3. Геологиялық барлау, бұрғылау, геофизикалық, жерүсті, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстарды жүзеге асыру талабы
3-параграф. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған талаптар
104. Басқа ұйымдардың аумақтарында жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының барлық түрлері, сол ұйымдардың басшылығымен келісіліп орындалады.
105. Экспедиция немесе партия басшылығы жұмыс басталардан ең кемі 1 ай бұрын, Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық учаскесінде, геологиялық барлау ұйымдарының жұмыс учаскелерінің тізбесін тапсыруы қажет.
106. Өздігінен жүретін және жылжымалы геологиялық барлау қондырғыларын (бұрғылау, геофизикалық, тау-кен қопарғыш, гидрогеологиялық және басқа да), тасымалдау құралдарында, тіркемелерде, шаналарда құрастырылған құрылғыларды, егер оларды бір орыннан екінші орынға ауыстыру кезінде, оларды бұзып-жинау қажет болмаса, (айдау жүйелерінің ауыстырылуы, жүк көтергіш құрылғыларды ауыстыру, жұмысшы өткелдерді өзгерту және сол сияқтылар), тексеру, оларды төлқұжаттарына жазу арқылы жүргізіледі.
107. Геологиялық барлау жұмыстарының барлық нысандары (бұрғылау, таукен барлау және геофизикалық жұмыстардың учаскелері, геологиялық түсіру және ізденіс партиялары мен отрядтары) партия немесе экспедиция базасымен тәулік бойғы байланыспен қамтамасыз етіледі.
108. Өндірістік бақылауға жауапты немесе тікелей басшы, қауіпті болдырмауға шара қолданады, аварияны болдырмау мүмкін болмаса – жұмыстарды тоқтатып, өндірістік жұмыскерлерді қауіпсіз жерлерге шығарып, қызмет бабында өзінен жоғары лауазым иесіне хабар береді.
109. Геологиялық барлау жұмыстары кезінде, қоршаған ортаға тигізген зардаптарды жою шараларын, барлау жұмыстарын жүргізген ұйым орындайды.
110. Уран кенорындарындағы геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстары жан-жақты радиоэкологиялық зерттеу жұмыстарымен қатар жүргізілуі тиіс. Радиоэкологиялық зерттеу жұмыстарының қатарына аумақты, ғимараттарды, жұмыс бөлмелері мен жұмыс орындарын радиациялық бақылау, бұрғылау сұйықтықтарындағы радионуклидтердің құрамын анықтау жұмыстары кіруі тиіс. Радиоэкологиялық зерттеулерді жүргізу тәртібі, ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі.
111. Нысандардағы жұмыс кезінде қолданылған химиялық реагенттерге, оларды қолдану кезінде адамдар мен қоршаған ортаны қорғау шаралары көрсетілген, технологиялық регламенттер дайындалуы қажет.
112. Елді мекендері жоқ, сымтетіктік байланыс бекеттерінен 5 км және одан алыс, қиын-қыстау аумақта жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының барлық нысандары (жеке бұрғылау қондырғылары, сейсмикалық бекеттер, бұрғылау, таукен барлау және геофизикалық жұмыстар атқарылатын учаскелер, геологиялық түсіру және ізденіс партиялары, жасақтары және тағы басқалары) партия немесе экспедиция базасымен хабарласуға сымтетіктік немесе радиобайланыспен қамтамасыз етіледі.
113. Өндірістік жұмыс орындарына (шеберханалар, зертханалар, бұрғылау қондырғылары, сейсмикалық бақылау бекеттері) және таукен өндірісінің аумағына бөгде кісілер жіберілмейді.
114. Жұмыс орындарында қауіпсіздік белгілері, ескерту жазулары мен тақтайшалар ілініп қойылады.
115. Геологиялық ұйымдардың лауазымды қызметкерлері мен өндірістік қызметкерлері өндірістік нысандарды аралап көрген сайын өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарының орындалуын тексеруге және орын алған кемшіліктерді жою шараларын қарастыруға тиісті. Тексеру қорытындылары мен кешіліктерді жою барысы туралы мәліметтер ауысым кітапшасына тіркеліп жазылады.
116. Өндірістік жұмыскерлерге, тұрғындарға, қоршаған ортаға иқұрылыстар мен кәсіпорын мүлкіне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің пайда болуы мүмкіндігін байқаған жұмыскер тез арада ұйым басшылығына және өндірістік бақылауға жауапты жұмыскерге хабар беріп және қолынан келгенше аварияны болдырмау немесе зардабын жою шараларын қарастырады.
117. Жұмыс қауіпсіздігіне жауапты қызметкер жұмыс орнында ауысымды тапсыру кезінде қабылдаушы ауысымды жабдықтарың, аппаратуралардың, құрал-саймандардың, қоршаулардың ақаулары туралы ескертеді және ауысым кітапшасына (бұрғылау, вахталық, көтеру қондырғысының машинистерінің ауысымды тапсыру-қабылдау және тағы басқалары) тіркеп, жазып қояды, ал қабылдаушы ауысым оларды жою шараларын қарастырады.
118. Жұмыс бағыттарында жалғыз жүруге жол берілмейді. Тапсырылған жұмысты екі немесе одан да көп жұмыскерлердің орындауы кезінде, олардың біреуі топ басшы болып, ол жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты болып саналады.
119. Ұңғымаларды тұрғызу бойынша барлық жұмыстар, ұйым басшысы бекіткен жұмыс жобасы бойынша жүргізіледі.
120. Алаңды, оларға келер жолдарды, бұрғылау қондырғыларын орналастыру және оларды құру, тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың жылу, жарық, белгі беру және байланыс желілерінің жұмыс жобасы мен сызбаларын, өндірістік және өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық қағидалар мен нормаларына, жабдықтар мен техникалық құрылғылардың техникалық шарттарына сәйкес дайындау қажет.
121. Базадан 5 км және одан да алыс орналасқан бұрғылау учаскелері (жеке бұрғылау қондырғылары), базамен (кенішпен) хабарласуы үшін, сымтетіктік немесе тәулік бойғы радио байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.
122. Әрбір бұрғылау қондырғысында персонал үшін жұмыс түріне, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша, өрт қауіпсіздігі, ұйымның басшысы бекіткен тізбеге сәйкес ескерту белгілері жәнк қауіпсіздік белгілері бойынша технологиялық регламенттер көзделуі тиіс.
123. Өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары енкіш беттерде орналасуы кезінде, оның етегінен жотаға дейінгі ара қашықтақ 3 метрден кем болмауы тиіс, бұл ретте бұрғылау қондырғысы опырылу аумағынан сырт орналастырылуы қажет.
124. бұрғылау имаратында геологиялық-техникалық наряды болмаған кезде бұрғылау агрегатымен аяқталған монтаждау жұмысын іске қосу бұрғылау агрегатын пайдалануға қабылдау туралы актіні ресімдеусіз жол берілмейді. Тереңдігі 300 м ұңғымаларды өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен бұрғылау кезінде, әрбір күрделі жөндеуден және уақытша жабылған бұрғылау қондырғысын қайта іске қосудан соң пайдалану туралы актісін жұмысқа қосылған кезде толтыруға болады.
125. Бұрғылау қондырғыларына барар жолды, олардың құрылымдарын тұрғызу, жабдықтарды орналастыру, жылу, жарық беру жұмыстары ұйым басшылығы бекіткен жобалар мен монтаждаудың үлгі сызбаларына сәйкес жүргізіледі.
126. Құрылыстық-монтаждау жұмыстары, осы жұмыстарға жауапты қызметкердің басқаруымен жүргізіледі.
127. Бұрғылау мұнараларын (мачталарын) монтаждау, қайта бөлшектеу және оларға қызмет көрсету жұмыстарына бұрғылау бригадасының өндірістік қызметкерлері және денсаулығы жарамды, кәсіби іс-тәжірибесі бар және биіктіктерде жұмыс істеу саласында өнеркәсіптік қауіпсіздік дайындығынан өткен жұмыскерлер жіберіледі.
128. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде елді мекендерде және өнеркәсіптік мекемелердің аумақтарында, жұмыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды (қосымша кермелерді, қоршауларды, белгі беру жарықтарын, дыбыс оқшаулағыш беттер) қарастырған кезде бұрғылау қондырғыларын монтаждауға, тұрғызуға жол беріледі.
129. Бұрғылау қондырғысын монтаждауға дейін монтаждау алаңы тегістеліп, тазаланады.
130. Желдің күші 5 балл және одан да жоғары кезде, найзағай, қалың қар, көктайғақ, 100 м жерге дейінгі көрінісі бар тұман кезінде құрылыс – монтаждау жұмыстарды биіктікте жұмыс істеуге жол берілмейді.
131. Бұрғылау қондырғысын, мұнарасын және мачтасын монтаждау кезінде жарамсыз бөлшектерді (бөліктерді) және бекіту тетіктерін пайдалануға жол берілмейді.
132. Бұрғылау қондырғысының жалпы құрастырылуы, механизмдердің, оның бөліктерінің орналасуы, оларды монтаждау, пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстары кезіндегі ықшамдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.
133. Тегіс бүтін қабырғалы бұрғылау қондырғысының ғимаратының бір-бірінен алысырақ орналасқан, сыртқа қарай ашылатын, екі есіктері болуы шарт. Терезелердің жарық түсіру ауданы, ғимарат еденінің 10 пайызынан кем болмауы тиіс.
134. Ғимарат едені саңылаусыз, тегіс бағытталған рельефті сызықтары бар темір жабыннан төселуі тиіс. Еденді, қалыңдығы 50 мм кем емес, негізі нық салынған төзімді тақтайдан соғуға да жол беріледі.
135. Бұрғылау қондырғысы орнатылған ғимараттың биіктігі қолданылатын жабдықтардың сыртқы өлшемдеріне сай болуы қажет, бірақ 2,4 м кем болмауы тиіс, бұл арада жабдықтығ жоғарғы тұсындағы тетіктері мен ғимараттың төбесіне дейінгі ара қашықтық 0,3 м кем болмауы тиіс.
136. Бұрғылау қондырғысы орнатылған ғимарат жылдың суық мезгілдерінде жылыту құрылғыларымен (пеш, калорифер және тағы басқалары) жабдықталып және өрт қауіптілігі жағынан қауіпсіз пайдаланылып, жұмыс орнындағы температураны 130С - 180С мөлшерінде қамтамасыз етуі тиіс.
137. Ғимарат құрылымының қатарында, түсіру – көтеру процестерін орындауға арналған ойық болуы тиіс.
138. Бұрғылау қондырғысы орнатылған ғимаратта тұрақты техникалық қызмет көрсетуді талап ететін механизмдерге, сақтандырғыш құрылғыларға, электрлік жабдықтарға қауіпсіз бару қамтамасыз етілуі тиіс.
139. Жеке және жылжымалы бұрғылау қондырғыларында жұмысшы (негізгі) шығу есігі жағынан қалыңдығы 40 мм кем емес тақтайлардан, енкіштігі 1:20 қатынасынан кем емес қабылдағыш көпір болуы тиіс. Қабылдағыш көпір ені 3 м кем емес, ал ұзындығы – қосылатын құбырдың (май шам) ұзындығына 2 м қосқанға тең болуы қажет.
140. Қабылдағыш көпірдің биіктігі жерден 0,7 м жоғары болған кезінде биіктігі 1,2 м болатын қолтіреуіш және төменгі жағынан 0,15 м биіктікте біртегіс қаптағыш болуы тиіс.
141. Өздігінен жүретін және жылжымалы (тіркегіштерде) бұрғылау қондырғыларын басқыштармен немесе екі жақты қолтірегіштері бар баспалдақтармен жабдықтау қажет.
142. Бұрғышының және оның көмекшісінің жұмыс орнының едені берік, төбесі табиғаттың жайсыз күндерінен қорған болуы тиіс.
143. Ұңғымаларды сығылған ауамен бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары, өндірістік қызметкерлерді шаң мен шламнан қорғайтын құрылыммен жабдықталуы тиіс.
144. Іштен жану қозғалтқышымен жабдықталған бұрғылау қондырғысы бұрғылау станогінің, механизация мен қосалқы құрылғылардың, жұмыс орындарының жарығы мен жылулық құрылғылардың қуатын, қамтамасыз ететін генератормен жабдықталуы тиіс.
145. Іштен жану қозғалтқышын бұрғылау қондырғысы бар ғимараттың ішіне орналастырған кезде, оның шу және діріл деңгейі, тиісті талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
146. Бұрғылау қондырғысы бар ғимараттың ішіндегі көміртек тотығының көлемі, литріне 0,02 миллиграмнан (ары қарай – мг/л) аспауы тиіс.
147. Қозғалытқыштың түтін шығатын құбырлары ұшқын басқышпен және дыбыс басқышпен жабдықталып, құбыр бұрғылау қондырғысы бар ғимараттың сыртқы жағына шығарылуы тиіс.
148. Қозғалытқыштың түтін шығатын құбырларының адамның қолы жететін, (сумен салқындатылмайтын) тұстары, жылу өткізбейтін қабаттармен қапталуы тиіс.
149. Қозғалытқыштың астынғы жағына, төгілген май жиналатын түпыдыс қарастырылуы тиіс.
150. Мұнараның биіктігі бұрғылау бағаналарының жиынтығын (майшам) және оның астынғы құрылымдарын (түпыдыстарын) орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
151. Мұнараның (мачтаның) тегірлік қосылыстарының құрылымдары, олардың өздігінен бұралып кетуін болдырмауы тиіс.
152. Мұнараның (мачтаның) қораптық және құбырлық құрылымдары, олардың ішіне ылғал кіріп кетуінен сақталуы тиіс.
153. Биіктігі 14 м және одан да биік бұрғылау мұнарасын (мачтасын) болат темірден жасалған тартпаларынсыз, пайдалануға рұқсат етілмейді.
154. Болат темірден жасалған тартпалар, көлбеу жазықтықта жолдарды, электр қуатын тасымалдайтын ауадағы сымдарды ЭҚТ және өткел алаңы кесіп өтпеуі тиіс.
155. Болат темірден жасалған тартпалардың саны, темір арқанның қалыңдығы және оларды бекіту орындары, бұрғылау қондырғысының және пайдалану туралы нұсқаулығының талаптарына сай болуы тиіс.
156. Тартпалардың төменгі ұштары, ілгіштерге ең кемі 3 (үш) қысқышпен жалғастырылуы тиіс.
157. Жерге көмілетін ілгіштердің құрылымдары және олардың жерге көмілетін тереңдігі, топырақтың жағдайына қарай есептеу жолдарымен анықталады. Тартпалардың айқасуына жол берілмеуі тиіс.
158. Жартылай автоматтандырылған элеваторларды пайдаланған кезде, бұрғылау қондырғысының мұнарасы (мачтасы) ернеуінің биіктігі 350 мм-ден кем болмайтын оның астынғы құрылымдарымен (түпыдыстарымен) жабдықталуы тиіс.
159. Жалғанған құбыр жолдарын қабылдауыш (қабылдауыш доға) түсіп кетуден сақталуы тиіс, егер ол бұзылған жағдайда, таль бөлігі мен элеватордың қозғалысына кедергі болмау тиіс.
160. Өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларының мұнарасы (мачтасы) тоннель түріндегі баспалдақтармен жабдықталуы тиіс.
161. Баспалдақ ені ең кемі 0,6 м, баспалдақтар арасы - 0,35 м аспауы тиіс.
162. Баспалдақтар радиусы 0,35-0,4 м, аралары 0,2 м, бір-бірімен 3 (үш) қатар жолақ темірмен бекітілген сақтандырғыш доғамен жабдықталуы тиіс.
163. Биіктігі 14 м аспайтын, өздігінен жүретін немесе жылжымалы бұрғылау қондырғыларының мұнарасына (мачтасына), жұмыс бабында қызметкерлердің жоғары шығуы қарастырылмаған болса, оған көлденең күйде қызмет көрсету мүмкін болса, тоннель түріндегі баспалдақтармен жабдықтау шарт емес.
164. Бұрғылау қондырғыларының мұнаралары, өткел алаңы бар баспалдақтармен жабдықталуы тиіс.
165. Биіктігі 14 м-ден жоғары бұрғылау қондырғыларының мұнаралары биіктігі 1,2 м қолтіреуіштері бар, орталық жолағы бар және еден шеттері 0,15 м кем емес қоршауы бар тартпалы алаңмен жабдықталады.
166. Тартпалы алаңдың ені 0,7 м-ден кем болмауы тиіс.
167. Мұнараның (мачтаның) негізгі салмақ түсетін құрылымдарын дәнекерлеп жөндеу жұмыстарын арнайы мамандандырылған мекеме жүргізуі тиіс.
168. Бұрғылау сорғылары, сақтандырғыш қақпақша авариялық белгі берген кезде ұңғыманы жуатын ерітіндіні төгетін су ағар жүйесімен жабдықталуы тиіс.
169. Ағызатын жүйесінің ешқандай тік иілулері болмау қажет және берік орнfтылуы тиіс.
170. Бұрғылау сорғылары, төлқұжатта көрсетілген сорғының ең жоғарғы қысымынан 5 пайыз асқан мөлшерде белгі беретін сақтандырғыш қақпақшалармен жабдықталуы тиіс.
171. Қолдан жиналған сақтандырғыш қақпақшаларды қолдануға рұқсат етілмейді. Жарылатын тетіктерін немесе жарылатын қақпақшаларын ауыстыру тек қана белгіленіп, реттелгендеріне ғана ауыстырылады.
172. Қысыммен айдау жұмсақ құбыры (шланга немесе жеңді құбыр) жерге түсіп, оралып қалудан сақтандырылуы тиіс.
173. Вертлюг – тығындардың ең шеткі төменгі деңгейге жеткен кезде, қысымдағы жұмсақ құбырдың жұмыс деңгейіне 0,5 м аралықтан кем қашықтыққа түсіп кетуінен сақтану қажет. Бұл үшін қысымдағы жұмсақ құбыр мұнараға (мачтаға) бекітілген реттегіш құрылғымен жабдықталуы тиіс. Қысымдағы жұмсақ құбырдың бекітілген орнынан вертлюг-тығынға дейінгі 2 м кем емес аралығы, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес боялады.
174. Бұрғылау қондырғыларының көтергіш құрылымдарындағы болат арқандар дайындаушы-зауыттың қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай сынақтан өткені туралы сертификатының көшірмесі болуы шарт. Сынақтан өткені туралы сертификаты жоқ болат арқандар пайдалануға жіберілмейді.
175. Болат арқандардың бекітілуі мен оралуы олардың түсіп кетуі немесе басқа да тетіктерінің құлауын болдырмайтындай және мұнараның (мачтаның) құрылымдарының элементтеріне тиіп, егелуін болдырмау қажет.
176. Тальдік болат арқанның ұзындығы, көтеру-түсіру жұмыстары кезінде орағыштың барабанында ең кемі 3 (үш) орау қалатындай болуы қажет.
177. Тальдік болат арқанның қимылсыз екінші ұшы арнайы құрылғымен бекітілуі тиіс.
178. Барлық жүк көтергіш құрылғыларда олардың жүк көтергіштігі, шекті жүктемесі туралы анық жазулары, бақылау-өлшеу аспап-манометрлері, жүк салмағының көрсеткіші және басқа да құрылымдары мемлекеттік тексеру таңбасы немесе жөндеу жұмыстарын жүргізген мекеменің таңбалары болуы қажет.
179. Белгіленген мерзімін өтеген жабдықтар, мамандандырылған мекеменің сараптама тексеру нәтижесінің оң қорытындысы болмаса, пайдалануға жіберілмейді.
180. Мұнараның аяқтары берік бекітіліп, тұрғызылған кезде, көтергіш құрылғы (кронблок) жоғарғы жаққа берік бекітілген болат ілгішке ілінеді.
Көтергіш құрылғы жүктен босаған соң, жоғары қарай болат арқанмен немесе шынжырмен тартылады, олардың ұшы, егер болат ілгіш үзілген жағдайда, көтергіш құрылғы ілінген жерінен 1 (бір) м аралыққа түсетіндей болып, қысқыштармен ілінеді. Төменгі температуралардағы аудандарда ( 40 0С нөлден төмен және одан да төмен) көтергіш құрылғыны ілу үшін болат арқандарды қолдануға болады. Болат арқанның диаметрі есептеумен анықталады.
181. Бұрғылау мұнаралары баспалдақтармен, ал мачталар – тоннель түріндегі сатылармен жабдықталады.
182. Баспалдақтардың басқыштары мен алаңның едендері бетерінің сызықтары бар қалыңдығы ең кемі 3 мм болатын жалпақ болаттардан немесе қалыңдығы 50 мм-ден кем болмайтын ағаш тақтайлардан жасалады.
183. Бір біріне қосылып жиналған құбырлардың (май шамның) ұзындығы 14 м немесе одан да көп болса, онда май шам ұзындығының жартысының жоғарғы жағынан аралық бекіткіш орнатылады.
184. Аралық бекіткіш, біріктірілген құбырларды (май шам) орнатқыш және біріктірілген құбырларды (май шам) қабылдағыш доғаларды олардың сынуы кезіндегі төмен қарай құлаудан сақтандырады, оларды тальдік блоктың және элеватордың қимылына кедергі келтірмейтін етіп орнатады.
185. Дайындаушы – зауыттар мен жөндеу мекемелері бұрғылау сорғыларын және оның қосымша құбырларын төлқұжаттарында көрсетілген ең жоғары жұмыс қысымынан 30 пайыз жоғары қысымда сынақ жұмыстарын жүргізуі тиіс. Сынақ нәтижелері сорғының төлқұжатына жазылады.
186. Бұрғылау жабдықтарын монтаждау және бұзып-жинау жұмыстары бұрғылау мастері немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жауапты өндірістік қызметкердің басшылығымен жүргізіледі.
187. Жерде (алаң) жиналған мұнараны, мачтаны және жүктемелерді көтеруге арналған механизмдер мен құрылғылар, көтеретін жүктермен салыстырғанда 3 (үш) есе берік болуы қажет.
188. Жиналған мұнараны (мачтаны) көтерер алдында монтаждау және бұзып-жинау жұмыстарына жауапты қызметкер мына шараларды тексереді:
1) көтеру тетіктерінің, құрылғылардың, болат арқандардың дұрыстығын;
2) мұнараның дұрыс жиналуын;
3) мұнара құрылымдарында құрал-саймандар мен басқа да заттардың болмауын;
4) болат арқандардың дұрыс бекітілуі мен тетіктерінің дұрыс жұмыс істеуі;
5) тіреуіш іргетастың бекітілуінің беріктігін тексереді.
189. Жиналған мұнараны көтеру және түсіру жұмыстары жүкшығырлардың, крандардың немесе тракторлардың көмегімен атқарылады. Бұл кезде көтергіш механизмдер мен өндірістік жұмыскерлер, мұнара биіктігіне 10 м қосқан ара қашықтықта болуы шарт. Көтергіш құрылғылардың қысатын және ілетін тежегіштері болуы тиіс.
190. Жылжымалы және жеке орнатылған бұрғылау қондырғыларының мұнараларын көтеру немесе түсіру жұмыстарына автокөліктерді пайдалануға жол берілмеу тиіс. Көтерілетін (түсірілетін) мұнара, оның құлауына жол бермейтін, сақтандырғыш тартпамен жабдықталады.
191. Мұнараны тіке монтаждау (жинап алу) кезінде, оның орта тұсында, жұмыс жүріп (жөндеу жұмыстары да) жатқан аумағында, қалыңдығы 50 мм тақтайдан жасалған бүтін, тегіс алаң болады.
192. Көтеру немесе түсіру жұмыстары кезінде өндірістік жұмыскерлердің мұнара алаңына шығуына арналған сатылар, баспалдақтар, немесе тоннель түріндегі сатылар орнатылады. Көтерілу биіктігі 5 м жоғары болған кезінде сатылар мұнара құрылымдарына бекітіледі, бұл кезде, тек қана баспалдақтар мен тоннель түріндегі сатылар қолданылады.
193. Таль жүйесінің құрылымдары мен мачтаның көтергіш құрылғысын (кронблок) жөндеу жұмыстары мачтаның түсірілуі кезінде, сатылардың көмегімен немесе арнайы алаңда жүргізіледі.
194. Бұрғылау қондырғысының мачталарын көтеру немесе түсіру алдында олардың қалыпты жағдайын, ал мачтаны көтерудің автономдық гидравликалық жүйелері бар қондырғыларда, гидравликалық жүйелерінің қалыптығын тексеру қажет. Гидравликалық жүйе, ондағы ауаны қуу үшін, үрленуі қажет.
195. Бұрғылау мачтасын көтеру және түсіру кезінде мыналарға:
1) өндірістік қызметкерлердің мачтада немесе оның астында болуы;
2) ротор жанында болу немесе бұрғылау қондырғысының айналдырғышының жанында болу, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысының алаңшығында немесе автокөліктің кабинасында (жүргізушіден басқа) немесе мачтаны көтеруді (түсіруді) басқаратын өндірістік қызметкерден басқа қызметкерлерге болуға;
3) мачтаны көтерілген күйінде қалдыруға, мачтаны қолдан немесе тіреуішпен тоқтатуға;
4) мачтаның төменгі жақтарын және тартпаларын қолмен немесе тіреуіштермен ұстап тұруға жол берілмейді.
196. Жұмыс жағдайында өздігінен жүретін және жылжымалы қондырғылардың мачталары бекітілуі тиіс, ал мачталардың тіреуіштері көтеріңкіленіп, оның дөңгелектері (шынжыр табандары), бұрғылау кезінде қондырғының жылжып кетпесі үшін мықтап бекітілуі тиіс.
197. Көтеру жұмыстарын бастар алдында, жұмысқа жауапты басшы көтеру механизмдерінің, құрылғыларының, болат арқандардың, шынжырлардың дұрыстығын тексереді.
198. Мұнара тетіктерінің құрылыс материалдарын көтеру және түсіру жұмыстары крандармен немесе құрылғыларының қысатын және ілетін тежегіштері бар, мұнараның жанында, оның биіктігінің жартысындай қашықтықта орналасқан, берік бекітілген жүкшығырдың көмегімен жүргізіледі.
199. Материалдарды көтеру және түсіру құрылғылары, диаметрі 12 мм-ден кем емес болат арқанмен мұнараның «аяғына» бекітіледі.
200. Материалдарын көтеру және түсіру жұмыстары кезінде өндірістік жұмыскерлер қауіпсіз жерде, ал жүкті тартып жатқан жұмыскер, жүктің қозғалу сызығынан 10 м қашықтықта тұруы қажет.
201. Бұрғылау мұнарасының жинау, шешіп алу және жөндеу жұмыстарын жүретін алаң, қалыңдығы 50 мм болатын тақтаймен біртегіс жабылады.
202. Көтеру немесе түсіру жұмыстары кезінде өндірістік жұмыскерлердің мұнара алаңына шығуына арналған сатылар, баспалдақтар, немесе тоннель түріндегі сатылар орнатылады. Көтерілу биіктігі 5 м жоғары болған кезінде сатылар мұнара құрылымдарына бекітіледі, бұл кезде тек қана баспалдақтар мен тоннель түріндегі сатылар қолданылады.
203. Бұрғылау қондырғысының мачталарын көтеру немесе түсіру алдында олардың қалыпты жағдайын, ал мачтаны көтерудің автономдық гидравликалық жүйелері бар қондырғыларда, гидравликалық жүйелерінің қалыптығын тексеру қажет.
204. Мачтаны жиналған күйінде көтеру (түсіру) жұмыстары, қондырғының құрылымында қарастырылған көтергіш механизмдердің көмегімен атқарылады.
Мұнараны құлаудан сақтау үшін, оны көтеру кезінде екі тартпа қолданылады, олар якорларға (тракторға) бекітіледі.
205. Көтеріп болған соң мұнараны тартпалармен бекіту қажет. Тартпалардың саны, материалы, бекіту тәсілі мен орны бұрғылау қондырғысының төлқұжатында көрсетілген көрсеткіштерге сай болуы тиіс.
206. Көтеру арқаны мұнараны іргетасқа берік орнатып, ал тартпаларды – ілгіштерге іліп болған соң ғана ағытылады.
207. Көтергіш құрылымының алаңы жоқ мұнараның тальдық жүйесін және көтергіш құрылымын жөндеу жұмыстары, тек қана төмен түсірілген мұнарада, сатыларды пайдаланып, наряд-рұқсатнама бойынша жүргізеді.
208. Бұрғылау қондырғыларының енкіш жерлерде орналасуы кезінде , қондырғының түбінен төбе етегіне дейінгі ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиіс. Кез-келген жағдайда да, бұрғылау қондырғысы топырақ опырылуы мүмкін аумақтан сырт жерде орнатылады.
209. Жеке тұрған бұрғылау қондырғыларының механизмдеріне қызмет көрсетуге арналған жұмыс өткелдерінің ені 1 метрден, ал, өздігінен жүретін және жылжымалы қондырғыларда – 0,7 кем болмауы тиіс.
Егер қызмет көрсетуге кедергі келтірмесе, жабдықтар мен механизмдерді бұрғылау ғимаратының (көлік қорабының, жер асты жертөлелерінің), іргесіне жақын орналастыруға жол беріледі.
210. Механизмдердің көмегімен қозғалтылып жатқан жабдықтарды, тек қана арқанды пайдаланып, ыңғайлауға немесе бағыттауға болады.
Көтеріліп жатқан жүктердің үстінде немесе олардың астында тұруға болмайды.
211. Ауыр жабдықтардың астына домалатқыштарды пайдаланып, қозғалытқан кезде, қозғалытқыштар ең кемі үшеу және диаметрлері бір өлшемдегі, ұзындықтары қозғалтылатын жабдықтардың енінен кем болмауы тиіс, қозғалытқыштарды қозғалып келе жатқан жабдықтың астына, жабдық толық тоқтағаннан кейін қою тиіс тиіс.
212. Жабдықтардың еңкіш жазықтықта қозғалтылуы, орын ауыстырылуы кезінде, оның өздігінен жүріп кетуінен немесе аударылып кетуінен сақтану шараларын қарастыру қажет.
213. Жеке және жылжымалы бұрғылау қондырғыларының орындарын ауыстыру жұмыстары бұрғылау мастерінің немесе бұрғылау жұмыстарына жауапты өндірістік жұмыскердің басшылығымен жүргізіледі. Бұрғылау шеберіне (жұмыс басшысына) геологиялық ұйымның техникалық басшысы бекіткен, аса қауіпті аумақтар белгіленген (ЭҚЖ, газ және мұнай құбырлары) трасса жоспары беріледі.
214. Бұрғылау қондырғыларының орнын ауыстыру жолы (трассасы) алдын ала белгіленіп, дайындалады. Жол бойында тік асулар, өтпе жолдар болмауы тиіс. Мұнаралардың және бұрғылау қондырғыларының жол бойымен жүруі кезінде, жолдың бір жақты еңкіштігі қондырғының (мұнараның) техникалық төлқұжатында көрсетілген шекті мәндерден аспауы тиіс.
215. Трассаның өн бойына жүрер бағыттың сол жағынан, белгілер орнатылады. Белгілердің арасы 100 метрден кем емес, бұрылыста, жабық жерлерде – көрінетіндей жерде болады.
216. Жылжытатын арбашалардағы мұнараны (мачтаны), еңкіштігі 7о-тан асатын төбешіктерде, тракторлармен тіркемесіз – сүйрегішпен немесе арбашаларды берік орнатпай пайдалануға болмайды.
217. Еңкіш төбешіктерде жылжу кезінде мұнараның төмен қарай жылжуын болдырмау үшін, мұнараның іргетасына бекітілген сақтандыру тартпаларын пайдалану тиіс.
218. Мұнаралардың орын ауыстыруы кезінде, аумақта осы жұмысқа қатысы жоқ жұмыскерлердің жүруіне тыйым салынады.
219. Бұрғылау қондырғыларының қозғалысы кезінде, оның үстіндегі, жылжуы мүмкін бар заттар бекітіледі.
220. Тіреуіштері көтерілген немесе түсірілген, бірақ бекітілмеген мачталарымен, жылжымалы бұрғылау қондырғыларын, автокөлік тіркегішінде орнын ауыстыруға жол берілмейді.
221. Жергілікті, тегіс, қатты топырақты жерлерде, бұрғылау қондырғыларын тасымалдау кезінде олардың мачталарын, егер ол қондырғыларды пайдалану нұсқаулығы бойынша рұқсат етілген болса және арнайы есептеулермен негізделген болса, көтеріріп жүруге рұқсат етіледі.
Бұл кезде ілінген снаряд пен желонка мачтаға берік байланады.
222. Электр қозғалтқышы бар бұрғылау қондырғыларын тасымалдау кезінде оларды кабельдін төртінші көзі арқылы жерге қысқа тұйықтау қажет, бұл арада кабельдің қондырғының шынжыр табанының астына түсуінен сақтану қажет. Кабельдерді орнынан жылжыту, тек диэлектрикалық қолғаптарда жүргізілу керек.
223. Бұрғылау қондырғыларын жаңа алаңға (жаңа жер теліміне) көшіру кезінде қондырғыны көшіру жұмыстарының басшысына геологиялық ұйымның техникалық басшысы бекіткен, электр қуатын жеткізетін кабельдердің өткен жері, газ, су және бу құбырлары, теміржол өткелдері, суару жүйесінің арықтары арқылы өткелдер, және басқа да инженерлік құрылыстар белгіленген трасса жоспары беріледі.
224. Бұрғылау қондырғыларын бұзып көшіру кезінде, арту-түсіру жұмыстары кезіндегі және пайдаланудағы көліктер мен басқа техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс.
225. Бұрғылау қондырғыларын көшірудің (орнын ауыстырудың) барлық кездерінде, алдын ала бұрғылау қондырғысының жаңа алаңы және оған көшіру жолы тазаланады.
226. Тік тұрған мұнараларды трактормен тасымалдаған кезде, олардың ара қашықтығы мұнараның биіктігіне тағы 5 м қосқаннан кем болмауы тиіс, кейбір кездері одан кем болуы мүмкін, бірақ ол кезде мұнараны құлап кетпеу үшін темір арқандармен тартып қояды.
227. Бұрғылау қондырғыларын қалың тұманда, жаңбырда, қар жауып тұрған кезде, көктайғақта, күші 5 баллдан асатын желдерде (мұнарасыз, тек оның құрылымдарын тасымалдаған кезде желдің күші 7 баллдан жоғары) тасымалдауға жол берілмейді.
228. Бұрғылау қондырғыларын тәуліктің қараңғы кездерінде жол бойы және алдыңғы бағыты жарықтандырылуы тиіс.
229. Жол берілмейді:
1) мұнараларды тасымалдау кезінде тікелей осы жұмыспен айналыспайтын жұмыскерлердің мұнараның жанынан оның биіктінен біржарым есе алыс аралықта болуы шарт;
2) бұрғылау қондырғысын көтерілген, сонымен қатар, түсірілген тіреуіштерімен, бекітілмеген мачтасымен және бекітілмеген жүргізу құбырымен жылжытуға болмайды;
3) өздігінен жүретін қондырғылардың кабинасында, тік (150-тан жоғары) көтерілу мен ылдиға түсу кезінде, су өткелдерінен, көпірден және басқа да қауіпті аумақтардан өткенде жұмыскерлердің болуына тыйым салынады.
230. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары тек қана құрылысы біткен, геологотехникалық наряды және бұрғылау қондырғысын қабылдау актісі бар бұрғылау қондырғыларында ғана жүргізіледі.
Тереңдігі 300 м дейінгі ұңғымаларды өздігінен жүретін (жылжымалы) бұрғылау қондырғыларымен бұрғылау кезінде, қондырғыны пайдалануға қабылдау актісі дала жұмыстары басталар алдында, әрбір күрделі жөндеуден кейін және уақытша жабылған қондырғыны іске қосудан кейін рәсімделеді. Пайдалану кезінде өздігінен жүретін (жылжымалы) бұрғылау қондырғылары өндірістік бақылауға жауапты қызметкермен айына бір реттен кем емес аралықта бақыланып отырады.
231. Тальдік болат арқандар, ең шекті жобалық жүктемеге қарағанда, ең кемі үш есе сенімді беріктілікпен, ал мұнараларды (мачталарды) және жүктерді көтеру және түсіру кезінде – жүктеменің мүмкін болатын ең шекті мәнінен 2,5 еседен кем емес жүктемеге шыдау тиіс. Болат арқандардың дайындаушы – зауыттың берген куәлігі (сертификаты), осы болат арқандарды пайдаланатын ұйымда сақталады.
Таль жүйесін орнатып болғаннан соң, бұрғылау мастері құрылғыларды қарау кітапшасына таль жүйесінің құрылымын, болат арқанның ұзындығы мен диаметрін, куәлігінің (сертификатының) нөмірін, дайындау мерзімін енгізіп, жазып қояды.
232. Жұмыстағы барлық болат арқандарды ауысым алдында бұрғылаушылар қарап, қабылдайды.
233. Болат арқандарды көтеру-түсіру жұмыстарына мына жағдайларда рұқсат етілмейді, егер:
1) болат арқанның бір өрімі үзілген болса;
2) болат арқанның өрілген аралығында диаметрі 20 мм-ге дейінгі болат арқандарда үзілген сымдардың саны жалпы қалыңдықтың 5 пайызынан астамын, ал, диаметрі 20 ммден жоғары арқандарда – 10 пайызынан астамын құраса;
3) болат арқан созылса немесе жалпайса және оның диаметрі бастапқының 90 пайызын және одан кем пайызын құраса;
4) ортаңғы сымының үзлуіне байланысты бір өрімінің үзілуі;
5) болат арқанда оралып қалған жерлері «түйіндері» болса қолдануға рұқсат етілмейді.
234. Тальдік арқанның қимылсыз ұшы үш қысқышпен бұрғылау мұнарасының (мачтасының) іргетасына бөлек орнатылған қаңқаға арнайы тетіктер арқылы, бұрғылау мұнарасының (мачтасының) басқа құрылымдарына тимейтіндей етіліп, бекітіледі. Болат арқанның иілуінің радиусы болат арқанның диаметрінен 9 (тоғыз) есе болады.
Арқанның қимылсыз ұшы тіркегіш немесе көрсету аспабымен жабдықталады.
235. Болат арқан көтергіш құрылғымен коуш көмегімен және ең кемі үш қысқышпен немесе болат арқанның құлпымен бекітіледі. Болат арқанды дәнекерлеу арқылы бекітуге болмайды.
236. Бұрғылау қондырғыларының жұмысы кезінде мыналарға жол берілмейді:
1) жүкшығырдың және айналдырғыштың жылдамдығын ауыстыруға, сонымен қатар, айналу кезінде толық тоқтап болмай, жүкшығырдың айналымын айналдырғышқа немесе керісінше ауыстыруға болмайды;
2) машиналар мен механизмдерді басқаратын ұстағыштарды қолмен тоқтатуға;
3) сыртқа шығып тұрған қысқыш тегірлері бар шпиндель тетіктерін пайдалануға;
4) айналып тұрған құбырды өлшеуге;
5) жұмыс алаңына («капитан көпіріне») көтерілуге.
237. Көтеру-түсіру процестері кезінде:
1) жарамсыз тежегіштері бар жүкшығырда жұмыс істеуге;
2) тежегіш шкивтерін сумен, топырақты ерітінділермен салқындатуға;
3) төмен түсіріліп (көтеріліп) жатқан құбырлар мен элеваторлардың жанында тұруға;
4) қосылыстары толық бұралмаған құбырларды төмен түсіруге;
5) ұңғымадағы бүкіл шығыңқы және кіріңкі жерлерінде тез түсіру жұмыстарын орындауға;
6) таль жүйесін ауыр салмақта немесе жүксіз тежегішке салмақ салу арқылы немесе қысып тоқтату арқылы, ұстауға болмайды;
7) тегірлік қосылыстарды қолмен тазалауға болмайды;
8) жарамсыз бекіткіш құралдары бар элеваторларды, ілгіштерді, вертлюг сырғаларын пайдалануға болмайды.
238. Бұрғылау сорғылары мен олардың қосылыстары (компенсаторлар, құбыр жолдарын, шлангалар және нығыздағыштар) пайдалануға берілер алдында және әрбір қайта қосылған кезде, сорғының техникалық төлқұжатында келтірілген, есептелген қысымнан біржарым есе артық қысымда тексеріледі.
Сақтандыру қақпақшасы тексеру қысымынан төменгі қысым әсер ететіндей болып реттеледі.
239. Құбыр жолдарының жоғарғы қысыммен тексеру құрылғыларын шешу жұмыстары, жүйедегі қысымды шығарғаннан кейін жүргізілуі тиіс.
240. Ұңғымадағы сұйықтық айналымын қалпына келтіру, ұңғымаға берілетін жуу сұйықтықтарының көлемін біртіндеп ұлғайту арқылы жүргізіледі.
241. Бекіткіштер жабық тұрған кезде сорғыларды іске қосуға болмайды.
242. Қыс мезгілдерінде, жұмыс арсындағы үзілістерден кейін сорғыларды іске қосар алдында, айдау жүйелерінің өткізгіштігі тексерілуі тиіс.
243. Сорғы жұмыс істеп тұрған кезде мына әрекеттерге жол берілмейді:
1) сұйықтарды айдау жұмсақ құбырының алға жүретін құбырға оралуын және оның құлауын болдырмайтын құрылғыларсыз жұмыс істеуге болмайды;
2) қысты күні құбыр жолдарын тексеріп алмай, ұзақ уақыт жұмыс істемеген сорғыны іске қосуға;
3) сорғы көмегімен құбыр жолдарын пайда болған тығындарды айдап шығуға болмайды;
4) құбыр жолдарын, шлангаларды, нығыздағыштарды олардың бойында жуу сұйықтықтары бар кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
5) шлангаларды сорғылармен, нығыздағыштармен қосқан кезде сым темірлерді пайдалануға болмайды, қосылыстар сорғы құрылымында қарастырылған нығыздағыштар немесе тартпа қамыттардың көмегімен жүргізіледі;
6) едендерді және басқа да заттарды сорғылардың және басқа да шлангалардың көмегімен жууға болмайды;
7) шайқалған және құбырды айнала оралып қалған айдау шлангасын қолмен ұстауға болмайды;
8) құбырды айнала оралып қалған айдау шлангасын, алдын ала айдау жүйесіндегі қысымды шығар май, оның орауын шешуге болмайды;
9) жұмыс кезінде тозған бұрғылау құбырларын, муфталарды, ниппелдерді пайдалануға жол берілмейді. Ақауы бар құрал-саймандар бұрғылау қондырғыларынан алынып тасталынады.
244. Түсіру-көтеру процестерін жүргізу үшін, сериялы түрде зауыттардан шығатын, стандарттарға және дайындаушы–зауыттардың техникалық шарттарына сай келетін жүк көтергіш құрылғылар мен құрылымдар (элеваторлар, вертлюгтер, құбыр айналдырғыштар және тағы басқалары) қолданылады.
245. Бекіткіші бар элеваторларды, егер олардың тіреуіш құрылғылары болмаса, қолдануға рұқсат берілмейді.
246. Көтеру-түсіру процестері кезінде жол берілмейді:
1) жарамсыз тежегіштері бар жүкшығырда жұмыс істеуге;
2) төмен түсіріліп (көтеріліп) жатқан құбырлар мен элеваторлардың жанында тұруға;
3) қосылыстары толық бұралмаған құбырларды төмен түсіруге;
4) таль жүйесін ауыр салмақта немесе жүксіз тежегішке салмақ салу арқылы немесе қысып тоқтату арқылы ұстауға болмайды;
5) тегірлік қосылыстарды қолмен тазалауға болмайды;
6) тежегіш шкивтерін сумен, топырақты ерітінділермен салқындатуға;
7) жарамсыз бекіткіш құралдары бар элеваторларды, ілгіштерді, вертлюг сырғаларын пайдалануға болмайды.
247. Бұрғылау қондырғыларының жұмысы кезінде мыналарға жол берілмейді:
1) айналып тұрған құбырды өлшеуге;
2) жұмыс алаңына («капитан алаңына») көтерілуге;
3) жүкшығырдың және айналдырғыштың жылдамдығын ауыстыруға, сонымен қатар, айналу кезінде толық тоқтап болмай, жүкшығырдың айналымын айналдырғышқа немесе керісінше ауыстыруға болмайды;
4) машиналар мен механизмдерді басқаратын ұстағыштарды қолмен тоқтатуға.
248. Жол берілмейді:
1) қоршаулары алынған немесе ақауы бар қоршаулары (шпинделі, айналма құбыры, жүкшығыр, барабаны, қозғалтқыш берілістері) бар бұрғылау қондырғыларымен жұмыс істеуге;
2) май шамдарды мұнарадағы (мачтадағы) орнына бекітпей қалдыруға;
3) бұрғылау, бағаналы және сыртқы құбырдарды көтеру және түсіру жылдамдықтарын элеватор жылдамдығынан - 1,5 м/с асыруға;
4) шпинделдегі бұрғылау құбырларын, шпиндель айналып тұрғанда және беру тетінің қосылып тұруы кезінде орнын ауыстыруға;
5) шпиндель айналып тұрғанда құбырларды бұрап салуға немесе бұрап алуға болмайды.
249. Бұрғылау май шамдарының ұзындықтарының айырмашылығы 0,5 м өлшемнен аспауы тиіс, бұл кезде, «май шамдардың» ең аз ұзындығы еденнен 1,2 м көтеріліп тұруға, ал ең ұзыны – 1,7 метрден аспауы тиіс.
250. Элеватордың (фарштульдің, таль бөлігінің) ең жоғарғы көтерілуін шектеу үшін және оның кронблокқа немесе мұнарадағы не мачтадағы ілгіш блокқа тартылып қалмауы үшін, белгі бергіш орнатылады.
251. Қолмен көтеретін тұтқаның көмегімен жүкшығырмен жұмыс кезінде, жұмыс біткен соң, құрылғыдан көтергіш тұтқаны алып қою тиіс тиіс.
252. Шпиндел патронын қайта қатайту, шпинделдің толық тоқтағанынан кейін, қосу тұтқасын бұрап және айналдырғышты өшіріп, оны бейтараптық жағдайына қойған соң жүргізіледі.
253. Бұрғылау құбырларының нығыздағыштарын орау және қайта орау және басқа да 1,5 м биіктікте жүргізілетін жұмыстар, биіктікте жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған арнайы алаңшықтарда орындалады.
254. Бұрғылау құбырларының 63,5 мм және одан да жоғары диаметрлерінде, олардың ұңғыма аузынан төмен қарай және керісінше жүрістерін, сонымен қатар, құбырларды ұңғыманың осіне дейінгі аралық 0,7 м артық болған жағдайда арнайы ілгіштер қолданылады.
255. Кен (руда) бұзғыш құралдарды бұрау және қай бұрап алу және кернді ілініп тұрған бағаналы құбырдан бұрап алу жұмыстары келесі шарттарды орындау арқылы жүзеге асады:
1) құбыр, бұрғышы басқаратын тежегішпен тоқтатылады, тетіктердің құбырға бос ілінуі тек қана вертлюг – тығында, айналмалы элеваторда немесе жартылай автоматтандырылған элеваторда, ілгіш тетігінің жабық және орнықтырылуы кезінде жүргізіледі;
2) құбырдың төменгі ұшы мен еденнің ара қашықтығы 0,2 м аспау тиіс.
256. Кернды бағаналы құбырдан шығару кезінде мыналарға жол берілмейді:
1) ілініп тұрған бағаналы құбырдың төменгі жағынан ұстап тұруға;
2) ілінген бағаналы құбырдағы кернді қолмен ұстап тексеруге;
3) бағаналы құбырдағы кернді қондырғы жүкшығырымен сілкіп түсіруге, сорғы көмегімен үрлеуге, бағаналы құбырды қыздыру арқылы алуға.
257. Түсіру-көтеру процестерін жүргізу үшін, жүк көтергіш құрылғылар мен құрылымдар (элеваторлар, фарштулдер, жартылай автоматтандырылған элеваторлар, вертлюг – тығындар) қолданылады.
258. Бекітілетін ілгіші және тетікті ұңғымаға салғанда автоматты түрде ашылатын қақпақшасы жоқ элеваторларды пайдалануға жол берілмейді.
259. Жартылай автоматтандырылған элеваторларды қолдану кезінде, мына жұмыстарды атқару қажет:
1) жұмысты бастар алдында элеватордың және оның саптамаларының дұрыстығын тексеру қажет;
2) элеваторды және оның саптамаларының таза ұстау қажет;
3) элеватордағы бұрғылау снарядының орнын ауыстыру және бұрғылау құбырларын ауыстыру жұмыстары, қақпақшалары жабық және ілгішпен ілінген кезде ғана жүргізіледі;
4) май шамды босаған болат арқан кезінде орауға болмайды;
5) элеваторды жоғары қарай, май шам бойымен ақырын, жұлқа тартпай, жүкшығырдың екінші жылдамдығында, бірақ 1,5 м/с аспайтын жылдамдықта, түзу болат арқан бойымен көтереді;
6) бұрғылау снарядына өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және элеватор түріне сәйкес келетін жалғастыру құлыптары мен жалғастыру тетіктерін пайдалану қажет;
7) муфталардағы жалғастыру құлыптарын сенімді бекіту қажет;
8) элеваторды тек қана вертлюг-амортизаторға ілу қажет;
9) айналдыра, биіктігі 350 мм-ден кем болмайтын құбыр астына қоятын құрылғыны пайдалану қажет;
10) май шамның бойымен элеваторды көтеру кезінде бұрғылаушының көмекшісі, құбыр астына қоятын құрылғыдан ең кемі 1 м алыс тұру қажет.
260. Мына жағдайларға жол берілмеу қажет:
1) түсіру-көтеру процестерін жүргізу кезінде, элеваторды түсіріп жатып, оған саптама кигізуге;
2) ұңғымадағы бұрғылау қондырғысының кенеттен тоқтап қалған жағдайда, элеватор мен саптаманы түзеуге, шешіп алуға болмайды, және бұл жұмыстар қондырғыны жапсырмаға немесе шарнирлік қамытқа қойған соң барып жүргізіледі.
261. Құбыр айналдырғышты басқару батырмасы жазықтық бойымен, ұңғыманың орталығынан 2 м кем емес аралықта орналастырылады.
262. Жұмыс толық біткен соң, құбыр айналдырғыштың электрлік қозғалтқышының автоматтық өшіру тетігі ажыратылады.
263. Құбыр айналдырғышпен жұмыс істеу кезінде мыналарға жол берілмейді:
1) айналып тұрған май шамды қолмен ұстауға:
2) бұрғылау құбырының қиықтарына айыр темірлерді тығуға немесе оларды айналдырғыш толық тоқтағанша алып тастауға;
3) ұзартылған тұтқасы бар, қыстырмасы жоқ және тістері желінген, қосылыстарындағы сызықтарының өлшемдері 2,5 мм-ден асатын айыр темірлерді қолдануға;
4) қатты тартылған тегірлік қосындыларды шешу үшін қосымша құбыр кілттерін қолдануға;
5) тегірлік қосылыстары шешу кезінді айналдырғштардың бағытында тұруға;
6) егер икемдегі айыр темір орталықтандырғышқа еңкіш тұрса және айыр темірдің ұшы қақпақтың шығыңқы тұсына кірмей тұрса, құбыр айналдырғышты іске қосуға болмайды.
264. Шешілетін керн қабылдағышпен бұрғылау жиынтығына кіретін құбыр ұстағыштармен жұмыс кезінде, мыналарды орындау қажет:
1) бұрғылау бағанасы мен құбыр ұстағыштың салмақтарының сәйкестігін бақылау қажет;
2) бұрғылау құбырларының қысу тетігінің құбыр диаметріне сәйкестіерін пайдалану қажет;
3) құбыр бағанасын қысуды, оның толық тоқтағанынан кейін жүргізу қажет;
4) бұрғылау бағанасын іске қосуды, тек қана ашық түрдегі құбыр ұстағыш кезінде жүргізу қажет;
5) жапқыштар жиынтығын бағаналық тетікті ұңғымадан көтеру кезінде және бұрғылау жұмыстарын бастар алдында алып тастау қажет.
265. Тетікті және дифференциальды беру құрылғыларымен бұрғылауды жүргізу кезінде мыналарға:
1) құрылғыларда сақтандырғыш доғалары болмаса немесе кремальерлік айырлары болмаса, сонымен қатар, тұтқаны ажырататын тіреуіш құрылғылары болмаса жұмыс істеуге;
2) ұңғыманың кеңеюі кезінде тартқыш қозғалысының аумағында тұруға, оны шламнан тазалау және түсіп қалған немесе ұңғымада ашылып кеткен кернды нығыздау кезінде, сонымен қатар, бұрғылау кезінде бұрғылау құрылғыларына жақын жерде тұруға;
3) бұрғылау құбырларын түсіру және көтеру кезінде, құбырларды сілкілей бұрғылау кезінде беру тұтқасын тегірмен бекітілмеген келте құбырмен жалғауға;
4) бұрғылау қондырғысының шпинделінің толық тоқтағанына дейін қандайда бір, тік және жазық қорапшалардың жалғастыру тегірін босату немесе қатыру процестерін жүргізуге;
5) егер бұл жұмыс шартымен қарастырылмаса және егер снарядтар ұңғымада тұрғаны туралы мәліметтер болмаса, беру тұтқасын қосылған күйі қалдыруға;
6) егер ободалар, спицилар, келтіру шкивтарының ступицалары, шестерналар, фрикциондық сақиналарда жарылған, ойық және басқа да ақаулар болса, жұмыс істеуге;
7) тұтқасын өшірмей бұрғылау құбырларын жүкшығыр арқылы қондырғы шпинделімен беруге;
8) қондырғының жинағында қарастырылғандардан басқа, қондырғыға немесе беру тұтқасына тіреулер немесе қандайда бір жүктемелер беруге;
9) ұңғыма ауызын ашу кезінде, қондырғының тік қорабын аударған күйі, бекітпей-ақ ашуға;
10) бұрғылау кезінде жүкшығыр теңдеуішін, бекітілмеген сақтандыру болат арқанымен қалдыруға жол берілмейді.
266. Ұңғыма аузының жабдықтары бұрғылау қондырғысына шаңдалған ауа мен ауа аралас сұйықтықтардың енуіне жол берілмеуі тиіс.
267. Шламды және ауа аралас сұйықтықтарды сыртқа шығаратын құбыр қондырғының ық жағынан шығып, ұзындығы ең кемі 15 м болуы тиіс.
268. Елді мекендердің және тұрақты жұмыс жүргізілетін аумақтардағы бұрғылау қондырғыларында шламмен ласталған ауаны сыртқа тазаламай шығаруға рұқсат етілмейді. Оны тазалау үшін шлам тазалағыштар орнатылады.
269. Құрғақ кендердегі ұңғымаларды ауа үрлеу арқылы бұрғылау жұмыстары (кондукторлық бұрғылау), тек қана тұмшалау қондырғылары болған кезде ғана рұқсат етіледі.
270. Ұңғымаға сығылған ауаны беретін компрессорды, бұрғылау қондырғысынан, оның шуы бұрғылау бригадасының жұмысына кедергі келтірмейтін қашықтыққа орнату тиіс.
271. Ауа тасымалдағыш құбыр бір жарым есе жұмысшы қысымына тексеріледі.
272. Ауа тасымалдағыш құбырда бұрғылау қондырғысына жақын жерде ауа қысымын көрсететін манометр, ұңғымаға келетін ауаны реттейтін бекіткіш, және қауіпсіз бағытқа ауа шығаратын, сақтандырғыш қақпақша орнатылады.
273. Манометр және бекіткіш бақылауға және басқаруға ыңғайлы жерге орналастырылады.
274. Сақтандырғыш қақпақша жұмыс қысымынан 15 пайызға асатын қысымда ашылады.
275. Жүйеде ауа қысымының артуы байқалса:
1) сальниктің тығынын ашу тиіс немесе араластырғыш материал салатын араластырғыштың тесігін ашу тиіс;
2) бұрғылау снарядын қосу тиіс;
3) ауа тасымалдағыш құбырды, тетіктерін, сальниктерін жөндеу тиіс.
276. Шланганы қысымдағы магистральға, компрессорға немесе жұмысшы құбырға жалғау тиіс, сонымен қатар, шлангаларды жалғауды магистральдың жабық бекіткішінде, немесе компрессордың қамытпен немесе арнайы қысқышпен жабылған жүйелеріне жалғау тиіс.
277. Жол берілмейді:
1) шланганы қысу немесе түйіндеп байлау арқылы ауа жіберуді тоқтатуға болмайды;
2) қатып қалған шланганы ашық отпен қыздыруға болмайды.
278. Ротордың, шпинделдің, тартпа құбырдың төменгі жағының, жүкшығыр барабанының, жетек берілістерінің қоршаулары және техникалық шартпен, нұсқаулықтармен қарастырылған басқа да қорғау қоршаулары алынған немесе бүлінген бұрғылау қондырғысында жұмыс істеуге болмайды.
279. Жазық ұңғымаларды бұрғылау кезінде тартпа құбырдың өн бойы толық қоршалуы тиіс.
280. Жол берілмейді:
1) мұнараға (мачтаға) ілінбеген май шамды қалдыруға;
2) бұрғылау, бағаналы және айналма құбырларды көтеру және түсіру жұмыстарын элеватордың қозғалысының жылдамдығы секундына 1,5 м/с асатын жылдамдықта орындауға;
3) шпинделдің патронын қайта қатайтуға, шпиндел толық тоқтағаннан кейін, қосу тұтқасын бұрау және айналдырғышты өшіру, оны бейтараптық жағдайына қойған соң жүргізіледі.
281. Элеватордың (таль бөлігінің) ең жоғарғы көтерілуін шектеу үшін және оның кронблокқа немесе мұнарадағы не мачтадағы ілгіш блокқа тартылып қалмауы үшін, белгі бергіш (тартып кетуге қарсы құрылғы) орнатылады.
282. Шпинделдің патронын қайта қатайту, шпиндел толық тоқтағаннан кейін, қосу тұтқасын бұрап және айналдырғышты өшіріп, оны бейтараптық жағдайына қойған соң жүргізіледі.
283. Бұрғылау құбырларының нығыздағыштарын орау және қайта орау және басқа да 1,5 м биіктікте жүргізілетін жұмыстар, биіктікте жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған арнайы алаңшықтарда орындалады. Бұрғылау құбырларының 63,5 мм және одан да жоғары диаметрлерінде, олардың ұңғыма аузынан төмен қара және керісінше жүрістерін реттеуге арнайы аспаптар қолданылады.
284. Кен (руда) бұзғыш құралдарды бұрау және қай бұрап алу және кернді ілініп тұрған бағаналы құбырдан бұрап алу жұмыстары келесі шарттарды орындау арқылы жүзеге асады:
1) құбыр бұрғышы басқаратын тежегішпен тоқтатылады, тетіктердің құбырға бос ілінуі тек қана вертлюг – тығында, айналмалы элеваторда немесе жартылай автоматтандырылған элеваторда, ілгіш тетігінің жабық және орнықтырылуы кезінде жүргізіледі;
2) құбырдың төменгі ұшы мен еденнің ара қашықтығы 0,2 м аспау тиіс.
285. Кернды бағаналы құбырдан шығару кезінде мыналарға жол берілмейді:
1) ілініп тұрған бағаналы құбырдың төменгі жағынан ұстап тұруға;
2) ілінген бағаналы құбырдағы кернді қолмен ұстап тексеруге;
3) бағаналы құбырдағы кернді қондырғы жүкшығырмен сілкіп түсіруге, сорғы көмегімен үрлеуге, бағаналы құбырды қыздыру арқылы алуға жол берілмейді.
286. Жартылай автоматтандырылған элеваторларды қолдану кезінде, мына жұмыстарды атқару қажет:
1) жұмысты бастар алдында элеватордың және оның саптамаларының дұрыстығын тексеру қажет;
2) элеваторды және оның саптамаларының таза ұстау қажет;
3) элеватордағы бұрғылау снарядының орнын ауыстыру және бұрғылау құбырларын ауыстыру жұмыстары, қақпақшалары жабық және ілгішпен ілінген кезде ғана жүргізіледі;
4) май шамды босаған болат арқан кезінде орауға болмайды;
5) элеваторды жоғары қарай, май шам бойымен ақырын, жұлқа тартпай, жүкшығырдың екінші жылдамдығында, бірақ 1,5 м/с аспайтын жылдамдықта, түзу болат арқан бойымен көтереді;
6) бұрғылау снарядында, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және элеватор түріне сәйкес келетін, жалғастыру құлыптары мен жалғастыру тетіктерін пайдалану қажет;
7) муфталардағы жалғастыру құлыптарын сенімді бекіту қажет;
8) элеваторды тек қана вертлюг-амортизаторға ілу қажет;
9) айналдыра, биіктігі 350 мм-ден кем болмайтын құбыр астына қоятын құрылғыны пайдалану қажет;
10) май шамның бойымен элеваторды көтеру кезінде бұрғылаушының көмекшісі, құбыр астына қоятын құрылғыдан ең кемі 1 м алыс тұру қажет.
287. Мына жағдайларға жол берілмеу қажет:
1) түсіру-көтеру процестерін жүргізу кезінде элеваторды түсіріп жатып, оған саптама кигізуге;
2) ұңғымадағы бұрғылау қондырғысының кенеттен тоқтап қалған жағдайда, элеватор мен саптаманы түзеуге, шешіп алуға болмайды, және бұл жұмыстар қондырғыны жапсырмаға немесе шарнирлік қамытқа қойған соң барып жүргізіледі.
288. Құбыр айналдырғышты басқару басқару батырмасы жазықтық бойынша ұңғыма ортасынан ең кемі 2 м қашықтықта орналасады.
289. Жұмыс аяқталған соң, құбыр айналдырғыштың электрлік қозғалтқышының автоматтық өшіру тетігі ажыратылады.
290. Құбыр айналдырғышпен жұмыс істеу кезінде мыналарға жол берілмейді:
1) айналып тұрған май шамды қолмен ұстауға;
2) бұрғылау құбырының қиықтарына айыр темірлерді тығуға немесе оларды айналдырғыш толық тоқтағанша алып тастауға;
3) ұзартылған тұтқасы бар, қыстырмасы жоқ және тістері желінген, қосылыстарындағы сызықтарының өлшемдері 2,5 мм-ден асатын айыр темірлерді қолдануға;
4) қатты тартылған тегірлік қосындыларды шешу үшін қосымша құбыр кілттерін қолдануға;
5) тегірлік қосылыстары шешу кезінде айналдырғыштардың бағытында тұруға;
6) егер икемдегі айыр темір орталықтандырғышқа еңкіш тұрса және айыр темірдің ұшы қақпақтың шығыңқы тұсына кірмей тұрса, құбыр айналдырғышты іске қосуға болмайды.
291. Бұрғылау станоктарының теңдегіштері (тарту рамасы) оларды қарау, жөндеу кезінде қисық біліктерінің тетігінің орын ауыстыруында ол ең төменгі деңгейде тұрады, олар жоғарғы деңгейде тұрғанда тіректерге ілінеді.
292. Станоктың жұмысшы алаңы таза ұсталып, ыңғайлы өткелдермен жабдықталады, ұдайы шығарылған рудалардан тазартылып, қыс мезгілінде қардан, мұздан тазаланады және құм себіледі.
293. Бұрғылаушының жұмыс орнының төбе жағына қорғаныс жабынын жабады.
294. Кеңейткіштің кескіштеріш ауыстырған кезде, оны жапсырма құбырларға түсіріп жатқан кезде қолды кескішке кесіп алмау шараларын қарастыру қажет.
295. Құрал-саймандық арқандар жобалық жүктемеге қарағанда12,5 есе, ал, мүмкін болатын ең шекті жүктемеге 2,5 есе мықтырақ таңдалады.
296. Желонканы және бұрғылау снарядын ұңғымаға түсіру кезінде, сонымен қатар, оларды шайқалудан және бір жағына кетіп қалудан сақтандыру үшін тарту ілгіштері немесе мықты (пеньковый) арқан қолданылады.
297. Жол берілмейді:
1) ұңғыманы, бұрғылау снарядының бағыттауышынсыз бұрғылауға;
2) қосылып тұрған соғу механизмі кезінде, бұрғылау снарядын жоғары – төмен жылжытуға, сонымен қатар, ұрып кіргізетін саптаманы кигізуге болмайды;
3) ілініп тұрғанда долотоны ауыстыруға;
4) бұрау механизмі жұмыс істеп тұрған кезде кілттің бұралу радиусында және созылған арқанның бағытында тұруға;
5) желонка қақпақшасын қолмен ашуға;
6) бұрғылау снаряды мен желонканы, оларды ұңғымаға түсіру кезінде қолмен ұстап тұруға, сонымен қатар, оларды көтеру кезінде шайқалудан және бір жағына кетіп қалудан сақтандыру үшін, қолмен ұстауға;
7) бұрғылау снаряды мен желонканы ілінген күйі қалдыруға;
8) бұрама қосылыстары босаған бұрғылау снарядын қолдануға;
9) егер жұмысқа қажет болмаған жағдайда, ұңғыманың аузын ашық қалдыруға;
10) диаметрі 500 мм өлшемінен асатын ұңғымалардың аузын, сағасын қоршамай қалдыруға;
11) егер арнайы бағыттауыш роликтер болмаса, 10 м көп ара қашықтықтағы жапсырма құбырларды және басқа да ауыр заттарды қондырғы мачтасы арқылы тартуға;
12) құбыр бағанасының төменгі жағын қамыттармен бекітпей жапсырма құбырларды бұрап салу және бұрап алуды, сонымен қатар, құбыр бағанасын ұстап тұру үшін, шарнирлік және шынжырлық кілттерді пайдалануға;
13) жұмысшы арқанның ролигінің амортизаторының ақауы кезінде жұмыс істеуге жол берілмейді.
298. Қондырғыларды орын ауыстыру кезінде, мачтаны көтеру және түсіру кезінде айналдырғыш ең шеткі төменгі деңгейде болады.
299. Ұңғыманы бұрғылау мына жағдайларда жүргізіледі:
1) ұңғыма аузына жақын тұрған қондырғының бағыттауыш құрылғысының болуы;
2) шнек пен шпинделдің осьтерінің бір сызықта болуын тексерген соң жүргізіледі.
300. Жол берілмейді:
1) құбырында немесе айналма темірінде жарылған және сынған жерлері бар шнектермен бұрғылауға;
2) тозығы жеткен жалғастыру тетіктері (ұштары, муфталары, қысқыштары) бар, сонымен қатар бағананың нық тұруын қамтамасыз ете алмайтын қысқыштарының ақаулы белгілеуіштері бар шнектерді қолдануға;
3) көтергіш жүк шығырына ілініп тұрған айналдырғышты, оны қосымша бағыттауыштарға бекітпей ұстап тұруға, сонымен қатар, көтеріліп тұрған айналдырғыштың астына баруға;
4) айналып тұрған шнекті шламнан қолмен немесе қандай да бір затпен тазалауға;
5) қоршауы жоқ шнекпен бұрғылау жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
301. Ұңғыма сағасының жоғарғы жағында тұрған бұрғылау снарядының шнектері шламнан әбден тазаланады.
302. Бұрғылау жұмыстары кезінде көтеру және жалғау жұмыстары кезінде шнектерді ажырату, тек оларды ашаға немесе кілтке отырғызғаннан кейін ғана жүргізіледі.
303. Дiрiлдеткiштiң бiр бөлiктерiнiң қосылыстарын берiктiгі жiберу алдында жұмыстың әр жарты сағаттары арқылы тексеріледі. Дiрiлдеткiштің барлық түйiндері мен қосылыстарын толық тексеру әрбір 20 сағат жұмысынан кейiн жүргізіледі.
304. Бөлшектердің және корпустарында ең болмаса болмашы жарықшақтары бар дiрiлдеткiштерді пайдаланға рұқсат етiлмейдi.
305. Жүйенiң көтергіші элеватормен және iлмегi бар дiрiлдеткiштiң қиюласуы құрылғымен сенiмдi жабдықталады.
306. Тексеру және майлау жұмыстары кезінде, сонымен бiрге дiрiлдеткiш қондырғысының орнын ауыстыру кезінде, дірілдеткіш ең төменгi деңгейде болуы тиіс.
307. Дiрiлдеткiш жұмыс істеп тұрған кезінде, оның эксцентрлік құрылғыларының жазықтығында тұруға рұқсат етiлмейдi.
308. Станоктың жүкшығыры мен дiрiлдеткiштің жапсарма құбырды шығару және түсiрудегі бiрлескен жұмыстың алдында және аварияны жоюда мына жұмыстарды атқару тиіс:
1) таль жүйесін, iргетасқа раманың және рамасына жүқшығырдың бекiткiшiнің сенiмдiлiгін тексеру тиіс, байқалған ақаулықтар дер кезінде жойылуы тиіс;
2) мұнараны (мачтаны) қарап шығу, ақауы бар элементтер жаңа тетіктермен алмастырылуы тиіс, әлсiз тегірлері қыса түсу тиіс;
3) жүқшығырды (жүкшығыр) басқаратын өндірістік қызметкерден басқа бөгде адамдарды бұрғылау қондырғысынан шығарып жiберу тиіс.
Станоктың жүкшығыры мен дiрiлдеткiш бiрлесiп жұмыс iстеген мезгілде, құбырды домкратпен тартуға рұқсат етiлмейдi.
309. Айналмалы тәсiлмен шурфтарды бұрғылау, өзi жүретiн бұрғы қондырғылар көмегiмен, 20 метрден аспайтын тереңдiкке және 1,2 м диаметрiмен жүргізуге рұқсат етiледi.
310. Аспап айналма бұрғылау тәсiлiнде айналу жиiлiгiн 60 айн/мин асырмау тиіс.
311. Бұрғылау жұмыстары кезінде өндірістік қызметкерлерге құрамының шурф сағасына жақын тұруға рұқсат етiлмейдi.
312. Бұрғылау қондырғысының ұшын көтергеннен кейін, оны тазартуы үшiн шурф аузының сағасын дереу мықты қалқанмен жабу тиіс. Шурф сағасы ашық болған кезде, қондырғының ұшын ауыстыру және тазарту жұмыстарына рұқсат етiлмейдi. Ұшты механикалық тазарту кезінде жыныстың кесектерінiң соққыларынан бұрғышыны қорғау үшiн айналдырғыш жұмыс орын арнаулы қалқанмен қоршап қою тиіс.
313. Шурфа сағасының алаңы таза және тайғақ болмауы тиіс. Аспаптар және алынған топырақ ұңғымаға құламайтын қашықтықта жиналады.
314. Газды немесе сулы жер қабаттарында шурфтарды бұрғылау жұмыстары, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары ескерiлген, бекiтiлген жобаның талаптары бойынша жүргізілуі тиіс.
315. Ескi су басқан тау кенi орындарының, су қоймаларына жақын жерлерде немесе жұмсарған суландырылған жыныстарда шурфтарды бұрғылау жұмыстары, ұңғымаға судың түсіп кетуінен сақтайтын шаралар қарастырылған жоба бойынша жүргізіледі.
316. Жобалық шешiмдерден ауытқуларға жол берілмеуі тиіс, жобада (жұмыс жобасында) ескерiлген барлық шаралар толық көлемде мiндеттi түрде орындалуы тиіс.
317. Бұрғылау қондырғыларының орын ауыстыру кезінде жүріп өтетін жолдарын, бұрын салынған тассалармен, өткелдермен түйістіре жүргізу қажет. Тасымалдау көліктері мен арнайы техникалар, өсімдіктер мен жер қыртысын бүлдірмеу үшін, тек қана салынған жолдармен жүруге тиісті.
318. Мердігерлік ұйымдардың аварияға қарсы шаралары, орындаушы-ұйыммен дайындалады.
319. Ұңғымаларды құру жұмыстарын жүргізу кезінде мынадай шараларға:
1) жобада немесе жұмыс жобасында қарастырылмаған (қоршаған ортаны қорғау талаптарын және жұмыстарды орындау тәртіптерін қоса есептегендегі) кез-келген жұмыстардың түрлерін орындауға;
2) тиісті жобалық құжаттары жоқ, ұңғыманы тұрғызуға арналған алаңды дайындау жұмыстарын бастауға;
3) өнеркәсіптік ағын суларды төгетін құрылыстар мен техникалары, тұрмыстық, өнеркәсіптік қалдықтар мен құрылыстық қалдықтарды жою немесе оқшаулау орындары қарастырылмаған болса, онда құрылыс алаңда жұмыстарды бастауға;
4) кез-келген түрде қолданылған, тазаланбаған және залалсыздандырылмаған ағын суларды жергілікті жерлерге немесе жер астына айдауға;
5) қалдықтардың барлық түрлерін жерасты су көздеріне тастауға;
6) әртүрлі қалдықтарды рұқсатсыз өртеуге;
7) санитарлық – токсикологиялық қасиеттері белгісіз химиялық реагенттерді пайдалануға жол берілмейді.
320. Жапсырма бағанның түсiру-көтеру жұмыстарының алдында бұрғышы шебер мұнараның, жабдықтың, таль жүйесінің, аспаптардың, БӨА және қондырғының жағдайын қадағалап, тексеруi тиіс. Табылған олқылықтар құбырларды түсiру-көтеру жұмыстары басталғанға дейiн жойылуы тиіс.
321. Жапсырма бағаналарды түсiру-көтеру жұмыстары кезінде рұқсат етiлмейдi:
1) жапсырма құбырлар бағанасының секциясын еркін теңселту рұқсат етiлмейді;
2) құбырдың теңселуін,шайқалуын қолмен ұстауға рұқсат етiлмейді;
3) құбырды арқанмен қамту арқылы сүйреп әкелуге, көтеруге, түсiруге рұқсат етiлмейді;
4) салмағы 50 кг астам болатын жапсырма құбырды құбыр арбасын қолданусыз шығаруға рұқсат етiлмейді.
322. Құбырды тартып шығару кезінде, домкратпен және жүкшығырмен (жүкшығыр) бiр уақытта жұмыс жүргізуге рұқсат етiлмейдi.
323. Цементтеу жұмыстарының басталар алдында манометрлердiң, сақтағыш қақпақшаларын жағдайы тексеріледі, ал барлық аспаптар (сораптар, құбырлар, шлангтер, құйма бастиектер) цементтеу бойынша жұмысқа қажеттi қысымнан бiр жарым есе артық, бiрақ сорғының техникалық төлқұжатында көрсетілген ең жоғарғы жұмыс қысымынан артық емес қысымда тексеріледі.
324. Алаңда тұрып жапсырма құбырлардың бағанасының секциясы тартқанда, ол бұрғы мұнарасынан еркін өтiлуi тиіс.
325. Жапсырма бағаналарды түсiру жұмыстарының басталуына дейiн кавернометрия мәліметтері жоқ болса, бағананың диаметрінің ұңғының диаметрiне сәйкестiгiне (үлгi) аспаптың бақылау түсiруiнiң ұңғының қабырғаларының күйi тексерілуі тиіс (ұңғыларды диаметрдiң аралықтары тарылуы мүмкiн).
326. Жапсырма құбырларды калибрлеуiнiң алдында ұңғының сағасымен оны тартқанда, калибрдың құлауы мүмкiн бағытында қызметкерлердің тұруына жол берілмейдi.
327. Жапсырма бағаналарды түсiру-көтеру процесiнің кезінде рұқсат етiлмейдi:
1) жапсырма құбырлар бағанасының секциясын еркін теңселту рұқсат етiлмейді;
2) құбырды арқанмен қамту жолымен сүйреп әкелуге, көтеруге, түсiруге рұқсат етiлмейді;
3) массасы 50 кг астам болатын жапсырма құбырды құбыр арбасын қолданусыз шығаруға рұқсат етiлмейді.
328. Ұңғымалардың қолдану кезiндегi бағандары үшiн қолдануда жуу сұйықтығының тығыздығының аз мөлшердегі тығыздықтағы материалдарынан жасалған, ұңғының оқпанында, бағана шығарындыдан аман болу үшiн немесе ауырлатқыш ұңғыдан бөлiктiң жұлып кетуін болдырмау үшін топсалы кiлттердi немесе арнаулы құрылғыларды пайдаланып, бағананың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиіс.
329. Ұңғыманы пайдалану кезiнде қолданылатын полиэтилен бағанды түсiрудi аяқтағаннан кейiн (ұңғының оқпаны алдын-ала бекiтiлген болат техникалық қорғаныстық бағанға) бағаналардың бiрлескен (қосарланған) бөлiгін бекітіп қоюы қажет.
330. Құбырларды шығаруда, домкратпен және жүкшығырмен бiр мезгілде жұмыс істеуге болмайды.
331. Ұңғыларды тампонаждау, кондукторларының және техникалық қорғаныстық бағандарын цементтеп орнықтыруы техникалық ұңғыларды гидрооқшаулау жұмыстары бұрғышы шебердің (бұрғылау бойынша технолог, бұрғы бөлiмшесінiң басшысы) басшылығымен жүргізілуі тиіс.
332. Жұмыс өндірісінің басталуына дейiн сору жабдығының сақтандырғыш қақпақшалары, манометрлерiнiң жағдайы және сору қондырғысының бүкіл жабдықтарының қалыптылығы тексерілу тиіс.
333. Айдау жүйесінің сору қондырғысы екi манометрмен жабдықталуы тиіс: сорғыда және бiтейтiн құрылғының құйма бастиегінде. Құйма бастиек бекіткішпен жабдықталуы тиіс.
334. Сору қондырғысы (сораптар, құбырлар, шлангтер, құйма бастиек және тағы басқалары) айдау үшiн қажеттi қысымнан бiр жарым есе артық, бiрақ сораптың немесе цементтеу агрегатының техникалық төлқұжатында көрсетілген ең жоғары жұмыс қысымынан жоғары емес қысымға сыналуы тиіс.
335. Ең жоғарғы жұмыс қысымын (есептiк) қамтамасыз ете алмайтын сораптарды қолдануға жол берілмейдi.
336. Ұңғыманы тампоназдау алдында, ұңғысын үлгiмен оқпандау тиіс.
337. Өндірістік жұмыскерлер цемент ерiтiндiлерiмен жұмыс істер алдында алжапқышпен, қолғаптармен және қорғаныстық көзәйнектермен қамтамасыз етілуі тиіс.
338. Жуу сұйықтықтарының орталықтандырылған даярлауы үшiн станциялар даярланатын жуу сұйықтықтарының параметрлерiнiң және қуаттарының көлеміне, қосылатын концентраттардың және химиялық реагенттерінің сипаттамаларын есепке ала отырып, бекітілген жоба бойынша салынады және жабдықталады. Жобада қайтарылған сұйықтарды өтелдеу орны мен тәсілі де қарастырылуы қажет.
339. Орталықтандырылған жуу сұйықтықтарын даярлау станцияларын пайдалануға қабылдау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкiлдерiнің қатысуымен жүргізілуі тиіс.
340. Жуу сұйықтығының сапасын жақсарту үшiн концентраттардың және химия реагенттерді қолдану кезінде, химиялық реагенттердің мөлшерлегіш-дозаторы ескерілуi тиіс.
Орталықтандырылған сазды жуу сұйықтықтарын дайындайтын станцияны пайдалануға беруге жол бермейдi, егер:
1) сазбен сазараластырғыштарды жүктеу механикаландырмаған болса;
2) жуу сұйықтығының (сазды, эмульсиялық, химия реагенттермен өңделген және басқа) параметрлерiнiң өлшемiнiң бақылау үшiн аппаратурамен және құралдарымен жабдықталған зертхана (бөлме) болмаса;
3) ұйымның техникалық басшысымен бекiткен қолданылатын реактивтердiң және концентраттардың тiзбесi болмаса;
4) сазды сұйықтық дайындау станцияның өндірістік қызметкерлерінің құрамы жуу сұйықтықтарының даярлауында қолданылатын химреактивтермен (эмульсиялар, көбiктер және осыған ұқсас) жұмыс істеуге оқытылмаса;
5) қызмет көрсетушi жұмыскерлер үшiн өнеркәсіптік қауiпсiздiк бойынша нұсқаулығы болмаса;
6) сазды сұйықтық дайындау станциясы алғашқы көмек көрсететiн дәрi-дәрмекпен және өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етілмесе;
7) кәсiпорынның комиссиясының сазды сұйықтық дайындау станцияның жұмысқа даярлығы туралы актiсi болмаса, оны пайдалануға беруге борлмайды.
341. Жуу сұйықтығын тiкелей бұрғылау алаңында немесе уақытша алаңда өңдеуге және даярлауға жол беріледi. Бұл кезде атқарылатын келесi қауiпсiздiк талаптары болуы тиіс:
1) жуу сұйықтығының даярлануы үшiн алаң тазаланған және тегiстелген болуы тиіс, өлшемдері бойынша жабдықтардың орналастырылуына және пайдалануына ыңғайлы болуы тиіс. Едені кемiнде 40 мм жуан тақтайлармен жабылуы тиіс;
2 ) саз араластырғыштың люгінің қақпағы 1,5 м биіктікте орналасқан болса, онда оның айналасына ені 1 м кем болмайтын алаң орнатылады. Тақтайша алаң бетінен люкке дейiнгі аралық 1 м аспайтын болуы, траптың еңкіштігі 300-тан аспауы, ені кемiнде 1,5 м және сырғанауға қарсы көлденең жұқа тақтайшаларымен аралықтары бір-бірінен 0,25 м болып жасақталуы тиіс;
3) жуу сұйықтығының көрсеткіштерін және оның сапасын қадағалауды кезекші зертхана лаборанты немесе жуу сұйықтықтарын дайындауға оқытылған өндірістік жұмыскер атқарады. Жуу сұйықтығының көрсеткіштеріне қатаң талаптар қойылмайтын болса, онда өлшеу және мәліметтерді кітапшаға енгізу жұмыстарын бұрғылау бригадасының өндірістік жұмыскерлері де жүргізе береді.
342. Уақытша алаңда орналастырылған саз станцияларында жуу сұйықтығының сыйымдылығы тәулігіне 25 м3, ал жуу сұйықтығының өнiмдiлiгi тәулігіне 2,0 м3 не одан жоғары болса, онда саз салу жұмыстары механикаландырылуы тиіс.
343. Жуу сұйықтығының даярлауының тәсiлдерiнен (орталықтандырылған саз сұйықтықтарын даярлау станцияларында немесе уақытша алаңдарда) қарамай-ақ, келесi қауiпсiздiк талаптары қамтамасыз етілуі тиіс:
1) саз араластырғыштардың люктері тиекті тормен жабылуы тиіс;
2) торлардың өлшемдері 0,15 х 0,15 м болуы тиіс;
3) жуу сұйықтықтарының және судың топырақ қоймалары кемiнде 1,2 м-шi биiктiгiмен қоршаудың барлық периметрi бойынша немесе төсенiштермен жабылуы тиіс;
4) науаларда жуу сұйықтықтарының және тағы басқа қосымшалардың химия реагенттерімен өңделген жуу сұйықтықтарының қолдануы және даярлауындағы жүйе, сонымен бiрге қойма топырақтың ластанудан қорғауын қамтамасыздануы тиіс тиіс.
344. Сазараластырғышты іске қосар алдында, қоршалған орындарда, бiлiктердегі қалақтарды орнықтырудың сенiмдiлiгiн алдын-ала тексеріп алмай сазараластырғышты қосуға жол берілмейдi.
345. Сазараластырғышты жөндеу жұмыстары жүргізу кезінде жетектiң құрылғысының (шынжыр) белбеулері шешіліп алынып, ал қосу құрылғысына «Қосылмасын - адамдар жұмыс iстеп жатыр!» ескерту сөздері жазылған тақтайша iлінуi тиіс.
346. Сазараластырғыштың жұмыс уақытында рұқсат етiлмейдi:
1)сазараластырғыштың люгіне саз және тағы басқа қатты заттарды күректермен және басқа заттармен тығуға;
2)сазараластырғыштың жұмыс уақытында жуу сұйықтығының сынамаларын алуға;
3) шаң бөлінетін (саз ұнтағынан) жұмыстарды шаңға қарсы тұмсық перде мен сақтандырғыш көзілдіріксіз орындауға болмайды. Ұнтақ (құрғақ) реагенттер саз топырақ салардан алдын салынуы тиіс.
347. Жемір химия реагенттерін қосып, жуу сұйықтықтарын даярлауда және оларды қолдана отырып бұрғылау жұмыстарын жүргізуде қосымша келесi талаптар қамтамасыз етілуі тиіс:
1) сұйық химия реагенттерімен жүктеу саз араластырғышқа тоқтаған күйiнде сазды ерiтiндi алдын-ала дайындалғаннан кейiн таратылуы тиіс;
2) жұмыс кезінде адам терісінің мүмкiн болатын кездейсоқ ластанудың алдын алу үшін, қызмет көрсетушi, денесінің ашық жерлеріне гидрофильный паста және майларымен қорғаныстыққа пайдалануы тиіс;
3) арнайы киiмдер қолданылатын химия реагенттеріне байланысты қорғауды қамтамасыз ететін және соған сәйкес болуы тиіс;
4 ) ластанудың өлшемi бойынша арнайы киiм, бiрақ нейтрализаторлардың тиiстi химия реагентамдарын қолданушылықпен механикалық тәсiлi жууға тиiстi айына бір реттен кем емес;
5) үстiртiн және жер асты су көздеріне (жуу сұйықтықтары) ерiтiндiлердiң өңделген химия реагенттерімен тиюын ерекшелiгi бойынша шаралар қабылдау тиіс;
6) сынамаларды алу және саз араластырғышты жүктеуiнiң алдында дайындалған жуу сұйықтықтарының және химия реагенттерінің адам көздеріне тиюден сақтап қалуы үшiн қорғаныстық көзәйнектер қолданылуы тиіс;
7) бұрғышы және бұрғышының көмекшiсi түсіру-көтеру операциялары кезінде қорғаныстық көзәйнектер қолданылуы тиіс;
8) бұрғылау қондырғылары мен орталықтандырылған химия қосымшалары мен сұйықтықтарды даярлау бекеттері дәрiлік қобдишамен және химия реагенттерімен кездейсоқ түйiспелердiң пайда болуда алғашқы көмектiң көрсетуi бойынша нұсқаулығымен қамтамасыз етілуі тиіс;
9) саз араластырғыштың ішкі жағына қатып қалған қабыршақтар мен тұнбаларды сумен жуу арқылы жүргізеді.
348. Химия реагенттерін қолданып даярланған жуу сұйықтықтарының қалдықтарын жобада көрсетілген тәсілдер мен жобада көрсетілген учаскелерде жүргізіледі. Бұл құрылыстарды тұрғын үйлер мен ғимараттардың жанына, және ауыз су көздеріне жақын жерлерге салуға болмайды.
349. Болуы мүмкiн аварияны жоюдың жоспары ұйым жетекшiсiмен бекітіліп, авариялық-құтқару құрылымдарымен және құтқарушы қызметтерiмен келісіледі.
Жұмысты бастардың алдында аварияларды жою жоспары бөлiмшеде барлық өндірістік жұмыскерлер мен қызметкерлер оқып танысу тиіс. Аварияларды жоюдың жоспарымен танысу қолхатпен ресiмделген болуы тиіс. Аварияларды жоюдың жоспары (оның көшiрмесi) нысанның көрнекi орнында ілінуі тиіс. Қауiпсiздiктiң техникасы бойынша филиал, ұйымның техникалық басшысы бекiткен кестелерге сәйкес оқу - жаттығу оқуларының және уақытында оқу аварияларды жоюдың жоспарының, сонымен бiрге нұсқамалық и өткiзуiнде бiлiмдердiң тексеруiне жатады.
350. Аварияларды жоюға арналған жұмыстар техникалық жетекшiнің (бұрғылау шебер, прораб, бөлiмшенiң басшысы) басшылығымен жүргiзiлуi тиіс.
351. Бұрғылау шебері және бұрғылау қондырғысының машинисі аварияларды жоюға арналған жұмыстардың алдында мұнараның (мачтаның), жабдықтардың, тальдік жүйенiң, түсіру-көтеру құралдарының және бақылау-өлшеу аспаптарын тексерулерi қажет.
352. Дiрiлдеткiштiң жұмысын басталғанға дейін 20-30 минуттан кейін барлық біріктіру болттарды сіргілер, тартып және қайта сіргіленуі тиіс.
353. Ұңғымалықта құбырлардың жабысып қалуына қатысты аварияларды жоюдың алдында рұқсат етiлмейдi:
1) домкрат пен жүқшығырымен бір мезгілде жүктеме жасалуы;
2) гидравликамен (гидроцилдиндрлермен) және жүқшығырымен бір мезгілде жүктеме жасалуы;
3) салмақтың дұрыс емес көрсеткiшiмен (салмақ көрсеткіш) жұмыс iстеу;
4) мұнараға (мачтаға) төлқұжаттағы көрсеткішінен асатын ықтимал жүктеме жасау.
354. Бұрғылау снарядының жабысуына қатысты аварияларды жою үшiн, сонымен қатар, жапсырма құбырларды шығару үшін бұрандалы көтергіш-домкраттарды қолдануға жол берілмейдi.
355. Құбырларды домкраттардың көмегімен шығару кезінде, домкраттан биiгiрек жерде топсалы қамыттармен қамсыздандырылуға тиiстi.
356. Көтергіш-домкрат мықты әрі негiзi төсемсіз болуы тиіс, сонымен қатар, орнықтылығы қамтамасыз етілуі тиіс.
357. Домкраттың сыналары өзара жалғанып, домкратқа тіркелген болуы тиіс немесе болат арқан арқылы (қондырғы жақтауына) станокке жалғанады.
358. Құбырларды жүкшығырмен немесе домкратпен тарту кезінде, сонымен қатар, оны ары берi тартқылау кезінде, бұл жұмысқа тікелей қатысты өндірістік жұмыскерлерден басқа қызметкерлер құрамы (мұнараның биiктiгiне 10 м қосу тиіс) қауiпсiз қашықтыққа кетулері тиіс.
359. Жұмыстың кезінде, бұрғылау құбырларын соққылап бұрғылау кезінде құбырлардың бұрама қосындыларының босап кетпеуін қадағалау қажет.
360. Аулағыш құбырларды аварияны құбырлармен біріктіру үшін қою кезінде және оларды қайта бұрау уақытында аулағыш құбырлардың құлауына қарсы шаралар қабылдануы тиіс.
361. Авариялық құбырларды қолмен кері қайтара бұрауға болмайды.
362. Авариялық құбырларды ұстағыш құбырлармен қайтара бұрау, тек қана бұрғылау құрылғысымен жүргізілуі тиіс.
363. Гидравликалық көтергiштердi қолдану кезінде мына шараларға:
1) домкраттардың орнын ауыстыру және деңгейлерін тегiстеу кезінде тартылған құбырларды тальдық жүйемен ұстап тұруға болмайды;
2) домкраттар бастарының, лафеттердің, және қамыттардың арасында төсемдi қолдануға болмайды;
3) тағы басқа заттар аспап домкратқа құрал-саймандарды және басқа да заттарды салуға болмайды;
4) жүктемемен тұрған домкраттың қиғаштануларын түзетуге болмайды;
5) гидравликалық жүйеден май аққан уақытта және дұрыс емес манометрмен жұмыс iстеуге болмайды;
6) домкрат білігінің, оның ұзындығына қарағанда 3/4 шығуына жол беріледі;
7) ауа шығаратын тығынды тезірек бұрап, жоғарғы қысымды төмендету;
8) жоғарғыдан қысатын қамытты (лафет), жоғарғы құлайтын жүктің соққыларымен босату.
364. Жартылай автоматтандырылған элеваторға ілінген бұрғылау снарядын ары-бері соққылау қажет болған жағдайда, бұл операцияны орындауға дейін, элеватор бекiтпесi жабылып және ілгішпен ілінуі қажет.
365. Бұрғылау жұмыстарын аяқтағаннан кейiн және ұңғымаға қажетті сараптамалық жұмыстарды жүргізгеннен соң, одан ары пайдалануға жатпайтын ұңғымалар, жер асты суларын ластамау үшін, тиісті талаптарға сай көміліп, жойылады.
366. Ұңғымаларды жоюға арналған жұмыс жобасы болып ұйымның техникалық басшысы бекіткен тампонаждық жою жұмыстарын жүргізуге арналған нұсқаулық болып табылады.
367. Тампонаждық жою жұмыстарын жүргізуге арналған нұсқаулық, жер жағдайының нақты көрсеткіштерін, пайдаланылатын жуу және басқа ерітінділердің, сонымен қатар,химиялық реагенттердің сапалық көрсеткіштерін есепке ала отырып дайындалады.
368. Ұңғыларды жою кезінде мынадай шаралар қарастырылады:
1) бұрғы қондырғысының iргетасын жинастыру;
2) барлық бұрғылау қондырғыны бөлшектеуден кейiн қалған шурфтарды, барлық құдықтарды көміп тастау;
3) топырақтың жанар-жағар және майлаушы материалдармен ластанған жерлерін тазалау және алаңды тегістеу, мәдени егістік жерлерге рекультивациялық жұмыстар жүргізу.
Су қоймаларында бұрғылау жұмыстарын жұргізген кезде, балықшылыққа және кеме қатынасы шаруашылығына кедергі келтірмеу және су көзінің ластанбауына байланысты шараларды қарастыру қажет. Су қоймасының түбінен шығып тұратын жапсырма құбырларды қалдыруға болмайды.
369. Қалдықтармен жұмыс жасайтын қызметкерлер, пайда болған, жиналып қалған, тасымалданған, жойылған немесе орналастырылған қалдықтардың тұрақты есебін (түрін, көлемін, қасиеттерін) жүргізіп отыруға тиіс.
370. Бұрғылау қалдықтарының (радиоактивті емес бұрғылау сұйықтығы) жиналатын орны – шлам сақтағыштар болып саналады.
371. Шлам сақтағыштарға шамадан тыс радиоактивті сұйықтықтардың құйылып кетпеуі үшін әрдайым радиометриялық бақылау жүргізіліп тұруы қажет.
372. Радиометриялық бақылауды атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар ұйымдар қамтамасыз етеді.
373. Қалдықтармен жұмыс кезінде радиоактивті бұрғылау сұйықтықтарын радиоактивтік емес сұйықтықтармен араласып кетпеуін, оларды рудалы жыныс пен рудасыз жыныстарды бұрғылау кезінде бөлек-бөлек зумпфтарда жинаған дұрыс.
374. Ұңғыманың рудасыз қабатын бұрғылап өту кезіндегі пайда болған бұрғылау шламдарын және саздысу (бұрғылау) сұйықтықтарын қабылдауға арналған негізгі зумпфаның көлемі кемінде 20 м3 (ұңғыманың тереңдігіне байланысты) құрайды.
375. Өнімді рудалы қабатты бұрғылау кезінде пайда болған бұрғылау шламын қабылдауға арналған арнайы зумпфаның көлемі, рудалық қабаттың қуаты мен қазатын руда қопарғыш аспаптың түріне байланысты 3 м3 – 6 м3 аралығында болады.
376. Ұңғыманың рудасыз қабатын бұрғылап өту кезіндегі пайда болған саздысу қоспалары (бұрғылау сұйықтықтары) негізгі зумпфаға жіберіледі. Бұрғылау жұмыстары біткен соң бұрғылау сұйықтықтары сорылып алынып және шлам сақтағышқа жіберіледі.
377. Рудалы қабатты бұрғылау және кеңейту кезінде тек қана арнайы зумпф қолданылады.
378. Негізгі зумпфаны рудалы қабатты бұрғылау кезіндегі пайда болған саздысу қоспалары-шламдарын жіберуге пайдалануға жол берілмейді.
379. Арнайы зумпфаның толуына қарай «конверт» тәсілімен сынамалар алынып, меншікті альфа – белсенділікке сараптамалар жүргізіледі.
380. Рудалы қабаттан шыққан шлам, радиоактивтік ластануы шекті мөлшерінен асып кеткен жағдайда арнаулы орынға жіберіледі.
381. Екі зумпфадан шыққан, радиоактивтік ластануы бұрғылау сұйықтық-шламдары шлам сақтағышқа жіберіледі.
382. Меншікті альфа-белсенділігі, қосындыларының рұқсат етілген деңгейлерінен аспаған кезде, екі зумпфтардан шыққан бұрғылау шламдары шлам сақтағыштарға шығарылып, соңынан қайта пайдалануға дайындалады.
383. Ұңғымаларды игеру кезінде пайда болған сулар негiзгі зумпфаға жіберіледі.
384. Рұқсат етілген деңгейден артуы жоқ болған жағдайда бұрғылаудан шыққан сұйықтықтардың альфа-белсенді көрсеткіштері бойынша екі зумпфтан шығатын сұйықтық сұйықтықжинағышқа тасымалданады, блокты қайта өңдеген соң қалпына келтіріледі. Негiзгi зумпфадан тазаланып алынған су, арнайы техникалар көмегімен, өндірістік алаңның аумағында орналасқан қайтарылған сұйықтықтарға арналған Жер қойнауын пайдаланушылардың құм тұндырғыштарға жіберіледі де, кейінірек жер асты сілтілеу арқылы уран өндірілетін жер қабаттарына жіберіледі.
385. Қолданыстағы геотехнологиялық алаңда ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары кезінде негізгі зумпфадан алынатын тазаланған сұйықтықты жөндеу-қалпына келтіру жүйесі арқылы немесе жөндеу-қалпына келтіру су қоймасына шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |