2.1-сурет
Газдық күшею механизмі. Екінші реттік ионизацияны жүзеге асыру үшін соқтығысулар арасында электрон газ молекулалары, атомдарды ионизациялау үшін жеткілікті энергияға ие болуы қажет. Осылай болады деп есептей отырып, электр өрісінің кернеулігін бағалайық. Мысалы, қысымы 100 мм сын.бағ. сутегі газындағы электронның соқтығысулар арасындағы орташа еркін жүру жолы шамамен 10-3 см. Сутегі атомдарының ионизациясы үшін 15 эв-тен жоғарғы энергия қажет. Осылайша, қарастырылып отырған мысалда екінші ионизация кернеулігі 1,5∙104 электр өрісі қажет. Электрондармен екінші реттік ионизация процесі – электронды сарқыраманың дамуындағы бір ғана процесс емес. Қосымша ионизация қозған күйдегі атомдар мен молекулалардан шығарылған фотондар есебінен жүруіде мүмкін. Таза бір атомды газда фотоионизация санауыш катодындағы фотоэффектінің есебінен ғана жүре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |