Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
104
сөйтіп, адамзаттың ардақтысы (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) ол үйге айша анамызбен бірге
барады
145
.
Бұл сүйіспеншілік басқа әйелдердің де назары-
нан тыс қалмады. Тіпті кейде олар айша анамызға
қызғанышпен қарайтын. Бір күні
отырып өзара
келісіп, фатима анамыз арқылы бұл жағдайды
алланың елшісіне жеткізбек болды. фатима анамыз
барып:
– Уа, алланың елшісі! Отбасың Әбу Бәкірдің
қызы мәселесінде сенен әділдік талап етеді! – деді.
Жағдайдан хабардар әкесі фатимаға қарап:
– Қызым, сен менің жақсы көргенімді жақсы
көрмей тұра аласың ба? – деді.
Бұлайша сұрақ беру арқылы берілген жауаптың
астарында зілді үкімнің бар екені байқалатын.
Пайғамбарымыздың
даусындағы жұмсақтық пен
берілген жауаптың астарындағы маңызды мағына
қызының өкінішін тудырды. сондықтан фатима:
– Әрине, жақсы көремін, – деп жауап берді.
нәби де қызынан осындай жауап алатынын жақсы
білді. алла елшісінің жақсы көргенін жақсы көрмеу
жөн емесі анық. Өзінің айтқанына қатты өкінген
фатимаға айша анамызды көрсетіп:
– Ендеше, айшаны да жақсы көр, – деді.
Хазірет
фатима меселі қатқандай болып,
жағдайды аналарымызға айтты. Бірақ, олар бұған
қанағаттанбай, өтініш жасап, қызын әкесіне тағы бір
рет жібергілері келді. алайда, жауап нақты болатын.
145
Қараңыз: мүслим Әшриба 139 (2037); ахмад ибн Ханбал, мүснәд
3\123 (12265)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
105
Пайғамбарымыз олардың бұл талабына оң жауап
бермеді. Өйткені, алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) айшаны басқа аналарымызға қарағанда
айрықша
жақсы көретін
146
.
Енді олар Үммү сәләмә анамызды араға салды.
Өйткені, оның расулмен бұрыннан туыстығы бар
еді
147
. алайда, нәтиже өзгермеді. Оған да:
– Үммү сәләмә, айшаны айтып мені қинамаңдар.
Одан өзгеңнің қасында болғанымда маған уаһи келген
емес, – деген жауап айтылды
148
.
Демек, мәселе басқада: пайғамбар таңдауы
Жаратушының қалауымен астарлас екен. сол күні
осындай ескерту естіген Үммү сәләмә (р.а.) бірнеше
жылдан кейін айша анамыздың қайтыс болған хаба-
рын естігенде қайғырып, былай деді:
–
ант етейін, әкесінен кейін алла елшісі үшін ең
сүйікті жан өмірден озды
149
.
Бәрі бұл махаббатты анық байқайтын. Кейде
әйелдері өз араларында туындаған келіспеушіліктің
тігісін жатқызып, расулалланың
қайтадан көңілін
табу үшін айша анамызды араға салатын. Бір күні
сафия анамыз оған:
– айша, жарыңның көңілін аулай аласың ба?
Егер мұны жасасаң саған өз күнімді беремін, – деген
ұсыныс жасады.
146
Бұхари, Хиба7 (2442)
147
Үммү сәләмә анамыздың күйеуі Әбу сәләма пайғамбарымыздың
әпкесінің баласы еді, олар емшектес бауыр болатын. Қараңыз: Иб-
нул Әсир, Усудул ғаба 1\632
148
Бұхари, Хиба 7 (2442); фадаилус сахаба 30 (3564); нәсәи, Ишратун
ниса 3 (3950); Тирмизи, мәнәқиб 63 (3879)
149
Хаким, мүстадрак 4\15 (6746); Әбу нуайм, Хилияту әулия 2\44;
Ибнул Әсир, Усудул ғаба 1\1395