтоқсан оқиғасындағы әлеуметтік конфликт;
- популистік әдіс арқылы көзбояушылық өзгерістер жасау;
- тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылмауы;
- партия жұмысында «қазақ басшы орыстар мәселесімен, орыс басшы қазақтар мәселесімен шұғылдану» қағидасының ұрандатылуын құрайды.
Екінші кезеңде:
- жеңілдетілген келіс арқылы экономиканы реформалау талпыныстары;
- қоғамдағы өтіп жатқан процестерді «тоқырау» ретінде емес, «кризис» ретінде сипаттала бастауы;
- жекеменшік және нарық арқылы мемлекеттің жолы туралы аксиоманың кең өріс ала бастауы;
- социалистік нарық моделін құруға талпыныстың (жоспарлау мен нарықты ұйымдастыруға талпыныс) жүзеге асырылмауы;
- мемлекеттік кәсіпорындар және кооперациялар туралы шала, жетілмеген заңдардың шығуы .
Үшінші кезеңде:
- 1989 жылы көктемінде өтілген халықтық парламенттің сайлануы;
- азаматтық құқықтық қоғамды құрудың шарты ретінде нарықпен жекеменшікке көшу туралы күрес;
- демократиялық процестердің дамуы;
- Қазақстан компартиясының ОК 1989 жылы маусым айындағы Пленум республикалық партия ұйымының басшысы ретінде Н.А.Назарбаевты ұсынуы;
- оқиғалардың әрі қарай дамуы негізінде Жоғарғы Кеңес Н.А.Назарбаевты Қазақ ССР Президенті етіп сайлауы;
- 1991 жылы 8 желтоқсанында ТМД құрылуы туралы Келісімге және 1991 жылы 21 желтоқсанында келісімнің хаттамасында қол қойылумен КСРО мемлекеттік құрылым ретінде жойылуы;
- 1990 жылы мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация және 1991 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекттік тәуелсіздігі туралы Жоғарғы Кеңестің қабылдаған конституциялық Заңы. Бұл Заңда Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орны мен ролі анықталды.
Жоғарыда баяндалған тарихи кезеңдерге тоқталу себебіміз республикадағы біздер зерттеуге алған уақыттағы әлеуметтік және саяси жағдайларды анықтап олардың білім беру мазмұнының дамуына жасаған ықпалын көрсету мақсаты мен байланысты болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|