46
қайтарады. $query параметрі SQL тілі ережесі бойынша құрылған жол.
Алдындағы орнатылған байланыс қолданылады $link_identifier, ал ол болмаған
жағдайда – соңғы ашық байланыс.
Олар сәтті орындалған не орындалмағаны туралы тек белгіні қайтаратын
бірнеше SQL командалары (мысалы, ол UPDATE, INSERT және т. б.
командалар) бар. Бұл жағдайда белгі функциямен қайтарылады. Керісінше,
SELECT сұранысы үшін шығарылым идентификаторы қайтарылады, егер нөл
болса, қате болғандығын білдіреді.
Шын мәнінде сұранысты орындауға арналған тағы бір функция бар, бірақ
ол ондай қолдануға ыңғайлы емес. Себебі әр сұраныс сайын қатынауға қажет
мәліметтер базасының атын көрсету керек.
int mysql(string $dbname, string $query [,int $link_identifier])
Қызметі mysql_query() сияқты, тек қатынау таңдалған мәліметтер
базасына емес, $dbname параметріне көрсетілгенге орындалады. Егер сізде
бірнеше мәліметтер базасы бар болса бір уақытта қатынас жасасаңыз, бұл
функцияны пайдалану сізге тиімді болады.
47
3 Программаны құрудың қадамдары
3.1 Программаның деректер қорын құру
Деректер қоры дегеніміз - ЭЕМ-ның сыртқы жадында ұзақ мерзім бойы
сақтауға, оларды үнемі жаңарып отыруға және қолдануға арналған
мәліметтердің ұйымдасқан жиынтығы. Деректер қорын құрып отырып
пайдаланушы ақпараттарды қандай бір белгісі, қасиеті бойынша тез реттегісі
келеді. Осы кезде деректер құрылымына көп көңіл бөлінеді.
Деректер қоры мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдастырылған
құрылым. Деректер қоры сөзі мағынасын кеңінен алып қарастырсақ ол қандай
бір заттақ аймақта, шынайы әлемдегі нақты объектілер жайындағы
мәліметтердің жиынтығы.
Деректер құрылымын жасау дегеніміз - деректерді құрылу ретіне қарай
орналастыру.
Деректер қорын құру үшін, алдымен Apache-ны іске қосамыз (3.1-сурет).
Сурет 3.1 - Apache-ны іске қосу
48
Сурет 3.2 - Apache-ны қайта іске қосу
Сурет 3.3 - Apache-ны тоқтату
Одан кейін браузерді ашып, http://localhost/phpmyadmin/ арқылы
phpMyAdmin 2.5.6 деректер қорын құратын программаға кіреміз. Мұнда
түсіндірмелі сөздіктердің мәліметтері сақталған.
Жалпы менің tolk_slovar деп аталатын деректер қорым бес кестеден
тұрады: fizSlovar, infSlovar, tehSlovar, tolykSlovar және titulka (3.4-сурет).
49
Сурет 3.4 - Деректер қорындағы кестелер
Алғашқы fizSlovar, infSlovar, tehSlovar кестелерінде сәйкесінше
сөздіктердің мәліметтері енгізілген, ал tolykSlovar сұраныстар арқылы құрылған
уақытша кесте, бұл кесте алғашқы үш кестеге тәуелді, яғни ол кестелерге
мәліметтер енгізілсе, автоматты түрде tolykSlovar кестесіне тіркеліп отырады.
fizSlovar, infSlovar, tehSlovar, tolykSlovar кестелерінің бәрінде өрістері
бірдей: id, soz_kz, soz_ru, soz_en, anyktama сәйкесінше берілген сөздің id нөмірі,
қазақша, орысша, ағылшынша аудармалары және анықтамасы. Мысалы 3.5-
суретте fizSlovar кестесінің өрістері көрсетілген.
Сурет 3.5 - Кесте өрістері
Кестеге мәлімет енгізу үшін "Вставить" батырмасын шертеміз. Ашылған
терезеде кестенің өрістеріне сәйкес мәліметтерді енгіземіз (3.6-сурет).
50
Сурет 3.6 - Кестеге мәліметтер енгізу
3.2 Қолданушы интерфейсі
Интерфейс – кең мағынасында өзара әрекеттесетін тәуелсіз нысандардың
әрекеттесу стандарттарымен анықталған шекара. Интерфейс өлшемдерді,
процедураларды және өзара әрекеттесетін нысандардың сипаттамасын береді.
Программаны жүзеге асыру үшін, алдымен Apache-ны іске қосамыз (12-
сурет). Одан кейін браузерге кіріп http://localhost/phpsite/ арқылы
программаның бастапқы беті ашылады. Электронды түсіндірме сөздіктің
бастапқы беті төменде 3.7-суретте көрсетілген.
Сурет 3.7 - Электронды түсіндірме сөздіктің бастапқы беті
51
АКТ(Ақпараттық және коммуникациялық технология) бойынша
интернеттік көп тілді түсіндірмелік сөздігінің бастапқы бетінде үш негізгі
түсіндірме сөздік және толық түсіндірме сөздік орналасқан. Ізделінетін сөзді
"Сөз іздеу" бөліміне жазу арқылы керекті түсіндірме сөздікті таңдап, сол сөздің
түсіндірмесін алу мүмкіндігі қарастырылған.
3.3 Программалауды сынақтан өткізу
Бұл программа қарапайым болғанымен жұмыс істеу принципі өте
күрделі. Егер "Сөз іздеу" бөліміне ештеңе жазбай, Ақпараттар теориясы,
Телекомуникациялық технологиялар, Компьютерлік логика түсіндірме
сөздіктерінің біреуін таңдап "ОК" бассақ (3.8-сурет), таңдалған бөлімдегі
мәліметтер шығады. Мысалы, 3.9-суретте Ақпараттар теориясы түсіндірме
сөздігін таңдағандағы іс-әрекет көрсетілген.
Сурет 3.8 - Ақпараттар теориясы түсіндірме сөздігін таңдалуы
Достарыңызбен бөлісу: |