тапсырма.
Ареометр – сұйықтықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап. Төменде берілген үш тұжырымның қайсысы ареометрдің қызметіне сәйкес келеді:
А. Айдағы сұйықтықтың тығыздығын өлшеу үшін ареометрді қолдану барысында, оның шкаласын алты есе ұзарту қажет, себебі Айдың бетіндегі ауырлық күшін үдету Жерге қарағанда алты есе кем.
В. Айдың бетінде қарапайым ареометрді қолдануға болмайды.
С. Ареометрді Айда да, басқа планеталарда да қолдануға болады.
тапсырма.
Асқар өте биік таудың ұшар басына шықты. Онда ол пластик бөтелкенің ішіндегі барлық суды ішіп, оның қақпағын жауып қойды. Аңғарда орналасқан лагерге қайтып келгенде, ол бос бөтелкенің сығылып қалғанын байқады.
Бұлай неге болғанына қай пайымдау бәрінен дұрыс түсінік береді?
А. Таудың ұшар басына қарағанда, аңғарда температура төмен. В .Таудың ұшар басына қарағанда, аңғарда температура жоғары. С. Таудың ұшар басына қарағанда, аңғарда ауа қысымы төмен.
D. Таудың ұшар басына қарағанда, аңғарда ауа қысымы жоғары.
тапсырма.
Автомобиль дөңгелегімен консерві құтысын басып өтті де оны толығымен жаншып кетті.
Консерві құтысының атомдары туралы келесі пайымдаулардың қайсысы дұрыс?
А Атомдары уатылып қалды.
В Атомдары жаншылып қалды. С Атомдары өзгерген жоқ.
D Атомдары басқа атомдарға айналып кетті.
тапсырма.
Неліктен:
А. Келе жатқан көлікке жақын жерден оның алдын кесіп өтуге болмайды.
В. Қашып келе жатқан адам қуғыншыдан құтылу үшін оны ұстап алуға жақын қалған мезетте қайсыбір жағына қарай шұғыл қозғалыс жасайды.
С. Егер қозғалып келе жатқан қайық кенеттен тоқтай қалса, онда оның үстіндегі адамның тұрған қалпын сақтап қалуы қиындау болады.
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
тапсырма «Доптар»
Балалар баскетбол ойнауға жиналды. Ілияс доп әкелді. Бағдат допты қолға алып көріп, оны үрлеу керегін айтты. «Неге? Оның онсыз да серпілісі жақсы» – деп таңқалды Ілияс. Бағдат кәсіби ойыншылар ойнайтын доптардың серпіліс стандарттары бар екенін айтты. Мәселен, егер доп 180 см биіктен еркін түссе, оның беткі серпілісі 120 см немесе 140 см- ден аз болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |