Тақырыптық карталар.
121. Тақырыптық картаның арнаулы мазмұны дегеніміз не?
122. Тақырыптық картаның географиялық негізіне қандай көрністер жатады.
123. Тақырыптық картаның географиялық негізі қандай қызмет атқарады.
124. Картографиялық бейнелеудегі белгілік әдіс арқылы көрністің абсолюттік шамасын белгінің сызықтық мөлшері арқылы оның ауданын немесе көлемін беруге бола ма?
125. Бейнелеудің нүктелік әдісіндегі статистикалық тәсілінде әрбір аудандардағы көрністің қосынды шамалары белгілі болғанда нүктелерді қалай орналастырады.
126. Тақырыптық карталарда көптеген табиғи және әлеуметтік-географиялық элемнттердің көрністері сипатталып берілген карталар қалай аталады.
127. Картограмма әдісі арқылы белгілі бір көрністің сандық көрсеткіштерін көре аламыз ба?
128. Картада бейнеленген территория бөліктерін бір-бірінен ажырату арқылы сапалық көрсеткіштерін көрсететін тақырыптық картаның бейнелеу әдісін ата.
129. Тақырыптық карталарда жануарлар мен өсімдіктердің таралыу аймағын қандай әдіспен бейнелеуге болады.
130. Ареалдар әдісі қалай бейнеленеді?
131. Картодиаграмма әдісінің шартты белгілері шеңбер пішінде, квадрат, тік бұрыштар немесе баска да геометриялық фигуралар түрінде болады, ал осы әдісте объектінің сұлбасы түрінде бейнеленген суреттерді, орыс немесе латын әріптерін қолдануға бола ма?
132. Кеңістіктегі әр түрлі объектілердің және көрністердің қозғалысын көрсету үшін пайдаланатын тақырыптық карталардың бейнелеу әдісі қалай аталады.
133. Объектілердің орналасуын және қашықтық ерекшеліктерін белгілеу үшін пайдаланатын тақырыптық картаның бейнелеу әдісін ата.
134. Картада бейнеленген территорияның бөліктерін бір-бірінен ажырату арқылы сапалық ерекшеліктерін көрсететін тақырыптық картаның бейнелеу әдісін атаңдар.
135. Тақырыптық картада қозғалатын көрністің шамасын көрсету үшін (жүктің салмағы, жолаушылар саны және т.б) ені әр түрлі белгілерді қолданады, бұл белгілерді қалай атайды.
136. Тақырыптық карталарда көрністің кеңістіктегі қозғалысын және оның өзгерісін уақыт бойынша да бейнелеуге бола ма?
137. Саяси - әкімшілік карталары қандай тақырыптық карталардың бейнелеу әдістерімен бейнеленеді.
138. Нүктелік әдістің географиялық тәсілінде көрністің сандық шамаларын көрсету үшін нүктелерді қалай орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |