Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет142/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   265

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



354

355


дуляциясы  деп  аталған.  Жарық  модуляциясы  жарық  ағындарының  әрқилы 

орталарда  таралуы  кезінде  өтетін  физикалық  эффектілер  электроптикалық, 

магнитоптикалық, серпімдіоптикалық эффектілер негізінде де жүзеге асырыла- 

ды. П о к к е л ь с  э ф ф е к т і с і н е негізделген жарық модуляциясы кең тарал- 

ған. Керр эффектісіне негізделген жарық модуляциясы бар. Магниттік оптикалық 

эффектілердің арасында көп қолдау тапқаны Фарадей эффектісі болды (мөлдір 

заттардағы).

Лазерлердің пайда болуы ішкі жарық модуляциясын қарқынды дамытты. Бұл 

модуляция лазердің параметрлерін өзгерту есебінен когерентті сәулені басқаруға 

негізделген. Осы жағдай лазердің оптикалық резонатордың ішінде орналастырылған 

көптеген құрылғылары сыртқы модуляторлар ретінде пайдаланылды.

Жарық  модуляторлары  техникада  және  ғылыми  зерттеулерде,  мысалы, 

оптикалық байланыста, есептеу техникасында қолданылуда.



ЖАРЫҚ РЕФРАКЦИЯСЫ (латынша «рефрактус – сындырылған»), к е ң 

м  а  ғ  ы  н  а  д  а  –  жарықтың  сынуы,  яғни  жарық  сәуле  өтетін  ортаның  сыну 

көрсеткішінің (n) өзгерісі кезіндегі жарық сәуленің таралу бағытының өзгеруі. 

Көбінесе  «жарық  рефракциясы»  ғылыми  атауымен  сыну  көрсеткіші  (n)  бір 

нүктеден екінші нүктеге дейін n біртіндеп (жатық) өзгеретін ортадағы оптикалық 

сәулелерді сипаттау (мұндай орталарда жарық сәуленің траекториясы – бірте-бірте 

иілетін сызықтар болады), ал «сыну» деген ғылыми атаумен көбінесе әртүрлі сыну 

көрсеткіші (n) болатын біртекті екі ортаның ажыратылу шекарасындағы сәулелер 

бағыттарының кенеттен өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылады. Атмосфералық 

оптикада, дәстүрлі көзілдірік оптикасында және көз оптикасында «рефракция» 

ғылыми атауы пайдаланылады.

ЖАРЫҚ  СЕЗГІШТІК  –  материалдардың  жарықтың  әсері  және  соңынан 

химиялық өңдеу нәтижесінде кескін (бейне) түзу қасиеті.



ЖАРЫҚ СҮЗГІ – өзіне түскен оптикалық сәулелердің спектрлік құрамдарын 

және энергиясын өзгертуші құрылғы. Жарық сүзгінің әсері спектрлік іріктеушілігі 

болатын кез келген оптикалық құбылыстарға – жарықты жұтылуына (абсорбциялық 

жарық сүзгі), жарықтың интерференциясына (интерференциялық жарық сүзгі), 

жарықтың шағылуына (шағылдырғыштық жарық сүзгі), жарық дисперсиясына 

(дисперсиялық жарық сүзгі), т.б. негізделген бола алады.



ЖАРЫҚТАЛҒАН ОПТИКА – оптикалық бөліктердің беттеріне қалыңдығы 

оптикалық сәуленің толқын ұзындығына қарайлас жарықты жұтпайтын пленка-

лар қаптау арқылы әлгі беттердің сәуле шағылдыру коэффициенттерін кеміту. 

Жарықтағыш пленкасыз, тіптен сәулелердің қалыпты түсуі кезінде түсетін сәуленің 




Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



354

355


10% қарқындылығы жарықтың шағылдырылуы себепті шығындалады. Беттер 

саны көп оптикалық жүйелерде (мысалы, объективтерде) жарықтың шығыны 

70%-дан асады. Жарықты сындырушы беттерден көптеген рет шағылу аспаптар 

ішінде жарықтың шашыратылуының пайда болуына әкеп соқтырады, бұл жайт 

аспаптардың оптикалық жүйелері тудыратын кескіндердің сапасын нашарлатады. 

Осы қажетсіз құбылыстар жарықталған оптика арқылы жойылады. Жарықталған 

оптика – ж ұ қ а  қ а б а т т а р оптикасының маңызды қолданылуының бірі болып 

табылады. Жарықталған оптика – жарықтаушы пленканың алдыңғы (үстіңгі) және 

артқы (астыңғы) шекараларынан шағылыстырылған жарық интерференциясының 

нәтижесі; бұл оптика шағылысқан жарық толқындарының өзара «өшірілуіне», 

сондықтан өтетін жарықтың қарқындылығының күшеюіне әкеп соқтырады. Егер 

жұқа пленканың қалыңдығы жарық толқыны ұзындығының төрттен бір үлесінің 

тақ санына тең болса, ал пленканың сыну көрсеткіші n

2

 мына n



2

2

 = n



1

n

3

 теңдігін 



қанағаттандыратын болса (мұндағы n

1

 және n



2

 – пленканың сыну көрсеткіштері)  

түсу бұрышы қалыпты жағдайға жақын болған кезде жарықталу  эффектісі 

ең үлкен мәнге ие болады. Жарықталу эффектісі ортаға түсетін электрмагниттік 

сәуленің қарқындылығы артқан кезде 

резонанстық жұтылу жылдамдығының  

кемуі.  Бұл  эффектінің  себебі  –  резонанстық  ауысудың  қанығуы  (энер-

гия  деңгейлерінің  қоныстануының  теңгерілуі)  болып  табылады.  Сәуле 

қарқындылығының  артуы  орта  деңгейлерінің  толымдылығын  теңгереді.  Осы 

жағдайда жұтылу шамасы релакция үрдісінің жылдамдығымен, яғни қоздырыл- 

ған атомның қоршаған ортаға энергия беру жылдамдығымен анықталатын болады.



ЖАРЫҚТАЛУ – жарықталатын беттің бірлік ауданына түсетін жарық ағыны. 

Жарықталудың бірлігі л ю к с және ф о т [1 фот = 10

4

 люкс (лк)]. Энергетикалық 



жүйелерде фотометриялық ұқсас шама энергетикалық жарықталу немесе сәулелену 

деп аталған.



ЖАРЫҚТАН АСҚЫНЖЫЛДАМДЫҚ – берілген ортада дыбыстың таралу 

жылдамдығынан артық жылдамдықпен қозғалатын ортаның немесе ортадағы 

дененің қозғалыс шапшаңдығы. Салыстырмалық теориясы бойынша кез келген 

сигнал жарықтың вакуумдағы жылдамдығынан (с) артық жылдамдықпен тарала 

алмайды. Барлық тербелмелі қозғалыстар т о п т ы қ жылдамдық және ф а з а л ы қ 

жылдамдықпен сипатталады. Сыну көрсеткіші n>1 болатын ортадағы материалдық 

бөлшектің жылдамдығы жарықтың сол ортадағы жылдамдығынан артып кетуі 

мүмкін.  Зарядты  бөлшектің  мұндай  ортадағы  қозғалысы  кезінде  Черенков 

сәулесі (Черенков – Вавилов сәуле шығаруы) пайда болады. Оның жылдамдығы 

с/n-артық болуы мүмкін.



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау