Философия Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде пайда болды. Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор, ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады. Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады. Философия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма. Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi. Философияның бастапқы негiздерi мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,физика, астрономия,медицина ) жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |