Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы
«Құрылыстық керамика технологиясы» пәні бойынша 5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының (тарының) студенттерге арналған
Курстық жұмысты орындауға арналған
әдістемелік нұсқау
Кафедра отырысында ұсынылды. 2012 ж. «___»_______ № __ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич 2012 ж. «___»_______
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2012 ж. «___»___________ №___ Хаттама
ОӘК төрағасы _____________ Г.А. Жүкенова «___»_______2012 ж.
Мазмұны
Кіріспе
1 Курстық жобалау бойынша жұмысты ұйымдастыру
Курстық жобалауға тапсырма
Курстық жобалаудың құрамы мен көлемі
Курстық жобалауды орындау реті
2. Есептік- түсіндірме хат мазмұны мен хаттауы (оформление)
2.1 Кіріспе
2.2 Өндірістік бағдарлама және өнімнің номенклатурасы
2.3 Құрылыс алаңын таңдау дәйектемесі.
2.4 Бастапқы шикізат материалдардың сипаты
2.5 Технологиялық бөлім
2.5.1 Өндіріс тәсілін және технологиялық сызбаны таңдау
2.5.2 Цехтің жұмыс тәртібі
2.5.3 Негізгі технологиялық параметрлер бойынша өнімділікті есептеу
2.5.4 Материалдық баланс:
А) Керамикалық кірпіш
Б) Силикаттық кірпіш
В) Керамикалық тақта
Г) Асбестті цементтік табақ
Д) Кеуекті (ұялы) бетон
2.5.5 Жабдықты таңдау
2.5.6 Шикізат, өндіріс және өнім сапасын бақылау
3 Техникалық – экономикалық көрсеткіштер
4 Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы
5 Қоршаған ортаны қорғау
6 Қолданылған әдебиеттер тізімі
7 Қосымша
Кіріспе
Курстық жобалау бұл – «Қабырғалық материалдар мен бұйымдар технологиясы» және «Әрлеу материалдар мен бұйымдар технологиясы» курсын тануда қорытынды бөлім.
Курстық жобалаудың мақсаты: курстың теориялық бөлімдерін бекіту, қандай да бір қабырғалық немесе әрлеу материалдардың өндірісін тереңдетіп оқу. Жобалау сұрақтарында инженерлік тапсырмаларды өздік шығаруды білу.
Оқушы курстық жобалауды орындау кезінде дәріс және тәжірибелік сабақтардаберілген мәліметтермен шектелмей, арнайы техникалық және петенттік әдебиеттерді, жобалық және нормативтік метериалдарды терең оқып, жұмыс істейтін кәсіпорындарда өндіріспен танысу керек.
Курстық жобалауда озық технологиялар және ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, механизация және автоматизацияның максималды дәрежесі, жобалынатын өндірістің экономикалық тиімділігі көрсетілуі қажет.
Оқушысы өздік жұмыстың авторы болғандықтан міндетті: барлық қабылдаған шешімдеріне жауап бері, онымен қабылданған жобалық шешімдерді қорғау және дәйектеу; жобаның графикалық бөлімін хаттауда дағдыларды көрсетіп, оның сапасына жауап беу. Оқытушы оптималды варианттытаңдауда жалпы әдістемелік басшылық жасайды.
1 Курстық жобалау бойынша жұмысты ұйымдастыру
Курстық жобалау тапсырмасы.
Тәлімгер «Қабырғалық материалдар мен бұйымдар технологиясы» және «Әрлеу материалдар мен бұйымдар технолгиясы» пәндер бойынша курстық жобалауда қабырғалық және әрлеу материалдар өндірісі бойынша завод немесе цех жобасын жасайды (негізгі өндіріс көмекші обьекттерсіз).
Курстық жобалау тапсырмасында келесі бастапқы берілгендер көрсетіледі:
а) цех атауы
б) шығарылатын өнім түрі
в) жылдық өнімділігі
г) шикізат материалдары
д) отын және жылутасымалдағыш параметрлері анықтамалық және ғылыми-техникалық әдебиеттерден алады.
Курстық жобалау тапсырмасында жетекші және жобаны орындау мерзімі көрсетіледі.
Курстық жобалау құрамы мен көлемі
Курстық жобалау СТП 7153-01-11-86 кәсіпорын стандарттарына сәйкес хатталынатын (оформляемыми) есептік- түсініктеме хат және графикалық бөлімнен тұрады.
Есептік түсініктеме хат 210х297 мм форматты ақ қағазда қолдан жазылу керек.
Жобаның есептік-түсініктеме хат бөлімінің басында тапсырма орналасу керек және мазмұны көрсетілуі қажет. Есептік-түсініктеме хат көлемі 30-40 бет.
Есептік – түсініктеме хат келесі тараулардан тұру керек.
1 Кіріспе
2Өнім номенклатурасы және өндірістік бағдарлама
3 Құрылыс алаңын таңдау дәйектемесі
4 Бастапқы шикізат материалдардың сипаттамасы
5 Отын түрі және жылутасымалдағыш параметрлері
6 Технологиялық бөлім
а) өндірістің технологиялық схемасын таңдау
б) кәсіпорынның жұмыс тәртібі
в) негізгі технологиялық кезеңдер бойынша өнімділікті есептеу
г) материалдық баланс
д) жабдықты таңдау
7 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
8 Қоршаған ортаны қорғау
9 Қолданылған әдебиеттер тізімі
Формулаларды жазу үшін стандартты белгілер мен символдар қолдану керек. Барлық формулалар араб цифрлармен көшірленеді. Есептік-түсініктеме хат мәтінінде барлық сөздер толық жазылады. Тек жалпы қабылданған қысқартулардан басқалары.
Есептік – түсініктеме хат беттері нөмірленіп, нығайтылған болу керек және белгіленген үлгі бойынша титулдық беті, мазмұны және тапсырма бланкі болу қажет.
Графикалық бөлім 1:100 немесе 1:200 масштабта, стандарт өлшемді 594х841 мм сызбалық қағаз бетінде орындалады.
Курстық жобалауды орындау реті
Курстық жобалау келесі ретпен жүргізіледі:
а) Жобалау тапсырмасымен, жобаны орындауға әдістемелік нұсқаулармен, тапсырмаға сәйкес ұсынылатын әдебиеттермен танысу;
б) әдебиеттер және жұмыс істейтін кәсіпорында жобалынатын өндіріспен танысу;
в) өндіріс тәсілін және технологиялық процесс сызбасын таңдау және дәйектеу;
г) цех жұмыс тәртібін таңдау;
д) цех өнімділігін есептеу;
е) шикізат материалдар, жартылай дайын өнімдер және отын шығынын есептеу,
ж) жабдықты есептеу және таңдау;
з) жабдықты қиыстыру сызбасын, өндірістік ғимарат типін таңдау және кейін оқытушымен үйлестіру;
и) қалған технологиялық есептеулерді орындау, қалған барлық бөлімдерді жетілдіру және есептік-түсініктеме хатты хаттау (оформить).
2 Есептік – түсініктеме хат мазмұны және хаттау.
2.1 Кіріспе
Есептік-түсініктеме хат кіріспесінде жобалау тапсырмасына сәйкес берілген өнім түр өндірісінің күйі және даму болашағы туралы қысқаша айтылып кету керек. ТМД және шет елдерде берілген сала бойынша соңғы ғылыми зерттеулер және жаңа технологиялық шешімдер туралы деректерді көрсету қажет.
Кіріспені құрастыру үшін материал ретінде ғылыми-техникалық және тәжірибелік әдебиеттер қолданылады.
2.2 Өндірістік бағдарлама және өнім номенклатурасы
Кәәсіпорынның өндірістік бағдарламасы дайын өнімнің бір жылда, бір тәулікте, бір сағатта шығуын қарастырады және дайын өнімнің түріне байланысты өлшем бірлігі ретінде бір дана,м2 ж/м3 болып көрсетілуі мүмкін.
Қабырғалық материалдар кәсіпорынның қуаттылығы дайын өнім бірлігін 250х120х65 өлшемді шартты кірпішке аудару арқылы беріледі.
Өнім шығарудың өндірістік бағдарламасын құрастыру үшін кәсіпорынның жұмыс тәртібін және өнімділігін білу қажет. Бағдарламаны есептеу жабдық жұмысының жылдық уақыт қоры бойынша әрбір өнім түріне жүргізіледі.
Төменде қабырғалық материалдарды шығару кәсіпорында дайын өнімнің шығуын есептеу мысалы келтірілген.
Мысал 1
Өнімділігі 1 жылда 25 млн .дана. шартты кірпіш болатын керамикалық кірпіш цехы.
Цех өнімділігі бас бөлшім-күйдіру цех өнімділігі бойынша анықталады. Өндірістің қалған кезеңдері күйдіру цехінің жұмысын берік қамтамасыз ету керек.
Туннелдік пештер үшін техникалық қолдану коэффициенті 0,95, осыдан күйдіру цехы бір аусымда 8 сағаттан үш аусым бойынша бір жылда 365х0,95= 346 тәулік жұмыс істейді.
Дайын өнімнің шығуы:
Бір тәулікте – 25000000/346=72254 дана.
Бір сағатта – 72254/24 = 3010 дана
Цехтің өнім номенклатурасы, өндірістік бағдарламасы бойынша барлық деректер өнім атауы, маркасы, өлшемі және массасы, сонымен қатар МСт келтірілген 2.2 кестеге жазылады.
Кесте – 2.2 Өнімді шығару номенклатурасы және өндірістік бағдарлама
Бұйым атауы
|
Марка
|
Размер, мм
|
Бұйым массасы
|
1 бұйымға шикізат шығыны
|
Өнім шығару бағдарламасы
|
1 жыл
|
1тәулік
|
1 сағат
|
|
|
ұзындығы
|
Ені
|
биіктігі
|
|
Шикізат 1
|
Шикізат 2
|
Шикізат2
|
дана
|
М3 немесе М2
|
дана
|
М3 немесе М2
|
2.3 Құрылыс алаңын таңдау дәйектемесі
Қабырғалық немесе әрлеу материалдарын өндіру бойынша цех құрылысына арналған алаңды шикізаттың шығу орнына максималды жақын етіп таңдайды.
Жобалынатын цехтің құрылыс алаңы минималды капитал салымын және эксплуатациондық шығынды қамтамасыз ету үшін келесі техникалық-экономикалық талаптарға жауап беру керек.
а) кәсіпорынның құрылыс алаңының өлшемі өндірістің өсу мен кеңеюін ескере етіп алады;
б) шикізатты минималды тасымалдау үшін алаң шикізат материалдың шығу орнына минималды қашықтықта орналасады;
в) құрылыс алаңы энергия және сумен қамтамасыз етілу керек және мүмкіндігінше жобалынып жатқан немесе обьектілерге жақын орналасу керек.
2.4 Бастапқы шикізат материалдар сипаттамасы
Бастапқы шикізат материалдар сипаты туралы бөлім шикізат атауы, химиялық және гранулометриялық құрамы, біркелкілік, физикалық-механикалық қасиеттері туралы мәліметтерді қарастыру керек.
Цех құрылысы тек 25 жыл уақыт аралығында өндіріс жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету үшін қабылданған қорлардың болуы жағдайында ғана мүмкін.
Табиғи шикізатты қолдану кезінде жобалынатын өндіріс өзінің карьерлік шаруашылығы болу керек. Ал негізгі шикізат ретінде өндірістік қалдықтарды қолдану кезінде кәсіпорын территориясында сәйкес қорықшалар болу керек.
2.5 Технолгиялық бөлім
2.5.1 Өндіріс тәсілі мен технологиялық сызбасын таңдау.
Өндіріс тәсілін таңдау қабырғалық немесе әрлеу материалдарын шығару бойынша өндірістер жұмысын салыстырмалы талдау арқылы жүргізіледі.
Өткізілген талдау негізінде өндірістің бір тәсілін қабылдап сол тәсілдің келесі көрсеткіштер бойынша артықшылықтары көрсетіледі.
Бірлік өнімге шикізат, отын, электр-энеогия шығыны
Көп еңбек сіңіруді керек қылушылық
Өнім сапасы
Толық кешенді механизация және автоматизация мүмкіндігі
Санитарлық-гигиеналық жағдай
Еңбек қауіпсіздігі
Өндірістің технологиялық сызбасын таңдау шикізат сапасынан байланысты және оның тығыздық, иілімділік, біркелкілік, карьерлік ылғалдылық және т.б. негізгі қасиеттерін ескере отырып таңдалынады.
Технологиялық сызбаны таңдау қолданылатын шикізат материалдардың ерекшеліктерін ескере отырып, дайын өнімнің ақаусыз өндірісін қамтамасыз ететін қажетті технологиялық операциялар және жабдықтар ретін орнатудан тұрады. Бұдан басқа мынадай факторларды ескеру қажет: өндіріс үздіксіздігі, тұтастылық, технологиялық жабдықтар мөлшерінің азаюы.
Өндірістің технологиялық сызбасы түсініктеме хатта жабдықтар мен технолгиялық операциялардың сызбалық кескіні ретінде көрсетіледі. Технологиялық операциялардың бағыты нұсқармен (стрелка) көрсетіледі. Технологиялық процессті қысқа, нақты сипаттау қажет.
2.5.2 Цех жұмыс тәртібі
Жұмыс тәртібі технологиялық жабдықтың, шикізат шығынын, жұмысшылардың тізімдік құрамын, бір жылда жұмыс тәулік санын, бір тәулікте жұмыс аусым санын және бір тәулікте жұмыс сағатын есептеу үшін негіз болып табылады.
Кәсіпорынның жұмыс уақыты құрылыстық индустрияның кәсіпорынның технолгиялық жобалау нормасы бойынша КЗОТ- ға сәйкес орнатылады.
Цех жұмыс тәртібін таңдау кезінде негізгі технологиялық жабдықтың сипатын ( оның бір аусым, жұмасына бір тәулік аралығында тоқтату немесе бір жыл аралығында үздіксіз жұмыс істеу қажеттілігі), сонымен қатар жабдықтың ағымдағы және жоспарлы-ескерткіш жөндеудің уақыт қорын ескеру қажет.
Жабдықтың жүйелік жөндеуін қамтамсыз ету үшін 0,8-0,95 тең жабдықты қолдану коэффициентін алған жөн.
Жабдықтың жұмыс уақытының нақты жылдық қоры мына формуламен анықталады:
N- бір жылда жұмыс күндер саны;
n - бір тәулікте жұмыс аусым саны;
t – жұмыс аусымның ұзақтығы (сағ);
Жабдықтың бір жылда есептік жұмыс уақыты мына формуламен анықталады:
КТ.И –технологиялық қолдану коффициенті;
К1 – аусым ішінде жабдықты тазалауға, майлауға кеткен уақытты, жұмыс орнын жинауға және аусымды тапсыруға кеткен уақытты қарастыратын технологиялық жабдықтың аусым ішінде жұмыс уақытын қолдану коэффициенті;
К1 – 0,9 – жабдықтың 3 аусымды жұмыс кезінде;
К1 – 0,97 – жабдықтың 2 аусымды жұмысы кезінде;
К2 – жоспарлы-ескерткіш жөндеуді қоса жабдықты қолдану коэффициенті;
К2 - 0,93 – жабдықтың үзілісті жұмыс кезінде бір жылда 305 күн;
К2 - 0.9 – үздіксіз жұмыс кезінде – бір жылда 365 күн;
№ п/п
|
Өндіріс атауы
|
Бір жылда жұмыс күн саны
|
Бір тәулікте аусым саны
|
Жұмыс аптаның күн ұзақтығы
|
Жұмыс уақытының жылдық қоры
|
тәулік
|
сағат
| Курстық жобалауда қабылданған жұмыс тәртібі 2.5.2 кестеге түсіріледі.
2.5.3 Негізгі технологиялық кезеңдер бойынша өнімділікті есептеу
Қабылданған цехтің жұмыс тәртібінен бір сағатта, бір тәулікте, бір жылда әрбір технологиялық кезеңге шикізат, жартылай дайын өнім және өнім бойынша өндіріс көлемін есептеу беріледі.
Өнімділік есебі мүмкін болатын ақаулар мен басқа да өндірістік шығындарды қоса жүргізіледі.
Әрбір технологиялық кезеңдердің өнімділігі мына формуламен есептелінеді:
Qn - кезеңнің өнімділігі ;
Qц – цех өнімділігі ;
Рс – бірлік дйын өнімге кететін шикізаттың меншікті шығыны;
К - белгілі кезеңдегі шығын.
2.5.4 Материалдық баланс
Цехтің материалдық балансы деп өндіріске түсетін материалдар саны (кіріс) мен өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнім, жартылай дайын өнім, қалдықтар және материалдық шығын арасындағы қатынасты анықтайтын теңестікті түсінеді.
Материалдық балансты құрастыру үшін бастапқы деректер:
-өндіріс тәсілі
- тапсырма бойынща өндірістік қуат
- шикізат, масса, шикі, жартылай дайын өнім ылғалдылығы
-жобалынатын заводтың (цехтің) жұмыс тәртібі
- технологиялық процесстің барлық сатысындағы технологиялық шығын
- дайын өнім, шикі –жартылай дайын өнім салмағы.
Материалдық балансты есептеу негізінде бірлік өнімге кеткен шикізаттың шығындық коэффициенті анықталып, нормативтік мәліметтермен салыстырылады.
Төменде қабырғалық және әрлеу метериалдар өндірісінде шикізат шығынын есептеу әдістері көрсетіледі.
А. Керамикалық кірпіш
Қуаттылығы 30 млн.дана . шартты. кірпіш болатын иілімді пішіндеу әдіспен керамикалық кірпішті өндіру бойынша цехтің материалдық балансын есептеу.
Берілгені
1. Масса құрамы (масс.%): саздақ – 80, балшық– 20.
2. Шикізат ылғалдылығы (масс%): саздақ – 9, балшық – 14.
Шикізаттың орташа өлшенген ылғалдылығы құрайды:
9,0*0,8+14,0*0,2=7,2+2,8=10,0%
3. Қатты күйдіру кезінде шикізат шығыны(масс%): саздақ – 8,5, балшық – 11,9.
Қатты күйдіру кезінде орташа өлшенген шығын құрайды:
8,5*0,8+11,9*0,2=6,8+2,4=9,2%
4. Өндірістің технологиялық параметрлері:
- шихтаның пішіндік ылғалдылығы – 18,0 %
- бұйымның кептіруден кейін ылғалдылығы- 4,5 %
- Күйдіруден кейін кірпіш салмағы – 3,6 кг немесе 0,0036 т;
-орташа тығыздық: саздақ – 980 кг/м3, балшық – 1100 кг/м3.
5. Өндіріс ақауы мен шығындары (жоғалтулары):
- күйдіру кезіндегі ақау - 2,0 % , кептіру кезіндегі ақау- 3,0 %;
-мөлшерлеу мен тасымалдау кезінде - 1,0%.
Материалдық балансты есептеу
Материалдық баланстың кіріс пен шығын мәліметтерін салыстыру үшін өнімнің және жартылай дайын өнімнің шығысы тоннамен есептелген.
Заводтың қуаттылығы 30 млн.дана. кірпіш немесе 108000т/ж
Күйдіру кезіндегі ақауды ескере отырып күйдірілген масса бойынша дайын өнім пешінен шығатын кірпіш:
Достарыңызбен бөлісу: |