I теоретические основы логопедии


Ринолалиясы бар балалармен логопедиялық жұмыс жүргізу әдістемесі



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет81/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   230
Логопедия

 
Ринолалиясы бар балалармен логопедиялық жұмыс жүргізу әдістемесі 
 
Ашық ринолалияда операцияға дейінгі және операциядан кейінгі 
логопедиялық жұмыстың негізгі міндеті – сөйлеу тілінің қалыпты 
дыбысталуын қалыптастыру болып табылады, яғни мұрындық ренксіз 
сөйлеуді қалыптастыру. Логопедиялық әсердің мұндай бағыттылығы қол 
жетерлік. Операциядан кейінгі кезеңде ауа ағыны мұрын қуыстарынан сәл 
шықса да дұрыс артикуляцияға тәрбиелеуге және оларды анық айтқызуға 
болады. Операцияға дейін алған дағдылары операциядан кейін де сақталып, 
кейінгі жұмысты жеңілдетеді де, уақытты қысқартады. 
Ринолалиясы бар балалармен жұмыс кезіндегі басты шарт – сөйлеу 
аппаратының сау бөліктерін (төменгі және ортаңғы бөлімдерін) белсенділеу 
болып табылады. Логопедиялық әсер барысында жоғарғы ақаулы бөлімге аз 
салмақ түсуі керек. 
Ашық ринолалядағы логопедиялық түзету жұмысының негізгі қағидалары 
 
Ашық ринолалиядағы логопедиялық жұмыс қағидалары аталмыш 
бұзылыстардың мәнінен және себептерінен тарайды: 
1.
әдістеменің негізінде физиологиялық тынысты қолдану қағидасы
жатыр. Кейіннен тыныс алудың бұл түрі сөйлеу кезіндегі диафрагмальді ауыз 
арқылы дем шығарып тыныс алуға біртіндеп ауыстырылады; 
2.
сөйлеу кезіндегі тыныс алудың мұндай типін дамыту сөйлеу тілі
дыбыстарының артикулемаларын қалыптастырумен бір уақытта жүргізіледі. 
Тыныс алуды және артикулеманы қалыптастырудың параллельділігі алғашқы 
сабақтарда-ақ сөйлеу тілінің дыбыстарын дұрыс айтуға мүмкіндік береді; 
3.
ринолалиядағы дыбыс айтудың тотальді бұзылысы байқалады. Соған
байланысты логопедиялық жұмыста сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын 
дұрыс айтқызып қалыптастыруды міндетті түрде қайтадан бастау қажет. 
Сөйлеу тілінің кейбір дыбыстары дыбысталуы бойынша дұрыс болып 
көрінуі мүмкін, бірақ бұл дұрыс емес, себебі, артикуляциялық аппарат 
бұлшық еттерінің қатаюы және тілдің дұрыс емес қалпы қалыпты (дұрыс) 
артикуляцияны қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан мұндай дұрыс болып 
көрінген дыбыстарды логопедиялық сабақтарда пайдалануға болмайды. 
Сонымен, ринолалиясы бар баламен жұмысты бастағанда, бала айта 


171 
алатын барлық дыбыстардан бас тартып, жұмысты қайтадан бастау қажет. 
Бұл жол біздің күшіміздің тиімділігін қамтамасыз етеді. 
4.
ринолалияда дыбыстар бойынша жұмыстың кезектілігі дыбыстардың
артикуляциялық базасының дайындығымен белгіленеді. 
Сөйлеу тілінің дыбыстары бір-біріне тәуелді және бір бірімен байланысты, 
сондықтан, дұрыс айтылатын дыбыстардың бір тобының бар болуы басқа 
дыбыстар топтарын қалыптастырудың туынды базисі болады. Бар 
дыбыстардың артикулемалары жаңа дыбыстар тәрбиеленетін қажетті негізі 
болады. Жеке дыбыстарды қойғанда әртүрлі сүйеніш дыбыстарын қолдануға 
болады; 
5. дыбыстың артикуляциялық базасын дайындау арнайы 
артикуляциялық гимнастика арқылы жүргізіледі. Бұл гимнастика үнемі 
баланың сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамытумен кезектеліп жүргізіледі. 
Артикуляциялық праксисті дамытуға арналған жаттығулар жүйесіндегі 
бастысы – сөйлеу аппаратының бұлшық еттер топтарының физиологиялық 
өзара әрекеттерін қолдану, яғни олардың өзара байланысын және бір-бірінен 
тәуелділігін пайдалану. 
Дыбыстардың 
негізгі 
артикуляциясына 
негіз 
болмайтын 
дөрекі 
артикуляциялық жаттығуларды (тілді шығарып ұстау, тілді шығарып 
жоғарғы ерінге тигізу т с.с.) қолданбау қажет, себебі олар жеке дыбыстардың 
артикуляциясын бекітуге қажетті еркін қозғалыстарға мүлдем сәйкес 
келмейді. 
Дыбысты айтуға қажет қозғалыстарды үйретіп, жаттықтыру қажет. 
Ескертетін жағдай: бала көрсетілген қимылды оңай, қиналмай орындауы 
керек, себебі, қиналуы сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің басқа топтарына
берілуі мүмкін. 
Қосымша артикуляциялық жаттығуларды қажетті жағдайларда және 
жекелеген жоспарда ғана қолдануға болады.
Барлық қосымша жаттығулар физиологиялық еркін болып, бала қиындықсыз 
орындауы қажет. Олар аралас бұзылыстарда жиі қолданылады. Мысалы, 
дизартрияның ауыр түрінде ринолалиямен күрделенген жағдайда массаж 
және механикалық көмек қолданылады. Оларды қолдану барысында қажетті 
бұлшық еттер қозғалыстары дамып, тілдің бір жағының босаңсығанын 
түзетуге арналған қимылдар жасалып жаттықтырылады. 
6. дыбысты айтқызғанда ең алдымен баланың назары дыбыстың 
артикулемасына аударылады; оның ескі үйренген артикуляциясы пайда 
болған дұрыс дыбыстың бекуіне кедергі жасамау үшін баланың назарын 
дыбысқа, оны естуге аудармауымыз керек. Бала алдын-ала қай дыбысты 
айту бойынша жұмыс жасалып жатқанын білуі керек. 
7. дұрыс сөйлеу дағдылары кейде логопед, кейде ата-анамен логопедтің 
басқаруымен бекітіліп отырады. Алғашқы 10-15 сабақтарда дұрыс сөйлеудің 
дағдыларын қалыптастыруды тек логопед жүргізеді, яғни балаға үйге 
тапсырма берілмейді. Артикуляцияларды бала меңгерген соң, дыбыстардың 
әріп таңбалары еңгізіледі: логопедпен сабақта орындалған сөйлеу 
материалын ата-ананың қадағалауымен өзіндік сабақтарда бекітуге болады. 


172 
Жеке дыбыстардың айтылуын бекіткеннен кейін оларды логопед 
қадағалауымен сөзде, сөйлемдерде машықтандыру жұмысы жүргізіледі. 
Сабақтардағы сөйлеу көлемі біртіндеп кеңейеді, контекстті сөйлеу тіліне 
дейін күрделеніп, соңғы сөйлеу дағдылары диалог ретінде баламен жаңа 
жағдайларда бекітіледі. 
Жоғарыдағы қағидаларға сәйкес А. Г. Ипполитова ринолалиясы бар 
балалармен операцияға дейін және операциядан кейінгі кезеңде дұрыс сөйлеу 
тілін дамытудың әдістемесін құрастырған. Әдістемедегі сабақтар оңай және 
физиологиялы, баланы жалықтырмайды, логопедтің еңбегін едәуір 
жеңілдетеді де, логопедиялық сабақтардың уақытын қысқартады. 
Жұмыс сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды қалыптастыруға және бір 
уақытта дұрыс артикулемаларды құрастыруға негізделген. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау