116 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Г Е О Г Р А Ф И Я
ӘОЖ 913:796.5.
ҦЛЫТАУ ӚҢІРІ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДА ТАРИХИ
ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ РӚЛІ
Н.Н.Карменова – г.ғ.к., профессор, Н.Б.Оразалыкова – 2 курс магистранты
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: Мақалада елімізде жанданып келе жатқан салалардың бірі туризм оның
ішінде ірі туристік орталыққа айналу ықтималдығы басым әрі туристік тиімділігі жоғары
қазақстандық аймақтардың бірі - бай туристік әлеуетке ие Орталық Қазақстандағы Ұлытау
ӛңірінің құнды, маңызды жәдігерлерінің басты-бастыларына тоқталып, аймақта туризмнің
дамуына айрықша мән берілуі ел экономикасын кемелдендірудің тиімді жолы мен
қомақты кіріс кӛзі болатындығы айтылады.
Түйін сӛздер:
Туризм, тарихи ескерткіштер, күмбездер.
Туризм - кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан салалардың бiрi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды
мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды Орталық Азиялық ӛңiрдегi туризм орталығына
айналдыру. Республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi
туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды
қамтамасыз етуге мүмкiншілік мол. Қазақстандағы туризм елдің тұтас аудандарының
экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол кӛлігін, сауданы, коммуналдық-
тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет кӛрсетуді дамытумен тығыз байланысты.
Қазақстандағы туристiк ресурстарға — туристiк қызмет кӛрсету нысандарын қамтитын
табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік - мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ
туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына
келтiрiп сергiтуге жәрдемдесетiн ӛзге де нысандар жатады. Олар: мәдени-танымдық,
экологиялық, спорттық, әлеуметтік, дiни, т.б. Еліміздегі туристiк нысандар табиғи-
рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету, т.б. топтарға бӛлiнедi. Тарихи-
археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше.
Археологиялық ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында
маңызды орын алады. Егеменді ел болғалы археологтар 10 мыңнан асатын тарихи-мәдени
ескерткіштер тауып, енді ғылыми тұрғыда анықтап жатыр. Қола дәуіріндегі қоныстар
орны, кӛне ӛндірістер іздері, тас қоршаулар, таңбалы тастардағы белгі таңбалар,
Алтыншоқыдағы Ақсақ Темір әмірімен тасқа қашалып қалдырылған жазу, Хан ордасы
орны, Алтын орда әмірлері Едіге, Тоқтамыс хандар жерленген жерлер, Алаша, Жошы
хандар, Құтылық-Темір, Болған ана мазарлары, Домбауыл кесенесі, Кенесары қорғаны,
Кейкі батыр үңгірі т.б. қазақ елінің мұншалықты бай мұралары бүкіл әлем мәдени-тарихи
туризмін қызықтыруда.
Республикамыздағы тарихи-археологиялық туристік нысандардың ең кӛп
шоғырланған ӛлкесі Ұлытау ӛңірі. Халқымыздың тағдыры мен тарихында Ұлытаудың
алар орны ерекше. Оның әр тау-тасы, орман-суы шежіре сырға тұнып тұр. Қ.И. Сәтбаев:
«Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше қазақ елі үшін Ұлытау да
соншалықты қастерлі...», - деп Ұлытаудың тарихи мән-маңызын кесіп айтқан болатын.
Ӛңірдің туристік тартымдылығының жоғары деңгейі рекреация мен туризмді
дамытуға қажетті туристік ресурстардың ауқымды шоғырына байланысты болатындығы
даусыз. Ӛңірдің қолайлы географиялық орны, антропогендік фактордың әсері
айтарлықтай байқалмайтын жақсы күйінде сақталған бірегей табиғи әлеуеті, осы ӛңірде
сан ғасырлар бойы жинақталған тарихи-мәдени мұраның бай қоры туризмді дамытуға аса
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
117
қолайлы үйлесім тапқан. Ӛңірдің тарихи-мәдени және табиғи туристік ресурстарының
бірегей үйлесімі бұл аймақта туризмнің заманауи формаларын дамытудың қолайлы негізі
мен алғышарттарын қалыптастырады. Дегенмен бұл ӛңір рекреациялық туризм
тұрғысынан жеткілікті дәрежеде насихатталмайтындығымен ерекшеленеді. Ал бұл жағдай
ӛз кезегінде туристік тұрғыдан қалыптасудың тек бастапқы кезеңінде ғана тұрған ӛңірдің
туристік индустриясын дамыту үрдісін тежейтін басты факторлардың бірі болып отыр.
Ұлытау ӛңірі туризмін дамытуға бұрын-соңды айрықша мән берілмеген, ӛңірді
Қазақстанның орталық бӛлігіндегі ірі туристік орталық ретінде дамыту мәселесі де
негізделген ғылыми тұрғыдан қолға алынған емес. Алайда қазіргі таңда аталған ӛңірге
деген қызығушылық ӛсіп келеді.
Қазақстан
Республикасының
президенті
Н.Ә.Назарбаев
«Мәдени
мұра»
бағдарламасына байланысты сӛйлеген сӛзінде: Ұлытау – ежелгі, тарихи астана, қазақ
халқының алтын бесігі, - ұлттық символымызды қалыптастырып, дамытуымыз керек –
деді. Ұлытау елді мекенінде бүгінгі күні 736-дай тарихи-мәдени ескерткіштер бар.
Ауданда шет ел азаматтары да, ӛзіміз де тамсана танысуға, сүйсіне тамашалауға жағдай
жасау үшін мәдени-тарихи туризмді дамытуға арналған «Ұлытау қазақтың – ежелгі
астанасы» бағдарламасы қолға алынды. Ал бағдарлама мақсаты Ұлытаудың ӛз басында
«Хан ордасы» мемориалдық кешенін салуды, тау беткейінде Асанқайғы баба мүсінін
орнатуды, орталық кӛше бойында «Таңбалы тас» саябағын жасауды, мейманхана үйін
кеңейтуді, туристік базаны қалыптастыруды кӛздейді. Мұнымен бірге саяхаттық
инфрақұрылымды жетілдіру, тарихи ескерткіштерді жӛндеу, тұңғиық сырларын сан
ғасырлар ішіне бүккен тау-тасқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру жүргізілуде.
Ұлытау ӛңіріндегі құнды, маңызды жәдігерлердің басты-бастыларына тоқталып
ӛтсек. Ұлытау ескерткіштерінің ең кӛнесі - Обалысай шоқысының оңтүстік бӛлігінен
табылған тас құралдар б.з.д. 700 жылдық пен 150-120 мыңжылдықтар арасына жатады.
Құралдардың ішінде малта тастан жасалған екі жақты шапқылар айрықша кӛңіл
аудартады.
Сарысу ӛзенінің орта ағысы тұсында, құрғап қалған Талдысай атты бұрынғы ӛзек
аңғарының бойында Мұзбел атты ежелгі адамдар тұрағы бар. Ол жерден 114 әртүрлі
заттар жиынтығы табылды. Оның жартысына жуығы геометриялық түзу формадағы бір
жақты және екі жақты шапқылардан, сыдырғыш тәрізді ойық малта тастардан,
жұқартылған қырғыштардан және тағы басқа дӛңгелек, домалақ қару үлгілерінен тұрады.
Ежелгі адамдар қоныстары қатарына Жаманайбат кеніші тӛңірегі де жатады. Ол
жерден палеолит дәуіріне сәйкес келетін жеті шапқы мен екі қырғыш табылды. Сондай-ақ
Ұлытау-Жезқазған аймағынан неолит-энеолит кезеңдеріне жататын кӛптеген жәдігерлерді
академик Ә.Марғұлан, профессор В.Селевин және ӛлкетанушы Н.Валукинскийлердің
тапқандығы белгілі.
Айбас дарасы ескерткіштер кешені Едіге шыңынан солтүстік-батысқа қарай 1,0-1,5
шақырымдай жерде, Айбас ӛзені бойында орналасқан. Ұлытаудағы қола дәуіріне
жататын ежелгі ескерткіштердің бірі. Оны Ә.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан
археологиялық экспедициясы 1956 жылы зерттеген. Ескерткіштер кешені кейінгі қола
дәуіріне жататын тас қоршаулар, обалар, ежелгі түркілер кезеңінің белгілері сақталған
бейіттер мен Қазақ хандығы тұсындағы қорымдардан және екі жағын қоршап тұрған
тастан ӛрілген қамал-бекіністен тұрады.
Таспен қоршалған обаның диаметрі 20 метр, биіктігі 1,4 метр. Қабір жалпақ тас
плиталармен жабылған, қабырғаларын тік қойылған тақта тастармен ӛрген. Бұл зират
Беғазы-Дандыбай ескерткіштеріне ұқсас және кейінгі қола дәуіріне жататын осы аттас
мәдениеттің таралу шекарасының ең батыс нүктесі болып есептелінеді.
Жезқазғаннан Қарағандыға қарай жүргенде сексен шақырымдай жердегі анда-санда
ғылыми кітаптарда еске алынып, есімі аталып кеткені болмаса, түбегейлі зерттеуді күтіп
жатқан, тарихы тылсымға, таңбаға толы «Теректі әулие» гранит қырқалар кешенінің
адамзат тарихының ашылмай жатқан беттерін ақтаруға септігі тиюі ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |