5.3 МАЛЮС ЗАҢЫН ТЕКСЕРУ
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАР: Малюс заңын тексеруге арналған
құрылғы, гальванометр.
5.3. І ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
Электромагниттік теория бойынша жарық - көлденең электромагниттік толқын болып табылады. Электр өрісінің кернеулік векторы мен магнит өрісінің кернеулік векторы өзара перпендикуляр жазықтықта тербеледі, ал векторы толқынның таралу бағытын көрсетеді. Жарық заттардың бетіне түскен кезде атомдар мен молекулалардың теріс зарядталған электрондарына айнымалы электр өрісі әсер етеді де, ал магнит өрісінің тарапынан болатын әсер өте аз болады. Сондықтан, жарықтың таралу процестерінде электр өрісінің кернеулік векторы басты роль атқарады.
Егер векторының тербелісі тек бір ғана жазықтықта өтетін болса, ондай толқын жазық поляризацияланған толқын деп аталады. векторы тербелетін жазықтық поляризация жазықтығы деп аталады. Күн, сынап лампалары және т.б. табиғи жарық көздері болып табылады. Бұл жағдайларда векторының тербеліс жазықтықтары үздіксіз өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |