Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет19/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

58

ШВАРц Мэлвин (1932 – 2006) – американ физигі. 1962 ж. өзгелермен бірлесіп, 

нейтриномен орындалған тәжірибе кезінде екі 

типті нейтриноν

e

 мен ν



μ

 болаты-


нын анықтаған.

ШВЕЙГГЕР Иоганн (1779 – 1857) – неміс физигі. 1808 ж. электрметрді ой-

лап тапқан.



ШоКЛИ Уильям Брэдфорд (1910 – 1989) – американ физигі. 1948 ж. тран-

зисторды ойлап табуда маңызды мәні болған «өріс эффектісін» ашқан. Нобель 

сыйлығының иегері (1956 ж.).

ШоттКИ  Вальтер  (1886  –  1976)  –  неміс  физигі.  1915  ж.  экрандық  торы 

бар электрондық шамды ойлап тапқан. 1914 ж. сыртқы үдеткіш электр өрісінің 

әсерінен 

электрондық қанығу тогының арту құбылысын ашқан және оның 

теориясын  тұжырымдаған.  1918  ж.  күшейтудің  супергетеродиндік  принципін 

ұсынған.  1939  ж.  «жартылайөткізгіш  –  металл»  қабатындағы  жанасу  кезінде 

пайда болатын 



потенциалдық бөгетті зерттеген (Шоттки тосқауылы), осындай 

тосқауылды жартылайөткізгіш диодтардың теориясын тұжырымдаған.



ШРЕдИнГЕР  Эрвин  (1887  –  1961)  –  австриялық  физик.  Негізгі  ғылыми 

жұмыстары  статистикалық  физика,  кванттық  теория,  кванттық  механика,  жал-

пы салыстмалық теория, биофизика салаларын қамтыған. 1926 ж. де Броильдің 

материялық толқындары туралы және Гамильтон принципі идеялары негізінде 

классикалық механикада Ньютон заңдарының қандай маңызы бар болса, атомдық 

үрдістерде (процестерде) сондай мәні бар микробөлшектердің қозғалыс теориясы 

– 

толқындық механиканың негізіне микробөлшектердің күйлерін сипаттауға 

арналған толқындық функцияның (ψ-функцияның) теңдеуін енгізген. Сол жылы 

өзінің толқындық механикасын, В.Гейзенберг, т.б. жасаған матрицалық механи- 

каның тепе-теңдігін (эквиваленттілігін) дәлелдеген. 1926 ж. кванттық механика- 

дағы  жуық  әдіс  – 

кванттық  ұйытқу  теориясын  тұжырымдаған.  Бөлшекті 

       М.Шварц                  В.Шоттки             э.Шредингер             И.Штарк



ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

59

кеңістіктің белгілі бір бөлігіне орналасқан және тұтастай қозғалатын толқындар 



тобы ретінде көрсетуге ұмтылған. Нобельдік сыйлықтың иегері (1933 ж.).

ШРИФФЕР Джон Роберт (1931 ж.т.) – американ физигі. 1957 ж. Дж. Бардин-

мен  және  Л.  Купермен  бірлесіп,  асқынөткізгіштің  микроскопиялық  теориясын 

тұжырымдаған.

ШтАРК Иоганн (1874 – 1957) – неміс физигі. 1905 ж. арналық (каналдық) 

сәулелердегі  доплер  эффектісін,  1913  ж.  электр  өрісіндегі  спектрлік 

сызықтардың бөлшектену құбылысын байқаған. 



ШтЕРн  Отто  (1888  –  1969)  –  неміс  физигі.  1922  ж.  В.  Герлахпен  бірге 

атомның  магниттік  моментінің  болатынын  дәлелдеген.  1929  ж.  И.  Эстер-

манмен  бірлесіп  атомдық  шоққа  дифракцияның  (сонымен  бірге  протондарға 

толқындық қасиеттің) тән екенін алғаш болып анықтаған. Нобель сыйлығының 

иегері (1943 ж.).



ШтРАСМАн  Фриц  (1902  –  1980)  –  неміс  химигі  әрі  физик.  1938  ж.  Отто 

Ганмен бірлесіп, уран ядросын нейтрондармен соққылау нәтижесінде осы 



уран 

ядросының бөлінетінін ашқан.

ШУСтЕР Артур (1851 – 1934) – ағылшын физигі. 1897 ж. атомда электронның 

болатынын алғаш болжаған.

эВИнГ Джеймс Альфред (1855 – 1935) – шотланд физигі. 1882 ж. алғаш- 

қылардың  бірі  болып 



гистерезисті  бақылаған,  гистерезис  тұзағының  ауда-

ны магниттеу және магнитсізделудің толық циклі кезіндегі істелген жұмысқа 

пропорционал болатынын айғақтаған, «гистерезис» ғылымы атауын енгізген.

эддИнГтон Артур Стэнли (1882 – 1944) – ағылшын астрофизигі әрі фи-

зик. 1920 ж. жұлдыздардың энергиясы сутектен бөлінген гелийдің термоядролық 

синтез  реакциясының  нәтижесінде  пайда  болады  деген  идея  ұсынған.  1924  ж. 

жұлдыздардың массалары мен жарқырауының арасындағы тәуелдікті анықтаған. 



      о.Штерн                 А.эдиссон                  т.эдисон                   Х.эрстед


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

60

1919 ж. А. Эйнштейн алдын ала болжаған Күннің тартылыс өрісіндегі жұлдыз 



жарығының ауытқуын тәжірибе жүзінде ашқан.

эдИСон Томас Алва (1847 – 1931) – американ өнертапқышы. 1877 ж. фо-

нографты  ойлап  тапқан.  Қолданысқа  шамдарды 



параллель  қосуды  енгізген.  

1883  ж.  алғаш  болып 



термоэлектрондық  (жылуэлектрондық)  эмиссияны 

(Эдисон эффектісін) байқаған. 1000-нан аса өнертабысты патенттеген.



эпЛтон  Эдвард  (1892  –  1965)  –  ағылшын  физигі.  1924  ж.  ионсфераны 

ашқан. 1926 ж. ионсферадағы жоғарғы шағылдырғыш қабатты – Е қабатты (



эп-

лтон қабаты деп аталған) ашқан. 

эРСтЕд Ханс Кристиан (1777 – 1851) – дат физигі. 1820 ж. электр тогы- 

ның магнит тіліне әсер етуін байқаған, осы жайт физикада жаңа сала – электр- 

магнетизмнің пайда болуына әкелді. Эрстед 1821 ж. жарық электрмагниттік 

құбылыс болып табылады деген ой тастаған. 1822 ж. пъезометрді ойлап тапқан. 

эСАКИ  Лео  (1925  ж.т.)  –  жапон  физигі.  Тәжірибе  жүзінде  жартылай-

өткізгіштегі туннельдеуді ашқан, ж. 



туннельдік диодты жасаған. 1962 ж. электр 

өрісінің  белгілі  бір  мәндерінде  магниттік  кедергінің  күшті  арту  құбылысын 

ашқан.  (Эсаки  эффектісі,  1966  ж.  жартылайөткізгіштердегі  асқынөткізгіштік 

энергетикалық саңылауды тапқан. 



эССЕн  Льюис  (1908  –  1997)  –  ағылшын  физигі.  1955  ж.  цезий  атомының 

шоғында жиіліктің бірінші атомдық стандартын жасаған.



ЮКАВА Хидэки (1907 – 1981) – жапон физигі. 1935 ж. массасы электронның 

массасына қарайлас бөлшектердің болатыны туралы болжал ұсынған (



мезондар 

деп аталған), бұл ядродағы нуклондар арасындағы ядролық өзараәсерлесулерді 

тасымалдаушылар  болатын  бөлшектер  деп  есептелді.  1947  ж.  Юкава  болжам 

жасаған  бөлшектер  (пи-мезондар)  тәжірибе  жүзінде  табылған.  С.  Сакатамен 

бірлесіп 1935 ж. 

К-қармауды алдын ала болжаған, ядролық күштердің зарядтық 

        Л.эсаки                     Х.Юкава               Б.С.якоби                  Х.янг



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау