Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 3,7 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата14.11.2018
өлшемі3,7 Mb.
#19526
1   2   3   4   5   6   7

3

4 шілде 2015 жыл

Астана-ең алдымен

азаттығымыздың

с и м в о л ы ,

Қазақстанның  жаңа

тарихының шынайы

шежіресі,  қарқынды

дамуымыздың,  қол

жеткен  табыстарымыздың,  абырой-

беделіміздің,  береке-бірлігіміздің  жарқын

көрінісі.

Н.Ә.Назарбаев.

“Қарқаралы”  газетінің  бас  редакторы

Р.Смағұлов  бастаған  редакция

ұжымы  журналистер  мерекесін

Астана  қаласында  қарсы  алды.

Мәдени  мерекелік  Астана  саяхаты

бір мақсатқа және бірнеше маңызды

да  мазмұнды  бағытты    бағдарға

алды.  Олар,  әрине,  ең  алдымен

Қазақ  хандығының  550  жылдығы,

Халықтар достығы ассамблеясының

20  жылдығы,  тағы  бірқатар  атаулы

күндермен бірге Астана қаласының

17 жылдық туған күнін орайластыра

келіп, 

биылғы 


жылы 

шыға


бастағанына 85 жыл толғалы отырған

“Қарқаралы” газетінің тарихи датасы

басты себепкер болды. Руханилықты

тарихпен  үндестіріп,  танымдық

мәдени  жол  сапарға  шыққан  газет

қызметкерлері  Астана  қаласына

сенбі  күні  түс  ауа  жетіп,  “Хай-тек”

сәулетінің ерекше үлгісінде жасалған

“Изумрудный  квартал”  әкімшілік  ке-

шеніне тоқтады. Көк жасыл, сұр түсті

шынылары жарқырағын 54 қабатты

(210м)  ғимараттың  32  қабатындағы

элиталық пәтерге орналасты.

Сарыарқа  төсіндегі азат елдің аста-

насы шындығында айбынды да асқақ

келбетімен жасанып-ақ тұр екен.

Тәлімі шексіз тарих даналығында

әміршілерінің  даңқын  асырған

шаһарлар мен он сегіз мың ғаламның

тылсым  сиқырын үйлестіріп сәулетті

де  ғажайып  күмбезді  қалалар

тұрғызылғанына ежелгі дүние шежі-

релерінен  қанықпыз.  Олар  ғасыр

қойнауындағы  көне  қалалардан  да

бұрын V ғасырдағы

қарлұқтар астанасы

Суяб, 

VI-VII


ғасырдағы  Тараз,

Сайрам  боп  баста-

латынын білеміз.

Ұлы    даланың

төсінде әсем сарай,

алтын  орда  көрер

көзді  сиқырлаған

күмбездері  күнмен

т а л а с қ а н

т а ң ғ а ж а й ы п

қалалар исі түркінің

басын  біріктіруді

көздеді. 

Сөйтіп,


дәуірдің сан белесін артқа сала бүгінгі қазақ ор-

дасы  дүниеге  жаңғырып  қайта  келді.  Ұлт

тәуелсіздігін паш еткен елорда елдік пен ерліктің

бірлігін айқындады. Бұл жолда да талай қиын-

қыстау кедергілерді жеңіп, ащы тер төгілгенін,

қоғамдар алмасып, саяси ағымдар қарбаласқан

сәтте күдік пен үміт тайталасы тірескенін бар-

шамыз  білеміз.  Дәл  осы  сәтте  Елбасының

сабыр  саясаты  парасат-пайымы,  күрмеуі

күрделі  істің  шешімін  таба  білуі  астананың

тағдырын шешіп еді. Бабалардың қанымен, ар-

намысты  ерлігі  мен  даналығының  арқасында

еншімізге қалған шетсіз-шексіз дархан даланың

кіндігіндей Астананың болаттай тұғыры бекіп,

шаңырағы  күнмен  тұтасты.  Көк  аспанда  көк

байрағы желбіреп мәртебесі өсті. Біз салтанат

құрып жасанған, талай елді тамсантқан әлі де

таңғажайып  сұлулығы  жаңарып  өркендеу

жолындағы Астанамыздың төрінен айналаға көз

салдық. Алғашқы қадам әрине дүниенің орта-

сында өсетін өмір ағашы “Бәйтерек” монументі

болды.  Мифологиялық  самұрық  құс  алтын

жұмыртқасын  салған  биігіне  көтерілудің  сәті

түспеді.  Жазғы  жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп

жатқан  “Бәйтеректің”  жарықпен  шағылысқан

кезде  500  түрлі  шұғыла  шашып,  таңғаларлық

әсер  беретін  келбетін  сырттан  тамашалап

сүйсіне қарадық. Астананың сол жағалауында

ҚР Президентінің “Ақ орда” ғимараты, Бейбітші-

лік  және  келісім  сарайы,  Тәуелсіздік  сарайы,

“Шабыт”  шығармашылық  сарайы,  “Қазақстан”

орталық концерт залы, Назарбаев университеті,

“Думан” ойын-сауық орталығы, ондағы океана-

риумдегі 2000-нан аса теңіз кереметтері 100-ден

аса  теңіз  фауналары,  планетарий  сияқты

көптеген ғажайыптарын көзбен көріп көңіл сен-

дірдік. Мұхиттан 3000км қашықтықта орналасқан

әлемдегі жалғыз окенариумде сыйымдылығы 3

млн литр суы бар бұл ғажап біздің  Астанада

ғана  екені  көңілге  мақтаныш  сезімін  ұялатты.

Астаналық  цирк өзіндік сәулетімен қала келбе-

тіне ерекше сән беріп тұр. Ең зәулім ғимарат

“Transport Tower”  кеңселер  ғимараты,  Эталон

орталығы,  күмбездері  алтындай  жарқыраған

“Қазына-Тауэр” кеңсе ғимараты министрліктер

үйімен іргелес орналасыпты. Астанадағы зәулім

құрылыстардың  бірі  37  және  40  қабаттан

тұратын  қос  мұнара  “Қазақстан  Темір  жолы”

ұлттық  компаниясының  әкімшілік  ғимараты

солтүстік  шұғыласының  көрінісін  беріп  тұрған

“Северное сияние” тұрғын үй ке-

шені 


табиғаттың 

ғажап


құбылысына еліктеп қайыңдай

бұралып  тұрғандай.  Айқасқан

құшақтарымен адамдардың бір-

бірімен мәңгі достығын, бейбіт

өмірін  бейнелеген.  “Халықтар

достығы” 

монументі 

ұзақ


ғұмырды шексіздікті, бақытпен

амандықты  тіпті  өмір  сүруге

деген  құлшынысты  білдіреді

деп түсіндіреді. Баға жетпес ай-

бынды 

туынды 


“Отан

қорғаушылар” 

монументі,

“Гранд Алатау” тұрғын үй кешені

де 

өзінің


әсемдігімен ерекше

сән  беріп  тұр.

Әлемде теңдесі жоқ

деп саналатын “Хан

Шатыр” сауда ойын-

сауық 


орталығы

е л о р д а н ы ң

сәулетіндегі  тосын

жаңалық  боп  есеп-

телетін 

көрінеді.

Зәулім  орталықта

адамдардың  дема-

лысына 

қажетті


барлық  қажеттінің

бәрі бар десе де бо-

лады. 

Осындай


Астана  қаласының

мәртебесін  көтеріп

тұрған 

аталған


нысандардың  біра-

зына барып, рухани

әсер  алған  біздер

Есіл өзенінде тепло-

ходпен 

саяхаты-


м

ы

з



д

ы

жалғастырдық. Есілдің екі жағалауын жағалай



сән  түзеген  әсем  ғимараттар  мен  жасыл  же-

лекке  бөленген  табиғат  аясы  адамдардың

жағажайдағы  демалысымен  көріктене  түскен.

“Хазірет Сұлтан”, “Нұр-Астана” мешіттері, ҚР-ң

ұлттық  және  ҚР  бірінші  президентінің

мұражайларының 

уақыттары 

шектеулі


болғандықтан  бізге  еркін  аралаудың  сәті

түспеді.


Әлемдік сәулет өнерінің теңдессіз үлгілері мен

қайталанбас  сән-салтанаты  біз  сияқты  әр  та-

раптан келген қонақтарды сырт келбетімен-ақ

қуантты.  Ажары  айшықты  Астанадағы  өзіміз

көзбен  көрген  нысандар  адамдардың  өз

қолымен  жасаған  “ертегі  шаһары”  екеніне

таңдай қақпасыңызға болмайды. Көзбен көріп,

көңіл  сендірген  Астана  саяхаты  да  уақыттың

шектеуіне  бағындырды.  Қимастықпен,  Елор-

дасы  Астанаға  деген  құрмет  пен  махаббат,

сүйіспеншілік  сезімдерімізге,  жүрек  толы

қуанышымызға толған көңіл-күй қоржынымызды

арқалай  Қарағанды-Қарқаралы  бағытына  ке-

руен  көшіміздің  бетін  түзедік.  Ұлттық

құндылығымызбен, оның өнерімен өріліп зама-

науи  жаһандық  озық  үлгілі,

өркениетті  талғаммен  жай-

нап  тұрған  Астана-бас

қалаға 

тән 


салиқалы

сырбаздықпен,  мәдениетті

парасатымен, 

алмас


тұғырлы  биігінен  “Жол  бол-

сын”  айтып  тұрғандай  қала

берді. Ұшан-теңіз алған әсер,

рухани демалыс өз алдына,

бәрінен де тәуелсіз мемле-

кетімізге,  қайраты  қажымас

қара  нардай  қазақ  деген

халықтың  мерейін  бүкіл

әлем  алдында  үстем  етіп,

өркениеттіліктің 

аламан

бәйгесінде  шашасына  шаң



жұқтырмай  оздыра  білген

көреген 


Елбасымыздың

еңбегі  мен  оның  тұлғасы

Астанадай  ұлы  шаһармен

бірге  биіктей  түскені  ақиқат

еді. Ұлан-ғайыр қазақ жерін

мекендеген ұлт пен ұлыстың

қатарында  “Қарқаралы”  га-

зеті редакциясы ұжымы мен

тілші-журналистерінің 

де

алғыс-ризашылығы  жетсе



екен 

деген 


тілекпен

аттандық.  “Ұлттық  рухтың

киелі байрағы, халқымыздың

құдіреттілігі 

мен

жасампаздығының айбынын



асырған  елорда  өзінің  төл

мерекесі  Астананың  туған

күнін “Жүрегім Жан-Астана”

деген тақырыпта атап өтуге

қызу  қарбалас  сәтінде  көз

алдымызда қалды.

“Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы

қария сәлем берер” деген аталы сөзді пір тұтқан

жерлестеріміздің 

қатарында 

қадірменді

ағаларымыз да қонақжайлылық көрсетті. Ғылым

докторы,    әлемдік  халықаралық  полиция

қауымдастығының  мүшесі,  интерпол  орталық

азия  аймағының  уәкілетті  өкілі,  полковник

Ә.Тоқсанбаев  қарсы  алып  шығарып  салып

редакциямызға құнды бірнеше кітаптарды сыйға

тартты. Өңірімізде басшылық  қызмет атқарып,

өзіндік еңбек үлестерін сіңірген М.Нұрақышев,

М.Омаров,  жолай Осакаровкада қарсы алған

сол  ауданның  аудан  әкімінің  орынбасары

Н.Ләмбеков сынды аға-буын кішілік пен кісіліктің

кеңпейіл  ықыластықтарымен  қонақжай  қалып

танытты. “Ұлық болсаң, кішік бол” деген халық

даналығы  осындайдан  айтылса  керек-ті.

Төредей  күтіп,  төріне  шығарған  Астана  мен

астаналық жерлестерімізге, аудандық мәдениет

және  тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшысы

Р.Жылтыбаеваға,  осы  мекеменің  жүргізушісі

Р.Әмірбековке көрсеткен қолдаулары үшін ре-

дакция 

қызметкерлері 



шын 

көңілмен


ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Бану Мұқашева.

Қарқаралы-Қарағанды-Астана.

АСтАНА-тәуелСіз елдің

АСтАНА-тәуелСіз елдің

АСқАқ АйбыНы

АСқАқ АйбыНы

Журналистердің кәсіби мереке-

сіне орай, аудандық Мәслихат

ұжымы  да  редакция  ұжымын

құттықтады.  Мәслихат  хат-

шысы С.Нүркенов, аппарат бас-

шысы  Ф.Ақылбекова,  бөлім

бастығы Р.Жекей арнайы келіп,

құттықтау  лебіздерін  білдірді.

Сый-сияпат 

жасап,

шығармашылық табыс тіледі.


жүктеу 3,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау