Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет223/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   265

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

540


541

к

178



Идеал кристалл – ақаусыз құрылымды болатын кристалл.



Ионды кристалл – кристалдық тордың түйіндерінде оң және теріс иондар 

орналасқан кристалл.



Кванттық  кристалл  –  атомаралық  арақашықтықпен  салыстырылғанда 

атомдардың тербелістерінің амплитудаларының үлкен болуымен сипатталатын 

кристалл.

Металдық кристалл – кристалдық тордың түйіндерінде оң иондар орналасқан 

кристалл.



Молекулалық кристалл – кристалдық тордың түйіндерінде молекулалар 

орналасқан кристалл.



Оң кристалл – кәдімгі жарық сәуленің таралу жылдамдығы әдеттегідей емес 

сәуленің таралу жылдамдығынан артық болатын біросьті кристалл.



Сұйық  кристалл  –  заттың  сұйықтық  (аққыштық)  және  оған  қоса  қатты 

кристаллдық (анизотропиялық) қасиеттерге ие күйі.



Теріс кристалл – кәдімгі жарық сәуленің таралу жылдамдығы әлгіндей емес 

сәуленің таралу жылдамдығынан кем болатын біросьті кристалл.



КРИСТАЛДАР  АҚАУЫ  –  кристалдық  торлардың  идеал  қайталанбалы 

атомдық құрылымынан кез келген ауытқуы. Кристалдар ақауы атомарлық немесе 

макроскопиялық масштабта бола алады. Бұл ақау  кристалдану үрдісі кезінде 

жылулық әсерлердің, механикалық және электрлік әсер ету нәтижесінде, сондай-

ақ нейтрондармен, электрондармен, рентгендік және ультракүлгін сәулелермен 

әсер еткенде және қоспалар қосылған жағдайда пайда болады. Кристалдар бе- 

тінде 

нүктелік ақау, сызықтық ақау пайда болады. Тағы бір ақау көлемдік  

ақау да кездеседі.

Қарапайым нүктелік ақау – вакансия болып табылады – мұнда кристалдық 

тордың түйіні бос қалады. Кристалдарда бөгде атомдардың болуы да мүмкін. 

Кристалдардың өсуі және пластикалық деформациясы кезінде сызықтық ақау- 

лар – дислокациялардың пайда болуы мүмкін. 

Көлемдік ақауларға вакансия- 

ның  шоғырлануы;  кеуектер  мен  арналар  түзуші  бөгде  фазалар,  газ  көпіршік- 

тері, дислокацияға қоспалардың шоғырлануы, т.б. жатады. Ақаулар кристалдар- 

дың құрылымдарында 



серпімді бұрмалаулар тудырады, жұтылу спектрлеріне 

және люминесценцияға, жарықтың кристалдарда шашырауына т.б. әсер етеді.



КРИСТАЛДАР СПЕКТРЛЕРІ, о п т и к а л ы қ – жарықтың кристалдық күйдегі 

және ұзын толқындардың ұзындықтарымен (алыс инфрақызыл сәуледен бастап 

ультракүлгін сәулеге дейінгі аймағындағы) оптикалық диапазонында жатқан зат- 

пен өзараәсерлесуі кезінде пайда болатын жұтылу, люминесценция, фотоөткізгіштік, 




к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



542

543


жарықтың аралас шашырау және шағылу спектрлері. Бұл спектрлер негізгі затқа 

және кристалдардың қоспаларына да тән энергия деңгейлері арасындағы квант- 

тық  ауысулар  салдарынан  туындайды.  Кристалдар  спектрлерінде 

жіңішке 

спектрлік  сызықтармен  қатар  кең  спектрлік  жолақтар  болады  (кеңдігі 

толқындық  санмен  алғанда  сантиметрдің  үлесінен  бірнеше  мың  см

–1

-ге  тең 



аймаққа  дейін  созылады).  Спектрдің  түрі  кристалдың  типіне,  химиялық 

құрамына, құрылымның кемелденбегіндігіне тәуелді болады. Кристалдың энергия 

деңгейлері энергетикалық зонаға топталады. Зоналар арасындағы ауысулар ке- 

зінде (


зонааралық ауысуларда) кең спектрлік жолақ пайда болады. 

Зонааралық  ауысулары  кезінде  жарықтың  жұтылу  және  сәуле  шығаруы 

кристалдық торлардың тербелістерінің қоздырылуынсыз – фонондардың (тура 

ауысу) немесе фонондардың қатысумен (тікелей емес ауысу) өтеді. Жарықтың 

зонааралық жұтылуы кезінде электрондар валенттік зонадан өткізгіштік зонаға 

ауысады, нәтижесінде кемтік пайда болады; электронның және кемтіктің жа- 

ңаша орналасуы (рекомбинациясы) кезінде 

рекомбинациялық люминесценция 

пайда болады. Осы үрдіс (процестер) кристалдың фотоөткізгіштігінің тууына  

себеп болады, қоздырылу спектрі жұтылу және люминесценциялық спектрлер- 

мен  бірге  кристалдық  энергетикалық  зоналарының  құрылымын  зерттеуге 

мүмкіндік жасайды. Бір-бірімен өзара байланыспаған электрондар мен кемтіктер 

тууы  үрдістерінен  басқа  кулондық  күшпен  байланысқан  экситон  (квазибөл- 

шек)  –  электрон  кемтігі  туады.  Кристалдар  спектрлерін  зерттеу  кристалдың 

энергетикалық құрылымын, оның құрылысын зерттеу үшін қажет.



КРИСТАЛДЫҚ ОПТИКА – оптика мен кристалдық физиканың жарықтың 

кристалдардағы таралу заңдылықтарын зерттеуді қамтитын шекаралық аймағы. 

Кристалдық  оптиканың  зерттеуіне  арналған  кристалдарға  тән  құбылыстар: 

сәулелердің қосарланып сынуы, жарықтың полярлануы, полярлану жазықтығының 

бұрылуы,  заттар  түстерінің  өзгеруі  (плеохроизм)  т.б.  Кристалдағы  жарықтың 

жұтылуы және шығарылу мәселелері кристалдар спектрскопиясында зерттеледі. 

Кристалдық  тордың  периоды  (~10  ангстрем)  көрінетін  жарықтың  толқын 

ұзындығынан (4000 – 7000 ангстрем) көптеген есе аз болатындықтан кристалды 

біртекті, бірақ анизотропты орта ретінде қарастыруға болады. Кристалдардың 

оптикалық  анизотропиясына  бөлшектердің  өзараәсерлесу  күштерінің 

анизотропиялық өрісі себепші болған. Кубтық кристалдан өзге барлық кристал-

дар  оптикалық  анизотропты.  Электр  және  магнит  өрістерінің  кристалдардың 

оптикалық қасиеттеріне ықпалы кристалдық оптиканың негізгі заңдарына сүйенген 

электрлік оптика мен магниттік оптикада зерттеледі. Исланд шпатындағы сәуленің 




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау