Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Механика және мұнайгаз ісі кафедрасы
Методикалық әдістемелер
Курстық жұмыс
Гидравлика және гидро-пневможетек пәні бойынша
050712 және 5В0712– Машинажасау
050732 және 5В0732 – Стандарттау, метрология және сертификация
мамандықтарындағы студенттер үшін арналған
Павлодар
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен көлемі
Курстық жұмыстың мақсаты жонғыш станок және көтергiш тетiктiң гидрожетектерін есептеу мысалдарында әр түрлi машиналар мен тетiктердiң гидравликалық жетектерін есептеуінің әдiстемесiн меңгеру болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудың кеңес берiлетiн тiзбегі
Курстық жұмысты орындаудың келесi тiзбегі ұсынылады
1 Берілген гидрожетектің схемасын баламалы алмастыруы (3 бөлімді қара).
2 График координаттарының өстерінен алынған шамалардың масштабын таңдау және сораптың мінездемесін құру.(1 бөлімді қара).
3 Әрбiр жай құбыр үшiн мiнездемелердiң теңдеулерiн құрастыру және оған кіретін құбырлардың коэффициенттерiнiң баламалы схемасын анықтау (2.1 және 2.2 бөлімдер).
4 Жай құбырлардың мінездемелерін құру жәнекүрделі құбырдың жалпы мінездемесін алу
(2.3 бөлім).
5 Гидрожүйенің жұмыс нүктесін анықтау және есептің шарты бойынша талап етілген шамаларды есептеу (3 бөлім).
Курстық жұмысты орындаудың негізгі талаптары
Орындалған ЕГЖ-тың түсіндірме хатының құрамы;
1 Гидрожетек схемасы,шарттары мен сұрақтары,кейбіреуіне есеп шарты бойынша жауап алуы тиіс.
2 Гидрожетектің баламалы есептік схемасы.
3 Жұмыстың аналитикалық бөлімі,күрделі құбырдың барлық ауданындағы керек күштің теңдеуін құру және оның коэффициенттерін есептеу.
4 Жұмыстың графикалық бөлімі,берілген сұрақтарға жауап беретін мәліметтерді анықтайтын А4 форматты миллиметрлік қағазында орындалған график.
5 Тапсырма шарты бойынша параметрлерді есептеу.
6 Гидрожетек бойынша кітаптардан гидросораптардың, гидромоторлардың ,гидроцилиндрлердің, клапандардың,дроссельдердің,гидрореттеуіштердің суреттерін қосу және олардың жұмыс жасауын сипаттау.
Титулдық бет МИ ПГУ 4.01.2-07 оқу құжаттарын жасау бойынша орындалады және де студенттің аты-жөні,тобының нөмірі мен тапсырманың нұсқасы көрсетілуі тиіс.
Орындалған құрастырмалардың графигі түсіндірме хатқа қосылады.
Қолданылатын шамалардың белгіленуі
– сораптың білігінің айналу жиілігі;
– гидромотор білігінің айналу жиілігі;
– гидроцилиндр піскегінің қозғалыс жылдамдығы;
Достарыңызбен бөлісу: |