Г. Б. Бейсембинова магистрлік диссертация жазу бойынша



жүктеу 229,65 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.03.2018
өлшемі229,65 Kb.
#11219


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК 

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Г. Б. Бейсембинова 

 

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ЖАЗУ БОЙЫНША 



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 

 

6М090300 – Жерге орналастыру, 6М090700 – Кадастр, 6М071100 – 



Геодезия мамандықтарының магистранттары үшін 

Барлық оқу түрі 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Өскемен 

2010



 

 

УДК 378.146 (075.8) 



 

Бейсембинова  Г.  Б.  Магистрлік  диссертация  жазу  бойынша 

әдістемелік  нұсқаулар  6М090300  –  Жерге  орналастыру,  6М090700  – 

Кадастр,  6М071100  –  Геодезия  мамандықтарының  магистранттарына 

арналған барлық оқу түрлеріне // Г . Б. Бейсембинова ШҚМТУ. - Өскемен, 

2014 - 28 б. 

Әдістемелік  нұсқауларда  магистрлік  диссертация  жазу  бойынша 

талаптар, 

құрылымын 

және 

ресімдеуі 



келтірілген. 

Қазақстан 

Республикасының  Білім  берудің  жалпыға  бірдей  стандарт  негізінде 

құрастырылған. 

6М090300  –  Жерге  орналастыру,  6М090700  –  Кадастр,  6М071100  – 

Геодезия  мамандықтарының  магистранттары  үшін  барлық  оқу  түрлеріне 

арналған. 

 

 



 

 

 



Тау-кен  металлургиялық  факультетінің  әдістемелік  комиссиясымен 

бекітілді 

 

 

Хаттама №                        2014 жыл 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                                                 © Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ 

                                                                                  баспасы, 2014 

 

 




 

 

МАЗМҰНЫ



 

Жалпы жағдайлар 



1.1  Терминдер мен анықтамалар 



Магистрлік диссертацияны жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар 



2.1  Магистрлік диссертацияның (жобаның) тапсырмалары 

2.2  Магистрлік диссертацияны (жобаны) жазуға негізгі талаптар 



2.3  Магистрлік диссертацияның (жобаның) тақырыбын таңдау 

2.4  Нақтылы материалды жинау және өңдеу, әдебиеттерді іріктеу 



2.5  Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымы 



Магистрлік диссертацияның (жобаның) рәсімделуі 



12 

Магистрлік диссертацияны (жобаны) ұсыну мен қорғау тәртібі 



19 

 

Әдебиеттер тізімі 



25 

 

А қосымшасы – Титул бетті рәсімдеу үлгісі 



26 

 

Б қосымшасы - Әдебиеттер тізімі 



27 

 

В қосымшасы - Өтініш үлгісі 



28 


 

1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

 

Магистратурада 



оқитындарды 

қорытынды 

аттестациялау 

мемлекеттік  емтихандардың  тапсыру  және  бітіру  жұмысын  (магистрлік 

жұмысын (жобасын)) қорғау түрінде өткізіледі. 

Магистранттың 

ғылыми-зерттеу 

немесе 


тәжірибелік-зерттеу 

жұмыстары магистрлік диссертация қорытынды жиыны болып табылады. 

Магистрлік диссертацияны орындау мақсатпен болып: 

-  теориялық  білімдерді  және  мамандық  бойынша  практикалық 

дағдылардың  кеңейту,  жүйеге  келтіру,  бекіту  және  оларды  нақтылы 

ғылыми, техникалық, экономикалық және өндіріс, сонымен қатар мәдениет 

мақсатындағы тапсырмаларды шешуде қолдану; 

-  дербес  жұмыс  жүргізу  дағдыларын  дамыту  және  өңделетін 

мәселелер мен сұрақтарды шешуде зерттеу әдістемесін және тәжірибелеуді 

меңгеру табылады. 

 

1.1 Терминдер мен анықтамалар 

 

Магистр  -  магистратураның  кәсіптік  оқу  бағдарламаларын  игерген 

тұлғаларға берілетін академиялық дәреже.  

Магистрлік  диссертация  -  магистранттың  белгілі  бір  ғылымның 

пәндік-кәсіптік  саласындағы  бекітілген  түрдегі  дербес  ғылыми  және 

зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жалпылау. 

Магистрлік  жұмыс  -  магистрант  белгілі  бір  ғылымның  пәндік-

кәсіптік  саласындағы  профильдік  бағыттағы  дербес  тәжірибелік-зерттеу 

жұмыстарының нәтижелерін жалпылау. 

Транскрипт  (Transcript)  –  сәйкес  оқу  мерзімі  бойынша  өтілген 

пәндердің тізімін кредиттер мен әріптік және сандық түрдегі бағалары бар 

бектіліген 

үлгідегі 

құжат.



 

2 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК 

НҰСҚАУЛАР 

 

2.1 Магистрлік диссертацияның мақсаты 

 

Магистрлік диссертация барысында магистрант: 



-  геодезия,  картография,  жерге  орналастыру,  жер  және  қалалық 

кадастр, жер құқығы саласында практикалық тапсырмаларды шешу кезінде 

теориялық  білімдер  қолдан  білу  қабілеттілігін  және  іскерлігін  көрсете 

білуге; 


-  дербес  жұмыс  дағдыларын  көрсету  және  қойылған  мәселелерді 

шешуде ғылыми зерттеу әдістемелері қолдану қабілеттіліктерін көрсетуге; 

-  магистрлік  диссертацияның  таңдалған  тақырыбы  бойынща 

маңыздылығы  мен  практикалық  құндылығы  қайтару  және  тәжірибеде 

алынған нәтижелерді қолдануымен кепілдемелер беруге тиісті. 

 

2.2 Магистрлік диссертацияны (жобаны) жазуға негізгі талаптар 

 

Диссертациялық 



жұмысты 

қорғауға 

оқу 

жоспарлары 



мен 

бағдарламалардың  талаптарын  толық  орындаған,  кешенді  емтихандарды 

оң бағаларға А-дан Д-ға дейін тапсырған магистранттарға жіберіледі. 

Магистрлік  диссертацияда  аяқталған  ғылыми  зерттеу,  нақтылы 

практикалық  тапсырмаларды  шешуші  және  ғылыми  жаңалық  элементтері 

бар болуы тиіс. Магистрлік диссертация негізгі нәтижелері зерттеудің осы 

саласындағы  жетекші  ғалымдардың  екі  эксперт  оң  бағалауы  болуы  тиіс, 

кейін 


оның 

қысқаша 


автореферат 

түрінде 


жарияланған 

және 


кітапханаларға  жіберілген,  сонымен  қатар  интернетте  орналастырылады. 

Кейін  магистрлік  диссертация  жұрт  алдында  қорғалады,  оқушыға 

ғылымдардың магистрі (профиль бойынша магистр) академиялық дәрежесі 

беріледі. 

Диссертация жеке  жазылған, жаңа ғылыми нәтижелердің жиынтығы 

және  жағдайлары  (теориялық  немесе  практикалық)  бар,  автормен 

ұсынылатындардың  жұрт  алдында  қорғауға  ішкі  бірлік  және  ғылымға 

автордың жеке үлесі туралы куәландыру болуы тиіс. 

Автормен 

ұсынылған 

жаңа 

шешімдер 



бұған 

дейін 


басқа 

белгілілермен  салыстырылып,  бағаланған  қатал  дәлелденген  және  сын 

болуы тиіс. 

Қолданбалы  мағынасы  бар  диссертацияда,  автормен  алынған 

ғылыми  нәтижелердің  практикалық  қолдануы  туралы  мәлімдеулерімен 

сәйкес  болуы  тиіс,  ал  теориялық  мағынасы  бар  диссертацияда  ғылыми 

шығарулардың кепілдемесі қолдануы тиіс. 

Ғылыми-зерттеу 

блогының 

есебінен 

магистрлік 

диссертация 

дайындауға  және  қорғауға  11  кредит  (ғылыми-педагогикалық  бағыт 

магистратурасы)  және  6  кредит  (профильдік  бағыт  магистратурасы) 

беріледі. 



 

Эксперттік  кеңесте  сараптамадан  өтуіне  дейін  диссертацияның 

негізгі  ғылыми  нәтижелері  ғылыми  басылымдарда  жариялануы  тиіс. 

Профильдік  магистратурада  білім  алушы  магистранттар,  бірден  кем  емес, 

ал ғылыми-педагогикалық бағытта білім алушы магистранттар, екіден кем 

емес  баслымдары  ғылыми-практикалық  конференция  жинақтары  мен 

ғылыми журналдарға шығуы керек. 

 

2.3 Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау 

 

Магистрлік 



диссертация 

тематикасы 

шығарушы 

кафедрамен 

дайындалады, факультеттің оқу кеңесімен қарастырылады және бекітіледі. 

Оқу  кеңес  шешімімен  қатарға  енгізуден  кейін  бірінші  үш  ай  ішінде 

магистрлік  диссертация  тақырыбы  магистрантқа  нықталып  бекінеді  және 

ректор бұйрығымен бекітіледі. 

Бітіруші курста эксперттік кеңестердің жұмысының басына дейін екі 

ай  бұрын  шығарушы  кафедра  дәлденген  нәтижелері  негізінде  магистрант 

диссертациясының тақырыбына түзетуге рұқсат етіледі . 

Магистрлік  диссертация  тақырыбы  факультетпен,  кафедрамен 

дайындалатын  ғылыми  бағыт  рамкаларында  тиісті  қисынға  келген  болуы 

және  жұмыстың  негізгі  ойын  барынша  көп  көрсетуі  немесе  магистр 

дайындауға тапсырыс берушімен ұсынылуы мүмкін. 

 

2.4 Нақтылы материалды жинау және өңдеу, әдебиеттерді іріктеу 

 

Әдебиетті  Магистрант  магистрлік  жұмыс  (жоба)  тақырыптарын 



таңдаудан 

кейін 


дербес 

таңдайды. 

Әдебиеттерді 

іріктеп 


алуда 

кәсіпорындардың  техника-экономикалық  жұмыс  тәжірибесін  көрсетілген 

соңғы жылдардың әдебиетіне назар аударған дұрыс, мерзімдік басылымдар 

мен  интернет-сайт  материалдарын  қоса.  Библиографиялық  қайнарларға, 

сонымен  қатар  жер  қатынастарын  басқару,  жер-кадастрлық  жұмыстарын 

жүргізу, геодезия және картографиялық жұмыстарды орындау әдістемелері 

мен  техникалары  саласында  жұмыс  істейтін  нормативті-құқықтық 

актілерге  жүгінуге  болады.  Жұмысқа  кірісу  тиянақты  зерттеуге  қажетті 

әдебиеттер  мен  қайнар  көздердің  шеңберін  анықтау  мақсатқа  лайықты, 

содан соң тақырып дербес ашуға қажеттілерін. 

Әдебиет  зерттеу  кезінде  айқын  жүйелілік  сақталу  қажет.  Белгілі 

Отандық  және  шетелдік  авторлардың  монографиялардың  зерттеуінен 

бастау  керек,  оқылатын  мәселелердің  маңызын  таңдалған  тақырыптың 

негізгі  теориялық  аспектілері  туралы  жалпы  мағлұмат  алу  үшін  ашады. 

Содан  соң  оқулық  материалдары  мен  оқулық  әдістемеліктерін,  сондай-ақ 

мерзімдік басылымдарды қарастыру жөн. 

Анықтамалардан 

және 


басқа 

әдеби 


қайнарлардан 

цифрлік 


материалдармен  жеке  жұмыс  жағдайларын  көркемдей,  сонымен  қатар 

әртүрлі  авторлардан  цитата  ала,  бітіру  жұмысының  мәтінінде  лайықты 




 

сілтемелер  жасалуы  керек.  Дипломдық  жобаны  (жұмысты)  баяндау 

нақтылы болуы және жұмыс істейтін тәжірибеге сүйенуі тиіс. 

 

2.5 Магистрлік диссертацияның құрылымы 

 

Магистрлік диссертация көлемі 60-80 бет құрайды. Мамандықтардың 



бөлек  топтарымен  диссертация  көлемі  бір  аралық,  әріп-әдеттегі,  кегль  14 

арқылы  басып  шығарылған  100  бетке  дейін  жете  алады.  Магистрлік 

диссертацияның көрсетілген көлеміне қосымша қосылмайды. 

Диссертация  мемлекеттік  немесе  орыс  тілдерінде  орындалады  және 

қорғалады. 

Магистрлік диссертацияның құрылымды элементтері болып: 

-  Титул бет; 

-  Мазмұны; 

-  Нормативті сілтемелер; 

-  Анықтамалар; 

-  Белгілеулер мен қысқартулар; 

-  Кіріспе; 

-  Негізгі бөлім; 

-  Қорытынды; 

-  Әдебиеттер тізімі; 

-  Қосымшалар табылады. 

Магистрант магистрлік диссертацияның мазмұны бойынша қосымша 

көлемі  0.5-1  б.б.  реферат  жазады.  Реферат  қазақ,  орыс  және  ағылшын 

(қажет  болғанда  рефератты  басқа  шетел  тілінде  жазуға  рұқсат  етіледі) 

тілдерінде рәсімделеді және диссертантпен қол қойылады. 

Магистрлік  диссертацияның  рефераты  келесі  мәліметтерді  құрауы 

қажет: 


- диссертацияның көлемі мен құрылымы; 

-  көркемдеулердің,  кестелердің,  қолданған  әдеби  қайнарлардың 

саны; 

- маңызды сөздердің тізімі (15-20 сөз); 



- зерттеу өзектілігі; 

- зерттеу мақсаты; 

- зерттеу объектісі; 

- зерттеу әдістері;  

- алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және практикалық 

маңыздылығы; 

- жарияланулар туралы мәліметтер. 

 

Титул бет 

Титул  бет  диссертацияның  бірінші  беті  болып  саналады  және 

құжатты  іздеу  мен  өңдеуге  қажетті  ақпараттың  қайнары  ретінде  қызмет 

етеді. 

Титульді бетте келесі мәліметтер болады: 




 

 

- диссертация орындалған ұйым атауы; 



 

- әмбебаб ондық топтастыру көрсеткіші (УДК); 

 

- магистранттың фамилиясы, аты, әкесінің аты; 



 

- жұмыс атауы; 

 

- мамандық шифрі және атауы; 



 

- ізделіп отырған академиялық дәреже; 

 

- ғылыми жетекшінің фамилиясы және инициалдары, ғылыми дәрежесі, 



ғылыми атағы; 

 

-  шығарушы  кафедра  меңгерушісінің  фамилиясы  және  инициалдары, 



ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы; 

 

- нормоконтролердың фамилиясы және инициалдары, ғылыми дәрежесі; 



 

орын және күні. 

Титул бетті диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне қосады. Бет 

нөмірі  титул  бетке  қойылмайды.  Титул  бет  А  қосымшасына  сәйкес 

рәсімделеді. 

Титул  бетте  кафедра  меңгерушісінің  қолы  қара  сиямен  немесе 

тушьпен қойылған болуы тиіс. 

 

Магистрлік диссертацияның мазмұны 

Диссертация 

мазмұнында 

кіріспе, 

барлық 


бөлімдердің, 

бөлімшелердің, пунктілердің (егер олардың атаулары болса) атаулары мен 

реттік  нөмірлері,  қорытынды,  Әдебиеттер  тізімі  мен  диссертацияның  бұл 

элементтері  басталатын  беттердің  нөмірлері  нұсқалған  қосымшалардың 

атауы. 

 

Нормативті сілтемелер 



«Нормативті  сілтемелер»  құрылымдық  элементінде  диссертация 

мәтінінде сілтеме жасалған стандарттардың тізімі болады. 

Сілтеме  стандарттардың  тізімін  мынадай  сөздерден  бастайды:  «Осы 

диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды». 

Тізімге  стандарттардың  белгілеулері  және  белгілеулерді  тіркеу 

нөмірлерінің өсу ретімен олардың атауларын қосады. 

 

Анықтамалар 

«Анықтамалар» 

құрылымдық 

элементінде 

диссертацияда 

қолданылатын  терминдерді анықтауға мен нақтылауға қажет анықтамалар 

болады. 

Анықтамалар 

тізімін 

мынадай 


сөздерден 

бастайды: 

«Осы 

диссертацияда келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылды». 



 

Белгілеулер мен қысқартулар 

«Белгілеулер 

мен 

қысқартулар» 



құрылымдық 

элементінде 

диссертацияда  қолданылатын  белгілеулер  мен  қысқартулардың  тізімі 

болады. 



 

Белгілеулер  мен  қысқартуларды  жазу  оларды  диссертация  мәтінінде 

келтіру  ретіне  немесе  қажетті  шифрлік  ашумен  және  түсіндірулермен 

әліпбилік ретке алып келеді. 

«Анықтамалар,  белгілеулер  және  қысқартулар»  бір  құрылымдық 

элементінде  анықтамалар,  белгілеулер  және  қысқартуларды  келтіруге 

рұқсат етіледі. 

 

Кіріспе 

Кіріспеде  шешілетін  ғылыми  немесе  ғылыми-техникалық  мәселенің 

(тапсырмалардың)  осы  заманғы  жағдайын  бағалау,  тақырып  дайындауға 

арналған  негіз  және  бастапқы  мәліметтер,  осы  ғылыми-зерттеу  жұмысын 

өткізу  қажеттілігінің  негіздемесі,  дайындаудың  жоспарланған  ғылыми-

техникалық  деңгейі  туралы  мәліметтер,  патенттік  зерттеулер  туралы  және 

олардың  қорытындылары,  диссертацияны  метрологиялық  қамтамасыз  ету 

туралы  мәліметтер  болуы  тиіс.  Кіріспеде  тақырыптың  өзектілігі  мен 

жаңалығы,  осы  жұмыстың  басқа  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен 

байланысы  көрсетілген  болу  тиіс,  сонымен  қатар  зерттеу  мақсаттары, 

объектісі  мен  пәні,  тапсырмалары,  олардың  ғылыми-зерттеу  жұмысын 

орындаудағы 

жалпы 

орыны, 


методологиялық 

базасы, 


қорғауға 

шығарылатын жағдайлары, әдістері және зерттеу базасы келтірілген болуы 

тиіс. 

 

Негізгі бөлім 



Жұмыстың  негізгі  бөлімінде  тараушаларға  бөлінген  кемінде  екі 

тарау 


болуы 

тиіс. 


Тараулардың 

мазмұны 


кіріспеде 

құрылған 

тапсырмаларға  жауап  беруі  қажет,  және  зерттеу  тақырыбын  жүйелі  ашуы 

керек. Әрбір тарау қорытындылармен аяқталуы тиіс. 

Диссертацияның  негізгі  бөлімінде  орындалған  жұмыс  негізгі 

нәтижелері мен әдістемесін көрсететін мәліметтер келтіріледі. 

 

Негізгі бөлімде: 

-  зерттеу  бағыттары  негіздеу  қосылған  зерттеу  бағытын  таңдау, 

тапсырмаларды  шешу  әдістері  және  олардың  салыстырмалы  бағалауы, 

ғылыми-зерттеу  жұмысын  өткізудің  таңдалған  жалпы  әдістемесінің 

сипаттамасы; 

-  сипаттаманың  анықтамасын  және  теориялық  зерттеулердің 

мазмұнын  қоса,  теориялық  және  (немесе)  тәжірибелік  зерттеулердің 

талдауы, зерттеулердің әдістері, есептеу әдістері, тәжірибелік жұмыстарды 

өткізу  қажеттілігінің  негіздеуі,  дайындалған  объектілердің  әрекет  ету 

принциптері, олардың сипаттамалары; 

-  қойылған  тапсырмалардың  шешімінің  толықтығын  бағалау  және 

жұмыстың одан арғы бағыттары бойынша ұсыныстар қосылған зерттеулер 

нәтижелерін жалпылау және бағалауы, алынған нәтижелердің нақтылығын 

бағалауы  мен  оларды  Отан  және  шетелдік  жұмыстардың  ұқсас 

нәтижелерімен салыстыруы болуы тиіс. 



 

 

Қорытынды 

Қорытындыда: 

диссертациялық 



зерттеу 

нәтижелері 

бойынша 

қысқаша 


қорытындылар; 

- қойылған тапсырмалар шешімдерінің толықтығының бағалануы; 

-  нәтижелердің  нақтылы  қолдануы  бойынша  кепілдемелер  мен 

бастапқы мәліметтердің дайындауы; 

- техника-экономикалық нәтижелілігін енгізуді бағалауы; 

-  орындалған  жұмысты  осы  саладағы  ең  жақсы  жетістіктермен 

салыстырудағы ғылыми деңгейді бағалауы болуы керек. 

 

Әдебиеттер тізімі 

Диссертация  жазуы  кезінде  автор  материалдарынан  алатын,  жеке 

жағдайларды  цитаталайтын  немесе  нәтижелерін  қолданатын  автор  мен 

қайнар көзге сілтемелер жасауға міндетті. 

Тізім Б қосымшасына сәйкес рәсімделеді. 

 

Қосымшалар 

Қосымшаларға  қандай  да  болмасын  себептер  бойынша  негізгі 

бөлімге 

енгізілмеген 

орындалғанмен 

диссертациямен 

байланысты 

материалдарды қосуға ұсынылады. 

Тек  қана  жұмыстың  мазмұны  жағынан  олардың  бар  болуы  ақталған 

бір 


немесе 

бірнеше 


қосымшалар 

болуы 


мүмкін. 

Қосымшалар 

диссертацияның жалпы көлемінің 1/3 бөлшектен көп болмауы тиіс. 

Қосымшаларға мыналар кіре алады: 

- аралық математикалық дәлелдер, формулалар және есеп-қисаптар; 

- қосалқы цифрлік мәліметтер кестесі; 

- байқаулардың хаттамалары; 

- тәжірибелердің өткізуде , өлшеулер мен байқауларда қолданылатын 

аспап және құралдардың сипаттамасы; 

- диссертациялық жұмысты орындау барысында өңделген нұсқаулар, 

әдістемелер, алгоритмдардың сипаттамасы және ЭЕМ шешілетін тапсырма 

бағдарламалары; 

- қосалқы сипаттағы көркемдеулер (фотографиялар); 

- диссертациялық жұмыс нәтижелерін және т.б. енгізу актілері. 




 

3 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ 

 

Диссертациялық  жұмыстың  мәтін  беттері  мен  диссертацияға 



қосылған көркемдеулер және кестелер А4 форматына сай болуы тиіс. 

Диссертация  компьютер  мен  принтерді  қолданумен  орындалған 

болуы тиіс.  А4 формат ақ қағазының бет бір жағында бір аралық арқылы, 

әріп-әдеттегі,  кегель  14.  Диссертация  мәтінін  келесі  мөлшерлерді  сақтай 

отырып шығару керек: оң -10 мм, жоғарғы -20 мм, сол -30 мм, төменгі -20 

мм.  Компьютерлік  мүмкіншіліктерді  белгілі  бір  терминдер,  формулалар, 

теоремаларға  назар  аударуға  әр  түрлі  гарнитуралардағы  әріптерді 

қолдануға болады. 

Диссертацияның  орындалу  тәсіліне  тәуелсіз  басып  шығарылған 

мәтіннің  сапасы  мен  көркемдеулердің,  кестелердің  рәсімделуі,  ДЭЕМнан 

шығарулар олардың нақты көрсетудің талаптарын қанағаттандыруы тиіс. 

Диссертация  орындау  кезінде  біркелкі  тығыздық,  қарама-қарсылық 

және  бейнелеу  анықтығы  толық  диссертация  бойынша  сақтау  қажет. 

Диссертацияда сызықтар, әріптер, цифрлар және белгілер бұлдырланбаған 

айқын болуы тиіс. 

Диссертацияны  дайындау  барысында  табылған  жаңылыс  жазулар, 

қате  және  графикалық  анықсыздар  ақ  бояумен  және  түзелген  мәтін 

(график)  орынында  томға  түсірумен  тазартумен  немесе  бояумен 

машинкаға  басылған  тәсілмен  немесе  қара  сиялармен,  пастамен  немесе 

қара  тушьпен  -  қолжазба  тәсілмен  түзетуге  рұқсат  етіледі.  Мәтіндік 

беттерге  зақым  келулер,  түзетілген  жерлер  және  бұрынғы  мәтін  (график) 

іздер толық емес алысталған рұқсат етілмейді. 

Фамилия,  ұйым  атауы,  бұйымдардың  атауы  және  басқа  да  өзіне 

меншікті атаулар диссертацияда түпнұсқа тілінде болады. 

Өзіне  меншікті  атауларды  трансляциялауға  және  диссертация  тіліне 

аудармада  ұйымдардың  атаулары  ертіп  әкелу  (алғашқы  аталуда)  өзіндік 

атауды қосуға рұқсат етіледі. 

 

Диссертацияны құру 

Диссертация  құрылымдық  элементтерінің  атаулары  «Мазмұны», 

«Нормативтік 

сілтемелер», 

«Анықтамалар», 

«Белгілеулер 

мен 


қысқартулар», 

«Кіріспе», 

«Қорытынды», 

«Әдебиеттер 

тізімі» 

диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болады. 

Диссертация негізгі бөлімін тарау, тараушалар мен пунктілерге бөлу 

керек.  Пунктілер  қажеттілік  болғанда  подпунктілерге  бөліне  алады. 

Диссертация  мәтінін  пунктілер  мен  подпунктілер  бөлгенде,  әрбір  пунктте 

аяқталған хабар болуы қажет. 

Тарау,  тараушаларды  тақырыптары  болуы  тиіс.  Пунктілерде 

тақырып  болмайды.  Тақырыптар  тарау,  тараушалардың  айқын  және 

қысқаша мазмұнын ашу керек. 

Тарау,  тараушалардың  және  пунктілерді  тақырыптарын  бас  әріппен 

абзацтан бос жерден бастап, соңында нүктесіз, астын сызбай жазады. 



 

Егер тақырып екі сөйлемнен түзелсе, онда олар нүктемен бөлінеді. 

 

Диссертация беттерінің нөмірленуі 

Диссертация беттері араб цифрларымен барлық диссертация мәтініне 

тура  нөмерлеуді  сақтай  нөмірленеді.  Бет  нөмірі  беттің  төменгі  бөлігінің 

орталығында нүктесіз қойылады. 

Титул бет беттердің жалпы нөмірленуіне қосылады. Бет нөмірі титул 

бетте қойылмайды. 

Бөлек 

беттерде 



орналасқан 

көркемдеулер 

мен 

кестелерді 



диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне қосады. 

А3  формат  беттегі  көркемдеулер,  кестелерді  бір  бет  сияқты  есепке 

алынады. 

 

Тарау, тараушалар, пунктілер, подпунктілерді нөмірлеу 

Жұмыстың  барлық  шегінде  диссертация  тарауларында  араб 

цифрлармен  көрсетілген  нүктесіз  және  абзац  бос  жерден  жазылған  реттік 

нөмірлер болуы тиіс. Тараушалар әрбір тарау шектерінде нөмерленуі тиіс. 

Тарауша  нөмірі  тарау  және  тараушаның  нүктемен  бөлінген  нөмірлерінен 

түзеледі.  Тарауша  нөмірінің  соңына  нүкте  қойылмайды.  Тараулар 

тараушалар сияқты бір немесе бірнеше пунктілерден түзіле алады. 

Егер  диссертацияда  тараушалар  болмаса,  онда  пунктілердің 

нөмірленуі  әрбір  тарау  шегінде  болуы  тиіс,  және  пункт  нөмірі  нүктемен 

бөлінген  тарау  және  пунктінің  нөмірлерінен  түзілуі  тиіс.  Пункт  нөмірі 

соңында нүкте қойылмайды. 

 

Үлгі 1 

1 Үлгілер және негізгі мөлшерлер 

1.1 

1.2 - Диссертацияның бірінші тарау пунктілерінің нөмірленуі 

1.3 

2 Техникалық талаптар 

2.1 

2.2- Диссертацияның екінші тарау пунктілерінің нөмірленуі 

2.3 

Егер диссертацияда тараушалар болса, онда пунктілердің нөмірленуі 

тарауша  шегінде  болуы  тиіс  және  пункт  нөмірі  нүктелермен  бөлінген 

тарау, тарауша және пункт нөмірлерінен түзелуі тиіс, мысалы: 

 

Үлгі 2 

3 Байқау әдістері 

3.1 Аппараттар, материалдар мен реактивтар 

3.1.1 

3.1.2  -  Диссертацияның  үшінші  тарауы  бірінші  тараушасы 

пунктілерінің нөмірленуі 

3.1.3 



 

3.2 Байқауға дайындау 

3.2.1 

3.2.2  -  Диссертацияның  үшінші  тарауы  екінші  тараушасы 

пунктілерінің нөмірленуі 

3.2.3 

Егер тарау бір тараушадан түзілсе, онда тарауша нөмірленбейді. Егер 

тарауша бір пунктіден түзілсе, онда пункті нөмірленбейді. 

Егер  мәтін  тек  қана  пунктілерге  бөлінсе,  онда  олар  диссертациялық 

жұмыстың барлық шегінде реттік нөмірлермен нөмірленеді. 

Пунктілер  қажет  болғанда  әрбір  пункті  шегінде  реттік  нөмірлеуді 

болу тиіс подпунктілерге бөліне алады,  мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б. 

Пунктілердің  немесе  подпунктілер  ішінде  санап  шығуларды 

келтірілуі  мүмкін.  Әрбір  санап  шығудың  алдында  сызықша  немесе  құжат 

мәтінінде сілтеме қажет болғанда бір-бірден санап шығуларда кіші әріппен 

(ё,  з,  й,  ч,  ь,  ы,  ъ  әріптерінен  басқа)  сосын  жақша  қойылады.  Санап 

шығуларды  одан  арғы  нақтылауға  артынан  жақша  қойылатын  араб 

цифрларын  қолдану  қажет,  ал  үлгіде  көрсетілгендей  жазу  бос  жерден 

абзацпен жазылады. 



Үлгі 

а) __________ 

б) __________ 

1) _____ 

2) _____ 

в)__________ 

 

Егер  диссертациялық  жұмыс  екі  және  көбірек  бөлімдерден  түзелсе, 



әрбір  бөлімнің  өз  реттік  нөмірі  болуы  тиіс.  Әрбір  бөлім  нөмірі 

диссертациялық  жұмыс  түрі  нұсқаумен  титул  бетте  араб  цифрларымен 

белгіленеді, мысалы «Бөлім 2». 

Диссертация әрбір құрылымдық элементі жаңа беттен басталады. 

Диссертация 

беттері 


мен 

диссертация 

құрамына 

кіретін 


қосымшаларын нөмірлеу тура болуы тиіс. 

 

Көркемдеулер 

Көркемдеулер 

(сызбалар, 

графиктер, 

карталар, 

сұлбалар, 

компьютерлік  ашулар,  диаграммалар,  фотосуреттер)  диссертацияда 

мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырылуы керек. 

Көркемдеулер  компьютерлік  орындауда  соның  ішінде  түрлі  түсті 

бола алады. 

Барлық көркемдеулерге диссертацияда сілтемелер берілуі тиіс. 

Диссертацияда 

орналастырылған 

сызбалар, 

графиктер, 

диаграммалар,  сұлбалар,  көркемдеулер,  конструкторлық  құжатнама 

бірыңғай  жүйелері  мемлекеттік  стандарттарының  талаптарына  сай  болуы 

тиіс (ЕСКД). 



 

Компьютерлік  баспа  қолдануы  арқылы  сызбаларды,  графиктерді, 

диаграммаларды, сұлбаларды орындауға рұқсат. 

А4  форматынан  кіші  фотосуреттер  тиісті  ақ  қағаздың  стандартты 

беттеріне жапсырылған болуы керек. 

Көркемдеулер 

қосымшалардың 

көркемдеулерінен 

басқа 

араб 


цифрларымен тура нөмірленеді. 

Егер сурет бір, және ол «Сурет 1» деп белгіленсе, «Сурет» сөзі және 

оның атауы жол ортасына сызықша арқылы орналастырады. 

Тарау  шегінде  көркемдеулерді  нөмірлеуге  рұқсат  етіледі.  Ондай 

жағдайда  көркемдеу  нөмірі  тарау  нөмірінен  және  нүктемен  бөлінген 

көркемдеудің реттік нөмірінен түзіледі. Мысалы: Сурет 1.1. 

Қажет  болғанда  көркемдеудің  атауы  және  түсіндірмелік  мәліметтері 

(сурет  астындағы  мәтін)  бола  алады.  «Сурет»  сөзі  және  оның  атауын 

түсіндірмелік  мәліметтерден  кейін  орналастырады  және  келесі  түрде 

жайғастырылады: Сурет 1 - Құрал бөлшегі. 

Әрбір  қосымша  көркемдеулерін  қосымша  белгілеу  цифрының 

алдына  қосумен  бөлек  араб  цифрларымен  нөмерлеп  белгілейді.  Мысалы: 

Сурет А.З 

Көркемдеулер қосымша В сәйкес рәсімделеді. 

Көркемдеулерге  сілтемелер  жасағанда  былай  жазу  керек  тура 

нөмірлеуде «...сурет 2 сәйкес» және тарау шегінде нөмірлеуде «...сурет 1.2 

сәйкес». 

 

Кестелер 

Көрсеткіштерді  салыстыру  ыңғайлылығы  мен  жақсы  көрнектілік 

үшін  қолданады.  Кесте  атауы  оның  мазмұнын  көрсетіп,  дәл  қысқа  болып, 

және  кестенің  үстінде  сол  жағында  абзац  бос  жерсіз  оның  нөмірімен 

сызықша  арқылы  бір  жолды  орналасады.  Басқа  бетке  кесте  бөлімдерін 

тасымалдауда төменгі горизонталь сызықты бірінші бетте жаппайды, басқа 

бөлімдердің үстінде сол жағында «жалғасы» деген сөзді жазады және кесте 

нөмірін көрсетеді , мысалы: «Кесте 1 жалғасы». 

Диссертацияда кестені алғашқы рет аталатын мәтіннен кейін тікелей 

орналастырған жөн, немесе келесі бетте. Диссертацияда барлық кестелерге 

сілтемелер  болуы  тиіс.  Сілтемеде  «кесте»  деп  жазып,  оның  нөмірі 

нұсқалынады.  Қосымша  кестелерден  басқа  кестелерді  араб  цифрларымен 

тура  нөмірлеу  керек.  Кестелерді  тарау  шектерінде  нөмірлеуге  рұқсат 

етіледі.  Бұндай  жағдайда  кесте  нөмірі  тарау  нөмірінен  және  нүктемен 

бөлінген  кестенің  реттік  нөмірлерінен  түзіледі.  Әрбір  қосымша  кестелері 

бөлек араб цифрларымен қосымша белгіленуі цифрының алдында қосумен 

нөмірленеді. 

Кестелерді  сол,  оң  және  төмен  жақтарынан  сызықтармен  шектейді. 

Кестеде мәтінде әріп мөлшеріне қарағанда кішісін қолдануға рұқсат етіледі 

(12). Кесте жолдарына шек қоюшы горизонталь және тік сызықтарды егер 

олардың жоқ болуы кестені пайдалануды қиындатпаса, жүргізбей-ақ қоюға 

болады. 



 

Кесте  төменгі  бөлігі  мен  мәтін  арасындағы  ара  қашықтық  2  «бос» 

жол болуы тиіс. 

 

Ескертулер 

Азат  жолдан  сирете  және  астын  сызылмай  бас  әріппен  жазылуы 

керек. Диссертацияда ескертулер, егер  мәтін, кестелер немесе графикалық 

материалдың  мазмұнына  түсіндірулерді  немесе  анықтамалық  мәліметтер 

қажет  болса  келтіріледі.  Ескертулер  мәтіндік,  графикалық  материалдың 

немесе кестеден кейін тікелей орналастырылады. Егер ескерту біреу болса, 

онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып және ескерту бас әріппен 

жазылады.  Бір  ескерту  нөмірлемейді.  Бірнеше  ескертулерді  нүкте  араб 

цифрларымен  ретпен  нөмірлейді.  Кестеге  ескертуді  кесте  соңында  кесте 

аяғын белгілейтін сызықтың үстіне орналастырылады. 

 

Формулалар мен теңдеулер 

Мәтіннен  бөлек  жолға  белгіленуі  керек.  Әрбір  формулалар  немесе 

теңдеуден жоғары және төмен бірден аз емес бос жол қалдырылған болуы 

тиіс.  Егер  теңдеу  бір  жолға  сыймаса,  онда  (=)  немесе  қосу  (+),  алу  (-), 

көбейту  (х),  бөлу  (:)  немесе  басқа  математикалық  белгілерден  кейін,  ол 

келесі  жолға  тасымалданады  және  келесі  жол  басында  да  белгі 

қайталанады.  Формула  тасымалдауда  көбейту  операция  символмен 

көрсетуші белгіде, «х» белгісін қолданады. 

Символдардың 

мағыналары 

мен 


сандық 

коэффициенттерді 

түсіндіруді  сол  формулада  берілген  жүйелілікпен  тікелей  формуланың 

астына  жазады.  Диссертацияның  барлық  шегінде  формулаларды  араб 

цифрларымен  реттік  нөмерлеп  жолдың  оң  жақ  шетінде  жақшаға  алып 

нөмірлейді.  Тарау  шектерінде  формулаларды  нөмірлеу  рұқсат  етіледі, 

сонда  формула  нөмірі  тарау  нөмірінен  және  нүктемен  бөлінген  формула 

реттік нөмірлерінен түзіледі. 

Қосымшаларда  орналастырылған  формулалар  әрбір  қосымша 

шегінде  қосымша  белгіленуі  әрбір  цифрының  алдында  бөлек  араб 

цифрларымен  нөмерлеуді  қосып  нөмірленуі  тиіс,  мысалы  формула  (В1). 

Формулалар  мен  теңдеулерді  қолжазба  тәсілімен  қара  сиямен  орындауға 

рұқсат етіледі. 

 

Сілтемелер 

Қолданған  қайнарларға  квадрат  жақшаларда  жасалынады.  Құжатқа 

бүтін  немесе  оның  тараулары  мен  қосымшаларына  сілтеме  жасалады. 

Тараушаларға, пунктілер, кестелер мен көркемдеулерге сілтемелер жасауға 

рұқсат  етілмейді.  Стандарттар  мен  техникалық  шарттарға  сілтемелер 

жасағанда  тек  қана  олардың  белгіленуін  көрсетеді,  Әдебиеттер  тізімінде 

стандарттың  толық  сипаттамасы  болғанда  олардың  бекітілу  жылын 

көрсетпеуге рұқсат. 

 

Белгілеулер мен қысқартулар 




 

Бағана  түрінде  және  олардың  мәтінде  кездесу  ретінде  қажетті 

түсіндірулері мен толық атаулары келтіріледі. 

анықтамалар,  белгілеулер  және  қысқартуларды  бір  құрылымдық 

элементте «Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар» рұқсат. 

 

Әдебиеттер тізімі 

Араб  цифрларымен  нүктесіз  нөмірленген  диссертация  мәтінінде 

қайнарларға  сілтемелердің  кездесу  ретінде  орналасқан  қайнарлар  туралы 

мәлімдеулер. Абзац бос жерден жазылады. 

 

Қосымшалар 

Диссертацияның 

жалғасы 


сияқты 

оның 


келесі 

беттерінде 

дайындалады немесе бөлек құжат түрінде басылады. 

Қосымша құжаттың қалған бөлімі беттерімен ортақ нөмірленеді. 

Диссертация  мәтінінде  барлық  қосымшаларға  сілтемелер  берілуі 

керек.  Қосымшаларды  диссертация  мәтінінде  оларға  сілтемелер  жасалу 

ретімен орналастырады. 

Әрбір  қосымшаны  жаңа  беттен  жоғарыда  «ҚОСЫМША»  сөзін  жол 

ортасына оның белгілеулері мен дәрежесін нұсқап бастайды. Қосымшаның 

тақырыбы  болуы  тиіс,  мәтінге  салыстырмалы  симметриялы  бөлек  жолға 

бас әріппен жазылады. Қосымшаларды орыс әліпбиіннің бас әріптерімен А 

әрібінен  бастап  белгілейді,  Е,  З,  Й,  О,  Ч  ,  Ь  ,  Ы  ,  Ъ  әріптерінен  басқа. 

«ҚОСЫМША» сөзінен кейін оның жүйелілігін белгілейтін әріп жазылады. 

Орыс әліпбиін толық қолданған жағдайда латын әліпбиін қолдануға рұқсат 

етіледі, І, О әріптерінен басқа, ал одан әрі араб цифрларын. 



 

4 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҰСЫНУ МЕН ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ 

 

Бекітілген 



талаптармен 

сәйкестік 

рәсімделген 

магистрлік 

диссертация  ғылыми  жетекшінің  пікірін  алу  үшін  және  қорғау  алдындағы 

процедураларды  өтуге  қорғаудың  шамаланған  күніне  бір  ай  қалғанда 

кешіктірмей  өзін  шығарушы  кафедра  таныстырады.  Егер  магистрлік 

диссертация  бойынша  ғылымның  ұқсас  саласынан  қосымша  ғылыми 

кеңесші белгіленген болса, онда ғылыми жетекші және ғылыми кеңесшіні 

пікірлері бір-бірінен бөлек әзірленеді. 

Ғылыми  жетекші  және  ғылыми  кеңесші  (бар  болғанда)  пікірлері 

магистрантқа  қорғау  алдындағы  процедураларды  өткен  күннен  кейінгі  10 

(он)  күн  ішінде  «қорғауға жіберілді» немесе дәлелденген нәтижені нұсқап 

«қорғауға жіберілмеді» береді. 

Қорғау  алдындағы  процедуралардан  табысты  өткеннен  кейін, 

ғылыми  жетекші  және  ғылыми  кеңесші  (бар  болғанда)  оң  пікірлері 

«қорғауға  жіберілді»  қорытындысын  және  ЖОО  бекітілген  тәртіпте 

диссертацияны  плагиатства  затына  тексеруі  туралы  қорытындысымен, 

диссертант диссертацияны экспертизаға ұсынады. 

Диссертацияның  экспертиза  процедурасы,  лайықты  құжаттар  мен 

диссертанттың  қорғауға  кіру  рұқсатын  дайындаулары  кешенді  емтихан 

мен  диссертация  қорғау  арасындағы  мерзімде  және  бір  айдан  аспай  

өткізілуі керек. 

Диссертация экспертизаларын өткізуге арналған эксперттік комиссия 

қалыптасады. 

Эксперттік 

комиссия 

құрамы 


ректор 

бұйрығымен 

диссертация қорғауға дейін қалған екі айға дейін бекітіледі. 

Эксперттік комиссия құрамына екіден кем емес зерттеуге ұсынылған 

объектісі мен пәні саласында білімдері бар мамандар кіруі керек. 

Эксперттік  комиссия  құрамына  магистранттың  ғылыми  жетекшісі 

(кеңесшісі) кіре алмайды. 

Диссертант эксперттік комиссияға ұсынылады: 

1) аяқталған диссертациялық жұмыс; 

2) диссертация тақырыптарын бекіту туралы құжат; 

3) транскрипт; 

4) реферат; 

5)  бекітілген  тәртіпте  ғылыми  жарияланулардың  куәландырылған 

тізім және олардың көшірмелері; 

6) диссертацияны плагиатства затына тексеруі туралы қорытынды. 

Эксперттік  комиссия  10  күн  ішінде  диссертация  экспертизасын 

өткізеді  және  бекітілген  түрде  негізделген  жазбаша  қорытынды  береді, 

онда мыналар көрінуі керек: 

- диссертацияда баяндалған нәтижелерді алуда магистранттың нақты 

жеке қатысуы; 

-  жүргізілген  зерттеулердің  нәтижелердің  негізделу  дәрежесі, 

олардың жаңалығы және практикалық маңыздылығы; 




 

-  диссертация  мазмұнының  мамандық  бойынша  жоғарғы  және 

жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім топтастырғышымен сәйкестігі; 

-  магистрантпен  жарияланғандардың  жұмыстарда  диссертация 

материалдарының баяндау толықтығы. 

Түйіндеуші  бөлімде  эксперттік  комиссия  келесі  шешімдердің  біреуі 

ұсынылады: 

1) диссертацияны жұрт алдында қорғауға ұсыну; 

2) 

анықталған 



мерзімде 

ескертпелердің 

жою 

шартымен 



диссертацияны жұрт алдында қорғауға ұсыну; 

3) диссертацияны қорғауға ұсынбау. 

диссертация  қорғауға  ұсынғанда  диссертациялық  кеңес  хатшысы 

рефератты  университеттің  ресми  сайтына  диссертация  қорғауға  дейін  бір 

айдан кешіктірмей орналастырады. 

Қорғауға қабылданған диссертацияның  бір данасы және рефераттың 

екі данасы қорғау өткізілетін ұйым кітапханасына қорғауға дейін бір айдан 

кешіктірмей магистрантпен тапсырылады және онда диссертация қорғауға 

қол  жазба  ретінде  сақталады.  Сәтті  қорғалудан  кейін  диссертация  және 

реферат  бір  данасы  ЖОО  мұрағатына  беріледі.  Болмаған  жағдайда 

диссертация және реферат екі данасы магистрантқа қайтарылады. 

Магистрлік 

диссертация 

бойынша 


мамандығы 

(оқу 


немесе 

академиялық  дәреже)  қорғалатын  жұмыс  профилінің  талабына  сай  ресми 

қарсы  сөйлеуші  тағайындалады.  Ресми  қарсы  сөйлеуші  диссертация 

орындалған ұйымның қызметкері болмауы тиіс. 

Ресми  қарсы  сөйлеушілердің  кандидатуралары  ректор  бұйрығымен 

шығарушы  кафедра  меңгерушісінің  ресми  қарсы  сөйлеуші  тағайындауы 

туралы негіздеме, жұмыс орындары, иеленген лауазымдар, оқу дәрежелер, 

ғылыми  атақтар  және  негізгі  жариялаулардың  тізімінің  нұсқалатын 

сұрақтамалық мәліметтер профиль бойынша магистрлік диссертация қарсы 

сөйлеуші  (3-еуден  кем  емес)  және  шамаланған  қарсы  сөйлеушілердің 

жазбаша  келісулері  қосылған  ұсынуы  негізінде  қорғауға  дейін  1,5  (бір 

жарым) айдан кешіктірмей бекітіледі. 

Ресми  қарсы  сөйлеуші  магистрлік  диссертация  зерттеуінің  және 

диссертация  тақырыбы  бойынша  жарияланған  жұмыстар  негізінде  10  (он) 

күн  ішінде  ресми  қарсы  сөйлеушілердің  тағайындауы  туралы  бұйрық 

шығарылғаннан  күннен  жазбаша  рецензияны  даярлайды.  Рецензияда 

диссертацияға  жан-жақты  сипаттама  беріледі,  таңдалған  тақырып 

өзектілігін,  диссертацияда  келтірілген  ғылыми  жағдайлардың  негізделу 

дәрежесін,  қорытындылар  мен  ұсыныстарды,  олардың  жаңалығын 

объективті  бағалайды.  Түйіндеуші  бөлімде  ресми  қарсы  сөйлеуші 

рецензиясында 

бағалау 


(«өте 

жақсы», 


«жақсы», 

«орташа», 

«қанағаттанғысыз») нұсқалған дәлелденген нәтиже және сәйкес мамандық 

бойынша  магистр  академиялық  дәрежесін  беру  мүмкіншіліктері  болу 

қажет. 

Ресми  қарсы  сөйлеуші  рецензиясының  көшірмесі  магистрантқа 



диссертация қорғауға дейін қалған 10 күннен кешіктірілмей тапсырылады. 


 

Магистрант қорғауға кешенді емтиханды жақсы  тапсырғаннан  кейін 

төмендегілер болғанда жіберіледі: 

-  ғылыми  жетекші  және  ғылыми  кеңесшінің  (бар  болғанда)  оң 

пікірлері; 

-  диссертация  тақырыбы  бойынша  біреуден  кем  емес  жариялаудың 

ғылымиларды  басылымдарда  немесе  халықаралық  және  республикалық 

ғылыми конференцияларда шығулар; 

-  эксперттік  комиссияның  диссертацияны  жұрт  алдында  қорғауға 

ұсыну туралы жазбаша қорытындылары; 

-  шығарушы  кафедра  қорғауға  ұсыну  туралы  шешімі  (кафедра 

мәжілістері хаттамасының көшірмесі); 

-  мамандығы  (оқу  немесе  академиялық  дәреже)  қорғалатын  жұмыс 

профилінің  талабына  сай  келетін  қарсы  сөйлеушінің  диссертацияға  жан-

жақты  сипаттама  («өте  жақсы»,  «жақсы»,  «орташа»,  «қанағаттанғысыз») 

нұсқалған  дәлелденген  нәтиже  және  сәйкес  мамандық  бойынша  магистр 

академиялық дәрежесін беру мүмкіншіліктері берілетін бір рецензиясы 

Егер  ғылыми  жетекші  (ғылыми  кеңесші)  немесе  эксперттік  кеңес 

жағымсыз  нәтиже  берсе,  «қорғауға  жіберілмейді»  немесе  «қорғауға 

ұсынылмайды» магистрант магистрлік диссертацияны қорғай алмайды. 

Магистрант  магистрлік  диссертацияны  дайындауларының  жүруі 

туралы  жылына  бір  мәрте  кафедра  мәжілісінде  есеп  береді,  ал  ғылыми 

жетекші - факультет кеңесі мәжілісінде. 

Магистрлік диссертацияны алдын ала қорғау ізденушіде диссертация 

мәтініні  (түптелмеген)  толық  және  кафедраға  қорғаудың  шамаланған 

мерзіміне  дейін  бір  айға  дейін  ұсынылған  мультимедиялық  презентация 

бар болғанда өткізіледі. 

Магистрлік 

диссертацияны 

алдын 


ала 

қорғау 


хаттамамен 

рәсімделеді. 

Егер  магистрлік  диссертацияны  алдын  ала  қорғауда  жағымсыз 

бағалау  алса,  онда  ол  жөндеуге  жатады.  Тек  қана  диссертацияны 

жөндеуден  және  белгіленген  жетіспеушіліктердің  жойылғаннан  кейін  ол 

қайтадан  кафедрада  алдын  ала  қорғауға  эксперттік  кеңестің  экспертиза 

өтуге кіру рұқсаты туралы шешімін алу үшін ұсынылуы мүмкін. 

Диссертация қорғауға магистрант кіру рұқсаты диссертация қорғауға 

дейін екі аптаға дейін ректор бұйрығымен рәсімделеді. 

Диссертациялық 

кеңес 

төрағаларының 



кандидатуралары 

желтоқсанға дейін білім саласындағы уәкілеттін органға ұсынылады: 



Магистратура  мамандықтары  бойынша  диссертациялық  кеңес 

төрағасы  доктор  немесе  ғылым  кандидатының  оқу  дәрежесі,  немесе 

PhD/профиль  бойынша  доктор  академиялық  дәрежесі  шығарылатын 

мамандардың профиліне сәйкес болуы тиіс. 

Диссертациялық  кеңес  төрағасы  күнтізбелік  жылға  20  қаңтардан 

кешіктірілмей білім саласындағы уәкілеттін орган бұйрығымен бекітіледі. 

Магистрлік  диссертацияларды  қорғау  бойынша  диссертациялық 

кеңес құрамы төраға орынбасары, оқу хатшы және мүшелерді нұсқай ЖОО 




 

бастығы немесе ғылыми ұйымның бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік 

жыл ішінде жұмыс жасайды. 

Магистрлік  диссертацияларды  қорғау  бойынша  диссертациялық 

кеңес  құрамына  сәйкес  мамандық  бойынша  ғылым  докторы  немесе 

кандидаты  ғылыми  дәрежелері,  PhD  доктор  немесе  магистр  академиялық 

дәрежелері бар тұлғалар қосылады  

Сонда  үшеуден  кем  емес  мүшенің  шифр  қорғалатын  магистрлік 

диссертация  профиліне  сай  болатын  ғылым  докторы  немесе  кандидаты 

ғылыми дәрежелері болуы тиіс. 

Магистрлік  диссертацияларды  қорғау  бойынша  диссертациялық 

кеңестің сандық құрамы бес адамнан кем емес құрылады. 

Диссертациялық 

жұмыстарды 

қорғау 

диссертациялық 



кеңес 

мәжілісінде жүзеге асады. 

Диссертациялық 

кеңестер 

әрбір 

магистратура 



мамандықтары 

бойынша қалыптасады. 

Диссертацияны  қорғауға  дейін  үш  күн  қалғанда  диссертациялық 

кеңеске келесі материалдар ұсынылады: 

- түптелген диссертация 1 дана; 

- эксперттік комиссия қорытындысы; 

- диссертанттың ғылыми жетекшісінің пікірі; 

- ресми қарсы сөйлеуші пікірі; 

- диссертацияға аңдатпа; 

- транскрипт; 

- диссертация тақырыбын бекіту туралы құжат; 

- бекітілген тәртіпте куәландырылған ғылыми жариялаулардың тізім 

және олардың көшірмелері; 

- презентациялық материалдар. 

Диссертациялық  кеңестің  әрбір  мүшесі  қорғауға  ұсынылған 

материалдармен күні бұрын танысуға тиіс. 

Диссертациялық  кеңестің  бір  мәжілісінде  6-8  көп  емес  жұмыс 

қорғауға  қабылданып  және  тыңдалуы  мүмкін.  Ізденушілердің  тізімінде 

келесілер болуы тиіс: 

- магистранттың фамилиясы және аты; 

- магистрлік диссертация тақырыбы; 

-  ғылыми  жетекшінің  фамилиясы,  аты,  әкесінің  аты,  ғылыми 

дәрежесі және ғылыми атағы; 

- қарсы сөйлеушінің фамилиясы, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі 

және ғылыми атағы. 

Диссертант  баяндамасы  магистрлік  диссертация  мазмұнына  жауап 

беруі тиіс. Баяндама ұзақтығы – 15-20 минут. Баяндамада мыналар аталуы 

керек: 


- жұмыстың мақсаты және тапсырмалары; 

- оның өзектілігі, практикалық құндылығы және зерттелуі; 

-  негізгі  концепция  және  қысқа  негіздемемен  ең  маңызды 

қорытындылар. 




 

Тарауларды  санамалап  шығып,  мәселелерді  қысқа  нұсқау  немесе 

жұмыс бөлшегінде шамадан тыс тереңдеуге болмайды. Слайдтар түріндегі 

демонстрация  жасайтын  материалдарды,  үлестіретін  материалдарды  және 

т.б. қолдану міндетті. 

Сонымен  қатар  диссертациялық  кеңеске  орындалған  магистрлік 

диссертацияның  ғылыми  және  практикалық  құндылығын  сипаттайтын 

басқа  материалдар,  ресми  емес  пікірлер,  магистрлік  диссертация  профилі 

бойынша  практикалық  қызметті  жүзеге  асыратын  ұйымдардан  жазбаша 

қорытындылар,  ғылыми  зерттеу  нәтижелерінің  енгізу  актілері  немесе 

анықтамалары, 

макеттер, 

бұйымдардың, 

материалдардың, 

ауылшаруашылық  өнімдерінің  үлгілері  ,  минералдардың  колекциялары, 

гербарийлар және сол сияқтыларды келтіруге болады. 

Магистрлік  диссертацияларды  қорғау  бойынша  диссертациялық 

кеңесінің  мәжілісі  заңды  есептеледі,  егер  оған  оның  мүшелерінің  2/3  кем 

емес қатысса. 

Ресми  қарсы  сөйлеуші  және  ғылыми  жетекші  диссертация  қорғауға 

қатысуға  міндетті.  диссертация  бойынша  оң  пікір  берген  ресми  қарсы 

сөйлеуші  орынды  себеппен  жоқ  болса,а  магистрлік  диссертация  қорғауын 

өткізуге шешіледі. Бұл жағдайда диссертациялық кеңес мәжілісінде келмей 

қалған қарсы сөйлеушінің пікірі толық жарияланады. 

Диссертацияны  жұрт  алдында  қорғау  ғылыми  пікірсайыс  сипатында 

ғылыми  әдеп  және  принициптерін  жағдайында  жүруі  тиіс  және 

диссертацияда жаңалық, нәтижелердің, қорытындылардың негіздемелілігі, 

ғылыми және практикалық сипттағы ұсыныстар талданады. 

Қорытынды 

аттестациялаудан 

өткен, 

лайық 


кәсіптік 

магистратураның  оқу  бағдарламасын  меңгеруді  растаған  және  магистрлік 

диссертацияны 

жұрт 


алдында 

қорғаған 

оқушыға 

магистрлік 

диссертацияларды  қорғау  бойынша  диссертациялық  кеңес  шешімімен 

сәйкес мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі және 

мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен табысталады. 

Диссертациялық кеңесінің шешімі хаттамамен рәсімделеді. 

Магистранттардың  қорытынды  аттестациялауы  аяқталғаннан  соң 

МАК 


және 

диссертациялық 

кеңес 

төрағалары 



магистрлік 

диссертацияларды 

қорғау 

бойынша 


магистранттардың 

қорытынды 

аттестациялауы 

нәтижелері 

туралы 

бірыңғай 



есептеу 

нәтижесін 

құрастырады және оны ЖОО бастығына екі апталық мерзімде ұсынады. 



 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  2007  жылғы  27 



шілдедегі № 319-ІІІ заңы; 

2  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

2008  жылғы  6  мамырдағы  №  259  бұйрығымен  бекітілген  «Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  бірдей  білім  стандарты  . 

ЖОҒАРҒЫ  ОҚУ  ОРНЫНАН  КЕЙІНГІ  БІЛІМ.  МАГИСТРАТУРА.  Негізгі 

жағдайлар»; 

3  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

2008  жылғы  18  наурыздағы  №  125  бұйрығымен  бекітілген  оқушылардың 

үлгерімнің  ағымдағы  және  аралық  бақылау,  қорытынды  аттестациялаулар 

өткізу типтік ережелері; 

4  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

2010  жылғы  13  сәуірдегі  №  168  Қазақстан  Республикасының  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  2008  жылғы  18  наурыздағы  №  125  «оқушылардың 

үлгерімнің  ағымдағы  және  аралық  бақылау,  қорытынды  аттестациялаулар 

өткізу  типтік  ережелерін  бекіту  туралы»  бұйрығына  өзгерістер  енгізу 

туралы бұйрығы. 




 

А ҚОСЫМШАСЫ 

 

ОӘД 69.032.2 



 

Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК 

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы 

 

 



МАРАТОВ КАНАТ МАРАТОВИЧ 

 

«Қазіргі заманғы геодезиялық құралдарды пайдаланып инженерлік 



құрылымдардың пландық-биіктік негізінің сапасын қадағалау және 

өндеу 

  

 



6М090300 – Жерге орналастыру 

 

магистр академиялық дәрежесін 



ізденуге магистрлік диссертация 

 

 



 

Ғылыми жетекшесі: 

техника ғылымдарының  кандидаты, 

доцент Апшикур Б. 

_______________________________ 

«____» __________________2014 ж. 

 

Кафедра меңгерушісі: 



техника ғылымдарының  кандидаты, 

доцент Хасенов К.Б. 

_______________________________ 

«____» __________________2014 ж. 

 

Норма бақылаушы: 



«Геодезия, жерге орналастыру және 

кадастр» кафедрасының техника 

ғылымдарының кандидаты, доцент 

Апшикур Б. 

_______________________________ 

«____» __________________2014 ж. 

 

 

Өскемен қаласы 



2014 ж. 


 

 

 



Б ҚОСЫМШАСЫ 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1.  Васильева  Г.С.  Биология  трансплантированных  опухолей.  Алматы, 

2003, 216 б. 

2.  Ефимов  М.Л.,  Васильева  Г.С.  Суточные  биологические  ритмы  и 

злокачественный  рост  //  Усп.совр.биологии,  2003,  Т.  103,  №  2,  255-

270 бб. 


3.  Патент  №72931.  СССР.  Способ  переработки  сырья.  21.02.03 

жарияланған. 

4.  А.с.  №  386018.  СССР.  Способ  извлечения  металлов.  12.09.03 

жарияланған. 

5.  Георгиева  Р.С.  Изменения  в  системе  свертывания  крови  у  больных 

злокачественными  опухолями  //Сб.  научн.  трудов  Института 

биологии. Алматы,2004, 214-217 б. 

6.  Баженов  Л.Г.,  Кулинская  Л.Л.,  Сорочинская  ИЯ.  Сезонные 

изменения  содержания  иммуноглобулинов  в  крови  клинически 

здоровых  лиц.  Тез.  докл.  Ш  Всес.  конф.  по  хронобиол.  и  хрономед. 

Ташкент, 1990,320 б. 

7.  Каверина  Л.П.,  Березовская  И.В.  Сезонные  изменения  показателей 

свертывания крови у крыс и кроликов. М., Деп. в ВИНИТИ, 13.09.89, 

V, 21 с., № 5853 - В 89. 

8.  Отчет  №  81047478.  ИМиО  АН  КазССР.  Изучение  кинетики  и 

химизма процессов. Алматы, 2003,240 б. 

9.  Свиногеева  Г.П.  Экспериментальная  терапия  саркомы  Т-1  в 

зависимости от ее митотической активности. Автореф. ... канд. биол. 

наук: 04.03.04. М.: МГУ, 2004.16 б. 

10. Vachaspati T., Viderkin A. Evolution of cosmic nets // Phys. Rev., V. 46, 

№2, Р. 1133-1140. 

11. Паустовский  К.Г.  Золотая  роза  //  Собр.  соч.:  В  7  т.  М.,  1984.  Т.  3. 

287-528 бб. 



 

В ҚОСЫМШАСЫ 

 

Өтініш үлгісі 

 

Д. Серикбаев ат. ШҚМТУ ректоры 



Профессор Ж.Қ. Шаймардановқа 

1 курс магистранты 

6М090300 «Жерге орналастыру мамандығы 

А.Б. Султанова 

 

 

Өтініш 



 

Магистрлік диссертация тақырыбын «Жерге орналастыру жобалауын 

ArcGIS  негізінде  автоматтандыру»  бекітуіңізді  және  жетекші  ретінде 

«Геодезия,  картография  және  кадастр»  кафедрасының  профессоры,  т.ғ.д.    

Т. Т. Ипалаковты тағайындауыңызды сұраймын. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

01.02.2014 ж . 

 

 

 



 

 

 



 

 

Магистрант қолы 



 

жүктеу 229,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау