Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы



жүктеу 2,25 Mb.
бет1/11
Дата22.05.2018
өлшемі2,25 Mb.
#15842
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы

саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №485 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Импорттық карантиндік рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;

6) «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;

7) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандарты;

8) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

реттік нөмірі 150-жолда:

2-бағанда «және шаруашылыққа жарамдылығын» деген сөздер алынып тасталсын;

4, 5-бағандарда «АШМ» деген аббревиатура «Әділетмині, АШМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Әділетминінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 150-1-жолмен толықтырылсын:

«


150-1.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау

Жеке және заңды тұлғалар

АШМ

АШМ

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия

Алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы

».

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «5» мамырдағы

№485 қаулысымен

бекітілген 
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефон 555786, электрондық мекенжайы fsb_grpest@minagri.kz орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) ұсынады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 14-6-бабы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы және «Қазақстан Республикасында пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтарын және мемлекеттiк тiркеуiн жүргiзудiң ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 432 бұйрығы негізінде көрсетіледі.



4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты Комитеттің стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналасқан.

5. Тіркеу куәлігін (бұдан әрі – куәлік) қағаз тасығышта немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:



1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап – үш жылдан көп емес;

пестицидті (улы химикатты) тіркеулік сынау жүргізу – екі жылдан аспайды;

пестицидті (улы химикатты) өндірістік сынау жүргізу – бір жыл;

пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге әзірленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу – 30 жұмыс күні;



2) куәлікті алғанға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 60 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет (құжаттарды қабылдау және беру бөлігінде) демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарда күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға, сондай-ақ физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалады. Құжаттарды толтыру орындары тиісті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері келтірілген стендтермен жабдықталады.




2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:

1) тіркеулік сынау жүргізу үшін:

тіркеулік сынау жүргізуге еркін нысандағы өтініш;

пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерек;

өтінім берілген пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiмінiң және қоршаған орта объектілерінің құрамындағы нормативтер;

өтінім берілген пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiміндегi және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық көлемін анықтау әдiстерi;

пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсi; 

эталондық пестицид (улы химикат); 

пестицидтiң (улы химикаттың) әсерлі заттарының талдау стандарттары және қажетіне қарай метаболиттердің, оның ішінде далалық және зертханалық тәжірибелер жүргізуге жетерлікті мөлшердегі талдау стандарттары;

2) өндірістік сынау жүргізу үшін:

өндірістік сынау жүргізуге еркін нысандағы өтініш;

пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсi; 

эталондық пестицид (улы химикат); 

3) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеу үшін:

пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуге еркін нысандағы өтініш 2 данада;

пестицидтi (улы химикатты) тіркеулік сынау нәтижелерi 2 данада;

пестицидтi (улы химикатты) өндiрiстiк сынау нәтижелерi 2 данада;

тіркеу өтініміне қоса берілетін материалдар;

пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өнімінің және қоршаған орта объектілерінің қалдық көлемдерін анықтау әдістері;

пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өнімінің және қоршаған орта объектілерінің құрамындағы нормативтер (пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең жоғары жол берілетін деңгейі, пестицидтiң (улы химикаттың) санитарлық-тұрмыстық маңыздағы су қоймалары суларындағы ең жоғары жол берілетін құрамы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы шамамен қауіпсіз әсер ету деңгейі, пестицидтiң (улы химикаттың) топырақтағы ең жоғары жол берілетін құрамы);

мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат берілген ыдыс заттаңбасының үлгісі;

пестицидті (улы химикатты) қолдану жөніндегі ұсыныстар.



12. Тіркеу өтінім бланкісінің нысанын Комитет береді, ол сондай-ақ Министрліктің www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 702-кабинет, телефон 555961, Комитеттің құжаттық қамтамасыз ету қызметіне тапсырылады.

14. Тұтынушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;

4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар беру орны;

5) Комитеттің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.



15. Куәлік мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефон 555786 берілген куәліктер журналына жеке келіп қол қою арқылы қолма-қол беріледі.

16. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар толық берiлмеген;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасында пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтарын және мемлекеттiк тiркеуiн жүргiзудiң ереженің талаптары бұзыла отырып ресімделген;

3) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге әзірленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісулері болмаған;

4) пестицидтiң (улы химикаттың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауiптiлігі туралы бұрын белгiсiз мәлiметтер алынған;

5) пестицидтi (улы химикатты) тiркеулік және өндiрiстiк сынау жүргiзу әдiстемелері бұзылған;

6) тiркеуге ұсынылған жұмсау нормасының топырақ-климаттық жағдайлары ұқсас елдерде ұқсас дақылдарда және тура сондай зиянды организмдерге қарсы тiркелген пестицидтерді (улы химикаттарды) жұмсау нормаларынан айтарлықтай өзгеше болған;

7) пестицидтiң (улы химикаттың) рецептурасы мен өндiру технологиясы өзгерген, қолданыстағы затты өндiрушi (Қазақстанда және басқа елдерде келiсiм бойынша өндiрiлетiн пестицидтер (улы химикаттар) үшiн) ауысқан жағдайларда бас тартылуы мүмкін.


3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің лауазымды адамдары:



1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағиттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Комитеттің лауазымды тұлғаларының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, телефон 555961, Комитеттің заң қызметінің маманы түсіндіреді.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, телефон 555763, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.



22. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, телефон 555961, электрондық мекенжай: fsb_grpest@minagri.kz, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдар жазбаша дәлелді жауаппен немесе өзге құжаттармен қоса жазбаша түрде қабылданады.

25. Қабылданған шағым Комитеттің кеңсесінде немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты (8-7172) 555813 телефон арқылы Комитет кеңсесінің лауазымды адамдарынан, (8-7172) 555763, 555995 телефондары арқылы Министрліктің Бақылау және құжаттық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерінен алуға болады.



Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26. Комитеттің байланыс телефондары сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Министрлікте орналасқан стендтерде көрсетіледі.
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік

тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына

қосымша


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










жүктеу 2,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау