Факультет: тау-ќ±рылыс



жүктеу 0,92 Mb.
бет3/7
Дата28.11.2017
өлшемі0,92 Mb.
#2131
1   2   3   4   5   6   7

Нұрболат Мешітбаев

Өлеңнің бегі


Әртүрлі, аға, әркімнің көгі,

Әркімнің көңілі – алтынның кені.

Атыңды халқың Ақылбек қойған,

Болсын деген-ау ақылдың бегі.


Шақырды асқар өнердің белі,

Болдыңыз қазір өлеңнің бегі.

Жүрегің әр кез елім деп соқса,

Сен – елдің жыры, сен – елдің кегі.


Әртүрлі болар әркімнің жолы,

Іздегендерің – халқыңның жоғы.

Өлеңдерінде – өмірі елдің,

Өлеңдеріңде – алтынның шоғы.


Тойладық сол бір жарықты бүгін,

Көп болсын, аға, шабытты күнің.

Көре берейік биіктен әр кез

Өзіңдей, аға, халықтың ұлын!


16.03.2006 ж.

Омар Баймағамбетов

Ақылбекті оқығанда



Түнемел қымыз сияқты

Сіміре бергім келеді,

Май айының балындай

Жұта бергім келеді,

Ұйқым шайдай ашылып,

Оқи бергім келеді,

Оқығанды қайталап,

Жаттап алып мөлдірін,

Тоқи бергім келеді.

Сұлулығы Сәкендей,

Шеберлігі Мағжандай,

Батырлығы Баукеңдей,

Ақылбегім заманның

Озып тұрған ақыны,

Халыққа ең жақыны.

Тереңдігі Мұхаңдай,

Биіктігі Шыңғыстай,

Шалқарлығы Сәбеңдей,

Ұқыптысың Ғабеңдей,

Сөз саптасың жорғадай,

Жайдарысың Сәкендей,

Ыбырайдай білімді,

Өнерге дос Ілиястай,

Сөз зергері Ақылбек,

Жүз жасағын Жәкеңдей.

Шырқау таудың ақ селін

Баяулатқан сөздерің,

Дербестігін елімнің

Алаулатқан сөздерің,

Түбі терең мұхиттай

Тебіренткен сөздерің,

Тас қараңғы түндерді

Жарқыратқан сөздерің,

Тас атқанды ақылмен

Жуасытқан сөздерің,

Қателескен кей кезде

Болды сенің кездерің.

Бәрі жастық, албырттық,

Жарастығы өмірдің,

Сыйластығы көңілдің,

Өзің түзеп, жөндедің,

Өзің бәрін өңдедің,

Өнерге деген ықылас

Таң қалдырды біздерді,

Кейінгі жас ұрпаққа

Үлгі қылам сіздерді.

Ақ сақалды, сар тісті

Абзал ата бол деймін,

Заман, міне, өзгерді.

Көксемеген байлықты,

Қобыланды батыр ұрпағы,

Қайыспайтын қас батыр,

Еменнің иір бұтағы.

Халықты ойлап байлықсыз,

Жүрдің кейде шайлықсыз.

Қолдан келер қайран жоқ,

Отыра бердік налып біз.

Кемел жасқа келдің сен,

Еріп кетті барлық сең.

Қазақ елін жырлай бер,

Жемісін де тердің сен.

Аруақ сені демеді,

Халқың саған сенеді.

Жүзіңнен нұр төгілсін,

Жүректен жыр төгілсін,

Қолыңнан сенің келеді.
2002 ж.

Қостанай.

Жүзінен нұр төгілген
Ақталуды білмейтін,

Мақтануды білмейтін,

Туралықтан таймаған,

Ақындардың алыбы.

Еліміздің ақыны,

Халқыма ең жақыны,

Сөз саптасы өзгеше,

Өмірі сөнбес жалыны.

Жүзінен нұр төгілген

Нар тұлғалы батырым,

Пыш-пыштарды елемей,

Жаза берші ақырын.


05.04. 2007 ж.


Виктор Корытный
Письмо казахскому другу

Здравствуй, друг мой верный Акылбек!

Из моих бесчисленных знакомых,

Ты в моем многоголосом доме

Самый мне желанный человек.
Ваша степь безмерно велика,

Потому и встречи так нечасты.

Но за то, какое это счастье,

Услыхать тебя издалека.


Голос твой гортанный узнавать,

В стареньком динамике под вечер,

И о предстоящей нашей встрече

С грустью неподдельной тосковать.


Ты газетчик, репортерский бог,

За день полпланеты облетаешь,

Где, мой друг, ты только не бываешь,

И каких не колесишь дорог!


У меня – я здесь не утаю,

Есть одна счастливая примета.

Если утром развернув газету,

Вижу публикацию твою.


Не слабеет трудовой подъем,

На полях, на стройках и заводах.

Ведь и мы, как наши два народа

Общими заботами живем.


Дело свое трудное любя,

Как пчела, ты вновь летишь за данью.

Дом мой, весь заполнен ожиданьем,

День и ночь распахнут для тебя!


Букет стихов
Да, Акылбек, полвека пролетело!

Бегут года, как быстрая вода.

Но молоды твои душа и тело,

Дай бог, чтобы таким ты был всегда.


Чтобы твои творения читали,

Усваивая мудрости урок.

Чтобы тебя любили, почитали,

За то, что ты акын, поэт, пророк!


Ведь было время – о тебе молчали,

Держали, как за каменной стеной...

И горе, и невзгоды, и печали

Тебя не обходили стороной.


Все было, Акылбек, за те полвека,

Что ты под солнцем яростным живешь.

И 50 — всего лишь только веха

На том пути, который ты идешь.


Так пусть же будет для тебя наградой,

Букет мой из простых сердечных слов.

Сегодня все мы счастливы и рады

Отдать тебе признание и любовь!!!



Петр Черныш
Рахмет!
Судьба порой как лотерея,

Да нас-то ни к чему жалеть.

Века народы дружба греет,

Еще столетия будет греть.


Она, как нива, колосилась,

По-братски кров и хлеб деля,

По-матерински относилась,

Ко всем казахская земля.


Но Пирамиду дружбы надо

Крепить как наш земляк-поэт.

Чтоб стало общею наградой

Любимой Родины расцвет.


...Пройдут года и в новом веке,

За гранью наших с вами лет.

Прочтет праправнук Акылбека,

Воздав ему үлкен РАХМЕТ !


Абдрахман Досов
Я знаю точно
Я знаю точно – строками живут

От древних лет. Живем мы ими ныне.

Поэт проходит свой тернистый путь,

Живет в народе память об акыне.

Твои стихи на полке среди книг,

Накал души с которыми сверяю.

И говорю в торжественный сей миг

Как хорошо, что ты из Костаная...


Абдолла Қорғанбек
Аға тілегі
Ақылбек, жігіт болдың жалындаған,

Басыңнан бақыт-дәулет арылмаған.

Мерейің үстем болып, даңқың өссін,

Әлемде ел қалмасын танымаған.


Жүрегің елге деген суымасын,

Бойыңа ауру-сырқау жуымасын.

Жаңалық әр күн сайын жалғас тауып,

Басыңнан бақыт құсы қуылмасын.

Ақындықтың айдыны,

ақиқаттың айбыны


Көтеріп туған жердің даңқын биік,

Жыр жаздың, оқыды оны халқың сүйіп.

Көрмедің асқақ рухты төмендетіп,

Тақ мініп, жүрмесең де алтын киіп.


Туғансың, атамекен, ұлыңды алып,

Жатқан жоқ жасын үнің қырын қалып.

Басқалар бұқса-дағы, «Тілім!» дедің,

Жұдырық ет-жүрегің жырымдалып.


Табиғат адал ақын қылғаны үшін,

Жолыңда біреулердің тұрғаны шын.

Жатқанда жалпақ жұртың еркелетіп,

Қызғаныш кетті олардың тырнап ішін.


Шырайлы шабыт алып пәк гүліңнен,

Жырлай бер, ақын жүрек, тәтті үніңмен.

Жүз жылмен шектелмесін ақын-ғұмыр,

Мың жаса май тамызған мәрт тіліңмен.


«Жас қазақ» журналының ұжымы.

2001 ж.
Ақылбекке

Ақылбегім, айналайын атыңнан, әр сөзің қымбат алтыннан,

Қазақтан сіздей ұл тумас, ұл туса да артылмас,

Ықыласыңа, пиғылыңа құдай берсін, қолдасын,

Лайықты өзіңе жар болсын және жолдасың.

Байлыққа да қызықпадың, Астанаға бармадың,

Елің, жерің арқа сүйер, жырларыңды арнадың.

Кемелге келген ақ сақалды, нағыз қария болыңыз,

Қайда жүрсең, болып тұрсын жолыңыз!

Әумин!
Диқанбек Қожабекұлы

Торғай.


2009 ж. 7 қазан.
Нұрлы ойлы Нұржан ақын тілі балдай,

Өтіпті Алты Алашқа жырын арнай.

Кезінде ғұламалар зерделепті,

Тым аздау зерттеушілер бүгін ондай.

Ақылбек ағамыз жүр ортамызда,

Нұржанның мәңгі мәнді сырын аңдай.

Ислами ізгі жолға үгіттеген,

Кім айтты Нұржандайын тынық ойды-ай.

Мектеп ашу ісіне араласқан,

Ұлы ұстаз данаға еріп Ыбырайдай.

Меніңше ала алған жоқ нақ бағасын,

Жырына тұтас ұрпақ жылынардай!

Тұлғасы ала алмаса нақ бағасын,

Болады ол қоғамның құны қандай?!


(Нұржан Наушабайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ақындар айтысында Қостанай ауданы ақыны Аслан Қанғожинның Арқалық қаласының ақыны Азамат Мәлжанбайға айтқанынан)
2009 ж. 9 қазан.

Қостанай ауданы.




Сәкен сері ЖҮНІСОВ,

Қазақстанның халық жазушысы,

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Ақын – ақиқаттың айнасы
Ақылбек інім – тұлғасы ірі, мықты ақынның бірі. Ақын – елдің елшісі, ақиқаттың айнасы десек, осы күні Алматыда да, Астанада да ақын көп. Олардың ішінде жақсы ақындар аз емес. Ал Ақылбектің ерекшелігі ол тамырын жерге жіберген, өзі туып-өскен құнарлы топырақтан нәр алған, барлық Еуропа мен Азия ақындарын терең оқып, жасыл жапырақтары жан-жаққа таралған, Наушабайдың Нұржаны, Басықараның Қанапиясы, Орысбайдың Ақсұлуы секілді арқалы ақындардың жырын жаттап, өмірін зерттеп, туған жерінде табан тіреп тұрғаны.

Сондықтан да ол:

Іздеймін деп тірліктің басқа амалын,

Баққан жоқпын ешкімнің қас-қабағын.

Беттемедім өріне Алатаудың,

Қызықпадым төріне Астананың, – деп ағынан ақтарылады.

Ақылбек заман ау-жайын тап басып, Құлагердей тұлпардан жұртта қалған ит озған, атасыз шаңырақ, батасыз дастархан, біліксіз басшы, құлықсыз қосшы көбейген қоғамды қаламының қайратымен қорғағысы келеді. Бұған дейін ондаған жыр жинағын шығарған, соның ішінде үлкендерге де, балаларға да арнап жыр жазған ақын «Көзімді ашып-көргенім» деп аталған жаңа жыр жинағында ел тағдыры туралы толғанады, көппен бірге қиналады.

Ақылбек Шаяхметтің поэзиясында әдемі сурет те, кесек ойлар да, тегеуірінді түйіндер де бар. Ол сан қырлы, жазық даланың алуан түрлі шөп пен гүлге толы, шалғын иісі аңқыған, еккен егіні шалқыған образын көкірегіне кұйған, сол даладан нәр жиған бал арасына ұқсайды. Ақынның өзі жазғанындай, ол қарағайға қарсы біткен бұтақтың қылқаны, бірде қуанышты, бірде қасіретті мәңгі әуені үзілмейтін өмірдің қатты тартылған ішегі тәрізді. Оның дауысы кейде қатты шықса, кейде өте нәзік. Осы өмір заңын өнерде де тең ұстайды.

Ақылбек әуел баста орысы көп, қазағы аз Қостанай өңірінде могиканның соңғы тұяғындай болғаны, арпа ішінде бір бидай болып, ұлы Абай айтқандай: «моласындай бақсының, жалғыз қалдым, тап шыным»,– деп күңіренгені де рас. Бірақ, ақын осындай күйде жүріп қоғам өміріне белсене араласқан, «Қазақ тілі» қоғамының шаңырағын көтеріп, ана тілінің мұңын мұңдаған, жоғын жырлаған. Оның тағы бір қасиеті өзі үлгі-өнеге тұтатын қазақ халқының біртуар перзенттері Ыбырай, Шоқан, Бейімбет секілді жан-жақтылығы, әмбебаптығы. Ақылбек ұзақ жылдар бойы газетте де, радио мен теледидарда да қызмет атқарды, мәдениет саласында жұмыс істеді, сүйтіп жүріп Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі қызметін қоса аткарды, «Ана тілі» газетінің саңлағы атанды, «Азаттық» радиосы мен Қазақ ақпарат агенттігінің тілшісі болып, қазақша жөне орысша екі тілде әдемі мақалалар жазды. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітіріп шыққан Ақылбектің ақындық диапазоны кең, ойы ұшқыр. Оның Қостанай өңірінен шыққан атақты билер мен шешендер, ақындар мен қоғам қайраткерлеріне арналған «Пирамида» жинағы бір төбе болса, Қазақ радиосының алтын қорына қабылданған «Ақсұлу» драмалық поэмасы атақты айтыс ақыны Ақсұлу Орысбайқызының бейнесін толымды суреттеген туынды. Ақылбек Алаштың ардақтысы атанған Елдес Омарұлы туралы «Елім деп өткен Елдес» деп аталған деректі хикая жазса, тағы бір драмалық шығармасын Ахмет Байтұрсынұлына арнап, оны «Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке» деп атаған. Автордың кезінде «Дала қоңырауы» деген атпен газет шығарғанының өзі оның ұлтжандылығын, туған ел мен өскен жерге деген шексіз махаббатын аңғартса керек. Бүгінде қайта оралған тарихи жер атаулары, жаңадан ашылған қазақ мектептері, ана тілінде өтіп жатқан шаралар, түрлі әдеби кештер – осының бәрінде Ақылбектің ізі сайрап жатыр.

Ақындық қуат туған топырақтан нәр алып, сол топырақтың шөбін оттап, суын ішіп жетіледі десек, Ақылбек те асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы. Ол Орта жүзге аты жайылған атақты Қазыбай бидің шөпшегі. Арғы аталары әйгілі Наурызбай бидің туысы, әкесі Алаштың ардақтысы, көрнекті ғалым Елдес Омарұлының аталас інісі, Ақылбек атамекені Қарабалықты қандай жақсы көрсе, өзінің кір жуып, кіндік қаны тамған жері Жітіқара өңірін де келістіріп жырлайды. Осы өңірде туып өскен Ақсұлу Орысбайқызының өмірін зерттеп, әдебиеттану саласында да өзіндік үлесін қосады. Ақындардың тақтағы атанған Наушабайұлы Нұржанның «Алаш» деп аталған өлеңдер жинағы да Ақылбектің құрастыруымен және алғысөзімен жарық көрді.

Осының бәрін атқару, әрі журналист, әрі көсемсөзші болу, сүйте жүріп ақындық өнерден қол үзбеу ілуде біреудің ғана қолынан келетін шаруа. Ақылбек Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінде әдебиет алыптары туралы арнаулы курс та оқып үлгіреді. Қостанай өңірінің барлың ұңғыл-шұңғылын қамтитын «Қостанай» энциклопедиясын дайындауға ат салысады. Жергілікті теледидардан «Қазыналы Қостанай» деген айдармен әйгілі қоғам қайраткерлері, ақындар мен батырлар, билер мен шешендер туралы хабар жүргізеді. Ақылбектің тікелей араласуымен Қостанайда кейінгі бірнеше жылдың ішінде ғана ондаған жас талапкер ақын-жазушының тырнақалды туындылары ұжымдық жинақтарда басылды, жеке кітап болып жарық көрді. Күні кешегі Бейімбет Майлиннің жастарға қамқорлығын енді Ақылбек жалғастырып отырса, нұр үстіне нұр емес пе?! Бірақ, Ақылбек Қостанай, Торғай ғана емес, барлық қазақтың ақыны. Ақанды Көкшетауға, Сегіз серіні Қызылжарға ғана телуге болмайды ғой. Ақылбек те солай. Оның жырлары жаздың жасыл жапырағындай, санасында сәулесі бар оқырманға сая бола алады.

Ақынның шығармашылық кештерінің бірінде мен оған деген халық ықыласының куәсі болдым. Өлеңді жазуын жазғанымен, жатқа оқитын ақындар бірен саран. Оқырманға екі тілде бірдей жауап беріп, келелі ой толғау да кез келген қаламгердің пешенесіне жазылм а ғ а н. Осы тұрғыдан келгенде Ақылбек алыста ж а т с а да, астаналық ақындардан бір мысқал да кем емес, қайта, көбісінен биікте тұрғанын мойындау керек.

Ақылбектің қолдарындағы жаңа жинағы оның өсу жолын, кемеліне келгенін, өзі осы кітаптың бір бөлімінің атын тауып қойғанындай, ой маржанын тергенін көрсетеді.

Ақынның жас кезінде жазған қызулы өлеңдерінің кітап болып шығарда көлемі өскен жоқ, шыққаннан кейін де сыншылар көзіне түскен жоқ. Бірақ, ақын мақтау күткен жоқ, жырларын жазып, тереңде жатқан ойларын қазып жүре берді. «Көзімді ашып көргенім» – жылдар жемісі, ойлар өрісі, керек десеңіз, ақынның үлкен жеңісі десек те жарасады.

Ақынды көп мақтаудың қажеті жоқ. Одан да оның жырларын оқыңыз. Сырларын көңіліңізге тоқыңыз. Ақыл алымын, ақындық қарымын сонда байқайсыз. Байқайсыз да, ризалықпен басыңызды шайқайсыз. Ақылбектің ақындық әлемі әдемі де әсерлі.


Шота Уәлиханов,

сәулеткер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты


Баянды болсын
Діңгек тастың екі қапталындағы тас блоктарға жазылған көне түрік жазуларын, еліміздің әр жерінен табылған петроглиф суреттерді ескерсек, бұл кешенде Отанымыздың үш мыңға жуық тарихы қамтылған. Монумент туралы ақын Ақылбек Шаяхмет жазған өлең көңіліме қонды.

Алтын қазақ, нар қазақ барыс мінген,

Жетті бізге мұқалмай алыс күннен.

Нар қазақпен намысы бар қазақпен

Сонау ықылым заманнан таныспын мен.

Осы қазақ қой айдап, жылқы баққан,

Садақ оғын дұшпанға зырқыратқан,

Өзі барып ешкімге тиіспеген,

Келген жауды жығып сап, шырқыратқан.

Осы қазақ күй тартып, ән шығарған,

Жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған.

Ұрпағы үшін шырылдап суға түсіп,

Ажалға да қаймықпай қарсы барған.

Осы қазақ елі үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бойтұмар қып ар-ұждан — қазынасын,

Абыройын жоғалтпай сақтап жүрген.

Алтын қазақ, нар қазақ барыс мінген,

Жетті бізге жарқырап алыс күннен.



Нар қазақпен намысы бар қазақпен,

Жиырмасыншы ғасырда табыстым мен!

Қас батырмен табысқанымыз баянды болсын, құт әкелсін!
«Егемен Қазақстан»

13 желтоқсан, 2002 ж.



Рымғали Нұрғали,

ҚР Ұлттық ғылым академиясының

академигі, филология ғылымдарының докторы


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау