Ғылыми кітапхананың АҚпараттық технология және библиография бөлімінің библиографына



жүктеу 67,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі67,5 Kb.
#21153

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



Бекітемін

М.Өтемісов атындағы


БҚМУ ректоры

______________ А.С.Иманғалиев



03.09.2011 ж.


ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИБЛИОГРАФИЯ БӨЛІМІНІҢ БИБЛИОГРАФЫНА

ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУ

Орал, 2011






Ақпараттық деректер:


  1. Дайындаған: 01.09.2011 Т.Е. Алимбекерова

  2. 13.10.2004 ж. құжаттың орнына енгізілді

  3. Енгізілген күні: 09.09.2011

  4. Қайта қарау күні: 09.09.2014

  5. Өзгертулер:






Енгізілген күні

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5













Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы

  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі

  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер



  1. Мақсаты

Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығына сәйкес Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатымен дайындалған.


  1. Қолданылу саласы

2.1 Осы нұсқау БҚМУ Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы үшін жарамды.


  1. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

3.1 Осы нұсқауда қолданылған термин және анықтамалар Негізгі ережелер мен сөздік, ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандарттарына сәйкес келеді.

3.2 Қолданылған қысқартулар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.




  1. Жауапкершілігі және өкілеттілігі

4.1 Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы жауапты:

4.1.1 анықтамалық-библиографиялық аппаратты жүргізудегі библиографиялық процестерге;

4.1.2 пайдаланушыларға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуге;

4.1.3 библиографиялық материалдарды құрастыруға;

4.1.4 каталог пен картотеканы редакциялауға;

4.1.5 библиографиялық анықтамалықтарды орындау есебінің журналы мен бөлімнің күнделігін жүргізуге;

4.1.6 инновациялық технологияларды жұмыс барысына енгізуге және қолдануға;

4.1.7 кітапхана бөлімдері мен секцияларының кітап қоры мен мүліктерін сақтауға;

4.1.8 өндірістік еңбек тәртібін, техника және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға.

4.2 Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы құқылы:



4.2.1 Ғылыми кітапхана басшылығынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік мазмұндағы ақпараттарды алуға;

4.2.2 түрлі тұрғыдағы марапаттар туралы мағлұмат алуға;

4.2.3 өз қызметі туралы арыз шағымдармен және басқа құжаттармен танысып, оған жауап беруге;

4.2.4 өз біліктілігін арттыруда конференция, семинар жұмыстарына қатыса отырып, басқа кітапханалар кықметімен танысуға.


  1. Сипатталуы

5.1 Бағыныстылық:

5.1.1 Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографын университет ректоры тағайындайды және қызметінен босатады;

5.1.2 Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы тікелей Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің меңгерушісіне бағынады және өз жұмысында оның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2  Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы болмаған кезінде оның орнына Ғылыми кітапхананың басқа библиографы жұмыс жасайды.

5.3 Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының заңдарын, кітапхана ісі туралы Президент жарлықтарын, үкіметтің қаулыларын, бұйрықтарын, кітапхана ісінің теориясы және практикасын, оқырмандарға қызмет көрсету ережесін, кітапхана қорын есепке алу және сақтау, отандық және шетел кітапханаларының ең озық тәжірибелерін, мемлекеттік тілді, қазақ, орыс және шетел әдебиеттерін, студенттерді болашақ мамандыққа дайындаудың арнайы ерекшеліктерін, экономика маркетинг негіздерін, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды.

5.4 Біліктілік талаптары:

5.4.1 Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы кітапхана мамандығы бойынша жоғары білімді 1 жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді білуі қажет.

5.5 Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестация:

5.5.1 Ғылыми кітапхананың ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы БҚМУ қызметкерлеріне аттестация жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.


6 Жазбалар

-
7 Дәйектемелер

7.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері;

7.3 Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

7.4 Қызметшілер қызметтерінің Біліктілік анықтамалығы;

7.5 М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі.

Келісілді



Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі
____________ А.С.Тасмағамбетов

02.09.2011 ж
жүктеу 67,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау