Фамилия, аты-жөні тулегенов алибек абилкайрович, шамакова динара уразбаевна



жүктеу 70,88 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі70,88 Kb.
#3486

Жоба авторы

Фамилия, аты-жөні

ТУЛЕГЕНОВ АЛИБЕК АБИЛКАЙРОВИЧ, ШАМАКОВА ДИНАРА УРАЗБАЕВНА

Аймақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Мектеп орналасқан елді мекен

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

Мектептің аты және нөмірі

«СЫМБАТ» ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКЕМЕСІ

Жоба құрылымы

Оқу жобасының тақырыбы « ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТ»

Жобаның шығармашылық атауы: АЛФАВИТ

Жобаның қысқаша мазмұны

Оқушыларға «ақпарат» ұғымының маңыздылығын, оның өміріміздің барлық саласында қолданылатындығын және осы заманға дейінгі қандай ақпарат түрлерімен,тарихи деректермен таныстыру.

Жаңа ұғымдар

Жоба кезіндегі қолданылатын ақпарат туралы ұғымдар: ақпаратты құру,беру,қабылдау,есте сақтау,іздеу,көшіру,өңдеу,бұзу,өлшеу,бөлу

Класс

7 класс

Жобаның жуықша ұзақтығы,мерзімі

3 сағат берілген, ұзақтығы 3 апта.

Жоба негізі

Білім стандарты

  1. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 693 бұйырығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3 сәуіріндегі №160 бұйрығымен,2009–2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы ӘДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУ ХАТ, Алматы, 2009, 7 сынып. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Атамұра, 2007



Дидактикалық мақсат/ оқытудан күтілетін нәтиже

Жобамен жұмыс аяқталған кезде,оқушылар төмендегідей мәліметтерді біліп шығады: ақпараттық технология туралы, жаппай компьютерлендіру нәтижесі, ақпаратты құру,беру,қабылдау,есте сақтау,іздеу,көшіру,өңдеу,бұзу,өлшеу,бөлу және ақпараттың тарихы.

Жобаға бағыт беретін сұрақтар: Ақпараттың қазіргі кездегі маңыздылығы неде?

Негіз ретінде алатын сұрақ

Ақпараттың қазіргі кездегі маңыздылығы неде?

Оқу тақырыбындағы проблемалық сұрақтар

«Өмірімізде қандай ақпараттармен үнемі кездесеміз»?

Тақырып аясындағы сұрақтар

  • Адам ақпаратты не істейді?

  • Адам ақпаратты қалай қабылдайды?

  • Ақпараттың түрлерін ата?

  • адам ақпаратты қалай алады?

  • ақпарат өлшемі

  • «Ақпараттың тарихы» туралы не білесіңдер?

Бағалау жоспары

Бағалау графигі

Жобамен жұмыс жасауға дейін

Оқушылар жобамен жұмыс жасап,тапсырмаларды орындайды

Жобамен жұмысты аяқтаған соң

  1. Пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді біледі.

  2. Нақты фактілерді біледі

  3. Негізгі ұстанымдар мен ережелерді біледі




  1. Ұстанымдарды, ережелерді, фактілерді түсінеді.

  2. Ақпаратты басқа (сурет,дыбыс және т.б.) формада жеткізуді үйренеді.

  3. Нәтижеден туындайтын затты, құбылысты немесе нәтиженің келешегін болжамдай алады




  1. Материалдың қажеттілігін айқындай білу

  2. Ақпаратты басқа (сурет,дыбыс және т.б.) формада жеткізе алады.




Бағалау әдісіне сипаттама

Бағалау жүйесі мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың арасындағы өзара әрекетті және өзара байланысты жүзеге асырушы және педагогикалық үрдіс қызметі жөнінде ақпараттандырушы құрал болып табылады. Бағалау жүйесі бойынша :

  • білім алушы алдымен іс-әрекетке қойылған талаппен танысуы;

  • бала өз іс-әрекетін бағаның туындау алгоритміне сай өзі анықтай алатын дәрежеге жетуі;

  • білім алушының іс-әрекеті басқаның емес, сол іс-әрекетке қойылған талаппен салыстырылуы қажет.

Жоғарыда аталғанның барлығын ескере келе, оқушылардың «ақпарат» ұғымын толық түсініп,білу үшін бұл тақырып сұрақтар түрінде және суреттер түрінде,презентациялар арқылы берілді.

Жоба туралы мағлұмат

Ең алғашқы қажетті білім мен білік

Оқушы «ақпарат»ұғымы туралы толық мағлұмат алу үшін,ең бірінші ол сөз қайдан шыққан,оның күнделікті тұрмыста қайда қолданылатындығы туралы жалпы ақпаратпен не істеуге болатындығы туралы сұрақтар қойылып,лқушылардың қаншалықты деңгейде мәлімет білетіндігін тексеру.

Оқыту кезіндегі тізбекті іс-шаралар

АҚПАРАТТАРИХЫ- НЕ ІСТЕЙДІ-ҚАБЫЛДАУ-ТҮРЛЕРІ-ӨЛШЕМІ-БАҒАЛАУ-ҚОЛДАНЫЛУЫ

Дифференциалдық оқыту материалдары

Оқу материалын меңгерту кезінде қиындық туғызатын оқушы.

Информатика пәнінен арналған тест сұрақтары


  1. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан және нені білдіреді?

А. грек (есептеу);

В. латын (түсіндіру, баяндау);

С. орыс (санау).


  1. Адам ақпаратпен не істейді?:

А. сақтайды; С. өңдейді;

В. жеткізеді; Д. барлық жауап дұрыс.



  1. Екілік санау жүйесі қандай сандардан тұрады?

А. 0 және 1; С. 1 және 2;

В. 0,1 және 2; Д. 0 және 2.



  1. Қатынас тілдері қалай бөлінеді?

А. табиғи; С. табиғи және жасанды

В. жасанды; Д. Морзе

Е. жауаптың бәрі дұрыс.


  1. Табиғи қатынас тіліне қандай тілдер жатады:

А. орыс; В. қазақ

С. ағылшын. Д) барлық жауап дұрыс



  1. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу қалай аталады:

А. штрихтау; С. кодтау; В. ұсыну Д. барлық жауап дұрыс.

  1. Бит дегеніміз не?

А. Ақпараттың ең кіші ,екілік таңбалы өлшем бірлігі В. Ақпараттың ең үлкен ,екілік таңбалы өлшем бірлігі

С. Барлық жауап дұрыс




  1. 1 байтта қанша бит бар?

А. 16; С. 4; В. 2; Д. 8.


  1. 1 Кбайт қанша байт бар?

А. 1024 байт С. 1000 байт;

В. 8 байт; Д. 2 байт




  1. 1 Мбайт қанша Кбайт бар?

А. 1024 Кбайт С. 1000 Кбайт;

В. 8Кбайт; Д. 2 Кбайт


Осындай тест тапсырмасын бере отырып,тест сұрақтарына жауапты оқушының кітаптан іздеп, жауап беруіне мүмкіншілік жасау.Себебі оқушы жауаптарын өзі кітаптан қарап,тауып жазса қушының жадында мәлімет жақсы сақталады. Себебі оқушылардың жазып есте сақтау қабілеті жақсы дамыған.


Егер сабақ беру тілі- оқушының туған тілі болмаса

Ондай оқушы жоқ.

Дарынды оқушы

Дарынды оқушыға осы «ақпарат» тақырыбында жоба жасауды тапсыру(слайд ретінде).Мәлімет көздері: интернет,кітап.( тарихи деректер.,сызбанұсқалар,ғалымдар,ақпарат түрлері т.б.)

Жобаға қажетті материалдар

Технология – құралдар

компьютер, принтер, проекциялық жүйе, интерактивті тақта

Технология – программалық жабдықтау

Суреттерді өңдеу бағдарламасы, мәтіндік редактор, мультимедиялықжүйелер, және т.б. CD-ROM анықтамалары

Баспа түріндегі материалдар

Оқулықтар, әдістемелік құралдар, тарихи деректер жазылған үлестірме қағаздар және т.б.

Басқа қажетті құралдар

Қажеті жоқ

Интернет-ресурс

Қажеті жоқ

Басқа ресурстар

Басқа оқушылар мен ата-аналар

жүктеу 70,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау