Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет219/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   444
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жағдайлар мен рухани ортаның мә нін 
ашуды көздеген [62,406]. Сол арқы-
лы Мағжан поэзиясының ұлттық, 
халықтық сипаттарын ғылыми са-
ралап берді. Бұған дейін әдеби-
теориялық ой-пікір бұл ұғымдарды 
тек сөз арасында ғана айтып қалып, 
жеке ақын шығармашылығына орай 
ғылыми терең қарастыруға ден-
деп бара алмай жүрген болатын. 
Ұлттық әдебиеттану ғылымының 
туу кезеңіндегі әдеби-теориялық ой-
пі кірдің өсу, кемелденуі жолын да 
мақала қосқан ең басты жаңалық та 
осы болды. Мағжанның «кедейдің 
ақыны емес, ұлт ақыны, ұлтты жал-
пағынан алып қарайтын», халықшыл 
ақын екенін дәлелдеу – мақаланың 
бүкіл желісінің өзегі болуы да сон-
дықтан болар. 
Мақаланың әдеби-теориялық ой-
пікірге қосқан тағы бір ерекше жа-
ңалығы – Мағжан поэзиясындағы 
әдеби ағым және көркемдік әдістер-
ді анықтау мақсатында теориялық 
талдау жасауы. Қазақ әдебиетінің 
көркемдік деңгейі қандай дәуірде де-
ген проблема баспасөзде жан-жақты 
сөз болғанда тың пікірлер білдірген 
Ж. Аймауытов бұл мәселені де нақ-
ты сөз етеді. «Мағжанның алғашқы 
кездегі өлеңдерінде неше түрлі рух 
бар. Сыртқы түрінде орыстың бейне-
шілдеріне (символист) еліктесе, іш-
кі рухында күйректік, жылауықтық 
(сен тиментализм), романтизм бол-
ды. Сентиментализм әсіресе, әйел 
теңдігіне арнап жазған өлеңдерінде 
ұшырасады», – дей келіп, осылардың 
әрқайсысына нақты мысал келтіре 
отырып дәлелдейді. Сын мен әде-
биеттану ғылыми тарихында әдеби 
ағым мен әдіс тұрғысынан да алғаш 
теориялық талдауға түскен де Мағ-
жан поэзиясы болғанын атап айту ке-
рек. Бұл бағыттағы әдеби-теориялық 
талдаулары авторға: «Мағжан – 
терең күйдің ақыны емес, нәзік 
сезімнің, тәтті қиялдың, ақыны, ол 
– кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны. 
Ел ішінде бай, кедейдің арасын-
да қиянатты, теңсіздікті көрмейді. 
Ұлтты жалпағынан алып қарайды. 
Ол түрікшіл, санашыл, уайымшыл, 
өзімшіл ақын, бұл жағынан қарасақ, 
ол – ескі пікірлі ақын.
Жақсы жағын алсақ, ол сыр-
шыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, 
түрікшіл, романтик, мәдениет шіл, 
отар шылдыққа, жауынгершілікке қар -
сы күншығысшыл екен» деген тұ-
жырым жасауға мүмкіндік береді. Бұл 
пікірдегі «ескі пікірлі ақын» деген-
ді теориялық тұрғыдан түсіну керек. 
Санашыл деп отырғаны идеализм 
болса, уайымшылы – сентимента-
лизм. Сондықтан ол төңкерісшілдер 
таңған «ескішіл керітартпа, бай-
шыл-феодалшыл» деген түсінікті 
білдірмейді. Автор Мағжан шығар-
ма шылығына маркстік-лениндік әдіс -
нама тұрғысынан қарап отырған-
дықтан да санашылдық (идеализм) 
пен күйректік (сентиментализм) 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


237

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау