Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеу. Көп ұлтты қоғамда әр адам бойында толеранттылық қабілеттерін дамытып, өзара сыйластық және сенімділік қағидаларын қалыптастыру өте маңызды. Көпмәдени тұлғаны қалыптастыру ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып адамның салт-дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына бейімделуін, олардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге ұмтылушылықтарын нығайту қарастырылады. Әр халықтың мәдени өзгешеліктерін сақтай отырып халықтар арасындағы достықты, түсіністікті нығайту көпмәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі. Ал сол көпмәдени тұлғаны қалыптастыру білім беру үдерісінде іске асырылып, оның нәтижелерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |