I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет43/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   230
Логопедия

Еріндік-тістік сигматизм
кезінде балаға ең алдымен 
С
дыбысын 
айтқанда төменгі ерін жоғарғы күрек тіске түйіспеуі, немесе жақындамауы 
керек екенін көрсету қажет. Егер балаға айна арқылы көзбен бақылау 
жеткіліксіз болса, онда ерінді жалаңаштаған тіс тізбегіне тигізіп, айырып 
көрсетіп, қарапайым артикуляциялық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. 
Қажет болғанда төменгі ерінді шпательмен немесе саусақпен төмен тартатын 
механикалық көмек қолдануға болады. 
Баланың механикалық көмексіз-ақ төменгі ерінді тиісті қалыпта ұстауға 
жаттығуын күтіп отырмай, осы дыбысты буындар мен сөздерді айтқызуға 
жаттықтыру пайдалы. Жаттығулар прогнатия жағдайында да дұрыс сөйлеуге 
дағдыландырады. 
Тісаралық сигматизмде,
тіс-жақ жүйесінің ақаулығымен қиындамаған


89 
13-сурет. С фонемасының қолмен көрсету 
болса, кейде тісті кысып түйістіріп 
С
дыбысын созып айту да жеткілікті, егер 
ысқырықсыз, шамалы шу шықса, төменде ұсынылатын қосымша тәсілдерді 
қолдану керек. 
Үйреншікті тіс арасына тілдің шыға беруін тоқтату үшін буынмен, 
сөзбен жаттығуларды тістерді қысып тұрып жасау керек. Бұл әсіресе С дыбыс 
буын мен сөз басында келсе де ерекше маңызды. Алайда мүмкін болған сәтте-
ақ мұндай «тістеніп» сөйлегенді тоқтатып, қалыпты айтуға көшу қажет. 
Жаттығу кезінде айна арқылы артикуляцияны көзбен бақылау қамтамасыз 
етіледі. 
Егер тісаралық сигматизм тіс-жақ жүйесінін дұрыс құрылмауы, немесе 
сүт тістерінің түсу нәтижесіндегі алдыңғы тіс қалпына байланысты болса, 
кемшілікті түзетудің маңызды алғы шарты тіс қалпын түзету болмақ, бірінші 
жағдайда ол стоматология құралымен жасалады, екіншіде табиғи тұрақты тіс 
шығуымен түзеледі. Алайда ашық тіс қалпында тіл артикуляциясын түзету 
яғни тіл ұшын төменгі күрек тістің қызыл иегі астына шығару да тиімді. 
14-сурет № 2 зонд
Тіс төңірегі сигматизмінде
С
дыбысын әуелі бөлек 
кейін 
буын, 
сөз 
құрамында 
созып 
айту, 
артикуляцияны дұрыс көрсетуі арқылы түзетеді. 
Артикуляцияны 
схемалық 
суретпен 
бейнелеп 
көрсету пайдалы. Бала
С
дыбысын дұрыс айтқанда 
қол сырты арқылы жіңішке, күшті, салқын ауа 
ағымын /төменгі қиғаш бағытталған/ сезінуі де көмек 
береді. Тіс қалпының күрделі аномалиясы немесе тіл 
икемінің жеткіліксіздігі жағдайында Зондтың көмегі
мен төменгі және жоғарғы күрек тістер арасында ең 
аз саңылау сақтай отырып, тіл ұшын төменгі күрек 
тіс тұсында ұстайды. 
Осы мақсатта № 4 зондта пайдаланады. Зонд, ол тіл ұшы көтеріліп күрек
тістер арасындағы саңылауды жаппауы үшін төменгі ұшы тістерге көлденең 
қойылады. 
Тіл икемділігі жетпегенде артикуляциялық жаттығулар елеулі көмек береді.


90 
15-сурет № 2 зондын 
тісаралық сигматизмді 
пайдалану
Атап айтқанда тілді тіс арасына тигізу, оны ашық 
ауыздан астаушалап шығару, тіл үстін деңес 
сигматизмді түзетуге пайдалану иіп ашық ауадан 
астаушалап шығару, 
тіл үстін дөңес иіп ұшын төменгі қызыл иекке тіреу. 
Бұл жаттығулар күрек тістер жақын орналасқан 
жағдайда тілдің дұрыс қалпын орнықтыруға, дұрыс 
дыбыс шығаруға көмектеседі. 
Ызың сигматизмде
алдымен 
С
дыбысының дұрыс, теріс айтылу 
ерекшеліктеріне назар аудару керек. Алайда бұл әдіс мақсатқа сирек жеткізеді.
Себебі бекіп қалған ақаулық ызың-ысқырық дыбыстарын анық 
ажыратқан жағдайда да 
С
дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеруін 
қамтамасыз етпейді. Сондықтан ауызды ашып отырып балаларға 
артикуляцияның дұрысын айнаның алдында және кемшілік артикуляцияның 
айырмашылығын, өз саусағымен өрнектеу арқылы сезінуге көмектесуі керек. 
Тілдің дұрыс қалпын тапқан соң, балаға дем шығарып, ауа ағынын 
сезінуге мүмкіндік беріледі. 
Егер аталған тәсілдер нәтиже бермесе, 
С
дыбысын тіс-аралық 
артикуляциясын уақытша орнықтыру керек. Мұндай қарама-қайшылық 
арқылы тілдің алдыңғырақ және кейінірек қалпын айыру жеңіл. Одан әрі 
буын, сөз материалдары арқылы С дыбысының тіс аралық артикуляциясын, 
қалыптастырып, оны Ш дыбыстарынан ажыратып болған соң дыбысты тіспен 
қысып айтатын қалыпқа, тіс аралық сигматизді түзететін тәсілге көшуге 
болады. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау