4.2.8-сурет
Лоренц күшінің жартылай өткізгіштердегі -типті еркін ток тасушыларға (кемтіктер) әсері
Жартылай өткізгіштердегі ток тасушылар электрондармен қоса, кемтіктер. Олар квазибөлшектер, зарядтары оң, шамасы электрон зарядына тең. Кемтік массасы электрон массасындай. 4.8.2-суретте оң зарядталған кемтікке әсер етуші Лоренц күшінің бағыты көрсетілген. Суреттен көрініп тұрғандай кемтікке әсер ететін Лоренц күшінің бағыты электронға әсер ететін Лоренц күшінің бағытына сәйкес келеді. Бұл бағыт және векторлары бағытымен анықталады, бірақ еркін ток тасушылар таңбасына байланысты емес. Кемтіктердің саны электрондарға қарағанда әлдеқайда көп - типті жартылай өткізгіштерде Холл өрісі мен Холл э.қ.к.-інің таңбасы өткізгіштегі (немесе электрондары көбірек -типті жартылай өткізгіштерде) сәйкес шамаларға қарама-қарсы. (4.8.5) өрнекті қорытқанда, еркін заряд тасушылар жылдамдықтар бойынша таралатынын және олардың қозғалыс кезінде кристалдық торларда шашырайтыны ескерілмеді. Осыларды ескерсек, Холл тұрақтысына арналған өрнек мына түрге жазуға болады. Электронды жартылай өткізгіштер үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |