Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет175/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   265

И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



432

433


зарядталуына әкеп соқтыратын заряд тасушылардың диффузиялық ағынын ту-

дырады. Жанаспаның маңайында диффузиялық ағындарды компенсациялайтын 

(есесін қайтаратын) ағындар тудыратын электр өрісі пайда болады. Егер сыртқы 

өріс жанаспалық өріске қарсы бағытта болса, онда шығу жұмысы (Ф) аз денеден 

шығу жұмысы (Ф) көп денеге қарай артық электрондардың ағыны және кері 

бағытта артық кемтіктердің ағыны пайда болады.



ИНТЕГРАЛДЫҚ СҰЛБА, интегралдық  микросұлба (латынша «инте- 

гер – бүтін») – электрондық техниканың өзара байланысқан транзисторлардан  

және  басқа  бөліктерден  құралған  және  технологиялық  ортақ  цикл  бойынша 

жасалған құрылғы. Интегралдық сұлба идеясын алғаш болып 1952 жылы ағылшын 

инженері Г.У.

Даммер ұсынған. 1959 жылы Джек Килби резистор мен конденса-

торды Джон 



Бардин (1908 – 1991), Уильям Шокли (1910 – 1989) және Уолтер 

Браттейндердің (1902 – 1987) транзисторды жасаған тәсіліне ұқсас бүкіл құраушы 

бөліктерді ортақ бір тұғырға орналастырып бәрін бір мезгілде жасауды жүзеге 

асырған. Осылайша 

1959 жылы дүниежүзіндегі ең алғашқы интегралдық сұлба 

жасалған. 



ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ [латынша «интер – арасы» және «ференс (ферентис) – 

тасушы»] – кеңістіктің кейбір нүктелерінде когерентті (жарықтың, дыбыстың, 

т.б.) толқындардың қабаттасуы кезінде толқындардың фазаларының айырымына 

тәуелді түрде осы толқындардың кейбір нүктелерінде күшеюі, кейбір нүктелерінде 

толқындардың әлсіреуі байқалатын құбылыс.

Интерференциялық құбылыстың мысалына жұқа пленкалардың (асфальтқа 

төгілген бензин дақтарының, сабын пленкасының) түрлі түсті болып байқалуы 

жатады). Осы жағдайда 

пленканың  сыртқы  жә- 

не  ішкі  беттерінен  ша- 

ғылған  сәулелердің  ин-

терференциясы  жүзеге 

асады.  Егер  пленканың 

қалыңдығы,  мысалы,  

жарық  толқыны  ұзын- 

дығының  жартысына  

тең  болса,  онда  сәуле  

жолдарының  ұзындық- 

тарының айырымы тол- 

қын  ұзындығына  тең 



Толқындар  интерференциясы.  Екі  саңылау  арқылы  өткен 

толқындардың  бір-бірінің  үстіне  қабаттасуы  нәтижесінде 

интерференциялық  жолақтар  пайда  болады,  оларды  біраз 

қашықтықта орналасқан экраннан байқауға болады


И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



432

433


[пленканың  ішкі  бетінен  шағылған  сәуле 

пленканың    ішінде  2  рет  (ары  және  кері 

бағытта өтеді)] болады. Сондықтан фазалар 

айырымы 2π-ге тең және де сәулелер бірін бірі 

барынша (максимал) күшейтеді. Пленканың 

қалыңдығы әдетте бір орыннан екінші орын 

аралығында өзгеретіндіктен, ол әртүрлі түсті 

болып байқалады.

Тура  таралған  және  шағылған  толқын- 

дардан  пайда  болатын  интерференциялық 

суреттің көрінісі ерекше болады. Осы жағ- 

дайда тұрғын толқын пайда болады.

Шаң  басқан  айнадан  интерференция 

құбылысын байқауға болады. Егер осындай 

айна  алдында  майшам  жағылатын  болса, 

онда жалынның төңірегінен (айналасынан) 

түрлі  түсті  жиекті  байқауға  болады.  Бұл 

құбылыс  беті  ретсіз  шаңдалған  айнадан  шағылысқан  жарықтың  интерферен-

циялануынан  пайда  болады.  Әлгі  шаң-тозаңдар  «дифракциялық  тор»  ретінде 

әсерін тигізді. Осы құбылыс – кей кезде Күн немесе Ай дискісінің төңірегінде 

байқалатын түрлі түсті концентрлі шеңберлердің пайда болуына ұқсас құбылыс 

болып  табылады.  Соңғы  құбылыста  шаң–тозаңның  орнын  атмосферадағы  су 

тамшылары басып отыр.

«Тұрақты шаң-тозаң басқан айна» жасау үшін шағын таза әйнек алып, мыса-

лы, жуылған фотопластинкаға жұқа қабатты вазелин жағып, оған өсімдіктің ұсақ 

тозаңдарын бірқалыпты себу керек. Осы пластинканың бетіне екінші бір фото-

пластинканы беттестіріп, майшамның жалынына қараңыз. Жалынның төңірегінен 

түрлі түсті (ішкі жағында – көк түсті, сыртқы жағында – қызыл түсті) жиекті 

байқайтын боласыз.

 

Жарық интерференциясы – жарық қарқындылығының кеңістіктік қайта 

үлестірілуі  кезінде  жарық  және  күңгірт  жолақтар  түрінде  байқалатын  жарық 

толқындарының қабаттасуы.



 Полярланған жарық сәулесінің интерференциясы – жарықтың полярланған 

когерентті сәулесінің сәуленің қосарланған сынуына ие ортадан өтуі нәтижесінде 

әлгі  сәуленің  бір-бірінің  үстіне  қабаттасып  түсуі  кезінде  пайда  болатын 

интерференциялық суреті.



Интерференциялық құбылыстар


И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



434

435


Толқындар интерференциясы – кеңістіктің әртүрлі нүктелерінде қорытқы 

толқын  амплитудасының  күшеюі  немесе  әлсіреуі  пайда  болатын  когерентті 

толқындардың қабаттасуы. 

ИНТЕРФЕРЕНЦИЯЛЫҚ  СУРЕТ – когерентті  жарық  шоқтарының 

қабаттасуы нәтижесінде, яғни олардың арасындағы фазалар айырымы тұрақты 

(немесе тұрақты өзгерісі) жағдайында пайда болатын жарық қарқындылығының 

артуы және кемуінің тұрақты түрде кезектесіп алмасуы. Сфералақ толқындардың 

максимум қарқындылығы фазалар айырымының жарты толқынының жұп са-

нына тең болған кезде, ал минимум – қарқындылығы фазалар айырымы жарты 

толқынның тақ санына тең болған кезінде байқалады.

Интерференциялық суретті байқау үшін мынадай тәжірибе жасауды ұсынамыз. 

Дөңгелек  сымтемір  жақтауды  сабынан  ұстап,  сабынды  суға  лақтырып  алып, 

дөңгелек жақтауды қырынан тік ұстап тұрсаңыз, су тамшылап ағып, жақтауға  

сабын  пленка  керілетін  болады.  Пленканың  төменгі  жағы  жоғарғы  жағынан  

қалыңдау  болып  керіледі,  яғни  пленканың  көлденең  қимасы  өте  жұқа  сына  

тәрізді болады. Осы пленканы күн сәулесі түсетін тұсқа ұстап қарайтын болсаңыз 

сызбада бейнеленгендей түрлі түсті көлденең әлсіз түсті жолақтарды байқауға 

болады. Жолақтар дөңгелек жақтаудың төменгі тұсына қарай, яғни пленканың 

қалыңдығысәл артқан  сайын жақын орналасатын болады (1-сызба).

Жалпы  толқындардың  қалай  өзараәсерлесетінін  анықтау  үшін  когерентті 

көздерден таралатын толқындардың кездесетін нүктесіне дейін жүрген жолдарының 

айырымын анықтау керек. 2-сызбада тербелістердің нүктелік көздері S

және S



2

 бей-


неленген. Тербеліс көздерінің арақашықтығы (D) S

1

A және S

2

A арақашықтықтарынан 

едәуір қысқа (кем). S



1

A=r

1

 S

2

A=r

2

-ден кіші дейік. S

2

B=r

2

-r

1

 айырымы толқындардың 

жүрген  жолдарының  айырымы  болады. 

Егер осы жүрілген жолдар айырымының 

ұзындығы  бүтін  санға  (m-ге)  немесе 

жарты  толқынның  жұп  санына  (2m-ге) 

тең,  яғни  r

2

-r

1

=2mλ/2  болса,  мұндағы 

– кез келген бүтін сан немесе нөл болса, 

онда толқындар А нүктеде кездескенде олар бірін-бірі 

күшейтеді, осы нүктеде 

тербелістердің амплитудалары максимал (ең көп шамаға тең) болады.

Егер де толқындардың жүрген жолдарының айырымы тақ санға тең, яғни r

2

-

r

1

=(2m+1)λ/2 болса, толқындар А нүктеде кездескенде өзара бірін-бірі әлсіретеді 

де, амплитудалары ең аз шамаға (минимал) тең болады. Егер екі тербелістің де 

амплитудалары тең болса, онда А нүктеде тербелістер мүлдем болмайды. Осы 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау