Күтілетін нәтиже:
Оқушылар білуге тиіс:
1.Химияның негізгі түсініктері: электролиттер, бейэлектролиттер
2.Органикалық заттардың көптүрлілігінің себептері, теориялары
3.Металдар мен бейметалдардың қосылыстары, қасиеттері
4.Электролиттік диссоциацияланудың иондық теңдеулері
5.Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің негізгі заңдылықтары, қышқыл-негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиеттерін атомдардың құрылысы туралы білім қалыптастыру.
6.Есептер шығары тиіс:
- Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін
-газдардың көлемдік қатынасын
-химиялық реакциялардың жылу эффектісін
-салыстырмалы тығыздығы бойынша газтәрізді заттардың молекулалық формуласын
-ерітіндінің белгілі массасындағы еріген заттың массасы, массалық үлесін табу, т.б.
Түсінік хат
8-сыныптың негізгі мәселелерін қайталай отырып, сан есептері: масса, зат мөлшері, ерітіндінің тығыздығы, газдың көлемі, Авогадро тұрақтысы арқылы есептеулерді үйренеді.
Ал «электролиттік диссоциациялану теориясы » бойынша электролиттер, бейэлектролиттер , күшті, әлсіз электролиттер, ион алмасу реакциялары және жүру жағдайлары туралы түсінік қалыптастырылады.
«Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары» тарауында күкірт, азот, фосфор, көміртек, кремний элементтерінің қосылыстары, аллотропиялық түр өзгерістері, табиғатта кездесуі, Қазақстанда өндірілуі, тиімді қолдану барысы қамтылады.
«Металдар және олардың қосылыстары, Металлургия» тарауында кальций, алюминий, темір және олардың құймаларының қосылыстары, таралуы, қолданылуы және сандық есептер (шығаруға үйрету) реакция теңдеуі бойынша қоспаның құрамындағы заттың массалық үлесін анықтау.
« Көміртектің органикалық қосылыстары » тақырыбы бойынша органикалық химия туралы негізгі қағидаларға тоқталу көмірсутектердің жүктелуі, номенклатурасы және изомериясы, генетикалық байланыс, көмірсутектердің табиғи көздері туралы білім беру.
Метан, этан , этилен , ацетилен, бензол, этанол, сірке қышқылы туралы жан-жақты үйрену. Органикалық және бейорганикалық заттардың байланысы, адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері, химиялық ластанудың көздері, себептері, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудағы химияның рөлі туралы қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |