География пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша оқушының танымдық белсенділігін арттыру



жүктеу 448 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі448 Kb.
#22574


Нургалиева Жамиля Есимовна 

Ақсу негізгі мектебінің география пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданы, Ақсу ауылы 

География пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша 

оқушының танымдық белсенділігін арттыру 

 

География  пәні  –  өзіндік  ерекшелігі  бар  пән.  Ол  жалпы  құрлық  –  жер 



бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік – жануарлар дүниесін, жер 

бедерін,  байлығын  және  өмір  сүріп  отырған  бірнеше  мыңдаған  ұлттар  мен 

ұлыстардың  тіршілігін  зерттеп  үйрететін  ғылым.  Сондықтан,  география  пәні 

мұғалімі болу деген сөз – кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті күшті, 

мазмұн – табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, әрі осыны қажет етеді. 

Әрбір пән мұғалімінің мақсаты – оқушыларға сапалы білім беру. Сабақта 

қолданылған  оқытудың  әр  түрлі  әдістері  оқушылардың  білім  сапасын 

арттыруда  және  пәнге  қызығушылығын,  сонымен  қатар  әр  баланың іскерлігін, 

ізденімпаздығын,  байкау  қабілеттерін  жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  Сабақта 

қай  тақырыпта  болса  да  ғылыми  –  теориялық  әдебиеттер,  оқу-  әдістемелік 

құралдар,  көрнекіліктер,  электронды  материалдар,  т.б.  пайдалануға  болады. 

Басқа  пәндерге  қоса  географиядан  да  тиянақты  білім  берудің  негізі  – 

географиялық білім  түрлерін жүйелі оқыту. Географиялық білім  түрлерін атап 

айтар  болсақ:  геологиялық,  климаттық,  картографиялық,  номенклатуралық, 

топонимикалық,  тарихи,  экологиялық  және  экономикалық  білім  деп  бөлуге 

болады. 


1.  Геологиялық білім  арқылы  оқушылар  жер  қыртысының  тұрақты  және 

тұрақсыз  түрлерімен  танысып,  соған  байланысты  табиғаттың  бірнеше  ғасыр 

бойы  табиғи  жолмен  даму  тарихынан  білім  алады.  Бұл  теориялық  білімдерін 

танымжорық  кезінде  өз  өлкесінен  жинап  алған  тау  жыныстарының  түрлерін 

анықтауға  тапсырма  беру  арқылы  практикалық  дағдыларымен  ұштастыра 

аламыз. 



2.  Климаттық  білім  жер  бетіндегі  климаттың  климат  туғызушы 

факторларына  тәуелділігін,  ауа-райы  құбылыстарының  шаруашылықты 

ұйымдастыруға әсерін үйрете отырып, картаны пайдалану және оны оқи білуге 

баулу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру арқылы беріледі.  

3.Картографиялық  білім  оқушылар  картамен  жұмыс  істеу  кезінде 

беріледі. География сабағында жер бедерінің формасын анықтауда, масштабты 

қолдана  отырып  қашықтықты  есептеуде,  климаттық  картаның  көмегімен  әр 

материктің  климатын  оқи  біліп,  климатты  қалыптастырушы  факторларды 

анықтауда,  елдердің  физикалық  –  географиялық  жағдайын  сипаттауда  және 

экономикалық  географиясына,  т.б.  сипаттама  беруде  географиялық  картаның 

маңызы зор.  

4.Номенклатуралық  білім  оқушы  картамен  жұмыс  істеп,  географиялық 

атауларды  меңгеріп  отырса  беріледі.  Мысалы,  6  сыныптың  литосфера 

тарауында ең биік 10 тау, ең ірі 10 жазық, гидросфера тарауында ірі 10 теңіз, ең 

ұзын  10  өзен,  ең  ірі  10  көлді картаға  түсіріп жаттау  арқылы  білімін  арттырса, 

дүние  жүзінің  әлеуметтік  –  экономикалық  географиясы  сабағында  жер  көлемі 

ірі  елдер,  халқының  саны  көп  10  ел,  экономикасы  дамыған  елдерді  анықтап, 

есте сақтаулары арқылы номенклатуралық білімдерін арттырамын. 

5.Экологиялық  білім  табиғатты  қорғауға,  аялауға  тәрбиелеуде,  туған 

жерге  деген  перзенттік  адамгершілік  борышын  сезінуге  көмектеседі.  Түрлі 

экологиялық  тапсырмалар,  яғни  өз  ауылындағы  бұлақтар  немесе  өзеннің 

табиғат  компоненттерінің  ерекшеліктерін  сипаттау,  жыл  мезгілдері  бойынша 

өзгерістерін  бақылау,  ауыл  халқының  тұрмысы  мен  шаруашылығында  алатын 

орнын  анықтау,  адам  әрекеті  нәтижесінде  болатын  табиғаттағы  өзгерістердің 

себебі  мен  оны  жою  жолдарын  табуда  оқушыларға  тапсырма  беру  арқылы 

экологиялық білімдерін өз беттерінше арттыруларына көмектесе аламыз. 

6.Экономикалық білім де экономикалық білім жүйесін игеру барысында, 

экономикалық  есептеуде,  іскерлік  пен  дағдыны  қалыптастыру,  өндірістегі  іс- 

әрекет  экономикасын  талдау  арқылы  меңгеріледі.Оқушыларға  нарықтың 

құрылымы  мен  кәсіпкерлік  жүйесін  ұғындыруда,  нарықтық  білім  берудің 




бағыттары  мен  кәсіпкерлікке  баулудың  әлеуметтік  педагогикалық  қажеттілігін 

түсіндіреді.  Сонымен  қатар,  оқушыларға  нарықтық  ұғымдарды  оқыту 

барысында  экономикалық  білімдерін  қалыптастырады.  Оқушыларға  ауыл 

халқының  өсу  динамикасын  анықтау,  әр  шаруа  қожалықтарының 

шаруашылықты  ұйымдастыру  ерекшеліктерімен  танысу,  қорытынды  жасау, 

өнімнен  түсетін  қаржыны  болжау  жұмыстарын  үйрету  арқылы  экономикалық 

білім беруге болады. 

Мұғалім  жоғарыдағы  білім  түрлері  арқылы  география  пәндерін  оқытуда 

оқушылардың  танымдық  деңгейін  арттырады.  Яғни,  оқушылар  өз  беттерімен 

тапсырма  орындап,  оқу  материалдарының  мазмұнын  жақсы  меңгеріп,  өз 

ойларын  толық  және  дәлелді  жеткізуге  төселеді.  Олардың  ойлау  және  сөйлеу 

қабілеттері  артады.  Өз  беттерімен  керекті  материалды  тауып,  тапсырмаларды 

дұрыс орындауға үйренеді. 

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – 

ықыласының,  құштарлығының  ерекше  көрінісі.  Мысалы:  мұғалімнің  баяндап 

тұрған  материалын  түсіну  үшін,  оқушының  оны  зейін  қойып  тыңдауы,  алған 

білімін  кеңейтіп  толықтыру  үшін,  өздігінен  кітап  оқуы,  бақылау,  тәжірибе 

жасау,  жазу,  сызу  сияқты  жұмыстар  істеуі  керек.  Өйткені  өтілген  материалды 

саналы  қайталауда,  жаңадан  білім  алуда,  оның  жолдары  мен  дағдыларына 

үйренуде  белсенділіксіз  мүмкін  емес.  Танымдық  әрекеттің  негізінде 

оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының 

бойында  танымдық  белсенділік  пайда  болса,  оқушылардың  ақыл  –  ой 

қабілеттерінің  мынадай  элементтері  дамиды:  зеректілік,  байқағыштық,  ойлау 

және сөйлеу дербестігі т.б.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1.  А.Әбілқасымова, 

Р.Омарова. 

Мұғалімдердің 

танымдық 



ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. Алматы., 2016 ж. 

жүктеу 448 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау