Газета Астана ақшамы №68 от 25. 06. 2015г. Жұмысшы-мигранттар арасындағы аитв



жүктеу 29,4 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі29,4 Kb.
#13693

Газета Астана ақшамы №68 от 25.06.2015г.
Жұмысшы-мигранттар арасындағы АИТВ
ЖИТС және миграция қазіргі таңда аумалы-төкпелі әлемде кездесетін екі әлеуметтік сындарлы проблемадан тұрады. Денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік ұйымының бағалауы бойынша (АИТВ) адамның иммунтапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдардың саны 50 миллионға жуық. Індеттің өсуі көбіне инъекциялық есірткіні тұтынуға байланысты, алайда АИТВ-ң жыныстық жолмен жұғуы артуда, яғни гетеросексуальды жұптар арасында, 20-39 жас аралығындағы (ЕЖЕ) еркектермен жыныстық қатынас жасайтын еркектер арасында өсуде.

Оқиғаның көп бөлігі дамушы елдер қатарындағы Азия және Африкада яғни вирустың таралуына кедейлік, денсаулық сақтаудың әлсіз жүйесі және алдын алу мен емдеудің шектеулі ресурстары ықпал етеді.

Оның үстіне миллиондаған адамдар өз елінен тыс өмір сүріп, жұмыс істейді, үнемі қоныс аударады.

Мигранттарға үнемі денсаулығы нашарлау қауіпі бар соның ішінде АИТВ жұқпасын жұқтыру қауіпі төнеді. Бұл ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне, қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайы, медициналық қызметтерге қол жетіспеушілігі немесе болмауына негіз болады.

Мигранттардың өздеріне ұқсамауы көбіне қабылдаушы халықтың тарапынан жақтырмаушылық пен оқшаулауға әкеліп соғады. Бұдан басқа, басқа АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардағы оқиғалар сияқты АИТВ жұқпасын жұқтыруға отбасынан бөлінуге әкеліп соқтыратын қауіпті мінез-құлықтар, бұрынғы әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар ықпал етеді, яғни қоршаған ортасының ықпалын сезіну ретсіз жыныстық қатынасқа, көбінесе жыныстық серіктестерін ауыстыруға әкеліп соғады.

Медициналық және әлеуметтік қызметтер жұмысшы-мигранттарға көмек көрсетуге дайын, алайда олар осы контингентпен қарым қатынас жасауда проблемаға тап болады. Көбіне мигранттар тобы оқшауланған ортада тұрады сондықтан АИТВ жұқпасының алдын алу жөніндегі қызметтерді көрсетуде қиындықтар туындайды, қалыптаспаған жұмыс уақытын және ұлттық-мәдени ерекшеліктерін есепке ала отырып арнайы әдіс-тәсілдер қажет.

Астана қаласының әкімдігі «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК денсаулық сақтау, бірнеше бағыттар бойынша АИТВ және жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларды жұқтыру қауіпін төмендету мәселелері бойынша мигранттармен санитарлық-алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Орталық қызметкерлерімен жұмысшы мигранттардың жұмыс орындары мен мекенжайларына: тікелей өнеркәсіптік кәсіпорындарға, құрылыс объектілеріне, жатақханаларға шығып «Еңбек саласындағы АИТВ жұқпасының өзектілігі» тақырыбында дәріс-семинарлар ұйымдастырылады. Ақпараттық құралдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде тарату жүргізіледі. Жұмысшы-мигранттарға АИТВ жұқпасының алдын алуда жеке басын қорғайтын құралдарға қол жетімділік қамтамасыз етілген.

ЖИТС орталығының мамандары басым бөлігі Албания, Турция, Өзбекстан, Қырғыз, Ресейден келген жұмысшы мигранттар арасындағы орта жас аралығы 30 жастағы еркектердің (90%) басымдылығы анықталған экспресс-бағалау жүргізді. Көптеген құрылыс компаниялары АИТВ-ға тестілеу жүргізу үшін ЖИТС орталығымен келісімшарт жасасады. Кейбір ұйымдар Орталықтың мамандарын өз ұйымдарына жұмыс орнында өз АИТВ статустарын білгісі келетіндер үшін экспресс-тест өткізу үшін шақырады.

  Астанада еңбек мигранттарының көбі құрылыс саласы мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді.



«АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» көрсеткіштері бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтінгін арттыру аясында ЖИТС орталығы Кәсіпкерлер палатасының, Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік палаталарының басқармасы, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаменті, Астана қаласы бойынша Көші-қон полиция басқармасының көмегімен ірі және орта бизнес саласындағы жұмысшы мигранттар арасында АИТВ жұқпасын ескерту бойынша профилактикалық ісшаралар өткізеді.
Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Бексултанова Данагуль Тайгошкаровна
жүктеу 29,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау