Егер кранды жауып, ыдыстың ішіне азырақ ауа жіберіп біраз уақыт күтсек, ыдыстағы температура бөлме температурасына тең, ал қысым атмосфералық қысымнан біраз жоғары болады. Содан соң кранды тез ашып, монометрдегі сұйықтың деңгейлері бірдей болғанда, кранды қайтадан жабады. Кранды ашқанда газ ұлғая бастайды және де бұл ұлғаюды адиабаталық деп санауға болады. Кран жабылғаннан кейін газдың біраз массасы ыдыстың барлық көлемін алады, ыдыстағы қысым атмосфералық қысымға тең болады. Ал, температурада адиабаталық ұлғаю салдарынан бөлменікінен біраз төмен болады, газдың бұл күйін екінші деп атайық.
Достарыңызбен бөлісу: |