яғни, бірдей фазада тербелістің ең жақын екі нүктенің арақашықтығын толқын ұзындығы деп атайды. болғандықтан
(2.3.2)
Толқынның таралу жылдамдығы оның ұзындығы мен жиілігінің көбейтіндісіне тең болады.
Тербелістің уақыт моментінде жеткен жерлерін толқын майданы дейді. Бірдей фаза беттері толқын беттері делінеді.
Қума толқындардың таралу жылдамдығын анықтайық. Ол үшін толқын таралатын ортадан бір стержень бөліп алайық. Онда стреженнің күш әсер еткен бас жағының бөлшектері үдеу алып күш бағыттарымен ығыса бастайды. Көршілес бөлшектер қабаттары деформацияланады да онда бастапқы формасына келтіруге тырысатын серпімді күш пайда болады. Осы күштердің әсерінен алғашқы үдеу алған қабаттағы бөлшектер қозғалыс жылдамдығын ала бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |