№ 6
және жұтқыш-шынылар жиынтығы. Осы шынылардың жұтылу коэффициенттерін анықтау керек.
5.7.3 ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ
5.7.3.1 Қауіпсіздік техникасы:
Құралмен толық танысып алмай, оны ток көзіне қосуға болмайды.
Светофильтрлер мен зерттелетін затпен жұмыс істегенде өте абай және ұқыпты болу керек.
Светофильтрлерді ауыстырғанда камера қақпағы ашық тұру керек.
5.7.3.2 Құралдың жұмысқа дайындығын тексеру:
Құралды 220 В ток көзіне қосыңдар.
Құралға № 5 светофильтрді орналастырыңдар, светофильтр таза болу керек, егер кір болса сүртіңдер. Айна жағын сол жаққа қаратыңдар.
Оптикалық каналды «род работы» тетігін өздеріңе қарай толық қозғау арқылы жабыңдар.
Сағат тілі бағытына қарама-қарсы «чувствительность», «грубо», «плавно» тетіктерін толық ең соңғы жағдайға дейін бұраңдар.
«нуль-Грубо» тетігін сағат тілі бағытымен толық бұраңдар.
«Сеть» кнопкасын басыңдар және құралдың қызуы үшін 5-10 минут тосыңдар. 5-10 минуттан соң «Нуль. Плавно» тетігін құралдың «0» сызығына дейін бұраңдар.
«Род работы» тетігін толық қозғаңдар және «100» тетігі арқылы көрсеткіш құралдың көрсетуін 100 әкеліңдер.
«расширитель» тетігін басып және «нуль. Грубо» тетігі арқылы құралдың көрсетуін 20-25 бөлікке әкеліңдер.
чувствительность», «грубо», «плавно» тетіктерін бұрай отырып құралдың көрсетуін «100» көрсетуіне әкеліңдер.
Осы айтылғандар орындалса құрал дұрыс жұмыс істеп тұр дегенді білдіреді.
Токтан ажыратқаннан кейін 30 минут өткен соң өлшеулерді қайталауға болады.
Светофильтрді ауыстырғаннан соң 5 минуттан кейін өлшеу жұмыстарын бастауға болады.
5.7.3.3 Өлшеулер жүргізу реті:
«Флуориметр» және «расширитель» кнопкаларын өшіріңдер.
«род работы» тетігін өзіңе қарай толық қозғау керек.
Құралға №1 светофильтрді орналастырыңдар.
«чувствительность», «грубо», «плавно» тетіктерін сағат тілі бағытына қарама-қарсы бұрай отырып ең соңғы жағдайға әкеліңдер.
«нуль-Грубо» тетігін сағат тілі бағытында бұрай отырып ең соңғы жағдайға әкеліңдер.
Құралды ток көзіне қосып, 5-10 минут қызуын тосыңдар.
«нуль, плавно» тетігі бұрай отырып құралдың көрсетуін «0» жағдайына әкеліңдер.
«род работы» тетігін соңына дейін қозғап және «100» тетігін бұрау арқылы құралдың көрсетуін 1-ге әкеліңдер.
Қалыңдығы белгілі шыныны кювет блогына вертикаль орналастырыңдар да, микроамперметрдің көрсетуін 1-кестеге толтырыңдар.
2, 3 және т.б. шыныларды сала отырып 9 пунктегі әрекетті қайталаңдар.
1-кестедегі мәліметтер бойынша фототоктың шыны қалыңдығына тәуелділік қисығын тұрғызыңдар.
(5.7.4) өрнек бойынша алынған өлшеу нәтижелеріне сәйкес жұтылу коэффициенттерінің мәндерін анықтаңдар. Осы өлшеулер нәтижелері бойынша толқын ұзындығына сәйкес келетін жұтылу коэффииициентінің орташа мәнін анықтаңдар және оны кестеге толтырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |