I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет129/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   230
Логопедия

12-БӨЛІМ.

АФАЗИЯ 
 
Афазия
(
грекше “а”-теріс мағыналы қосымша, “phasis”-айту
)
- сөздің 
бұзылуы, есту және артикуляциялық аппаратының қызметінің сақталуы 
кезіндегі тіл құралымының толық немесе жарым-жартылай қолдану 
мүмкіндігін жоғалтуы. Афазия кезіндегі толық немесе жарым-жартылай 
сөйлеуді жоғалту бас миының жергілікті зақымдануымен байланысты. 
Афазия – психология, неврология, физиологияның көне мәселесі. 
Афазияның сипаттамасын толықтыруға, анықтауға жаңа зерттелердің 
деректері мүмкіндік берді.
Афазия дегеніміз бас мидың органикалық бұзылуының салдарынан 
сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы.
Ол сөз байланысының әр деңгейін қамтиды, 
оның басқа психикалық процестерімен байланысына әсер етеді және 
адамның барлық психикалық ортасының дезинтеграциясына әкеліп соғады, 
әсіресе сөз қызметінің қатынасын бұзады. 
 
Афазия кезінде фонологияның сөздік деңгейлерін қамтитын (фонетика, 
лексика, грамматика) сөйлеу қызметінің жүйелі бұзылуы байқалады. Афазия 
өзіне келесі құрамаларды қосады: ауызша қатынасуы және сөздің бұзылуы; 
басқа психикалық процестердің бұзылуы; даралық өзгеруі және ауруға деген 
жеке реакциясы. 
Афазия жөнінде кейбір мәліметтерді XVII ғасырдың клиникалық 
әдебиеттерінде кездестіруге болады. Бұл бұзылысты қарқынды зерттеу XIX 
ғасырдың аяғында басталды. «Афазия» терминін француз ғалымы Труссо 
1864 жылы енгізді. Афазия жөніндегі ілімнің дамуын үш кезеңге бөлуге 
болады. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын 
бірінші кезең
деп 
білеміз. Осы уақытта неврология классиктері афазияның негізгі екі түрін 
(формасын) ажыратты: моторлы афазия (П. Брок (1861) афазиясы) және 
сенсорлы афазия (К. Вернике (1874) афазиясы). Кейінгі он жылдың ішінде 
афазияның басқа да түрлері сипатталып, ажыратылды. Олардың негізіне
моторлы және сенсорлы бұзылыстардан басқа оданда күрделі процестердің 
бұзылыстары алынған. Осылай өткізгіш (проводниковая)
афазия бөлінді. 
Оның жалғыз симптомы ретінде моторлы және сенсорлы орталықтардың 
арасындағы «жолдардың үзілісінің» салдарынан сөзді қайталауының 
бұзылуы есептелді. Кейіннен сенсорлы және моторлы 
транскортикальды
афазия ажыратылды. Бұл жағдайда сөз қайталауы сақталғанымен спонтанды 
сөйлеуі бұзылған болып келеді. Кейіннен сенсорлы және моторлы 
субкортикальды
афазия пайда болды. Онда ми қыртысының моторлы және 
сенсорлы 
орталықтарынан 
мидың 
төменгі 
бөліктеріне 
апаратын 
«жолдарының үзілісі» байқалады.
Афазияның келесі түрі - 
амнестикалық.
Мұнда сөйлеу үрдісінің 
сенсорлы және моторлы компоненттері сақтаулы, бірақ «сөзді есте сақтау 
орталығы» зақымдалған болады. Осының салдарынан заттың атауы 
бұзылады.


277 
Екінші кезең.
ХХ ғасырдың 40-жылдары афазиологияның қарқынды 
дамыған кезі болатын. Физиология, психология, неврология, нейрохирургия 
және т.б. ғалымдардың қарқынды дамуы жаңа ғылымның, яғни 
нейропсихологияның ашылуына ықпал етті. Бұл ғылым афазия жөнінде 
ілімнің дамуының негізін қалады. Афазия туралы жаңа ілімнің негізін 
қалаған А. Р. Лурия еді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген осы 
бұзылыстың классификациясының авторы да А. Р. Лурия. 
Үшінші кезең,
А. Р. Лурияның ұйғарымы бойынша - болашақтың ісі. 
Афазия 
жөнінде 
зерттеулер 
жалғастырылды 
және 
қазіргі 
кезде 
жалғастырылуда (Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова, Т. Г. Визель, П. А. Овчарова, 
В. В. Оппель, Е. Н. Правдина-Винарская, В. М. Шкловский және т.б.). Соңғы 
жылдары ғалымдар жартышарлар ассиметриясы мәселесіне қызығушылық 
тантып отыр, нақты айтсақ, сөйлеу тілінің оң жартышармен өзара байланысы 
туралы және оның ырғақ-әуезділігін іске асыруда оң жартышардың рөлі 
көрсетілген.
Афазияның себептері 
Сөйлеу тілі қалыптасып болған кезеңде бас мидың сөйлеу жүйелерінің
әр түрлі органикалық зақымдалуға ұшырауы афазияның пайда болуына себеп 
болады: бас ми жарақаттары, мидың қабынуы, ісіктері, тамыр ауырулары 
және мидағы қан айналымының бұзылуы (инсульт). Афазияда ми 
қыртысының жартышарының маңдай, төбе, самай және желке бөліктерінде 
зақымдалу байқалады. Афазияның түрі, ауытқу күрделілігі және сипаты 
зақымдалған ошақтың көлемі мен оқшалануына; мидың қан айналымының 
бұзылуына; орын басу міндетін атқаратын мидың зақымдалмаған
бөліктеріне тәуелді болады. Афазияның сипатына, пайда болуына және кері 
дамуына әр түрлі патологиялық процестер ықпал етеді. Мұны афазиялық 
зақымды талдау барысында ескерген жөн. Әр этиологиялық фактор 
дамуының өз ерекшеліктеріне ие. Сондықтан негізгі ауытқудың ағымының 
әр түрлі кезеңінде афазияның синдромы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ми 
ісігінің ұлғаюынан пайда болған афазияның симптомдары әртүрлі, жиі ми 
қыртысы симптомдары байқалады. Бұл мидың ошақтық зақымдалуының 
салдарынан афазияға тән емес интеллектуалды-мнестикалық процестерінің 
бұзылыстарына және психикасының басқа да өзгерістеріне әкелуі мүмкін.
Қан тамырының ауырулары кезінде инсульттің сипатына (ишемиялық немесе 
геморогиялық), атеросклеротикалық процесінің таралуына қарай афазия әр 
түрлі бол болады.
 
Геморрагиялық инсульт деп

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау