Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы



жүктеу 36,46 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.05.2018
өлшемі36,46 Kb.
#14158


                               Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы 

                                                      Алматы облысының ата-аналар 

                                                         комитетінің төрайымы, 

                                                         педагог  қызметкерлердің                                                  

                         республикалық тамыз кеңесінде                                      

сөйлейтін сөзі 



ЖОБА 

                                                



Заманауи қоғам талаптарына сәйкес ата-аналар 

қоғамдастығы қызметінің тиімділігін арттыру 

 

Құрметті  тамыз кеңесіне қатысушы 



қонақтар және ұстаздар! 

 

Бүгін  мен  Сіздермен  жаңа  оқу  жылы  қарсаңында  тамыз 



кеңесіне  арналған  салтанатты  жиында  жүздесіп  отырғаныма  өте 

қуаныштымын. 

Бүгінгі 

кеңестің 



«Білім 

берудің 

инновациялық 

стратегиясы-мемлекеттің,  қоғамның  және  жеке  тұлғаның 

тұрақты  даму  факторы»   тақырыбында  өтуінің  өзі  болашақтың 

іргетасын қалайтын жастарымызға үлкен үміт артады.  

Алайда,  ұлылардың  «Ата-анадан  ұрпақ  өсіп  таралған, 

жақсы-жаман  болса, бәрі солардан»,  -  деп  айтқан ұлағатына құлақ 

түрсек,  тәрбиенің  негізі  –  отбасында  қаланатындығын  көрсетеді. 

Дегенмен, оқушы жарты күн мектепте, қалған уақытында отбасымен 

болады. 


          Осы  кеңеске  жиналып  отырған  әрбіріміз  ата-анамыз!   Тәрбие 

ұлға да қызға  бірдей. Іштен біліп ешкім туылмайды. Тәрбие бесік пен 

босағадан  басталады.  Өсе  келе ұлым  дарақы,  қызым  сорақы  деп 

қалмау  үшін  бала  жүрегіне  әкенің  жылы  қабағы,  ананың  мейірімі 

айрықша   мәнге  ие  болатынын психологиялық,  ғылыми  тұрғыда  да 

дәлелденгенін айтып өткім келеді.  

 

Қазіргі  уақытта  көптеген  ата-аналар  өз  міндетіне   баланы  бірінші 



кезекте  киіндіру,  тамақтандыру,  материалдық  жағдайын  қамтамыз 

етуді  ғана  көздеп   отыр.   Ең  сорақысы  ата-ананың  бала  алдындағы  - 

әлсіздігі.   Бұл  дегеніміз   әлеуметтік  тұрғыда   отбасының  тәрбиелік 

рөлінің  әлсіреуіне  алып  келуде.   Ұлымды  жарығым,  қызымды  – 

жалғызым деп ішер тамақ, киер киімге тарықтырмай, қалтасына ақша 

салып мәпелеу бұл тәрбие емес. 




     Бойымызда  имандылық,  мейірімділік  болып,  сөзіміз  бен  ісімізде 

үйлестік  болса  бала  жүрегінде   жауапкершілік  те,  патриоттық  сезім 

де, тәрбие де орын алған болар еді. Сондықтан да, мектеп жасындағы 

балалардың  тәрбиесін  әлі  де  ширата  түсу  қажет.  Осы  орайда, 

балаларды  ізгілікке,  адамгершілікке  тәрбиелеуде  ата-ана,  білім  беру 

мекемелері, ішкі істер органдары жергілікті билікпен бірлесіп тығыз 

жұмыс  істегенде  ғана  үлкен  жетістіктерге  жететініміз  айтпаса  да 

белгілі.   

Сапалы  білімге  саналы  тәрбие  арқылы  ғана  жететіндігін 

мойындап,  сол  тәрбиенің  негізін  бала  бойына  ата-ана 

қалыптастыратындықтан, 

бала 


тәрбиесіндегі 

ата-аналардың 

жауапкершілігін,  белсенділігін  нығайту  жолында    Алматы 

облысының  ата-аналар  комитеті        республикалық,  білім 

министрлігімен,  облыстық,  қалалық,  аудандық  білім  бөлімдерімен 

және  үкіметтік,  үкіметтік  емес  ұйымдармен      бірлесіп  біршама 

еңбек   етіп келеді. 

Атап  айтқанда,  жұмысы  бір  арнаға  қойылып,  мұғалім 

мәртебесін  көтере  отырып,  оқушылардың  мектептен  тыс  уақытын 

қамту,  тәрбиесі  қиын  балалармен,  олардың  ата-аналарымен,  аз 

қамтылған  отбасыларымен,  тәрбие  ісі  мәселесімен  айналысады. 

Сонымен  қатар,  бүгінгі  күні  ата-аналарға  арналған    «Ата-аналар, 

Сіздер үшін» мектебі жұмыс жасайды.  

Қазіргі таңда біздің жетістіктеріміз республика көлемінде озық 

тәжірибе ретінде таратылып келеді және өз жұмысымызды одан әрі 

жандандыра  отырып,  басқалармен  тәжірибе  алмасуға  әрқашан  да 

дайынбыз.   

Бүгінгіде  оқушыларға  білім  беруде  ұстаздардың    атқарып  

жатқан  еңбектері  зор,  жетістіктері де мақтанарлық десек те  ұрпақ 

тәрбиесінде әлі де болса шешімін таппай отырған мәселелердің бар 

екені бәрімізге белгілі.  

Атап  айтқанда,  бүгінде  кәмелетке  толмағандар  арасындағы 

құқық  бұзушылықтардың  өсуі,  жасөспірімдердің  уытты  заттарға 

әуестенуі,  кісі  өлтіру,  тонау,  маскүнемдік  пен  нашақорлыққа 

салыну,  ата-ана  мен  ұстазды  сыйламау,  отбасы  тәрбиесінің 

осалдығынан туындап отыр.   

Тәрбие  түрлерінің  жүйелі  түрде  жүргізілуіне  қарамастан,  тура 

жолдан   адасып,  жастарымыздың  бұзылуы  неліктен? 

Қателіктерді  қай  жерден,  қалай    іздегеніміз  жөн.  Бұл 

қиындықтан  шығу  жолдарының  шешімін  табу  амалдары  қандай?  




Міне  осы  сұрақтар  төңірегінде  сөз  қозғасақ,  бұл  сұрақтардың 

жауабы біреу-ақ, ол: тәрбиенің осалдығы.  

Ата  -  аналармен  тығыз  байланыста  болу,  олармен  көкейкесті 

мәселелерді  талқылау,  проблемалардың  шешімін  табу  мақсатында 

қазіргі 

республикалық 

көлемде 

ата-аналардың 

интернет 

қауымдастығы құрылса.  

Өкінішке  орай,  қоғамымызда  педагогикалық-психологиялық 

сауаты  төмен  ата-аналар  көптеп  кездеседі.    Жасөспірімдер 

арасында  орын алған кез-келген қылмыс бойынша бірінші кезекте 

ата-анадан бұрын мектепті кінәлау әдетке айналды. 

 Маскүнем,  нашақұмар  ата-ана  ғана  емес,    материалдық 

құндылықты  адамгершілік  құндылықтан  жоғары  қойып  отырған 

ата-аналарымыз  да  бала  тәрбиесімен  толыққанды  айналысып 

отырған жоқ - десем қателеспеген болар едім.  

Себебі,  кәмелетке толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсап 

қайтыс  болған  балалардың  отбасылық  жағдайларын  зерттегенде, 

тек  әлеуметтік  жағдайы  төмен  отбасылары  балалары  ғана  емес 

ауқатты  отбасынан  шыққан,  күнкөріс  жағдайы  жоғары  отбасы  

балалары да  кездеседі. 

Кәмелетке  толмағандар  арасында  құқық  бұзушылықтардың, 

қаңғыбастық пен қараусыз қалудың, суицидтік оқиғалардың алдын 

алу  және  болдырмау  бағытында  облыстық  «Ата-аналар  комитеті» 

қоғамдық бірлестігі өз жұмысын облыстық, қалалық әкімдіктер мен 

қатар  облыстық  білім басқармасымен бірлесе отырып іске  асырып 

келеді.  Ендігі  мақсатымыз  жергілікті  жерлерде  ата-аналар 

қауымдастықтарының 

жұмыстарын 

жандандыру, 

оларға 

әдістемелік  көмек  көрсету,  өзара  тәжірибе  алмасу.  Ол  үшін 



аудандық,  қалалық  әкімдіктер  мен  білім  бөлімдері  ата-аналар 

комитеттерінің  жұмыс  жасауына  мүмкіндік  тудырып,  қолдау 

көрсетіп отырса жетім бала, жесір ана, маскүнем әке болмас еді деп 

ойлаймын.  

 

  Құрметті ұстаздар қауымы! Бүгінгі күн тек қана Сіздер үшін 

ғана  емес,  мен үшін де  үлкен қуаныш, тіпті бақыт десем де  артық 

айтпаған  болармын.  Себебі,  мен  банк  саласында  20  жыл  қомақты 

еңбекақы  алып  жасаған  қызметімді  тастап,  сіздермен  үзеңгілес 

жүріп,  жүрек  қалауымен  өмірімді  балаларға    арнап  келемін.  Осы 

білім  саласымен  тығыз  байланыста  жұмыс  атқарған    19  жылдың 

ішінде  ұстаз  мамандығының  ащы-тұщысын  сезіндім,  ұстаздықтың 



құдыретін  түсіндім.    Сондықтан  да  бүгін  де  мен  Сіздермен 

біргемін. 

        Тәрбие  үш  нәрсені  қажет  етеді;   ол   имандылық,  білім, 

тәжірибе  екенін  ескере  отырып,  қиын  да  қызықты  жұмысымызда 

Тәуелсіз  еліміздің  жарқын  болашағы  үшін  Рухы  биік,  саналы, 

білімді  азаматтарды  тәрбиелей берейік! 

                      

                                              Құрметті қауым! 

  

«Білекке  сенген  заманда  есемізді  бермедік,  білімге  сенген 



заманда  қапы  қалып  жүрмейік!» -  дегендей,  өзімізге  сын 

көзбен   қарай  отырып,  болашақ  үшін  аянбай   еңбек  етейік,  тәрбиелі 

де  сауатты,  салауатты   еліміздің  келешегі  ұрпағымызды  бірлесіп 

тәрбиелейік.  

Жаңа  оқу  жылын  жаңа  бастамалармен  бастауларыңызға  шын 

жүректен тілектеспін! 

  

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 

 

 



 

жүктеу 36,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау