4.5 ТЕРМО ЭҚК-ІН ЗЕРТТЕУ. ТЕРМОПАРАНЫ ГРАДУИРЛЕУ.
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: қыздырғышы бар термопара, екі
термометр, микроамперметр,
кедергілер магазині
4.5.1 ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
Әртүрлі екі металл өткізгіштерді түйістіргенде кейбір электрондар жылулық қозғалыс нәтижесінде бір өткізгіштен екінші өткізгішке өтіп кетеді. Электрондар қосып алған металл - теріс, ал электрондарын берген металл - оң зарядталады. Түйіскен кезде пайда болған потенциалдар айырмасы ішкі деп аталады. Түйіскен кезде потенциалдар айырмасының пайда болуының екі түрлі себебі бар:
1. және металдардан электрондардың ұшып шығу жұмыстары әртүрлі.
2. Металдардағы бірлік көлемге сәйкес келетін бос электрондар саны әртүрлі.
Достарыңызбен бөлісу: |