бірінші бағыты - оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту,
екінші бағыты - оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту,
үшінші бағыты - ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.
12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |